Файл: Тексерілді дожжо.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 1040

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________





ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 48


Мектеп

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

8 «А»

8 «Ә»

8 «Б»

8 «В»

8 «Г»

Күні
















Қатысушылар саны:




Қатыспағандар саны:




Бөлім

4-бөлім. Қазақ халқының дәстүрлі ойындары

Сабақтың тақырыбы

Қазақтың халық ойындары

Спорттық және қозғалмалы ойындар. Волейбол ойыны: Допты жоғарыдан тура беру арқылы ойынға қосу әдістерін үйрету. Допты жоғарыдан бір жанынан ойынға қосу әдістерін үйрету. Допты ойынға қосу кезіндегі қателіктермен таныстыру.

ӨҚН. Жара мен жарақат алу және басқа да келеңсіз жағдайларда алғашқы мед-қ көмек көрсету.

Оқу мақсаттары

8.2.5.1. Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсету және салыстыра білу, сондай-ақ оны шешудің балама жолдарын ұсыну

Спорттық ойын ережелерін және әдіс-тәсілдерін меңгеру

Өмір қауіпсіздігі негіздері курсының теориялық негіздерін, мақсатын, міндеттерін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін сыни тұрғыдан бағалау, сондай-ақ оны шешудің балама жолдарын ұсыну

Бағалау критерийі

Жарыс кезіндегі әрекеттерге төрелік жасайды.

Тілдік мақсаттар

Білім алушылар: қазақтың ұллтық ойындары туралы білімдерін талқылайды және көрсетеді.

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: «Жаяу көкпар» (салым, қақпа); «Көкпар» (шабандоз, жылқы); «Түйілген орамал» (орамал, жүргізуші); «Белбеусоқ»(ойыншы, жүргізуші, белбеу); «Арқан тартыс» (арқан, бау); «Аларман» (ойыншы, жүргізуші); «Жаяу тартыс» (жоғарғы партер, белбеу, ойын жібі); «Асық ату» (алшы, тәйке, бүк, шік, асық, сақа).

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Берілген ойынның қандай дәстүрлермен байланысы бар?

- Ойынды өткізу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуы неліктен маңызды?

- Әділ ойынды көрсететін өздеріңіздің және басқалардың мінез-құлқын қалай бағалай аласыз?

- Бірлескен жұмыс кезінде қандай дағдыларды қолдандыңыз?

- Берілген ойында оң нәтижеге жету үшін ойыншыларға қандай ұсыныс жасай аласыздар?

- Берілген ойында жеңіске жету үшін қандай дене қасиеттеріне ие болу керек?

- Берілген ойынның ережесіне қандай өзгеріс енгізе аласыздар?

- Ойын кезінде жеке шығармашылық қабілеттеріңізді қалай қолдандыңыздар?

- Ойын ережелерін талқылаңыздар және жарыс қызметі мен ойындағы төрешілікке талдау жасаңыз.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындарын ережеге сай ойнайды.


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Орамал, алаңды белгілеу үшін фишкалар, конустар, бор, командаларды белгілеу үшін манишкалар, баулар, ысқырық, уақыт өлшеуіш, асықтар, сақалар

http://igrushka.kz/vip83/kazigr1.php

zhuldyzai.kz/wp-content/uploads/2017/01/Prilozhenie-1.docx

https://www.youtube.com/watch?v=Y85yf2S5HwE

Сабақтың

ортасы

25 минут

(Т, Ж, ҚБ) «Түйілген орамал» (командалық нұсқасы). Сыныпты тең екі топқа бөлу. Команда капитандарымен ойынды кім бірінші болып бастайтынды анықтап алу. Жүргізушінің «Бір, екі, үш!» деген белгісінен кейін ойыншылар алаңда бір-біріне орамалды лақтырып, қарсылас команданың ойыншыларына ұстатпауға тырысады. Ал жүргізуші команда ойыншыларының міндеті-ойыншыны қуып жетіп, иығына қолын тигізіп орамалды алу. Егер ұстай алса, командалар рөлдерімен ауысады және ойын жалғасады. Бір-біріне көп рет орамалды лақтырған команда жеңіске жетеді. Ойынды 5 минут уақытпен шектеледі.

