ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 44
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың тақырыбы: Абай . «Талаптың мініп тұлпарын» өлеңі | Мұғалімнің аты-жөні:Буриева Г Күні: 12.01.2021 | |||||||||||
СЫНЫП: 5 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: 0 | ||||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахманға арнаған өлеңдерінің тақырыптық мәнін ашу; білім,ғылымның маңыздылығына көз жеткізу. | |||||||||||
Сабақ мақсаты | Оқушылар өлеңнің тақырыптық мәнін ашады; білім,ғылымның маңыздылығына көз жеткізеді. Өлеңнің композициясын тұтастан бөлшекке,бөлшектен тұтасқа қарай талдай алады,мазмұнын жан-жақты аша біледі; | |||||||||||
Тілдік мақсат | Негізгі сөздер мен тіркестер: Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік белгілер: Талқылауға арналған сұрақтар: | |||||||||||
Алдыңғы оқу | Абай өлеңдері | |||||||||||
Сабақтың жоспары | ||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақ барысы : | Ресурстар | ||||||||||
Басы | 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. 2. Психологиялық ахуал 3. «Бір үй, бір жанұя» ойыны арқылы топқа бөлу «Сөзді тап» тәсілі. Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады (жастар, болашақ, өнер, білім, ақыл ). Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, бір минутта ондағы сөздің атын атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сөзді тапқан оқушы келесі сөзді түсіндіруді жалғастырады. Сұрақтар: Абай әлемі бізді несімен қызықтырады, таң қалдырады? Туындылары, не білеміз? Өлең - өнердің тууы, шабыт туралы не түсіндің? | | ||||||||||
Ортасы | Абай дегеніміз- шегі жоқ асқар тау. Оны әркім әр қырынан көреді, шығармаларындағы астарлап, тұспалдап берілген жерлерді өзінше саралайды. Абай- ақын, ұстаз,жазушы, философ, өнегелі өмір иесі. Бүгінгі сабақта Абайды аяулы әке, асқар тау ретінде толығырақ танимыз. Яғни жаңа тақырыпты әкенің балаға арнауы десек те болады. «Талаптың мініп тұлпарын» өлеңін мәнерлеп оқу Әр топтан бір оқушы немесе топтар тізбектеп оқиды. 6. Жеке жұмыс Өлеңнің тақырыбы не? Идеясы қай жолдарда берілген? Оған сенің көзқарасың қандай?
Дескриптор: өлеңнің тақырыбын анықтайды; идеясы жазылған жолдарды табады; өз көзқарасын білдіреді. 1 зат есім- Әбдірахман 2 сын есім- білімді, шыншыл 3 етістік- оқыды, үйренді, 4 сөз « сезімнен шыққан сөйлем )-әке сенімін ақтайтын ұл. Талаптың мініп тұлпарын, Тас қияға өрледің. Бір ғылым еді іңкәрің, Әр қиынға сермедің. 7-8 буынды, 2 бунақты, 4 тармақты, 5 шумақты, шалыс ұйқас. Сөздік жұмысы. Тағылым - бұл жерде: үлгі, өнеге беру деген мағынада. Бенде- - дұрысы пенде, адам деген мағынада. Бекіту кезеңі. | | ||||||||||
Соңы Кері байланыс | «ҚҚҚ» кестесі. Бүгінгі сабақтағы...
Үйге тапсырма: Өлеңді түсініп оқу | | ||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс | ||||||||||
Қайта бағыттау сұрақтары арқылы оқушыға көмек көрсетуді, қабілетті оқушыға өлең туралы көзқарасын тереңірек беруді көздедім. | «ҚҚҚ» кестесін толтырту арқылы бүгінгі сабақта нені меңгергендігі туралы мәлімет алынды. | Жастар тәрбиесі туралы ой қозғалды. | ||||||||||
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |