Файл: 14 суір 2023 жыл Инклюзивті сыныпта білім беруді йымдастыруды дістсілдері Масаты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 22
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Инклюзивті сыныпта білім беруді ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері»
тақырыбында педоқу
Ұйымдастырушы: «С.Нұғыманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
14 сәуір 2023 жыл
«Инклюзивті сыныпта білім беруді ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері»
Мақсаты:
*ерекше білім беруді қажет ететін оқушыны қалыпты дамыған оқушылар қатарына интеграциялау және оларды дамыту;
*қалыпты дамыған оқушылардың ерекше білім білімді қажет ететін оқушылардың гумандық қатынастарын қалыптастыру,
өздерінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін толығырақ көрсетуге ынталандыру.
Міндеттері:
- арнайы педагогикалық көмекті, баланың тұрған жеріне жақындату;
- дамуында кемістігі бар балаларды біріктіру нәтижесінде өзін қоршаған ортасындағы қалыпты балалармен тең құқылы болуын қамтамасыз ету;
- ата – аналарға қажетті мағлұматтарды, кеңестерді жиі беріп отыру;
-жалпы мектепке біріктірілген сыныптармен жұмыс жасайтын мұғалімдерді әрдайым әдістемелік тұрғыдан қолдау.
І Кіріспе бөлім
Əрбір мемлекет қоғамында инклюзивті білімді қажет ететін балалар өмір сүріп, білім алып, тəрбиеленуде. Олар белгілі бір ортаға, қоғамға тəуелді. Инклюзивті балалардың денсаулығын қадағалау дəрігерлердің қызметі болса, тəрбиеленуі ата-аналар құзырында, ал білім беру мен тəрбиені қатар ұйымдастыру педагог-психологтардың міндеті. Қазіргі таңда инклюзивті білім беру кеңінен қолданылуы етек алып келеді.
Ахмет Байтұрсынов:Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Бүгінгі таңда бүкіл әлемде өзекті болып отырған мәселелердің бірі ұлтына, тіліне, дініне қарамастан барлық адамзат үшін бірдей күрделі мәселе, дамуында кемістігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту болып отыр, яғни, инклюзивті оқыту. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.Инклюзивті балалардың денсаулығын қадағалау дəрігерлердің қызметі болса, тəрбиеленуі ата-аналар құзырында, ал білім беру мен тəрбиені қатар ұйымдастыру педагог-психологтар мен ұстаздар міндеті.Қазір мектепке дейінгі және мектеп жасындағы дамуында кемістігі бар балаларды инклюзивті оқыту мәселесі тәрбиешілер мен мұғалімдердің алдына үлкен міндеттер қойып отыр.
ІІ. Тәжірибелік бөлім.
2.1 Психологиялық ахуал (тренинг,жауапты мектеп психологі А.Какибаева)
2.2 Видио үзінді көрсету арқылы педагогикалық оқудың тақырыбын ашу
2.3 Инклюзивті сыныптағы оқушының хал-ахуалы
Модератор: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Касымханова
ІІІ. Инклюзивті білім беруде тиімді әдістерді қолдану
Модераторлар:
-
Психолог А.Какибаеваның жұмысы
-
Биология пән мұғалімі Л.Умирбекова
-
География пән мұғалімі Ж.Конырова
-
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Ж.Метаевна
-
Тарих пән мұғалімі Б.Оспанова
-
Информатика пән мұғалімі А.Кусаинова