ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 27
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы: «ЕрТарғын» бөбекжай-бақшасы» КМҚК-сі
Топ: екінші кіші «Ботақан»
Балалардың жасы: 2
Жоспардың құрылу кезеңі:10.04.2023жыл.
Күн тәртібінің кезеңдері | Дүйсенбі:10.04.2023ж | Сейсенбі:11.04.2023ж | Сәрсенбі:12.04.2023ж | Бейсенбі:13.04.2023ж | Жұма14.04.2023ж | ||||||||||||||||||||||
Балаларды қабылдау | Сәлемдесуді үйрету. Баланың бүгінгі көңіл күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау, баланы жеке пікірін білдіруге тарту.Сәлеметсің бе,балақай!Балаларды көтеріңкі көңіл-күйде қабылдау.Медбике мен бірге дене қызуларын өлшеп қарсы алу.Тікелей бақылау.Балалармен сауалнама жүргізу арқылы тыңдалады. | Сәлеметсіңдер ме,балалар!Балалардың көңіл-күйлеріне назар аударып,дене қызуларын өлшеп қабылдау.Жалпынама бақылау. | Сәлеметсің бе,балақай! Таңертең балалармен амандасып,топқа кіргізу. «Орнымыздан тұрамыз». Орнымыздан тұрамыз, Алақанды ұрамыз, Бір отырып,бір тұрып, Тез шынығып шығамыз. | Сәлем,балақай! Балаларды жақсы көңіл-күймен қабылдап,бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау. Дидактикалық ойын: «Жасырылған суреттерді тап». Мақсаты:Баланың ойлау қабілетін дамыту. | Сәлеметсіңдер ме,балалар!Балаларды «Нейро жаттығулары»арқылы таңғы қуанышты қабылдау.Денсаулықтарына мән беру.Тікелей бақылау.Сауалнама. | | |||||||||||||||||||||
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру | Балалардың көңіл күйі, денсаулығы жайында ата-анамен әңгімелесу.Ата-аналармен демалыс күндері баланың үйдегі күн тәртібі туралы әңгімелеу. | Балақай,қардың түсі қандай?Қар қай мезгілде жауады?Мезгіл ерекшеліктерін,ауа-райын сұрау.«Бала үні». | Ата-аналарға балаларының жетістігі туралы айту.Балалармен көп әңгімелесу керектігін айтамын.Бақылау. | Балақай,көңіл-күйің қалай?Ашық сұрақтар арқылы, «Бала үні» тыңдаймын.Бақылау. | Ата-аналарға балаларды мезгілге сай,серуенге қолайлы киіндіру керектігін айтамын.Бақылау. | | |||||||||||||||||||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | Кешен№25 Ойын: «Гүл». Мақсаты:Балаларға ермексаздай пайдаланып отырып құмырадағы гүлді құсын мүсіндеп үйрету. | Кешен№26. Ойын: «Қуыршақтың қамзолы». Мақсаты:Қамзол туралы түсінік беру. | Кешен №24 Ойын «Асық» Мақсаты:Қазақ ұлтының ойын түрлерін балаларға таныту. | Кешен№22 ойын: «Сиқырлы суреттер» Мақсаты:Балалар зейінін,ойлау қабілеттерін дамытады. | Кешен№23 «Қыс нышандары» Мақсаты:Қыс мезгілі ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейтеді. | | |||||||||||||||||||||
Таңертеңгі жаттығу | Ақпан айына арналған таңертеңгі жаттығулар кешені (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті). | ||||||||||||||||||||||||||
Таңғы ас | Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті) Кезекшілік жұмысын ұйымдастыру. Өз орнын тауып отыру. Таза және ұқыпты тамақтануды, қасықты дұрыс ұстауды, тамақты асықпай әбден шайнауды үйрету. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту. Бата. Асым, асым, асыма, Бақыт қонсын басыңа. Дастарханың мол болсын, Денсаулығың зор болсын. | ||||||||||||||||||||||||||
