ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 122
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
БЕКІТІЛГЕН
Нархоз Университеті КЕАҚ Гуманитарлық мектептің директоры
______________ф.ғ.к., Кущегалинова А.К.
« » ____________ 2022 ж.
«Fill 2112 - «Философия»
пәні бойынша cиллабус (жұмыс оқу бағдарламасы)
Автор (Оқытушы) (аты жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі, байланыс мәліметтері) | Пәнаралық білім беру орталығының доценті Сыбанбаев Қалмурат Усенович, философия ғылымдарының кандидаты, асс. проф. Е-mail: kalmurat.sybanbaev@narxoz.kz Жақсыбаева Ботагөз Болатовна философия ғылымдарының кандидаты, асс. проф. Е-mail: botagoz.zhaksybaeva@narxoz.kz. |
Семестр/оқу жылы | 1- ІІ семестр, 2022-2023 оқу жылы |
Білім беру бағдарламасы | Барлық мамандықтар |
Академиялық кредиттер саны | 5 |
Пререквизит | Талап етілмейді |
І. Пәннің қысқаша сипаттамасы, мақсаты мен меңгеру нәтижелері
Пәннің қысқаша сипаттамасы.
Курстың мақсаты студенттердің философияны дүниені танып білудің ерекше формасы ретінде түсінуін қалыптастырып, олардың келешек кәсіби қызметтері аясында оның негізгі тараулары, мәселелері мен әдістері туралы тұтас білім беру.
Курстың мақсаты:
студенттерді адам рухының әмбебап көрінісі ретінде философия негіздерімен таныстыру, оның әлемнің және ондағы адамның мағынасын түсінуге деген ұмтылысы.
студенттер арасында философия туралы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдері, мәселелері және болашақ кәсіби қызмет саласында оларды зерттеу әдістері туралы тұтас түсінік қалыптастыру.
Күтілетін оқыту нәтижелері:
Студент:
1. философияның тарихи дамуы негізінде онтология мен метафизиканың негізгі мазмұнын сипаттау;
2. нақты дүниені философиялық зерделеудің ерекшелігін түсіндіру;
3. дүниеге көзқарасты табиғи және әлеуметтік әлемді философиялық зерделеу мен зерттеудің нәтижесі ретінде негіздеу;
4. дүниені танып-білудің ғылыми және философиялық әдістерін жіктеу;
5. мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның ерекшеліктері мен мазмұнына түсініктеме жасау;
6. негізгі дүниетанымдық ұғымдардың мағынасы мен рөлін адамның қазіргі әлемдегі жеке және әлеуметтік болмысының құндылықтары ретінде негіздеу;
7. медиа мәтіндер, әлеуметтік-мәдени және жеке тұлғалық жағдайлардың философиялық қырларына этикалық шешімдерді қабылдау және негіздеу үшін талдау жасау;
8. философияның тарихи дамуының негізгі кезеңдері және қазіргі философиялық білімнің негізгі мәселелері;
9. казіргі жаһандық қоғамның өзекті мәселелеріне қатысты өзінің адами ұстанымын қалыптастыру және сауатты дәйектеу;
білетіні:
- философияның тарихи дамуының негізгі кезеңдері және қазіргі философиялық білімнің негізгі мәселелері;
- философиялық білімнің теориялық негіздері;
- әлемнің ғылыми және философиялық бейнесінің ерекшелігі;
- ғаламды философиялық түсінудің ерекшелігі, ондағы адамның орны мен мақсаты, қоғам мен –
-тұлғаның даму мәселелеріне, ғылыми таным, қазіргі өркениет және рухани мәдениет мәселелеріне философиялық көзқарастар.
істей алатыны:
- философияның категориялық-концептуалды аппаратымен жұмыс істеу;
- философиялық мазмұндағы түпнұсқа мәтіндермен шығармашылық және сыни жұмыс жасау;
- қазіргі жаһандық қоғамның өзекті мәселелеріне қатысты өзінің адамгершілік ұстанымын қалыптастыру және сауатты дәлелдеу.