Кез келген орамалды алып, допқа ұқсайтындай түйіп байлаңыз.Ойыншылар орамалды тек жоғарыдан береді. Осы ережені бұзған команда, жүргізуші командамен ауысады. Ойын кезінде ойыншылар шеңберден шықпауы керек, ол үшін ойын алаңын белгілеңіз. Ойын кезінде командаларды анықтау үшін манишкаларды немесе бауларды қолданған дұрыс.

Ойын ережесін талқылаңыз, жарысқа және ойындағы төрешілікке талдау жасаңыз.

Ойынның нұсқасы: ойынды 10 минутқа дейін ұзартып, кезеңдермен өткізуге болады.


(Т, Ж, ҚБ) «Асық ату».

Сыныпты бірнеше командаларға бөлу. Алаңда асық тігілетін сызық сызылады. Осы жерге әр қатысушы екі асықтан қояды. Асық тігілетін сызықтан 5-7 метр қашықтықта тізілген асықтарды шығару үшін, сақа ататын сызық сызылады. Осы сызықтан қатысушылар кезекпен асықтарды атып, тігілген асықтарды 50 см асатын қашықтыққа шығарулары қажет.

Асықты атып шығарған ойыншы, сол асыққа ие болады. Егер ол атып шығара алмай, тигізген болса, онда асық қайтадан орнына қойылады да, келесі ойыншы сақаны лақтыратын болады.

Ойын кезекпен жалғасады. Ең көп асық жинаған ойыншы-жеңімпаз болады.

Әр ойыншыға екі асықтан және бір сақадан беріледі. Асық ататын ойыншының өкшесі, асық ату сызығынан шықпауын және ойындағы кезектілікті қадағалаңыз.

Ойын ережесін талқылаңыз, жарысқа және ойындағы төрешілікке талдау жасаңыз.

Спорттық және қозғалмалы ойындар.

Волейбол ойыны:

Допты жоғарыдан тура беру арқылы ойынға қосу әдістерін үйрету;

Допты жоғарыдан бір жанынан ойынға қосу әдістерін үйрету;

Допты ойынға қосу кезіндегі қателіктермен таныстыру;

Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.


ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________





ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 49


Мектеп

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

8 «А»

8 «Ә»

8 «Б»

8 «В»

8 «Г»

Күні
















Қатысушылар саны:




Қатыспағандар саны:




Бөлім

5-бөлім. Ойын арқылы мәселелерді шешу дағдылары

Сабақтың тақырыбы

Ойын жағдайында қабылдауды іске асыру

Оқу мақсаттары

8.1.1.1. Арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету

Сабақ мақсаттары

Түрлі арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындау кезіндегі дәлдікті, бақылауды және үйлесімді-лікті дамыту

Бағалау критерийі

Дене жаттығуларының орындалуын анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Жеңіл атлетикадағы қозғалыс әрекеттерін және ағзадағы функционалды өзгерістерін талқылайды және көрсетеді.

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: қауіпсіздік ережесі; спринтерлік жүгіріс, стайерлік жүгіріс, қашықтықта жүгіру; спринтер, стайер; адымдар, секірулер, екпін алу; лақтыру; сөре, мәре; секіру және лақтыру кезеңдері; жүгіру, секіру, лақтыру; таңертеңгілік гигиеналық гимнастика; шыдамдылық, төзімділік; дәлділік, иелік ету, маневрлілік; эстафеталар, жылдамдықты арттыру, топтық жұмыс.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- әріптесіңізбен жаттығу жасау қаншалықты нәтижелі болды?

- қысқа және алыс қашықтықтарға жүгіретін спортшыларды қалай атайды?

- оқушылар лақтыруларды орындаған кезде қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындау маңызды ма?

- алыс қашықтықтарға жүгіру сіздің ағзаңызға қалай әсер етеді?

- осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады?

- сізде, ұсынылған ойын кезінде, қандай пайдалы қасиеттер байқалды?

- допты лақтыру кезіндегі екпін алу қаншалықты алысқа лақтыруға көмектесті ме?

- жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді үйрену кезінде оқушыларға қандай көмек көрсеттіңіз?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Лақтыру түрлерін меңгерді.