Файл: Сабаты таырыбы Ампер кші. Лоренц кші Тогы бар ткiзгiшке магнит рiсi тарапынан сер ететiн кштi Ампер кшi.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 99

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың тақырыбы: Ампер күші.Лоренц күшіТогы бар өткiзгiшке магнит өрiсi тарапынан әсер ететiн күштi Ампер күшi деп атайды. Ампер күшiнiңбағытысол қол ережесi бойынша анықталады егер сол қолды   магнит индукциясының векторы алақанға кiретiндей етiп, ал төрт шығыңқы саусақ ток бағытына нұсқайтындай етiп орналастырса, онда 90o-қа иiлген үлкен саусақ өткiзгiш кесiндiсiне әсер ететiн күштiң бағытын көрсетедiЛоренц күші — электрмагниттік өрісте қозғалатын зарядталған бөлшекке әсер ететін күш. Қозғалыстағы ('v жылдамдығымен') зарядталған (заряды q) бөлшекке әсер етуші f лоренц күші. E электр өрісі мен B магнит өрісі кеңістік пен уақыт бойынша өзгереді.Лоренц күшінің магниттік бөлігінің бағыты бөлшек жылдамдығына перпендикуляр болғандықтан механикалық жұмыс жасамайды. Ол бөлшектің энергиясын өзгертпей, тек қозғалысының траекториясын қисайтады Вакуумдегі тұрақты әрі біртекті магнит өрісінде (В=Н, мұндағы Н — магнит өрісінің кернеулігі) қозғалатын зарядталған бөлшек Лоренц күшінің магниттік құраушысының әсерінен бұрандалық сызық бойымен тұрақты v жылдамдығымен қозғаладыЛоренц күшінің толық жұмысы нөлге тең Fл = qvBsinάq- қозғалыстағы зарядv-қозғалыстағы заряд жылдамдығы B-индукция векторыά-жылдамдық вектры мен магнит индукция векторы арасындағы бұрыш

- шеңбер бойымен қозғалған бөлшек радиусы

– бөлшектің айналу периоды
Тапсырма орындау Тест тапсырмасы1. 1820 жылы магнетизм ілімі бойынша жаңалық ашқан физик.
А) Г.ГерцБ) Х.ЭрстедС) А.С.ПоповД) А.АмперЕ) Г.Ом2. Магниттің неше полюсі бар?А) 2Б) 3С) 4Д) 5Е) 63. Магнит өрісінің неше қасиеті бар?А) 2Б) 4С) 3Д) 5Е) 64. Тұйықталған күш сызықтары бар өріс.А) электр өрісіБ) магнит өрісіС) электростатикалық өрісД) құйынды өрісЕ) біртекті өріс5. Егер бұранданың ілгерілемелі қозғаласының бағытын өткізгіштің ток бағытымен сәйкестендірсек, онда бұранда тұтқасының айналу бағыты магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын көрсетеді. Бұл қай ереженің тұжырымдамасы?А) ток күшіБ) Ленц ережесіС) сол қол ережесіД) оң қол ережесіЕ) бұранда ережесі6. Егер оң қолдың бас бармағын өткізгіш бойымен жүріп жатқан ток бағытымен бағыттасақ, онда өткізгішті қармай ұстаған саусақтардың бағыты магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын көрсетеді. Бұл қай ереженің тұжырымдамасы?А) сол қол ережесіБ) оң қол ережесіС) бұранда ережесіД) Ленц ережесіЕ) ток күші7. Магнит индукциясы қандай әріппен белгіленеді?А) FБ) EС) BД) UЕ) l8. Магнит индукциясының өлшем бірлігі не?А) НБ) АС) мД) ТлЕ) Кл9. Магнит өрісінде қозғалатын зарядқа әрекет ететін күшА) Кулон заңыБ) бұранда ережесіС) оң қол ережесіД) сол қол ережесіЕ) Лоренц күші10. F =qVb бұл қай шаманың формуласы?А) ток күшіБ) Лоренц күшіС) Ом заңы Д) кернеуЕ) электрсыйымдылық