Файл: Тексерілді дожжо.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 1032

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 61

Мектеп

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

8 «А»

8 «Ә»

8 «Б»

8 «В»

8 «Г»

Күні

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

6-бөлім. Командалық ойын-белсенді қозғалыстың іс-әрекеті

Сабақтың тақырыбы

Командалық ойындағы көшбасшылық

Оқу мақсаттары

8.3.4.1. Денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, сондай-ақ техника қауіпсізді бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу

Сабақ мақсаттары

Денсаулықты нығайтуға бағытталған бірқатар дене жүктемелері кезінде туындауы мүмкін қауіп-қатерді басқара білу стратегиясын құру және қолдану

Бағалау критерийі

Түрлі жаттығу жұмыстарын орындау барысындағы болуы мүмкін қауіп-қатерлерді анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар біледі: командалық ойындардағы серіктестік туралы түсініктерін талқылай алады.

Пәндік лексика және терминология қамтиды: қауіпсіздік, адал ойын; ереже, жарыс, серіктестік; рөлдер, көшбасшы, шабуылшы, қорғаушы; қозғалыс дағдылары, физикалық қасиеттер; серіктестік, проблемаларды шешу; сот, хатшы; бақылау, бағалау, кері байланыс, талқылау; тактика, техника, стратегия; ережелерді бұзу; жүгіру, доппен секіру; допты беру, оны себетке лақтыру.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Сенімділікті арттыру үшін жұппен жұмыс жасау кезінде әрекетті қалай өзгерту керек?

- Бірлесіп жұмыс жасау кезінде көшбасшылық қабілетті қалай дамыту керек?

- Кері байланыс тиімді деп кепілдік бере аласыз ба?

- Сіздің қарым-қатынасыңыз бен кері байланысыңыз пайдалы деп есептейсіз бе?

- Тактика мен стратегия ойынның нәтижелілігіне әсер ете ме?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Кедергілерден өту жаттығуларын орындайды.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Баскетбол добы, ысқырғыш, уақыт өлшегіш, баскетбол добы, https://infourok.ru/prezentaciya-po-fizicheskoy-kulture-na-temu-tehnika-bezopasnosti-na-urokah-sportivnih-igr-basketbol-411942.html

https://www.youtube.com/watch?v=mor5dSJ-8SU

Сабақтың

ортасы

25 минут

(С, ҚБ) «Баскетбол ойыны сабақтарындағы қауіпсіздік техникасы» презентациясын көрсету.

Оқушылармен бірге қауіпсіздік техникасын және денсаулыққа төнетін қауіп деңгейін төмендетудің әдістерін талдаңыз.

Слайды презентацияға пікір білдіріңіз, сәйкес сұрақтар қойыңыз.

Бағдарламаның басқа бөлімдеріндегі қауіпсіздік техникаларымен салыстырыңыз.

(Ж, Т, ҚБ) «Екі сапта доп берудің негізгі түрлері». Сынып екі командаға бөлінеді. Әр команда өзара екі бөлініп, алаңның екі жағына тұрады. Саптағы ойыншылар бір-біріне қарама-қарсы тұрады, олардың ара-қашықтықтары 3-5 м болады, ал әр жұптың арасындағы интервал шамамен 2 м болады.

Таңдалған көшбасшыға командаға арналған тапсырма жазылған карточка беріледі. Ол өз командасына допты дұрыс берудің ережелерін түсіндіреді.

Тапсырма (төмендегі суретті қараңыз): 1-ойыншы, яғни қолында добы бар бірінші оқушы 2-ойыншыға (1) допты екі қолымен кеуде тұсынан лақтырып береді. Допты беру кезінде ол оңға қарай жылжып, 2-ші және 4-ші ойыншының ортасына орын ауыстырады. 2-ші ойыншы допты қағып алып, қозғалып бара жатқан 1-ойыншыға допты кері лақтырады (2). Бұл доп берудің аралық ұзындығы 2-2,25 м болады. 1-ойыншы 2-ші және 4-ші ойыншының ортасына барып тұрғаннан кейін, ол қолындағы допты 4-ші ойыншыға беруі керек (3). Осы кезде 2-ойыншы алаңды кесіп өтіп, 1-ойыншының орнына тұрады. 4-ойыншы допты кеуде тұсынан екі қолымен лақтырып, оны 3-ойыншыға береді (4) де, солға жылжиды. Ол алға жылжыған кезде 3-ойыншы допты кері қайтарып (5) 4-ойыншының орнына барады. 4-ойыншы допты 5-ойыншының қолына береді (6). 5-ойыншы допты екі қоымен кеуде тұсынан лақтырып 6-ойыншыға беріп, өзі оңға жылжиды, ал 6-ойыншы 5-ойыншыға допты қайтарып, алаңды кесіп өтіп, 5-ойыншының бастапқы орнына барады. Ойын осылай жалғаса береді.

Нұсқа: допты әртүрлі әдістермен лақтыруды қолданып көруге болады.

Саптардың арасындағы бес метрлік ара қашықтықты кеңейтуге болады.

Допты беру және орын ауыстыру кезіндегі қауіпсіздік техникаларына назар аударыңыз.

Допты бар күшімен беруі керек. Допты қағып алушы ойыншы лақтырушының қалай лақтырып жатқанын, сондай-ақ лақтырушы ойыншы қағып алушының қалай қағып алайын деп жатқанын көруі керек.

Егер допты дұрыс бермесе немесе доп далаға кетіп қалатын болса, оған лақтырушы ойыншының кінәлі болатынын оқушыларға ескертіңіз.

Сұраңыз: Доппен бірге орын ауыстырған кезде қауіпсіздік техникасын сақтау қаншалықты маңызды?

