Файл: pisa халыаралы зерттеулері аясында оушыларды ылыми жаратылыстану функционалды сауаттылыын дамыту Білім беру азастан2030.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 41

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың ғылыми- жаратылыстану функционалдық сауаттылығын дамыту»

Білім беру «Қазақстан-2030» Стратегиясының басыңқы бағыттарының бірі ретінде танылған. Елдің тиімді мемлекеттік білім беру саясаты тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттырудағы анықтаушы фактор және елдің бәсекеге қабілеттілігі шарттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда ғаламдық экономикада көптеген білім беру жүйелері тек академиялық ықпалдастықты ғана емес, сонымен қатар адам ресурстарының еңбек жинақылығын да мақсат етеді. Білім беру сапасын халықаралық салыстырмалы тұрғыдан зерттеуге қатысу, елдерге көптеген мән мәтіндік әлеуметтік-экономикалық және мәдени факторлардың тигізетін ықпалы тұрғысынан оқу үдерісі нәтижелілігінің тәуелсіз бағасын алуға мүмкіндік береді.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) арқылы жүзеге асырылатын PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеуі ерекше орын алады. Өйткені, оған әлемдік экономиканың жартысынан астамы үлес қосады. Екіншіден, PISA тапсырмаларының тәжірибеге бағыттылық дәрежесі мен тапсырмаларды құрастырушылардың біліктілігі жоғары. Бұның барлығы PISA-ны 15 жасар білім алушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылықтарын бағалау бойынша ең беделді халықаралық салыстырмалы зерттеулердің бірі етіп отыр. /2/

«PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың ғылыми- жаратылыстану функционалдық сауаттылығын дамыту» функционалдық сауаттылықты арттыру мақсаты мен міндеттері Қазақстан Республикасы 2011-2020 жылдарда білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында анықталуына сәйкес жасалды, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған оқушылардың функционалды сауаттылығын жетілдіруде Ұлттық іс-шаралар жоспары мақсатқа бағытталған, біртұтастық, оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуға бағытталған іс-шаралар жүйелігін Қазақстан Республикасының мектеп білім берудің сапасын арттырушы негізгі бағыт ретінде қамтамасыз етуге бағытталған. Оқушылар арасындағы функционалды сауаттылықтың қалыптастырудың жоғары деңгейі қоғамда тиімді қызмет етудің қабілеттілігіне, өзін-өзі анықтауға бағытталған қабілет, өзін-өзі дамытуға және қалыптастыруға бағытталады. Нәтижесінде, қоғамға функционалды сауатты, нәтижеге жұмыс істеуге және маңызды жетістіктерге жетуге қабілетті тұлға қажет.15-жастағы оқушылардың математикалық сауаттылығы сапасын арттыруда «PISA » зерттеулері мен оқытудың белсенді стратегияларын ,сыни тұрғысынан ойлауды дамыту стратегияларын ,әдістерін әр сабақтарда жүйелі түрде қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын, математикалық сауаттылығын дамыта білу. Мектепте алған білімдері мен дағдыларын шынайы өмірдегі мәселелерде шешім қабылдай алатын қабілеттерін дамыта отырып ,әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушының білімін, өздігінен білім ала білуін және сабақтың сапасын арттыра отырып, проблеманы бірлесе шешу,яғни белсенділік таныту,өз ойларын еркін айтуға, бөлісуге , уақытпен санаса білуге үйрету қажет. Қоршаған ақиқат ортада пайда болатын және математика арқылы шеше алатын мәселелерді тани білеге үйрету. Әртүрлі мәселелерді математика тілінде құрастырады және айғақтар мен әдістерді қолдана отырып шешеді , шешімдерде қолданылған әдістерді талдайды , қойылған мәселелерді есепке ала отырып нәтижелерді түсіндіреді . Алған білімдерін әртүрлі жағдайда қолдана білуге , белсенділігін көтеруге, ойлау қабілетін арттыруға, өз ойын жүйелеуге, тез шешім қабылдауға ұқсастықты, қарама-қайшылықты байқауға дағдыланады./2/


Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімдеу мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған байланысты еліміздің он бес жастағы оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтауға Қазақстан PISA – 2009 халықаралық зерттеуіне тұңғыш рет 15 жастағы оқушылардың білім сапасын анықтау үшін дәйекті ақпарат алу мақсатында атсалысты. Біздің еліміз үшін бұл бағдарламаға қатысуға білім берудің бақылау-бағалау жүйесін реформаландырудың қажеттігін ескертетін бірқатар факторлар, атап айтар болсақ қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі негізгі себеп болды. Еліміздің 2011 жылы өткен халықаралық PISA- 2012 апробациялық зерттеуіне, 2012 жылы сәуір айында болған PISA- 2012 негізгі зерттеуіне қатысуы, өзін-өзі дамытуды максималды түрде іске асыру мен қоғам өмірінде орынды қатысу үшін өздігінен іздену, талдау жасау, құрылымдау, ақпараттарды дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді./2/

Үш бағыт бойынша білім алушылардың сауаттылығын бағалау технологиясы PISA жобасына қатысушылардың алған білімдерін қорыта отырып, мектептен тыс жағдайларда қаншалықты қолдана алатынын анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай көзқарас академиялық білімнің жоғары кәсіби деңгейде қолданыста жүзеге асырылуы арқылы қазіргі экономиканың қоғамға әсер етіп отыр деген деректі көрсетеді.

