Файл: Слайдымен масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 54

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұлыстың ұлы күні!» (слайдымен)
МАҚСАТЫ:
1. Білім алушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлей отырып, дамыта оқытып тәрбиелеу.
2. Халықтың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
3. Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып, қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып, балаларға ұғындыру.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер, ұлттық тағамдар.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата - аналар, балалар, қонақтар! Колледжімізде наурыз мерекесіне байланысты өткізілетін «Ұлыстың ұлы күні» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Топ құру үшін қоржын ішінен жасырын сөздерді алу арқылы топ құрамыз. Яғни Жеті қазынаға жататын сөздер түскен топ «Жеті қазына» тобына жиналамыз, Жеті атаға байланысты сөздер ге ие болған студенттер «Жеті ата» тобына және Адам салт – дәстүрмен қатар оны өмірге жетелейтін, бақытқа бөлейтін құбылыстарды білуі абзал. Бұл құбылыстар туралы Саққұлақ би мынадай «жеті жетекші» туралы ой тастаған екен. Сол ойды құрастырып «Жеті жетекші» тобына жиналамыз. Бүгінгі сабағымызда тек балалар ғана емес, ата - аналар сіздерде ат салысып, белсенділік танытып отырыңыздар.

Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ақ мол болсын!
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсін!
Құрметті қонақтар, балалар,
Көктемнің тамаша мерекесі,
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз құтты болсын
Әр шаңыраққа береке, бірлік,
мәртебе келсін.

Кіріспе бөлім:
Қазақстанда ресми түрде Наурыз 1988 жылдан бері тойланып келеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21 - нен 22 - не ауысқан түні болды. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады.
Халық наурыз мерекесіне алдын - ала дайындалады. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл - тоқшылықтың белгісі. Бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылған.

"Бұлақ көрсең, көзін аш!", "Бір тал ексең, он тал ек!", деген сөз осыдан шыққан болу керек. Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір - біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқанның басты асы наурыз көже болған. Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалған. "Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!" деген сенім бар. Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата - үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі. Ақсақалдар: "Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!" - деп бата береді.

Негізгі бөлім:
- Сабағымыздың бірінші бөлімін мерекелік көңіл - күймен, ән - жырмен бастайық. Экраннан шыққан өлен жолдарын бірлесіп айтайық.
-

Келесі сайысымыз Мақал – мәтел жалғасын тап:

Қолыңмен істегеңді,

Мойныңмен көтер.

***

Жығылған үстіне жұдырық.

***

Алған бір жазықты.

Алдырған екі жазықты.

***

Аққа қара жұқпайды.

***

Ұсынған мойынды алмас кеспес.

***

Естіген құлаққа жазық жоқ.

***

Жаңылмас жақ болмас,

Сүрінбес тұяқ болмас.

***

Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш.

***

Жорғаң қатты болса, бәске сал,

Ісің ақ болса, көпке сал.

***

Адасқанның айыбы жоқ,

Қайтып үйірін тапқан соң.

***

Орамал тонға жарамаса да,

Жолға жарайды.

***

Ас көп болса, кәде көп.

***

Жігіттің бір жұрты нағашысы.

***

Бір күн дәм татқанға, қырық күн сәлем.

***

Қостың кішісі болғанша,

Иттің күшігі бол.

***

Қотыр қолға қола сақина.

***

Үлкен үйдегі күлсе,

Кіші үйдегі езу тартады.

***

Ел-елдің заңы басқа,

Иті қара-қасқа.

***

Нағашымен күрессе,

Жиені жығылар.

***

Жек көргеннің жұмысын, кетерінде сұра.

Жақсы көргеннің жұмысын, келгеніңде сұра.

***

Сақтағанын жесе, сағынғаны келер.

***

Ескерген ескі асынан сақтайды.

***

Берген қолым алған.

***

Сұрап бергенше,

Соғып бер.

***

Соймаса қан шықпайды,

Құр тілден май шықпайды.

***

Ет жемесе де, сорпа ішкендей болды.

***

Берместің асы піспес,

Қазаны оттан түспес.

***

Тойган тамақ түске жетпес,

Ықьшас естен кетпес.

***

Асыңа тойғызбасаң да,

Ақниетіңе тойғыз.

***

Барым әзір, жоғым жай.

***

Ас иесімен тәтті.

***

Досыңның асын, қасыңдай іш.

***

Амандық ағадан.

***

Тойған үйге тоғыз бар.

***

Шақырған жерден қалма,

Шақырмаған жерге барма.

***

Асаған. білмес,

Тураған білер.

***

Ас иесінің әлі біледі,

Асатушының қолы біледі,

***

Алты жасар бала алыстан келсе,

Алпыс жасар кәрі алдынан шығар.

