Файл: Мен бастаймын, сен жаластыр ойыны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 81

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақтың барысы : Оқушылармен сәлемдесу,сабаққа қатысымын тексеру, журналға белгі қою, назарларын сабаққа аудару.

Мен бастаймын, сен жалғастыр” ойыны
1. Сөйлем аяқталған ….… (ойды білдіреді).
2. Сөйлем сөзден ………… (құралады).
3. Сөйлемдегі сөздер .… (бөлек жазылады).
4. Сөйлемнің бірінші …… (сөзі бас әріптен басталып жазылады).
5. Сөйлемнің соңына ……(нүкте қойылады).
6. Хабарлы сөйлемнен кейін ……… (нүкте қойылады).
7. Сұраулы сөйлемнен кейін ……… (сұрақ белгісі қойылады).


1.Пунктуация дегеніміз не?

А. Латын сөзі, нүкте дегенді білдіреді;+

В.Тілдегі алфавитке енбейтін графикалық таңбалар жиынтығы;+

С.Мәтіндегі ойды бір-бірінен айырып түсінуге көмектесетін негізгі құралы;+

Д. Тыныс белгілерін зерттейтін ережелер жиынтығы;+

2. Тыныс белгісінің қызметі неше принципке негізделеді?

3 принцике: граматикалық, мағыналық, интонациялық.+

Граматикалық принцип тыныс белгілерін сөйлемнің құрылымдық ерекшеліктеріне сүйеніп қою.

Мағыналық принцип сөйлем және сөйлемдегі сөздердің мағынасын анықтау.

Интонациялық принцип мәтінді, сөйлемді және сөзді оқығанда, дауыс ырғағының өзгеріп отыруы.

3. Тыныс белгілерінің орны және қызметі

Мына кестені толтырыңдар.

Сөйлем соңына қойылатын

Сөйлем ішіне қойылатын

Құрмалас сөйлемнің қойылатын тыныс белгі

Нүкте (.)

Сұрақ белгісі (?)

Леп белгісі (!)

Көп нүкте (...)

Үтір (,)

Қос нүкте (:)

Жақша ( )

Тырнақша ("")

Сызықша (-)

Үтір (,)

Қос нүкте (:)

Нүктелі үтір (;)

Үтір сызықша (,-)



Даралаушы қызмет атқарады.

Ерекшелеуші қызмет атқарады.

Ойдың ара жігін ажырату қызметін атқарады.


2.Мына кестені толтырыңдар.

Сөйлем соңына қойылатын

Сөйлем ішіне қойылатын

Құрмалас сөйлемнің жігіне қойылатын










Даралаушы қызмет атқарады.

Ерекшелеуші қызмет атқарады.

Ойдың ара жігін ажырату қызметін атқарады.

Бүгінгі сабақта сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілердің ережелерімен таныса отырып, сауатты жазуға дағдыланамыз.

Нүкте

1.Хабарлы сөйлемнен кейін қойылады.

2.Жай екпінсіз айтылған бұйрық және тілек мәнді сөйлемнен кейін қойылады.

3.Драмалық шығармада кейіпкер атынан кейін қойылады.

4.Драмалық шығармада автордың түсінігі ретінде айтылған ремарка сөйлемнен кейін жақша ішінде қойылады.

5.Адамның аты-жөні қысқарғанда қойылады.

6.Газет -журнал атауын шартты түрде қысқартқанда қойылады.

7.Кейбір сөздер шартты түрде қысқартылғанда қойылады.

8.Ғасыр, жыл, сағат, минут, секунд сөздері қысқартылғанда қойылады.

1.Жаңбыр жауды.

2.Әже, сізден Аллаһ разы болсын.

3.Нұрхан. Міне, міне, әлгі мен айта беретін ауыл!

Мүсірепов. (құлазып) Қыбыр еткен жан жоқ.

4.Нұрхан, кім бар?( Айқара есікті итеріп ашады.) бері шық!

5.Ғ. Мүсірепов / Ғ.М.

6."Қазақ әдебиеті" / Қ.Ә.

7. тағы басқалар-т.б.

тағы сол сияқты - т.с.с.

тағысын тағылар-т.т.

8. ғ./ж./сағ./мин./сек.

(А. Яссауи кесенесі (XIIғ.) -тарихи ескерткіш)

Леп белгісі

1. Көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлем мен бұйрықты сөйлемнен кейін қойылады.

2. Көтеріңкі дауыспен бұйыра, өтініш білдіре айтылған сөйлемне кейін қойылады.

3. Ұранды сөйлемнен кейін қойылады.

4. Көтеріңкі дауыспен айтылған қаратпа, одағай сөздерден кейін қойылады.



5. Көтеріңкі дауыспен "жоқ" , "иә" деген сөздерден кейін қойылады.

6.Сәлемдескенде айтылған, ішінде сұраулық шылауы бар тіркестерден кейін қойылады.

1. Қандай керемет! Бері кел!

2. Қалағаныңызды алыңыз!-деді Ботагөз жадырап, бір жақсылық хабар күтіп.

3.Жасай бер, көркейе бер, менің Қазақстаным!

4.-Қарағым! Қанатым! Енді қайтейін!

Қолымнан келгені -осы.

5. -Жоқ! Қайтсең де тауып әкел!

6.-Амансың ба, қарағым! -деп қария балаға қарады.

Сұрау белгісі

1. Сұраулы сөйлемнен кейін қойылады.

2.Сөйлемдегі белгілі бір сөздің мәні оқушыға түсініксіз, неге олай деген күдік туғызғандығы аңғару үшін, сол сөзден кейін жақшаға алынып қойылады.

1. Ақшам қайда?

2." ...Пысық деген (?) ат шықты"- деген тармақ 1909 жылғы кітапта

"...Пысық деген ант шықты",-деп жарияланған.

Көп нүкте

1. Айтылуға тиісті ой аяқталмай қалғанда, сөйлем соңында көп нүкте қойылады.

2.Сөйлеуші қысылып сөйлей алмай қалғанда, асығыс айтқанда, ойдың бөлінуіне байланысты дауыс ырғағындағы кідірісті білдіру үшін қойылады.

3. Біреуден алынған цитатаның не алдынан, не соңынан немесе сөйлем, сөз қалдырылған жерге қойылады.

4. Айтуға қолайғыз тұрпайы сөздің орнына қолданылады.

5. Ескі қолжабаларда көрінбей өшіп қалған орынға қойылады.

1."Иә, көз-қорқақ, қол-батыр. Бісміллә, береке..." Сонымен бастап та жіберді. Осыдан қара кешке дейін... Жә, мен шамалы кідірейін-ші, әңгіме бас әріден болсын.

2.-Е, не қыл дейсің маған. Бала...ыһ... тартып жіберші мына шетін, көтерсейші басыңды... мықтап ұста... ешқайда кетпес, оралар... Туып-өскен жері, елі... Ұста деймін, қаттырақ ұста.

3.... Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

4. Қарашы, мына... бүлдіргенін! Басыңнан салып қалайын ба осы?!

5. Қиын тиді... оларға

Аз кісі-ақ қайтып санарға. (Абай)

Қабаттаса қойылатын тыныс белгісі

1. Егер сұраулы сөйлем лептік интонациямен айтылса, сұрау мен леп белгілері қабат қойылады.

Айналайын Ақ Жайық,

Ат салмай өтер күн қайда?!