негізгі дағдыларды меңгереді:
- логикалық ойлау мен талдау;
- нақты дәлелдерді келтіру;
- көпшілік алдында сөйлеу, диалог, пікірталас жүргізу және өз көзқарасын жазбаша дәлелдеп баяндау.
ІІ. Оқу пәнінің құрылымы мен мазмұны
II.I Пәннің күнтізбелік-тақырыптық жоспары | |||||
Өткізу мерзімдері (апта) | Дәрістер (дәріс тақырыбы, қажет болған жағдайда өткізу форматы мен технологиясы) | Практикалық сабақтар (практикалық сабақты өткізудің форматы мен технологиясы) | Сағаттар саны | ||
Контакт сағат саны | Білім алушының өзіндік жұмысы (БАӨЖ) | ||||
БАӨЖ | СОӨЖ | ||||
1 апта | Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философия пәні және әдістері. | Мәтінмен жұмыс Презентацияларды қорғау Ауызша талқылау Шағын топтық жұмыс | 3 | 2 | 5 |
2 апта | Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философия пәні және әдістері. | Мәтінмен жұмыс Баяндама-презентация Ауызша талқылау | 3 | 2 | 5 |
3 апта | Сана, рух және тіл. | Пайымдау эссе Мәтінмен жұмыс Баяндама-презентация | 3 | 2 | 5 |
4 апта | Онтология мәселелері. | Пайымдау эссе Мәтінмен жұмыс Баяндама-презентация Рефлексиялық эссе | 3 | 2 | 5 |
5 апта | Гносеология мәселелері. | Мәтінмен жұмыс Баяндама-презентация Ауызша талқылау | 3 | 2 | 5 |
6 апта | Білім және ғылым. | Пайымдау эссе Мәтінмен жұмыс Баяндама-презентация | 3 | 2 | 5 |
7 апта | Философиялық антропологияның негіздері. | Мәтінмен жұмыс Баяндама-презентация Ауызша талқылау | 3 | 2 | 5 |
8 апта | Өмір мен өлім. Өмір мәні философиясы | Пайымдау эссе Мәтінмен жұмыс Баяндама-презентация | 3 | 2 | 5 |
9 апта | Құндылықтар мен этикалық мәселелер. | Мәтінмен жұмыс Баяндама-презентация Ауызша талқылау | 3 | 2 | 5 |
10 апта | Еркіндік философиясы. | Пайымдау эссе Мәтінмен жұмыс Баяндама-презентация | 3 | 2 | 5 |
11 апта | Өнер философиясы. | Мәтінмен жұмыс Баяндама-презентация Ауызша талқылау | 3 | 2 | 5 |
12 апта | Қоғам және мәдениет. | Шағын топтық жұмыс Мәтінмен жұмыс Баяндама-презентация Ауызша талқылау | 3 | 2 | 5 |
13 апта | Тарих философиясы. | Мәтінмен жұмыс Баяндама-презентация Ауызша талқылау | 3 | 2 | 5 |
14 апта | Дін философиясы | Шағын топтық жұмыс Мәтінмен жұмыс Баяндама-презентация Ауызша талқылау | 3 | 2 | 5 |
15 апта | «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» – жаңа Қазақстан философиясы. | Мәтінмен жұмыс Баяндама-презентация Ауызша талқылау | 3 | 2 | 5 |
Барлығы 150 | | 45 | 30 | 75 |
ІІІ. Білім беру технологиялары
Курсты игеру және оқыту жұмыстарын жүзеге асыру үшін заманауи білім беру технологиялары қолданылады:
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
- оқытудағы зерттеу әдістері;
- проблемалық оқыту.
