ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 19
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Анықтама
Тақырыбы: «11 сынып оқушыларын мемлекеттік қорытынды аттестаттауға дайындық кезінде кездесетін күрделі есептерді шешу жолдары»
Өтілетін орны: №7 орта мектеп АКТ залы
Мерзімі:
Мектеп бітіруші түлектің алдында бір ғана мақсат қоятынын білеміз. Ол-оқу грантын жеңіп алу. Осы мақсаттың орындалуы үшін «не істеу керек?»- деген сауал туындайды.Ол үшін Мемлекеттік емтихан тапсыруда кездесетін негізгі кедергілерді жоюға жұмыс жасау керек деп ойлаймын.
1.Ең бастысы бала біліміндегі олқылықтарды жою. Ол олқылықтар қайдан пайда болады? Ол баршамызға аян, мектеп қабырғасында білім алып жатқан баланың әр сыныпта меңгермеген оқу материалдары 11-сыныптың соңында олқылыққа айналады.
2.Психологиялық кедергі. Белгілі бір тексерудің,емтиханның алдында әр адамда қорқыныш сезімі, үрейі басым болады. Бұндай бала білгенін ұмытады немесе шатыстырады.
3.Уақытты ұтымды пайдалана білу.Оқушылар берілген уақытты тиімді қолдана білмейді. Оқушы бірінші білетін сұрақтарға ғана жауап береді, білмегенін көзді жұмып белгілей салады, яғни ойлануды қажет деп таппайды.
4.Техникалық ақау. Жауап парағындағы шеңберді немқұрайды бояй салады.
5.Оқушының әлеуметтік жағдайы. Бұған ата-ана жауапты.Отбасындағы түрлі стресс тудыратын жағдайлар,баланың ұйқысының дұрыс қанбауы,кейбір ауруларының тест алдында сыр беруі кедергі жасайды.
Алгебра және анализ бастамалары және геометрия пәнінен қорытынды аттестаттауға жоспар құрылу қажет. Жоспар ішінде пәндерге қатысты жоспар жасалып, жоспар бойынша оқушылардан тест жұмыстары, бақылау жұмыстары ұйымдастырылуы қажет. Және де, бірнеше сайттардан тегін тесттер тапсырып, қорытынды аттестаттауға дайындық жүргізуге болады. Сайттар тізімдері:
1) itest.kz
2) testcenter.kz
3) youtube.com сайтында видео сабақтары
Play Market қосымшасында бірнеше қорытынды аттестаттауға арналған қосымшалар бар.
Олардың тізімдері:
-
Eduline.kz -
BilimBer – Ұбт, Ент, Тесты -
Аттестация / НКТ 2023 -
iTest -
ЕНТ тренажер -
Online Mektep -
Bilim Land
Ұсыныс: - Математикалық логикалық есептер мен мәтінді есептерді шығару
Бірлестік жетекшісі: Қ.Е. Яхудаева
Анықтама
Тақырыбы: «2022-2023 оқу жылындағы әдістемелік бірлестік жұмыстарының талдауын шығарып, жылдық жұмыс жоспарын бекіту»
Өтілетін орны: Бірлестік отырысы №1
Мерзімі:
Тамыз айында бірлестік отырысы болды. Онда әдістемелік бірлестіктің өткен жылғы жұмысына талдау жасалды. Әр сынып жетекшілері биылғы оқу жылының 03. 04.2013 № 115 бұйрығына сәйкес, №7 орта мектебінің оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып 2022 - 2023 оқу жылына күнтізбелік жоспары әдістемелік нұсқаулыққа сүйене отырып, және жаңа оқу жылына жұмыс жоспары қарастырылып бекітілді. Пән бойынша курстан өткен мұғалімдер: Эрекеева Ж.Б. курс талаптарына сәйкес орта мерзімді жоспарын және күнделікті қысқа мерзімді жоспарларын дайындады. «Алматы, Мектеп баспасынан» шыққан оқулықпен жұмыс жасаймыз. Оқушылар барлық сыныпта да, оқулықпен қамтамасыз етілді. «Мектепке жол» акциясы бойынша сынып жетекшілер жұмыстанды. Сол сияқты қосымша сабақтар жоспарланды, бекітілді. Жас мамандар, яғни Бекбулатова А.Е. тәлімгері Эрекеева Ж.Б. жұмысын жалғастырады.
