Файл: Білім беру йымдарында туризмді йымдастыру жне дамыту Жоспар маршрутты кітапша компас медициналы Кмек.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 65

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Білім беру ұйымдарында туризмді ұйымдастыру және дамыту

Жоспар:

1. МАРШРУТТЫҚ КІТАПША

2. КОМПАС

3. МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК

1. Туристік саяхаттың негізгі құжаты – маршруттық кітапша. Оның құрамына мынадай мәліметтер кіреді:

- маршрут атауы, қиындық дәрежесі, ұзақтығы мен ұзындығы;

- негізгі пункттер, оның ішінде жолда кездесетін кедергілердің сипаттамасы (мысалы, асулардың қиындық дәрежесі мен биіктігі); - негізгі, қосымша және апаттық варианттар;

- маршруттардың сұлбалары (схемалары);

- жетекшісі мен қатысушылардың толық тізімі, осы маршруттағы міндеттері, мекенжайлары, телефондары;

- жоспарланған маршрут пен өтілген маршрут, маршрут жоспарларының өзгеруі мен олардың себептері; -маршрутқа қажетті жеке және топтық құрал-жабдықтар тізімі;

- бақылау (контроль) пункттері мен оларға жету мерзімдері;


Маршрутты өту уақытылы есепке алынады

Түрі, жорық мақсаты,жыл мезгілі, ауа райы, жергілікті жердің жағдайы

Жорықтың маршруты

Жорықты ұйымдастыру үшін мыналар басты назарға алынады:
ТУРИСТІК ЖОРЫҚТЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛЫ

2. Компас – жер бетін бағдарлауға, географиялық немесе магниттік меридианның бағытын анықтауға арналған аспап. Жорықтар кезінде бағдар жасау қозғалысың бағытын дұрыс таңдап алу және маршутқа байланысты дұрыс жүру үшін қажет. Компоспен жұмыс істеу әдісі. 1. Картаны компос арқылы бағдарлау; 2. Дәл тіркеу (Точечная засечка); 3. Қайтара тіркеу (Обратная засечка); Картаны компос арқылы бағдарлау кезінде компасты картаның үстіне қойып, картаны компаспен бірге айналдырады.
Айналдырған кезде компастың бағыты меридианмен тұспа – тұс келуі керек. Егер де олар сәйкес келмесе, онда оларды екі меридиан ажыратып тұрғаны. Біреуі - географиялық, ал екіншісі - магниттік. Суретте бейнеленгедей, георгафиялық және магниттік меридианның айырмашылығы– магниттік қиылысу бұрышының 10-200 ерекшелігінде. Білім беру ұйымдарында туризмді дамыту

3. Туристік жорықтарда, көмек көрсету пунктерінен шалғай орналасқан жерлерде жүрген кезде қатысушылардың әр қайсысы жанындағы жолдастарына сынық, күйік, жарақат алған кезде алғашқы медициналық көмек көрсете білуі керек. Дәрі – дәрмек қорапшасының ішінде төменде көрсетілген дәрі – дәрмектер болу керек:

1) ауруды сездірмейтін дәрілер және қоздырушы заттар (анальгин, парацетамол, кофеин, кардиомин, валидол, но-шпа, т.б.);

2) қан тоқтатушы және дезинфекциялаушы дәрілер (сутек асқын тотығы, йод, антибактериалды спрей, левомеколь мазь, т.б.);

3) антибиотиктер (пенициллин, тетрациклин, эритромицин, т.б.);

4) сыртқы дәрілер (зеленка, синтомицин майы, марганцовка, нашатырь мен медициналық спирт, лейкопластырь);

5) орау материалы (бинт, метрлік марля, мақта, т.б.);

6) саймандар (термометр, қайшы, бұрау, шприцтер, т.б.).