Файл: Семей Медициналы колледжі мекемесі Орта білімнен кейінгі, техникалы жне ксіптік білім беру йымдарына арналан педагогіні саба жоспары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 50
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Семей» Медициналық колледжі» мекемесі
Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогінің сабақ жоспары
Ауырсыну синдромы.Ауырсынуды жеңілдету принциптері. (сабақ тақырыбы)
Модуль/ пән атауы: Әртүрлі жастағы науқастарға күтім жасау / Онкологиялық бейіндегі науқастарға паллиативтік көмек және күтім көрсету
Дайындаған педагог: Қапсеметова Тоғжан Сержанқызы
2023 жылғы «____» ___________
1. Жалпы мәліметтер
-
Курс: ІV -
Оқу жылы: 2022-2023. -
Топ: -
Сабақ типі: Аралас сабақ
2. Мақсаты, міндеттер: «Онкологиялық бейіндегі науқастарға паллиативтік көмек және күтім көрсету» пәнінің оқу мақсаты:
Білімділік: «Паллиативті көмек» түсінігі. Паллиативті көмектің қажеттілігі. Паллиативті күтімді мейіргерлік үрдістің бес кезеңі бойынша жүргізіп, дәрігерлік және мейіргерлік диагноз айырмашылығын біліп, ұзақ, қысқа мерзімді мақсатты қоя білу. Халі нашар науқастарды тамақтандыру. Науқастың функциональді жағдайын бағалау. Халі нашар науқастарға гигиеналық емшараларды жүргізу.
Дамытушылық: Болашақ мейіргерлерге паллиативті көмекті көрсету мақсатын түсіндіру, паллиативті пациенттердің физикалық, психикалық, рухани жағдайын анықтау дағдыларын дамыту. Білімгерлерді болашақта паллиативті науқастарға және олардың отбасының қайғысына ортақтасып, психологиялық көмек көрсете алатын өз күшіне сенімді жеке тұлға ретінде дамыту. Студенттерді мейіргерлік үрдіс кезеңдері бойынша 1 кезеңде науқас туралы обьективті және субьективті зерттеу жұмыстарын жүргізіп,толық ақпарат жинақтап,2 кезеңде мейіргерлік диагноз коя білуге және 3 кезең бойынша күтімге байланысты жоспар кұрып паллиативті науқастарға сапалы көмек жүргізуді үйрету. Мейіргерлік үрдіс бойынша тәуелді, тәуелсіз, аралас көмекті 4 кезеңде іске асырып, нәтижені бағалау дағдылырын дамыту. Дәрігер тағайындауларын жазып алып, уақытында орындап, науқас жағдайын дәрігерге бірден хабарлап асқынулар алдын-алу, және әр түрлі жүйелер мен ағзалардың қызметі бұзылған науқасты бақылауда және күтуде,жедел жағдайларда науқасқа дәрігергі дейін жедел көмек көрсетуді үйрету.
Тәрбиелік: Паллиативті науқасқа және оның отбасынының ауыр қайғысына жан ашырлықпен қарап, оларға психологиялық, мейіргерлік көмек көрсетуге тәрбиелеу. Паллиативті науқастармен болашақта жұмыс істегенде мейіргерлердің пациенттерге мейіріммен қарап, қайырымды, шыдамды болуға және науқастың денсаулығы үшін жауапкершілік, ұқыптылық қасиеттерін дамытып, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Жұқпалы аурумен ауырытын науқастарға күтім жүргізгенде мейіргердің техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтап, алған білімдерін күнделікті өмірде және кәсіптік жұмыста қолдана білуді, науқастармен, олардың туысқандармен, қызметтестерімен қарым-қатынас жасағанда этико-деонтология сақтауға тәрбиелеу. Студенттерді хәлі ауыр науқастар кіші дәретін іш киімге , төсекке жіберіп қойса адамгершілік және аяушылық сезіммен қарап уақытысында күтім жасауға және ойылудың алдын-алып,күтім жүргізе білуді үйрету.
Пәнді игеру міндеттері: «Паллиативтік көмек және онкология» оқу пәнінің негізгі міндеттері:
1) Дәлелдік медицина тұрғысынан негізгі онкологиялық ауруларды, оның асқынуының алдын алуды, диагностикасын, клиникалық симптоматикасын, негізгі даму механизімін үйрету.
2) Онкологиялық науқасты қарау және емдеу кезінде аргументтер келтіру және мәселені шешу.