Жылдық жоспарға сәйкес, Дарын онлайн платформасымен жұмысын ұсына отырып, «Талантыңмен таныл» атты білім сайысы, озық іс-тәжірибені жинақтау және тарату мақсатында «Педагогикалық идеялар фестивалін» ұйымдастыруға ұсыныстар тасталды.
Қараша айында жаратылыстану бірлестігі айлығы өтуіне ұсыныс тасталды. Өткізілетін іс-шаралар кестесі құрылып, жоспар бекітуге ұсынылды.
Ұсыныс: Ұстаздар курстар оқып, тәжірибе жинап, алған білімдерін басқа да ұстаздармен бөліссе екен деп ұсынамыз.
Ә/Б жетекшісі: Яхудаева К.Е.
Анықтама
Тақырыбы: «2022-2023 оқу жылындағы пән мұғалімдерінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарын нақтылау,бекітуге ұсыну. Пән кабинеттерінің төлқұжатын бекітуге ұсыну»
Өтілетін орны: Бірлестік отырысы №2
Мерзімі:
Тамыз айындағы бірлестік отырысында мына мәселелер қарастырылды:
1) 2022 – 2023 оқу жылының күнтізбелік - тақырыптық жоспары №399 бұйрыққа сәйкес жасалып, бекітілуі.
2) Пән кабинетінің төлқұжатын бұйрыққа сәйкес бекітілуі.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылы 3 тамыздағы №348 бұйрығына сәйкес негізгі орта білім беру деңгейінде 5 – 6 сыныптарда маематикадан аптасына 5 сағаттық жүктеме, жылына 180 сағаттық жүктеме, 7 – 8 – 9 сыныптарда алгебрадан аптасына 3 сағаттық жүктеме, жылына 108 сағаттық жүктеме, ал геометриядан аптасына 2 сағаттық жүктеме, жылдық 72 сағаттық жүктеме, 10 – 11 сыныптарда жаратылыстану бағытындағы алгебра және анализ бастамалары сабағынан аптасына 4 сағаттық жүктеме, жылына 144 сағаттық жүктеме, ал геометрия пәнінен аптасына 2 сағаттық жүктеме, жылына 68 сағаттық жүктеме, 10 – 11 сыныптарда қоғамдық бағытындағы алгебра және анализ бастамалары сабағынан аптасына 3 сағаттық жүктеме, жылына 108 сағаттық жүктеме, ал геометрия пәнінен аптасына 1 сағаттық жүктеме, жылына 36 сағаттық жүктеме жүктелді.
Информатика пәні бойынша барлық сыныптарда аптасына 1 сағаттық жүктеме, жылына 36 сағаттық жүктеме жүктелді.
Жаратылыстану пәні бойынша аптасына 2 сағаттық жүктеме, жылына 72 сағаттық жүктеме жүктелді.
Физика пәні бойынша 7-8-9 сыныптар арасында аптасына 2 сағаттық жүктеме, жылына 72 сағаттық жүктеме, ал 10-11 сыныптар арасында қоғамдық бағыттағы физика пәніне аптасына 1 сағат, жылына 36 сағат, жаратылыстану бағытындағы физика пәніне аптасына 2, жылына 72 сағаттық жүктеме жүктелді.
Химия пәні бойынша 7- сыныптарға аптасына 1 сағат, жылына 36 сағаттық жүктеме, 8-9 сыныптарға аптасына 2 сағат, жылына 72 сағаттық жүктеме, 10-11 сыныптарда қоғамдық бағыттағы пәндерге аптасына 1 сағат, жылына 36 сағаттық жүктеме, ал жаратылыстану бағытындағы химия пәніне аптасына 2 сағат, жылына 72 сағаттық жүктеме жүктелді.