Онлайн сабақтарында қолданылатын интерактивті білім беру технологиялары: оқу жұмысының түрлерін (дәрістер мен практикалық сабақтар) іске асыру кезінде әртүрлі түрлі білім беру технологиялары қолданылады. Оларды ұштастыра отырып, барлық қолжетімді заманауи телекоммуникациялық құралдарды пайдалану арқылы, білім алушылардың бойына талап етілетін коммуникативтік құзыреттерін қалыптастыру мен зерттеу қызметінің дағдыларын дамытуға, танымдық қызығушылықты арттыруға, дербестікті, жауапкершілікті, сыни ойлауды, бастамашылдықты, ерекше ойлауды, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдайлар жасалынады. Отандық және шетелдік ғалымдардың авторлық мәтіндерін сыни талдау арқылы, кейстер мен тапсырмалардың шешімін топта талқылау мен орындау арқылы, студент өз бетімен және топ ішінде түрлі мәтіндерге қатысты өз пікірін қалыптастырып, оны дәйекті түрде дәлелдеп, ауызша және жазбаша айтуға қабілетті болады.
II.II БАӨЖ өткізу кестесі | |||
Тапсырма атауы | Тапсырманың қысқаша мазмұны | Аяқтау формасы *жұмыс түрлері таңдау бойынша жүргізіледі | Оқытушыға ұсынылу мерзімі |
| 1 САБ, № 1 БАӨЖ | ||
Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философия пәні және әдістері. | Философияның қоғамдық сана жүйесіндегі орны мен рөлін, байланысын анықтау. Адам мен қоғам өміріндегі философия мен философ.Қазіргі Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жүзеге асырудағы философияның рөлі. | Зерттеу, ойын дәлелді жеткізуі, пайымдауы, хабарлама, сыни талдауы, презентация, видео. | 1-2 апта |
Сана, рух және тіл. | Біз бірегейміз, өйткені бізде сана бар. Сана – Шығыс философиясының мазмұнын мазмұнын ашу. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі - қазақ ұлтының рухани жаңаруындағы өркениеттік бетбұрыс. | Зерттеу, ойын дәлелді жеткізуі, пайымдауы, хабарлама, сыни талдауы, презентация, видео. | 3 апта |
Онтология мәселелері. | Философиялық мұра жалпы адамзаттың ұжымдық тәжірибесін және оның көрнекті өкілдерінің идеяларын бейнелейді-тарихи-философиялық талдау. | Зерттеу, ойын дәлелді жеткізуі, пайымдауы, хабарлама, сыни талдауы, презентация, видео. | 4 апта |
Гносеология мәселелері. | Дүниені танып білу мүмкіндігі қаншалықты айқын? Қазақстандағы ғылыми-техникалық прогресс мәселелері және қазіргі ғылымның даму болашағы. | Зерттеу, ойын дәлелді жеткізуі, пайымдауы, хабарлама, сыни талдауы, презентация, видео. | 5 апта |
Білім және ғылым. | Ғылым және техника, ғылым құндылығы. | Зерттеу, ойын дәлелді жеткізуі, пайымдауы, хабарлама, сыни талдауы, презентация, видео. | 6 апта |
Философиялық антрополо-гияның негіздері. | Адамға берілген анықтамалар төңірегінде ой қозғау. | Зерттеу, ойын дәлелді жеткізуі, пайымдауы, хабарлама, сыни талдауы, презентация, видео. | 7 апта |
Өмір мен өлім. Өмір мәні философиясы | Өмірдің мәні қазақ философиясының негізгі категориясы ретінде. Адамның мағыналы бағдарлары туралы Абай мен Шәкәрім. Философиялық адам туралы анықтамалар мәні. | Зерттеу, ойын дәлелді жеткізуі, пайымдауы, хабарлама, сыни талдауы, презентация, видео. | 8 апта |
1 САБ, № 2 БАӨЖ | |||