Қазақстан Республикасы PISA зерттеуіне екі мәрте қатысып, математикалық және жаратылыстану сауаттылықтары бойынша оңтайлы жетістіктер көрсетті. Ал 15 жасар білім алушылардың оқу сауаттылығы бойынша нәтижелерінде өзгерістер болмады . Бұл нәтижелер 2004 жылы қазан айында республикамызда білім мазмұнын білімділіктен құзыреттілікке көшу жөніндегі саяси көзқарастың дұрыстығын растап отыр./4/

PISA зерттеуі 2000 жылдан бастап басымды үш бағыттың біріне баса көңіл бөле отырып, үш жылда бір қайталанып жүргізіледі. 2015 жылы зерттеу жаратылыстану сауаттылығына басымдылық беріліп өтетін болады. Алдыңғы жылдары бұл бағыттағы басымдылық 2006 жылы жүргізіліп, 57 ел қатысқан болатын. 2015 жылы 70 елдің қатысуы жоспарланып отыр.

PISA-2015 зерттеуі 2012 жылы өткен зерттеудегідей қосымша жаңашыл мақсаты бар, атап айтқанда, 15 жасар білім алушылардың функционалдық сауаттылығын интерактивті ортада бағалау мақсаты болып табылады./3/



Тестілеу жүйесі барынша электрондық болу үстінде және бұл 2018 жылы жалғыз тәсіл болып жүзеге аспақ. Сондықтан интерактиві тапсырмаларды пайдаланып компьютерлік тестілеуге назар аударған жөн.

Тесттің құрылымы. Халықаралық емтиханға қатысушылардың математикалық сауаттылығын айқындауға бағытталған көптеген тапсырмаларда ақпарат тек вербалды түрде берілмейді, сонымен қатар кесте, диаграмма, кескін, сурет, сызба түрінде де беріледі. Білімгерлер сұраққа жауап беру үшін қажетті ақпаратты оның түрлі жолдармен берілуі барысында тауып алуы тисі, бұл орайда олардың бір мезетте бірнеше кестелермен, кескіндермен, диаграммалармен жұмыс істеуіне тура келеді.

Білімгерлердің математикалық құзыреттілігін тексеру үшін тапсырмалардың үш белгілі түрі қолданылады: жауапты таңдау, қысқаша еркін жауаппен, жауап есептің шартымен мазмұны мен түрі бойынша айқын шектелген (әдетте сан, сандар немесе әріптер бірізділігі, теңдеу, сурет, сөз және т.б. түрінде беріледі) және көлемді ашық жауаппен.

Тапсырманың алғашқы екі түрі анағұрлым қарапайым білім мен дағдыларды тексеру үшін қолданылады. Айтарлықтай күрделі біліктілік білімгерлердің толық шешу жолдарын жазу, немесе алынған жауапты негіздеу талап етілетін үшінші түрдегі тапсырмалармен тексеріледі. Көлемді жауапты талап ететін тапсырмаларға білімгерлер көлемділігімен, тиянақтылығымен және қолданылған әдістердің күрделілігімен өзгешеленетін шешімдерді ұсынуы тиіс/4/

PISA әдістемесі бойынша тестілеу мектеп оқушыларының үйреншікті емтихандары мен тесттерінен түбегейлі ерекшеленеді. Осы ауқымды зерттеу барысында мектеп бағдарламасын меңгеру деңгейі емес, жас өспірімдердің алған білімдерін тіршілік жағдайларында қолдану қабілеті бағаланады. Тестілеудің негізгі мақсаты - «Жалпыға міндетті білім алған 15 жастағы оқушы қоғамда толыққанды қызмет ету үшін қажетті білім мен машықтарды меңгерді ме?» деген сұраққа жауап беру .
Зерттеуде жазбаша және компьютерлік бақылау нысаны (тесттер) пайдаланылады. Тестке жабық және ашық тапсырмалар енгізілген. Кейбір тапсырмалар сол бір тіршілік жағдайларына жататын түрлі күрделілік деңгейінің бірнеше сұрақтарынан тұрады./5/

Қорыта айтсақ, оқытудың белсенді стратегиялары мен «PIZA» зерттеулерін пайдалану арқылы оқушының функционалды сауаттылығын дамыта отырып математикалық сауаттылығының сапасын арттыруға және логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға болады.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс- қимыл жоспары. Астана.2012 жылғы 25 маусым.

  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

  3. Қазақстандағы PISA-2009 халықаралық зерттеуі нәтижелері бойынша Ұлттық есеп, БСБҰО, 2010.

  4. Қазақстан Республикасының білім беру жағдайы мен дамуы туралы Ұлттық баяндамасы ҰБСБО, 2013.

  5. Интернет желісі.