Ұйым-н іс-әрекетке дай-қ | Құрылымдалған ойын: «Сиқырлы қораптар». Мақсаты:Сиқырлы қоораптар туралы түсінік беру.Құрастыруға қалыптастыру.Қауіпсіздік шараларымен таныстыру. | Ойын: «Торғай жаттығуы». Торғай ағаш қорғайды.Шыр-шыр еткен торғайды.Таспен атып торғайды,Қорғамасаң болмайды.Ұя бұзған оңбайды.Кіп-кішкене торғаййлар,Құс өкпелеп кетеді,Ағаштарды қорғайды.Бақшамызға қонбайды.Торғайды сипаттау. | Сөйлеуді дамыту. Сурет салу. Ойын: «Сағат». Сағаттың тіліндей,Иіліп оңға бір.Сағаттың тіліндей,Иіліп солға бір.Оң аяқ,сол аяқ.Сағаттың суретін саусақпен салу. | Сурет салу. «Қайсысы қайда тіршілік етеді?». Мақсаты:Жануарлардың ұқсас белгілеріне қарай табу,олардың мекен-жайын анықтау.Сөздік қорын молайту. сұрайды. | Қоршаған ортамен таныстыру. Дидактикалық ойын: «Жыл мезгілдері». Мақсаты:Балалардың жыл мезгілдері атауларын үйрету(қыс,көктем,жаз,күз).Мезгіл өзгерістерін талқылау. | ||||||||||||||||||||||
Ұйымдас-н іс-әрекеттер | Дене шынықтыру Сөйлеуді дамыту Міндеті:Сөздік қорды қалыптастыру. Ойын:«Көктем келді» Мақсаты:Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін көрсете білуге тәрбиелеу.Көктемде табиғаттың біртіндеп оянатыны туралы түсініктерін кеңейту. Сурет салу «Бүршік жарған ағаш». Мақсаты:Ағаштардың бүршік жарғанын қарап,бүршіктеген ағашты саламыз. Ағашты ажырата білуге үйрету.Эстетикалық талғамдарын,қиялын дамыту. Сенсорика. Ойын:«Пішінді құрастыр» Мақсаты:Түстер мен пішіндер арқылы құрастыруға үйрету.Есте сақтау,көру,ажырату қабілеттерін дамыту. | Көркем әдебиет Міндеті:Балалардың назарын кітапты қарап отырған балаға аудару. Ойын:«Қайсысы артық?». Мақсаты:Балаларды нан өнімдерінің түрлерін таныстыру,нанды қадірлеуге баулу. Қоршаған орта Ойын:«Сиқырлы суреттер». Мақсаты:Балалардың логикалық ойлау қабілетін,ес,зейін,қабылдау процесстерін дамыту. Сурет салу. Ойын: «Ақ тоқаш» Мақсаты:нанның түрлерін ажырата отырып бояуды үйрету. | Дене шынықтыру. Мүсіндеу. Міндеті:Мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін бөліктерін бөліп алу оларды біртұтас етіп біріктіруге үйрету. Ойын:«Ақ сабын» Мақсаты:Ермексазды бөліктеп алып,алақанды уқалап отырып,сабынды мүсіндеп жасаймыз. Сенсорика Ойын:«Вагондарға дөңгелек таңдау». Мақсаты:Геометриялық пішіндерді ажыратуға,қасиеттерін білуге жаттықтыру,ойлау қабілетін дамыту. | Жапсыру. Міндеті:Симметриялық пішіндерді,ою-өрнектерді орналастыру. Ойын: «Тазалықтың достары». Мақсаты:Дайын ақ қағазға тазалықтың құралдарын жапсырамыз. Көркем әдебиет Ойын: «Тазалықтың құралдары». Мақсаты:Тазалықтың құралдарын суретке қарап отырып атап үйретеміз. | Дене шынықтыру. Құрастыру Міндеті:Балаларды ойын барысында үстел үсті және еден үсті құрылыс материалдарымен (текшелер,кірпіштер,үш қырлы призма,пластина,цилиндр және т.б.),жазықтықтағы құрылыстың орналасу нұсқаларымен таныстыру. Ойын:«Дауысты сал». Мақсаты:Құстардың түрлерін және дауыстарын салуды үйрету. Музыка Музыка тыңдау:Қоңыраулардың қатты және ақырын дыбысталуын,фортепианоның дыбысталуын ажыратады. | ||||||||||||||||||||||
II-таңғы ас | Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті) Кезекшілік жұмысын ұйымдастыру. Өз орнын тауып отыру. Таза және ұқыпты тамақтануды, қасықты дұрыс ұстауды, тамақты асықпай әбден шайнауды үйрету. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту. Бата. Асым, асым, асыма, Бақыт қонсын басыңа. Дастарханың мол болсын, Денсаулығың зор болсын. | ||||||||||||||||||||||||||
