ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 33
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Карточка № 1 | |
| Бірін бірі көріп және сетіп тұрған адамдардың өзара қарым қатынасы, әңгімелесуі. Белгілі бір мәтіннің мазмұнын жазбаша түрде баяндап беру. Жазбаша немесе ауызша ойды жеткізу. Мәтін бірнеше сөйлемдерден құралады. Мәтін сөйлемдері бір бірімен мағына жағынан байланысып тұрады. |
Карточка № 2 | |
| Мәтін атауын тақырып деп атайды. Тақырып мәтінде не туралы айтылғанын көрсетеді. Адамдардың хабарды жазып беруі жазбаша тіл дейміз. Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады. Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін сипаттау мәтіні деп аталады. |
Карточка № 3 | |
| Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтінің атайды. Бәрдене жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді атайды. Соңында нүкте қойылады. Жауап алу мақсатында айтылған сөйлемді атайды. Соңында сұрақ белгісі қойылады. Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді айтады. |
Карточка № 4 | |
| Сөйлемдегі сөздер бір бірімен байланысып тұрады. Олардың байланысын сұрақ қою арқылы табылады. Тілімізде бір бірімен мәндес, мағыналас сөздер болады. Олар бірінің орнына бірі қолданыла береді. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігін түбір деп айтады. Түбірге қосылған бөлшекті қосымша дейміз. |
Карточка №5 | |
| Сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағынасын өзгертетін қосымшаларды айтады. Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді айтамыз. Сөздің мағынасын өзгертпей түбірге жалғанатын қосымшаны айтады. Тіліміздегі сөздер бірнеше сөз таптарына бөлінеді: зат есім, сын есім, сан есім, етістік, таға басқа. |
Карточка №6 | |
| Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кісінің аты жөні, жер су аттары, жан жануарларға қойылған атауларды айтады. Жалқы есімдер бас әріппен жазылады. Мысалы: Астана, Құлагер. |
Карточка № 7 | |
не?
| Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалып есім дейміз. Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады. М/ы: оқушы, қарбыз. Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз. М/ы: биші,аға. Кімдер? Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз.М/ы: ағалар. |
Карточка № 8 | |
| -лар,-лер,-дар,-дер, -тар,-тер зат есімнің көпше түріне жалғанатын жалғаулар. Заттың қимылын, әс ірекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Не істеді? Қайтті? Не қылды? Деген сұрақтар қойылады. Етістіктер дара және күрделі болып екіге бөлінеді. |
Карточка № 9 | |
| Дара етістік бір сөзден тұратын сөздер. М/ы: барды, келді. Күрделі етістік екі немесе одан да көп сөздерден тұрады. М/ы: алып бар. Заттыі түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімдерге қандай? Қай? Деген сұрақтар қойылады. М/ы: қызыл. |
Карточка №10 | |
| Тілімізде дыбысталуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер болады. Ол мағыналардың бір біріне қатысы жоқ. Сөз тек қана дыбыстардан емес, басқа да бөлшектерден құралады. Тілімізде бір бірімен мәндес, мағыналас сөзде болады. Олар бірінің орнына бірі қолданыла береді. Сөздер дыбыстардан құралады және әр сөздің мағынасы болады. |
Карточка №11 | |
| Мәтін бірнеше бөліктерден құралады. Әрбір бөлім абзац деп аталады және жаңа жолдан басталады. Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады. Жазбаша тіл адамдардың хабарды жазып беруі Шығарма өз ойыңды жүйелі түрде дұрыс жеткізуге дағдылану. |
Карточка № 17 | |
| Сөз соңында б естілгенмен, п әрпі жазылады. М/ы: қолғап, талап. П дыбысына аяөталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, п дыбысы б-ға айналады. Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, қ дыбысы ғ-ға айналады. Клуб, штаб, куб, араб тәрізді кейбір сөздердің соңында б әрпі жазылады. |
Карточка №12 | |
| Заттың санын, ретін білдіретін сөздер сан есім деп аталады. Сан есімдерге қанша? Неше? Нешінші? Деген сұрақтар қойылады. Бұл қазақ тілінде сөздерді орынды және шебер пайдалана білу. Сөздің басында дауыстыдан бұрын және дауыстыдан соң келген у дыбысы дауыссыз болады. |
Карточка № 13 | |
| Дауыссыз дыбыстан кейін және сөздің басында дауыссыз дыбыстан бұрын келген у дыбысы дауысты болады. Сөздің жуан, жіңішкелігіне қарай сөз құрамындағы у дыбысы да жуан не жіңішке айтылады. И әрпі сөз басында және дауыссыз дыбыстан кейін жазылады. Дауысты дыбыстан кейін й әрпі жазылады. |
Карточка №14 | |
| И дауысты дыбыс. Й дауыссыз дыбыс. Я қосарылы дауысты дыбыс. Сөзде йа дыбыстары естілгенмен, олардың орнына я әрпі жазылады. |
Карточка № 15 | |
| Сөздегі ии әрпінен кейін а естілгенмен, я жазылады. Ю қосарлы дауысты дыбыс. Сөзде йу дыбыстары естілгенмен, олардың орнына ю әрпі жазылады. Сөздегі и әрпінен кейін у естілгенмен, ю әрпі жазылады. |
Карточка №16 | |
| Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінеді. К, қ, п, ф, с, т, х, ц, ч, ш, щ, һ. Б, в, г, ғ, д, ж, з. Р, л, м, н, ң, й, у(бау) |
Бағалау парағы
№ | Дұрыс\бұрыс (+;-) | № | Дұрыс\бұрыс (+;-) |
1 | | 10 | |
2 | | 11 | |
3 | | 12 | |
4 | | 13 | |
5 | | 14 | |
6 | | 15 | |
7 | | 16 | |
8 | | 17 | |
9 | | 18 | |
Қазақ тілі пәнінен карточкалар
ЖИНАҒЫ
________________________
3-сынып оқушысы
Павлодар қаласы, Лебяжі ауданы, Шарбақты ауылы
Шарбақты ЖОББМ
Қазақ тілі пәнінен карточкалар жинағы
2015-2016 оқу жылы