Құндылықтар мен этикалық мәселелер. | Жалпы философия тарихындағы этика мәселесі. Қазіргі қазақстандық жастардың этикалық құндылықтары. | Зерттеу, пайымдауы, хабарлама, сыни талдауы, презентация, видео. | 9 апта |
Еркіндік философиясы. | Бостандық, әділеттілік, өмір және адамның қадір-қасиеті моральдық-құқықтық құндылықтар ретінде. | Зерттеу, ойын дәлелді жеткізуі, пайымдауы, хабарлама, сыни талдауы, презентация, видео. | 10 апта |
Өнер философиясы. | Фәлсафа дәстүріндегі өнер философиясы (Омар Хайям, әл-Фараби, Ибн Рушд, Ибн Араби, Руми). Қазақ халқының өнер философиясы. Ұлттық аспаптар қобыз, домбыра көшпенділердің рухани мәдениетінің көрінісі ретінде. Қазақтардың дәстүрлі музыкасының ерекшеліктері. Күй - қазақ өнерінің феномені. | Зерттеу, ойын дәлелді жеткізуі, пайымдауы, хабарлама, сыни талдауы, презентация, видео. | 11 апта |
Қоғам және мәдениет. | Әлемдік діндер тарихы мен этикасы. Сопылық (әл-Ғазали, Қожа Ахмет Яссауи). Ортағасырлық араб-мұсылман философиясының және қазіргі заманның негізгі философиялық мәселелері. Қазіргі әлемдегі дін философиясы қандай? | Зерттеу, ойын дәлелді жеткізуі, пайымдауы, хабарлама, сыни талдауы, презентация, видео. | 12 апта |
Тарих философиясы. | Мәдениеттің тарихи даму жолдарын талқылау. Мәдени код түсінігін анықтау. Тіл мен мифологияның байланысын әлемді бейнелеудің ежелгі тәсілдері ретінде ашу. «Рухани жағыру» жобасы аясындағы рухани жаңғыру мәселелері. | Зерттеу, ойын дәлелді жеткізуі, пайымдауы, хабарлама, сыни талдауы, презентация, видео. | 13 апта |
Дін философиясы | «Егер философия дәуірдің айнасы болса, тарих бұл айнада қалай көрінеді? Шығыс-Батыс. Өркениеттер қақтығысы. Біртұтас адамзат пен әлемдік тарихтың қалыптасу процесі."Жерұйық" Философиясы. Қазақстан Тәуелсіздігінің философиясы. | Зерттеу, ойын дәлелді жеткізуі, пайымдауы, хабарлама, сыни талдауы, презентация, видео. | 14 апта |
«Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» – жаңа Қазақстан философиясы. | Қазіргі әлемнің өзекті мәселелері туралы философиялық толғаныстар. "Мәңгілік Ел" екі бағдарламалық идеологиялық құжаттарының мәні мен мақсатын түсіну және "Рухани жаңғыру" бағдарламасы жаңа Қазақстанның философиясын бейнелейді | Зерттеу, ойын дәлелді жеткізуі, пайымдауы, хабарлама, сыни талдауы, презентация, видео. | 15 апта |
IІІ. Оқыту нәтижелерін бақылау және бағалау
IV.I Үлгерімді ағымдық бақылау - САБ (қорытынды бағалаудың 60% ) | |||||
Мерзімі (апта) | Бақылау формасы | САБ бағалаудағы тапсырманың үлес салмағы, | Оқыту нәтижелері | ||
3 апта | Тапсырма 1 Тақырып бойынша берілген мәтіндермен, әдебиеттерден (негізгі және қосымша) материал тауып конспект жазу, эссе, глоссарий құру, топпен баяндама, презентация қорғау. 1.«Философиядағы сана мәселесінің негізгі концепциялары». 2.«Қоғамдық сананы модернизациялаудағы сыни ойлау». | 20% | Ойлау деңгейін тереңдетіп, сараптама жүргізуді үйренуі. Әлемді философиялық түсінудің ерекшеліктерін, ондағы адамның орны мен мақсатын, қоғам мен тұлғаның даму проблемаларына, ғылыми таным, қазіргі өркениет және рухани мәдениет проб-лемаларына философиялық көзқарастарды білу. | ||