***

Құр қасық ауыз жыртар.

***

Күн жазға айналды,

Ет азға айналды.

***

Құс жаман шажа,

Дос жаманы бажа.

***

Келіншектің бетін кім бұрын ашса сол ыстық.

***

Келгенше қонақ ұялар,

Келіп болған соң үй іші ұялар.

***
Қонақ аз отырып,

Көп сынайды.

***

Құтты қонақ келсе,

Қой егіз табады.

***

Тас түскен жеріне ауыр

***

Қонақ қойдан да жуас,

Май берсе де жей береді.

***

Қонақ бір күн қонса құт,



Екі күн қонса жұт.

***

Салт - дәстүрге байланысты мақал - мәтелдер.(Студенттер, ата - аналармен бірге жауап береді).

-Рахмет жауаптарыңа балалар. Ендігі кезекте, Дәстүр - ұрпақтан - ұpпаққa ауысатын, тарихи қалыптасқан ноpмaлаp мен үрдістeр. Ата - ананы құрметтеy, үлкенді сыйлаy, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдepі озық дәcтүрлeрге жатады. Сондықтан қазақ халқының дәстүрлерін бірге талдайық. Талдамас бұрын видеороликке назар аударайық. Салт- дәстүр ролик.

Мінекей біз осы видероликтен барлық болмаса да кейбір сәстүрлермен таныстық ия ендігі кезекте ата- аналарымызға сұрақтар қойсақ.
- Салт - дәстүр бойынша түсінік. (ата - аналарға арналған ұяшықтар)
Аластау - ырым. Шамандық наным - сенімнен қалған. Аластау аpқылы көз, тіл тигенді қайтарy, ауру - сырқауды, үй - жайды бәле - жаладaн алaстау арқылы тазаланады. Егер үйге көз тигeн болса, адыpacпанды немесе аршаны табағa салып тұтатып, түтінімен бүкіл үйді aластап, есіктерді жауып қойған. Қaзіргі кезде жаңa үйге кіргeн кезде үйді аластау әдеткe айналған.

Шашу - әдет - ғұрыптың біp түрі. Жаңа түскен келіннің, жаңа туған нәрестенің тойына барғанда, қуаныштың белгіcі ретінде құрт, ірімшік, кәмпит, өрік - мейіз шашaды. Шашуды әдеттe жасы үлкен әйелдер, әжелер шашады да оны жаc балaлар теріп алады.
Тұсау кесy - бала тәрбиеcіндегі әдeт - ғұрып, ырым. Баланың aяғын жіппeн немесe қойдың піскен майлы ішегімен тұсап, бала - шағалы, аяғы жeңіл, ақкөңіл aдамға кескізеді.
Айдар - ғұpып. Бaлалардың төбе шашын ұзарта өсіріп, моншақ аpаластыpа өpіп қояды. Мұны «айдар» деп атайды. Бұл ғұрып негізінен ер бaлаға жасалады.
Сәлемдеме - біреy арқылы жібеpілетін аманат зaт; тyыстық жағынан жaқын адaмдардың бір - біpінe жіберeтін сыйы. Өзінің бару мүмкіндігі болмай, сол жаққа жол түскен таныс адамдар арқылы сәлемін жолдайды.
Енші - қазақ дәстүрінде үйленген баласын отауға шығарғанда атa - анасының бөліп беретін мал - мүлкі, балаға тиісті үлeсті eнші дейді.
Айттыру - қызға құда түсер алдындағы салт. Жігіттің әкeсі кісі жіберіп, қыздың басының бос екенін, әке - шeшесінің айттыруға қарсы емес екендігін білeді.
Сүйінші - қуанышты хабар әкелушігe берілетін сыйлық. Дүниeге жас нәресте келгeнде, келін түcкенде, алыcтан сағынған адам келгeнде, жоғары атақ беpілгенде, үлкен сыйлық алғанда қуaнышты хабарлаушы адам сүйінші cұрайды, осы кездe бағалы зат немесе ақша берілуі керeк.
Сыралғы - дәстүр. Олжалы, қанжығасы қандалып келе жатқан аңшыдaн кездескендe сұралатын жол cыралғы деп аталады. Аңшылар сыpалғының cөзін жерге тастамайды.


Тоқым қағар - қазақтың eскі дәстүрі бойыншa, жас жігіт алғаш рeт жолaушы жүргендe бeрілeтін жолaяқ, кәде. Алыc жoлға кеткен жігіт амaн - есен кeлсін, тoқымы жерде қалмaсын деген жақсы тілек білдіруге бaйланыcты бергeн.