Биология пәні бойынша 7-8-9 сыныптар арасында аптасына 2 сағаттық жүктеме, жылына 72 сағаттық жүктеме, ал 10-11 сыныптар арасында қоғамдық бағыттағы биология пәніне аптасына 1 сағат, жылына 36 сағат, жаратылыстану бағытындағы биология пәніне аптасына 2, жылына 72 сағаттық жүктеме жүктелді.
Жабдықталған кабинетке жауапты мұғалімдер бекітілді. Бекітілген мұғалімдер пән бойынша кабинет жабдықталуы талапқа сай болуын тексерді. Былтырғы оқу жылының кабинет жұмысының қорытындылауын жүргізді. Жаңа оқу жылына стандартқа сай кабинет жабдықталуын тексеру жасалды.
Ұсыныс: Әдістемелік – нұсқаулық хатқа сүйене отырып, күнтізбелік-тақырыптық жоспар дұрыс орындалғанын қадағалау.
Ә/Б жетекшісі: Яхудаева К.Е.
Анықтама
Тақырыбы: «Бірлестік отырыстарының жоспарын жасап, кестесін құру.»
Өтілетін орны: Бірлестік отырысы №3
Мерзімі:
Бірлестік отырысында қаралған мәселелер:
- 2022 – 2023 оқу жылының жоспарын бекіту;
- 2022 - 2023 оқу жылында білім негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру;
- Күнтізбелік тақырыптық жоспарды, тәрбие жоспарын, таңдау курстары, факультатив, үйірме жоспарларын қарастырып бекітуге ұсыну;
- Әдістемелік кеңес құрамын және әдістемелік жұмыстың жоспарын бекіту;
- Әдістемелік бірлестіктердің жетекшілерін тағайындау;
- Жас мамандарға тәлімгерлер тағайындау;
- Кабинет меңгерушілерін тағайындау;
- Мұғалімдердің шығармашылық шағын тобын құр;
- Пән бірлестіктері бойынша қабілеті жоғары, қабілеті төмен оқушылармен жұмыс жоспарын талдап, бекітуге ұсыну;
- Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру, оқушылардың олимпиада, ғылыми жоба сайыстарына, интеллектуалдық ойындарға қатысуын жоспарлау;
- Мұғалімдерді «Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау» ережелерімен таныстыру, аттестациядан өтетін мұғалімдердің тізімін бекіту;
- Мектепішілік олимпиада өткізу туралы;
- Оқушылардың оқулықпен қамтылуы;
Жоғарыда аталған мәселелерге сүйене отырып, әдістемелік отырысы кестесі жасалып, осы кесте бойынша бекітуге ұсынылды.
Ұсыныс: Әдістемелік отырыстың әр мәселелеріне жеке – жеке талдау жасау.
Ә/Б жетекшісі: Яхудаева К.Е.
Анықтама
Тақырыбы: «Вариативті компоненттен берілген курстарының тақырыптарын нақтылап, бекітуге ұсыну»
Өтілетін орны: Бірлестік отырысы №4
Мерзімі:
Ұсыныс:
Ә/Б жетекшісі: Яхудаева К.Е.
Анықтама
Тақырыбы: «Жаратылыстану пәндері бойынша қорытынды аттестаттауға арналған тест спецификациясымен танысу, пән мұғалімдерінің мемлекеттік қорытынды аттестаттауға арналған дайындық жұмыстарының жоспарын бекітуге ұсыну. »
Өтілетін орны: Бірлестік отырысы №
Мерзімі:
Оқушылардың қорытынды аттестаттауы – олардың білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау екенін біле отыра, жаратылыстану пәндерінің қорытынды аттестаттауға дайындығы жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.
Қорытынды аттестаттау жайлы оқушыларға мәліметтер берілді. Оқушылардан аптасына 1 рет жаратылыстану пәнінен тест жұмыстары алынып тұрады. Аптаның 5 күнінде оқушылар тек сабақта ғана сабақ оқымай, сабақтан тыс уақыттарда оқушыларға қорытынды аттестаттауға қосымшалар өткізу ұсынылып отыр.
Ұсыныс: Қорытынды аттестаттаудың нәтижесін көтеру мақсатында қосымша сабақтарды жүйелітүрде қайталау жұмыстарын жүргізу.
Ә/Б жетекшісі: Яхудаева К.Е.