3) Социалды, этикалық және ғылыми сұрақтарды ескере отырып ішкі ағзалар ауруларының түйткілдері бойынша ақпаратты синтездеу, жинау және анализ жасау, ақпаратты компилирлеу, өз пікірін айту, халық алдында өзін ұстай білуге дағдыландыру.
4) Паллиативті көмектегі негізгі сұрақтарды мамандарға сонымен қатар, маман еместерге ақпаратты, ойды жеткізу; науқастарға салауатты өмір салты туралы нұсқаулар беру.
2.1. Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі :
Студент білуі тиіс:
• «Паллиативті көмек» түсінігі. Паллиативті көмектің қажеттілігі. Паллиативті күтімді мейіргерлік үрдістің бес кезеңі бойынша жүргізіп, дәрігерлік және мейіргерлік диагноз айырмашылығын біліп, ұзақ, қысқа мерзімді мақсатты қоя білу. Халі нашар науқастарды тамақтандыру. Науқастың функциональді жағдайын бағалау. Халі нашар науқастарға гигиеналық емшараларды жүргізу.
Студент істей білуі тиісті:
• Паллиативті науқасқа және оның отбасынының ауыр қайғысына жанашырлықпен қарап, оларға психологиялық, мейіргерлік көмек көрсету. Паллиативті науқастармен болашақта жұмыс істегенде мейіргерлердің пациенттерге мейіріммен қарап, қайырымды, шыдамды болуға және науқастың денсаулығы үшін жауапкершілік, ұқыптылық қасиеттерін дамыту. Жұқпалы аурумен ауырытын науқастарға күтім жүргізгенде мейіргердің техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтап, алған білімдерін күнделікті өмірде және кәсіптік жұмыста қолдана білуі, науқастармен, олардың туысқандармен, қызметтестерімен қарым-қатынас жасағанда этико-деонтология сақтау.
3. Сабақты жабдықтау: презентация, оқулық.
3.1. Оқу – әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Қолданылған әдебиеттер:
-
Бланк М. А., Бланк О. А. Фитотерапия в онкологии. – СПб.: Роза ветров, 2012. – 480 с. -
Болевой синдром в онкологии / под ред. М. Е. Исаковой. – М.: Практическая ме-дицина, 2011. – 384 с. -
Введенская Е. С. Паллиативная помощь: быть рядом с больным до конца… − Н. Новгород: Изд-во НГМА, 2011. – 356 с. -
Венедиктова М. Г., Доброхотова Ю. Э. Онкогинекология в практике гинеколога. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2015. – 288 с. -
Ганцев Ш. Х., Старинский В. В., Рахматуллина И. Р., Кудряшова Л. Н., Султанов
3.2. Техникалық құралдар, материалдар: мультимедиялық тақта, теледидар, компьютер.
4. Сабақтың барысы:
4.1. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут). – Сәлеметсіздер ме? – Отырыңыздар. – Кім кезекші? – Сабақта кім жоқ?
4.2. Оқытушының кіріспе сөзі (3 минут). Бүгінгі бірінші сабағымыздың тақырыбы: Ауырсыну синдромы.Ауырсынуды жеңілдету принциптері
4.3. Үй тапсырмасын тексеру(15минут)
1. Қатерлі ісікпен ауыратын науқастар бұл?
Қатерлі ісікпен ауыратын науқастар – бұл физикалық ғана емес, сонымен бірге психологиялық азап шегетін адамдардың ерекше категориясы. Науқастың қажетті өмір сүру сапасын сақтауға деген үміт деңгейі медицина қызметкерлеріне байланысты.
2.IV клиникалық топтағы пациенттер ауыр науқастарға жатады, жалпы жағдай бойынша, емдеу шаралары мен күтімге мұқтаж пациенттердің бұл тобы гетерогенді, оны қандай топтарға бөлуге болады?
1) қанағаттанарлық жағдайда, көбінесе еңбекке қабілеттілігін сақтаған адамдар;
2) орташа ауыр жағдайдағы, еңбекке жарамсыз, бірақ өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеті сақталған; 3) ауыр жағдайдағы, уланудан, ауырудан зардап шегетін, тұрақты күтімді қажет ететін адамдар.