Серуенге дайындық | Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, ауладағы ойын құрылғыларын дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу. Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуді бақылау (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту). Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. | ||||||||||||||||||||||||||
Серуен | Кешен№20 Дұрыс», «дұрыс емес», «қауіпті» түсініктерімен таныстыру. Балабақша ауласының ережелерін таныстыру.Сығанақ,әткеншекті пайдалану бойынша нұсқаулықтар беру. (Қоршаған ортамен таныстыру). Доп мүсінін жасауда техникалық дағдыларды қалыптастыру. (Мүсіндеу). | Кешен№26 Көркем сөз Ағаш бұтақтарынан ұшақ жасау. (құрастыру). Ағаш бұтақтарынан жел тұрғанда олардың жапырақтарының қимылына назар аударту. Қимылды ойын: «Поезд». Доптарды бір-біріне домалату. (Дене шынықтыру). | Кешен №22 Балабақша ауласына шығып аспанға қарау,не көріп тұрғандарын анықтау.Көргендерін атауды,сипаттауды дамыту. (Қоршаған ортамен таныстыру). Қимылды ойын: «Шарды ұста». Әртүрлі музыкалық аспаптарда орындалған таныс әуендерді тыңдау,ол әуендерді тани білуін қалыптастыру. (Музыка). | Кешен№23. Өлі табиғатпен (жылы,суық су,құрғақ,ылғал құм,домалақ,қатты тас)әрекет ету түрлерін(су құю,құм тасу,төгу,жинау,мүсіндеу,тасты жинау,қалау)таныстырып түсініктерді қалыптастыру.Олармен ойнату және эксперимент жасауды ұйымдастыру.Тасты ағашты суға салып көруін ұйымдастыру. (Қоршаңан ортамен таныстыру). Балалардың дербес әрекеті. Қимылды ойын: «Ұшақтар». Фанелеграфқа күнді жапсырту. (Жапсыру). Дәстүрлі емес әдістермен суреттер салуды дамыту.Құмда саусақпен күннің суретін салғызу. (Сурет салу). | Кешен№24 «Дұрыс», «дұрыс емес», «қауіпті» түсініктерімен таныстыру.Көшедегі көліктердің қауіпті көліктердің қауіпті екенін түсіндіру. (Қоршаған ортамен таныстыру). Қимылды ойын: «Автобус». | ||||||||||||||||||||||
Серуеннен оралу | Топқа оралу кезінде жылдам қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай бір-бірін итермей жүруді үйрету. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін қалыптастыру. Жұмбақтар шешу, өлеңдер, әндер жаңылтпаштар, санамақтар және т.б жаттау (көркем әрекет, дербес ойын әрекеті). | ||||||||||||||||||||||||||
Түскі ас | Астарың дәмді болсын. Мәдени-гигиеналық дағдыларды өздігінен жасау қалыптасқан. Ас үстелі барысында отыру мәдениеті мен этика ережелерін біледі.(таза және ұқыпты тамақтанып, қасық, кесе, сүлгіні дұрыс, орынды қолдана алады, тамақтану кезінде көп сөйлемеу керек екенін біледі және ас ішіп болғасын рахмет айтады.) Ас қайтара алады. Бата. Асым, асым, асыма, Бақыт қонсын басыңа. Дастарханың мол болсын, Денсаулығың зор болсын. | ||||||||||||||||||||||||||
Күндізгі ұйқы | Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы баяу музыка тыңдау. | «Үш аю» ертегісін айтып беру.Ертегіні тыңдап,ұйықтайды. | «Аққала мен Аяз ата» ертегісінін айтып беру. | «Ақ қоян» ертегісін айтып беру. | Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы баяу музыка тыңдау. | | | | |||||||||||||||||||
Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары | Кешен №10 Балаларды біртіндеп оятып,төсекте жатып аяқ қолды созып ұйқыашар жаттығуын орындау.Хатха йога жаттығуы. | Кешен №11 Балаларды тәтті ұйқыларынан ояту.Түйе табандылыққа байланысты жаттығу кедір-бүдір кілемшемен жүргізу.Хатха йога жаттығуы. | Кешен №12 Балаларды біртіндеп ояту.Сиқырлы нүкте массажы.Хатха йога жаттығуы. | Кешен №13 Балаларды біртіндеп ояту.Қолға жауырынға арналған керіліп,созызу жаттығуы.Хатха йога жаттығуы. | Кешен №14 Балаларды біртіндеп оятып,төсекте жатып аяқ қолды созып ұйқыашар жаттығуын орындау.Хатха йога жаттығуы. | | | ||||||||||||||||||||
Бесін ас | Кезекшілердің жұмысы (асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою, соңынан жинау) Таза және ұқыпты тамақтану. Тамақтану мәдениетін қалыптастыру. Асты тауысып жеуге үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек ірекеті) | ||||||||||||||||||||||||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | Қимылды ойын: «Ақ қоян». Мақсаты:Балаларды ептілікке баулу.Қоянның суретін салу. | Қоршаған ортамен таныстыру.Қимылды ойын: «Қай қолымда көп». Мақсаты:Аз және көп заттарды ажыратуға,салыстыруға жаттықтыру;ойлау қабілеттерін дамыту. | Сенсорика «Вагондарға дөңгелек таңдау». Мақсаты:Геометриялық пішіндерді ажратуға,қасиеттерін білуге жаттықтыру,ойлау қабілеттерін дамыту. | «Сипаттамасы бойынша тап». Мақсаты:Ұзын-қысқа,кең-тар,биік-аласа ұғымдарын бекіту. | Дене шынықтыру «Шынығамыз» Шаршасаңдар,балалар,Қолдарыңды созыңдар.Саусақтармен ойнаңдар,Қолдарыңды сермеңдер.Денелерің шынықсын,Саналарың тынықсын. | ||||||||||||||||||||||
| | | | | | | | | |||||||||||||||||||
Балалармен жеке жұмыс | «Секіреміз топ-топ» Секіреміз топ-топ,Шапалақтап көп-көп.Иілеміз оңға қарай бір,екі,үш.Фатима,Айсұлтан. | «Қандай пішін жетіспейді?». Мақсаты:Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету.Қай пішін жетіспейтінін тапқызу.Әйгерім,Диас. | «Сиқырлы қап». Мақсаты:Балаларға дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету,заттарды тануға баулу.Айкен,Айдай,Ринат. | «Кім шапшаң?». Мақсаты:Есту қабілетін дамыту.Балаларды дауысқа еліктіру.Інжу,Мерей,Айзере. | Қимылды ойын: «Ордағы қасқыр». Мақсаты:Секіруге,затты лақтыруға жаттықтыру.Аяна,Айсұлтан,Әбдірахман. | ||||||||||||||||||||||
Серуенге дайындық | Киімдерін реттілік сақтап дұрыс киінуге үйрету. Достарына көмектесу. Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту) | ||||||||||||||||||||||||||
Серуен | Кешен.№15. | Кешен №16 | Кешен№17 | Кешен№18 | Кешен№19. | ||||||||||||||||||||||
Балалардың үйге қайтуы | Тәрбиеші: Ата-аналармен бүгінгі балаларының топтағы жасаған жұмыстары және не үйренгендіктері туралы әңгімелелесу | Тәрбиеші:Медбикенің кеңесі: Ата-аналарға химиялық қоспасы бар тағамдарды алып бермеу керектігі туралы кеңес беру | Тәрбиеші: Балалардың балабақшадағы жасаған жұмыстары жайлы әңгімелесу. | Тәрбиеші: Ата-аналарға үйдегі сүйікті ойыншықтарының атын сұрау арқылы тіл жаттығуларын үйден қайталату керектігін ескерту. | Тәрбиеші: Ата-аналарға.балаларды балабақшадан қалдырмай ертерек алып келуін өтіну. |
Тексерілді:Балабақша әдіскері:__________Т.Б.Саржанова.