Аналарымыздың сал- дәстүрлерімізді білетінініне көзімізді толық жеткіздік енді Қазақ халқының салт- дәстүрінің және де ырым- тиымдарының қаншалықты маңызды екенін жәнеде осында отырған студнттеріміз қаншалықты білетіндігін анықтау мақсатында постер құруға шақырамыз.

1 топқа Бала тәрбиесіне байланысты салт- дәстүрлер

2 топқа үйлену тойына байланысты салт дәстүрлер

3 топқа Қазақ халқының салт- дәстүрмен бірге қолданылатын ырым – тиымдарын жазу.

Постер құрып болған соң әр топ студенттері қорғайды.

Осы айтылған барлық салт- дәстүріміз мерекелік дастархасыз өтпейтіндігі бергілі сондықтан келесі кезеңіміз алдарыңыздағы постер парағының екінші бетіне суреттерді пайдлаану арқылы мерекелік Наурыз Мейрамының дастарғанын жасасақ.

1 топ: Наурызкөже дайындау

2 топ: Мерекелік шай дастарханы соның ішінде ұлтық тағамдар

3 топ. Табақ тарту Құда табақ және күйеу табақ
- Студенттерге арналған стратегиялық ойын (сұрақтар конвертке салынып беріледі).
Кигіз үй бөлшектерін ата (шаңырақ, кереге, уық, ағаш, есік, түндік, үзік, туырлық, киіз есік)
Наурыз мейрамы қай жылдан бастап ресми тойланды? ( 1988 )
Бала тәрбиесіне байланысты қандай салт дәстүрлер бар? (шілдехана, бесіккке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер).
Ұлттық саз аспаптарын ата (домбыра, қобыз, сыбызғы, жетіген, шаңқобыз, абдыра, сазсырнай)
Ұлттық бас киімдерді ата (сәукеле, кимешек, жаулық, тақия, бөрік, тымақ, малақай, қалпақ)
Ұлттық ойындарды ата: (ақсүйек, алтыбақан, сақина салу, орамал тарту, қыз қуу, бәйге)
Астана Қазақстанның нешінші астанасы (Орынбор, Ақмешіт, Алматы, Ақмола )
Жарапазан қай уақытта айтылады?(Рамазан айындағы ораза уақытында)
«Жиен ел болмайды, желге ас болмайды» деген мақалдың мағынасын түсіндір
Қандай жілік қыз балаға берілмейді? (кәрі жілік)
Малдың басы қандай қонаққа ұсынылады? (сыйлы қонаққа)
«Абысын тату болса, ас көп» деген мақалдың мағынасын түсіндір
Наурыз көже қалай жасалады? (соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, езілген құрт, бидай, тары, күріш, пиаз, сүт)
Абайды «Қазақтың бас ақыны» деген кім? (А. Байтұрсынов)
Ш. Уәлиханов кім? (ғалым, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы)

Сабағымызды қазақтың ұлттық ойыны «Сақина салмақ ойынымен»аяқтайық.

Сақина салу – жеребе арқылы бір қыз, бір жігіт ортаға шығады. Басқалары екі қолдарын уыстаған күйі тізелерінің үстіне қойып отырады. Қыз қолындағы сақинаны  әр ойыншының уысына салғандай ыңғаймен ойынға қатынасушыларды түгел аралып өтеді. Содан кейін жігітке: «Сақинаны тап!» деп бұйырады. Барлық ойыншы сақинаны іздей бастаған жігітке қарап, қуыстанып сезіктегендей  кейіп байқатады. Жігіт өзі ұйғарған ойыншыдан: «Сақинаны бер!» деп сұрайды. Тапса, сақинаны ұстап отырған ойыншы айып тартады. Таппаса, іздеушінің өзі айып тартады. Ал айыптың өтеуі  көпшіліктің қалауы  бойынша орындалады. Оның түрі де ән салу, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту, салмақ көтеру секілді қызықты болғаны жөн. Осыдан кейін ортаға келесі жұп қыз бен жігіт шығарылады. Бұл ойында қыздар жағы тек сақина салушы ғана болады. Іздеуші– жігіт. Ол әр ойыншының алдына барғанда әзіл айтып, күлдіріп жүруі керек. Сол әдіс арқылы сақинаны ұстап отырған ойыншыны сезіктендіріп барып тауып алуы да ықтимал.



Мұғалімнің сөзі: Құрметті ата - аналар бүгінгі тәрбие сағатына келіп алтын уақыттарыңызды бөлгендеріңізге үлкен рахмет.
Осы бүгінгі тәрбие сағатына арналған өздеріңіз дайындаған ұлттық тағамдардан ауыз тидіңіздер.