3.Онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарды күту кезінде мейірбикенің манипуляциясы туралы айтыңыз
Онкологиялық науқастарға күтім жасау кезінде медбике жасаған манипуляциялар ішіне мыналар кіреді: қан қысымы мен жүрек соғу жиілігін өлшеу; биохимиялық талдауға қан алу; онкоцитологияға бөлінетін биоматериалды жинау; рентгенологиялық зерттеуге дайындық. Онкологиялық науқастарға күтім жасау кезіндегі мейірбикенің міндеттері Онкологиялық науқастарды күту кезіндегі мейірбикенің негізгі міндеттері: жалпы күтім; синдромдар мен симптомдарды бақылау; науқас пен отбасын психологиялық қолдау; ауырсынуды жеңілдету және басқа ауыр белгілерді жеңілдету; науқасты психологиялық және рухани қолдау; науқастың өлім алдында белсенді өмір сүру қабілетін сақтау; ауру кезінде және науқас қайтыс болғаннан кейін науқастың отбасында қолдау жүйесін құру.
4.Онкологиялық науқастың қажеттіліктері мен мәселелері туралы айтыңыз?
Онкологиялық науқастың негізгі қажеттіліктері мен проблемалары: қауіпсіздік, қолдау қажеттілігі; отбасына тиесілі болу сезімі (науқас өзін ауыртпалық сезінбеуі керек); махаббат қажеттілігі (пациентке назар аудару және онымен қарым-қатынас жасау); түсіну (аурудың белгілері мен ағымын түсіндіруден және өлу процесі туралы сөйлесу мүмкіндігінен туындайды); науқасты басқа адамдардың қоғамында қабылдау (оның көңіл-күйіне, қарым-қатынасына және сыртқы түріне қарамастан); өзін-өзі бағалау (науқастың шешім қабылдауға қатысуына байланысты, әсіресе егер оның басқаларға физикалық тәуелділігі артып кетсе, науқасқа тек алуға ғана емес, беруге де мүмкіндік табу керек болғанда).
5.Пациенттің тиімді тамақтануын қамтамасыз ету бұл?
1. Диеталық тамақтануды ұйымдастыру. 2. Тамақтану кезінде қолайлы жағдай жасау. 3. Науқасқа тамақтану немесе ішу кезінде көмектесу. 4. Науқастан қандай ретпен тамақтанғысы келетіні туралы ақпарат алу
4.3. Жаңа тақырыпты түсіндіру (40 минут).
Жоспары:
-
Ауырсынудың анықтамасы, ОЖЖ ноцицептивтік жүйесі -
Ауырсыну сезімталдығының бұзылыстары -
Ауырсынудың түрлері -
Ауырсынуды зерттеу әдістері -
Әдебиеттер тізімі.
АУЫРСЫНУ - бұл ағзаға зақымдаушы фактор әсер еткенде пайда болатын сезім. Бұл сезім ағза үшін өте маңызды, себебі қандайда бір зақымдаушы фактордың бар екендігінен хабар береді.
Зақымдаушы агентті қабылдайтын арнайы рецепторлар болады, оларға жауап ретінде ауырсыну сезімі пайда болады. Оларды ауырсыну рецепторлары деп атайды. Ауырсыну сезімі тек адамдарға ғана қолданылатын түсінік болғандықтан,/жануарларға емес/, бұл рецепторларды ноцицепторлар деп атау ұсынылған./ латынша- ноцио- зақымдаймын деген мағына береді/. Бұл рецепторлар теріде, бұлшық еттерде, буындарда, сүйектің беткі қабатында, тері асты майында, барлық ішкі мүшелерде бар,бұлар сезгіш жүйке ұштары, афферентті нейронның дендриттері, олар серпілістерді жұлынға апарады /немесе бас рецепторларынан сопақша миға/.
Ауырсыну тітіркендіргіштері соматикалық және вегетативтік рефлекторлық реакциялардың тізбегін тудырады: бұлшықет белсенділігінің және тонусының жоғарылауы, симпатикалық жүйенің белсендендірілуі.
Ауырсыну рецепторларының табиғаты жайлы екі көзқарас бар. Мамандану теориясы бойынша ауырсынуды арнайы рецепторлар қабылдайды. Ноцицепторлар ауырсынуға өте сезімтал және зақымданған стимулдарға жауап береді. Ноцицепторлардан ауырсыну сигналдары арнайы өткізгіш жолдардан өтеді. Ноцицепторлар адаптацияға бейім емес, олардың ауырсынуға деген сезгіштігі тітіркендіргіштері қайталаған сайын төмендемейді.