(Т, Тәж., ҚБ) «Допты алып жүру». Сынып командаларға бөлінеді. Таңдалған көшбасшыға тапсырмалар жазылған карточка беріледі. Ол тапсырмалармен танысып, эстафетаны қалай орындау керектігі туралы өз командасымен ақылдасады. Тапсырма жазылған карточка. Белгі бойынша үш команданың бағытталушылары баскетбол добын мәреге алып келеді. Допты кеуде тұсынан екі қолымен баскетбол себетіне бес рет лақтырып, допты жерге соғып өз командасына оралады да, эстафетаны екінші ойыншыға береді. Аяқтаған команда қолдарын көтереді.

Тапсырмалар жазылған карточка әртүрлі болуы мүмкін. Оқушыларға баскетбол добын беру кезіндегі қауіпсіздік техникаларын түсіндіріңіз.

Көшбасшыларға допты алып жүруге арналған өздерінің эстафеталарын ойлап табуды тапсырма етіп беріңіз.

Көшбасшылық дағдыларды және командада таңдалған көшбасшылардың жұмыстарын талдаңыз.

Жұптарға бөлініп, жұппен жұмыс жасаңыз. Баскетбол ойынынындағы ойыншы іс-әрекетін (допты қағып алу, допты беру, қадам жасау, допты алып жүру т.б ) жұппен талқылап, сол уақытта/жерде болуы мүмкін әсер ететін қауіп-қатерді сипаттаңыз. Допты алып жүру әдісінің бір-екі түрін көрсетіңіз. Ойында техника қауіпсіздігінің күрделілігін анықтаңыз.

Дескриптор

- допты қағып алу, беру т.б. әдістерін жұпта талқылайды;

- төнетін қауіп-қатерді сипаттайды;

- допты алып жүрудің кем дегенде жеңілдетілген бір түрін көрсетеді;

- техника қауіпсіздігінің күрделілігін анықтайды.

Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 62

Мектеп

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

8 «А»

8 «Ә»

8 «Б»

8 «В»

8 «Г»

Күні

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

6-бөлім. Командалық ойын-белсенді қозғалыстың іс-әрекеті

Сабақтың тақырыбы

Командалық ойындағы көшбасшылық

Оқу мақсаттары

8.2.2.1. Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді көрсету және қолдана білу

Сабақ мақсаттары

Көшбасшылық, сондай-ақ команда құрамында жұмыс істей білу дағдыларын дамыту және қолдану

Бағалау критерийі

Түрлі жаттығу жұмыстарын орындау барысындағы болуы мүмкін қауіп-қатерлерді анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар біледі: командалық ойындардағы серіктестік туралы түсініктерін талқылай алады.

Пәндік лексика және терминология қамтиды: қауіпсіздік, адал ойын; ереже, жарыс, серіктестік; рөлдер, көшбасшы, шабуылшы, қорғаушы; қозғалыс дағдылары, физикалық қасиеттер; серіктестік, проблемаларды шешу; сот, хатшы; бақылау, бағалау, кері байланыс, талқылау; тактика, техника, стратегия; ережелерді бұзу; жүгіру, доппен секіру; допты беру, оны себетке лақтыру.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Сенімділікті арттыру үшін жұппен жұмыс жасау кезінде әрекетті қалай өзгерту керек?

- Бірлесіп жұмыс жасау кезінде көшбасшылық қабілетті қалай дамыту керек?

- Кері байланыс тиімді деп кепілдік бере аласыз ба?

- Сіздің қарым-қатынасыңыз бен кері байланысыңыз пайдалы деп есептейсіз бе?

- Тактика мен стратегия ойынның нәтижелілігіне әсер ете ме?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Баскетбол ойыны.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік, баскетбол добы, ысқырғыш мұғалімге, уақыт өлшегіш, баскетбол қалқаны, техникалық жабдықтар.

Ғаламтор ресурсына сілтеме: Баскетбол ойынының қауіпсіздік ережесі:

Сабақтың

ортасы

25 минут

(С, Ж, К, ҚБ) «Мерген». Танысу үшін капитанға командаға арналған тапсырмалар жазылған оқу карточкасы беріледі. Ол командасымен бірге тапсырмалармен танысып, эстафетаны қалай орындау керектігін түсіндіреді. Тапсырмалар жазылған карточка: команда бойынша үш команданың бағытталушылары баскетбол себетіне қарай жүгіреді. Баскетбол добын алып, оны себетке лақтырады. Егер ойыншы допты себетке түсіре алса, ол өз командасына бір ұпай қосады, егер түсіре алмаса-бөгелмей, допты жерге соғып, өз командасына қайта келеді де эстафетаны келесі ойыншыға береді.

Тапсырмалар жазылған карточка әртүрлі болуы мүмкін. Допты себетке алаңның әртүрлі нүктесінен лақтыруға болады.

Эстафетаны бірнеше әдістерді пайдаланып, кешенді түрде де өткізуге болады.

Сұраңыз: Команда капитаны өзін көшбасшы болдым деп есептей ме? Егер көшбасшы болса, оған не көмектесті, керісінше не кедергі келтірді?

Топтан сұраңыз: Топ капитанға қандай кеңес береді: капитан қандай әрекетін өзгертуі керек?

Допты кәрзеңкеге лақтыру әдісінің түрлерін көрсетуде, көшбасшылық дағдысын қолданыңыз (жүгіріп келіп лақтыру, бір орыннан лақтыру, бір қырыннан лақтыру, екі қолмен лақтыру т.б).

Дескриптор

- допты кәрзеңкеге лақтыру әдістерін орындап, көрсетеді;

- көшбасшылық дағдысын қолданады.