Ноцицепторлардың екі түрі бар -механоцицепторлар және хемоноцицепторлар. Біріншісі механикалық әсерлерге қозады, нәтижесінде натрии иондарына клетка мембранасының өткізгіштігі артады, ал бұл өз кезегінде афферентті талшықта ӘП-ын туғызатын деполяризацияға әкеледі/ рецепторлық потенциал/. Хемоноцицепторлар химиялық заттарға жауап береді, атап айтқанда , сутегі иондарының, калии иондарының артық мөлшеріне, сондай-ақ брадикинин, гистамин, соматостанин сияқты заттардың әсеріне жауап береді. Модуляторлардың әсерінен осы аталған ноцигендік факторларға хемоноцицепторлардың сезімталдығы артады, мысалы, ПГЕ1, ПГЕ2, ПГФ2-альфа типті простагландиндерге. Міне, сондықтан, наркотикалық
емес анальгетиктер, аспирин, амидопирин анальгин сияқтылар өз әсерін білдіреді , олар простогландиндердің синтезін бөгейге қабылетті, сол себепті хемоноцицепторлардың жоғарғы қозғыштығын жояды.
Ауырсынудың өткізгіш жүйелеріне жұлын-таламус, жұлын торлы құрылым,жұлын –орталық мижүйесі жолдары және орталық мидың проприорецептор жүйесі жатады.Өткізгіш жолдар ауырсынуға сезімтал. Ноцицептивті сигналдардың перифериялық таралуы екі түрлі жүйке талшықтарынан өтеді: жіңішке миелінді (А-Б тобы) және миелинсіз (С тобы). Ерте тері ауырсынуы А-б тобының миелинді талшықтары арқылы 50 м/с жылдамдықпен, С тобының талшықтарымен 2 м/с жылдамдығымен таралады.
Миелинді талшықтар адамда жедел шаншылған ауырсыну сезімін тудырады, ал миелинсіз талшықтар күйдіру сезімін тудырады.
Арнайы емес жол (арқаретикулярлық) жұлынның қосалқы нейронынан сопақша мидың ретикулярлық формациясының ядросына (3-ші нейрон) және таламустың арнайы емес ядросына (4-ші нейрон), кейін үлкен шарлардың қыртысының барлық бөлімдеріне бағытталады. Ауырсыну сигналдары лимбиялық жүйеге, гипоталамусқа түсіп, ауырсынудың вегетативтік және эмоционалдық компоненттерін айқындайды. Маңдай қыртысы ауырсынудан арылу мотивациясы мен іс-әрекет жоспарын қалыптастырады.
Ауырсынудың түрлері:
Ауырсыну сапасына қарай әртүрлі: шаншу, сыздау,сырқырау, ашыту,солқылдау.
Қарқыны бойынша: қатты, орташа шамалы, әлжуаз
Мерзіміне байланысты: қысқа, үздіксіз, ұласқан, ұстамалы
Орналасуы: шектеулі, таралған, жайылған, шашыраңқы,сыртқы.
Тұрақты ауырсыну-дененің бір бөлігі зақымданса,дәл сол тұсында ауырсыну сезілуі.
Проекциялық ауырсыну-дененің белгілі бір кескінінің немесе аймағының ауырсынуы,яғни белгілі бір нерв бағанасының тітіркенуіне байланысты сол нерв нервтендіретін аймақтарға ауырсынудың таралуы.
Иррадияциалайтын-ауырсыну сезілуінің нервтің тітіркеген тармағы аймағынан сол нервтің зақымданбаған тармақтарына байланысты аймақтарын тегіс қамтуы:
Шағылысқан немесе рефлекстік-реперкуссиялық ауырсыну-ауырсыну сезілуінің зақымданған нервке байланысты тұсынан басқа зақымданбаған нервтернің біріне қатысты аймақтарға таралуы.Оған ішкі ағзалар дертке шалдықса ауырсынудың теріге сезіліп, Захарьин-Гед аймағына шоғырлануы жатады.
Реактивті ауырсыну-нерв тармақтары қысылғанда немесе созылғанда сезілетін ауырсыну;
Каузалгия- кауза-күйдіру, альгос-ауырсыну, ауырсынудың теріні күйдіргендей болып сезілуі.Бірақ терінің қай тұсының аурып тұрғаны онша мәлімді емес.Каузальгияны дәрі-дәрмектер арқылы емдеумен қайтару өте қиын. Оған дымқыл шүберек басу арқылы ғана тойтарыс беруге болады.Сондықтан каузальгияны анықтаудың белгісі ол дымқыл шүберек симптомы.Оның пайда болуы миеленсізденген жұқа нерв талшықтарының тітіркенуіне байланысты.Сол себепті каузалгия көбіне ортаңғы немесе жіліншік нервтері жарақаттанғанда кездеседі.