5 апта | Тапсырма 2 Дәлелді салыстыру деңгейін дамыта отырып, ізденімпаздықтың, логикасының арқасында, нақты тұжырымдар келтіру. 1. Өмірдің мәні қазақ философиясының негізгі категориясы ретінде. 2. Адамның мағыналы бағдарлары туралы Абай мен Шәкәрім. 3. Философиялық адам туралы анықтамалар мәні. | 20% | Өз көзқарасын дәлелді жеткізе білуі; логикалық ойлау мен талдауы; өз моральдық ұстанымыңызды тұжырымдау және сауатты дәлелдеу; этикалық дәйектерді келтіруі; көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті мен пікірталас жүргізуі, қарым-қатынасы; критикалық ойлау білуі тиіс. | ||
6 апта | Тапсырма 3 Зерттеу жұмысына материалдар дайындау Командалық зерттеу жұмысына зерттеу сұрақтарын құрастыру, зерттеудің әдістемесін анықтау, әдебиеттермен жұмыс істеу | 20% | Топ ішіндегі жұмыс, көпшілік алдында ой-пікірін білдіру, сараптама жасауға әзір болуы керек. | ||
8 апта | Тапсырма 4 Командалық зерттеу жұмысының басты тезисін және оның аргументациясын негіздеу | 40% | Дәлелді салыстыру деңгейін дамыта отырып, ізденімпаздықтың , логикасының арқасында, нақты тұжырымдар , аргументтер келтіре алады. | ||
| | САБ 1 (барлығы 100%) | | ||
10 апта | Тапсырма 1 Командалық зерттеу жұмысының кіріспе бөлімін дайындау | 20% | Авторлардың еңбектерімен таныса отырып, студент жалпы ғылыми әдістерді пайдалана отырып, әртүрлі әлеуметтік тенденцияларды сыни бағалай алады. | ||
12 апта | Тапсырма 2 Командалық зерттеу жұмысының негізгі бөлімін дайындау | 20% | Авторлардың еңбектерімен таныса отырып, студент жалпы ғылыми әдістерді пайдалана отырып, әртүрлі әлеуметтік тенденцияларды сыни бағалай алады. | ||
13 апта | Тапсырма 3 Командалық зерттеу жұмысының қорытынды бөлімін дайындау | 20% | Студент көпшілік алдында ой-пікірін білдіріп, жалпы ғылыми әдістерді пайдалана отырып, әртүрлі әлеуметтік тенденцияларды сыни бағалай алады. | ||
14 апта | Тапсырма 4 Командалық зерттеу жұмысын алдын ала қорғау | 40% | Студент өзіндік ізденісімен қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша өзінің ұстанымдарын нақты аргументтеп, құрстыр алады. | ||
| | САБ 2 (барлығы 100%) | | ||
IV.II Үлгерімді қорытынды бақылау - емтихан (қорытынды бағалаудың 40%) | |||||
Емтиханды өткізу формасы | Өткізу форматының қысқаша сипаттамасы | Бағалау критерийлері | |||
Командалық зерттеу жобасын презентация арқылы қорғау | Презентация жүргізілген зерттеу нәтижелерін көрсетудің эффективті тәсілі болып табылады. Оны қорғау алынған нәтижелердің негізделгенін, ақиқаттылығын сендіру және зерттеудің мазмұны туралы мәлімдеме жасау. | 100 баллдық жүйе бойынша бағаланады Бағалау критериялары төмендегі кестеде көрсетілген |
Философия пәні бойынша білімді қорытынды бағалау формасы:
– командалық зерттеу жобасын қорғау
Командалық зерттеу жобасын қорғаудың мақсаты шығармашылық ойлау дағдысын дамыту, командада жұмыс істеуді үйрену. Сондай-ақ, бұл әдіс командада жұмыс істеу нәтижесінде оқыған материалдарды жақсы игеруге көмектеседі.
Презентацияларды бағалау критериялары
Рәсімдеу | |
Титульды слайд атауымен (университет шаблоны) | 5 |
Қосымша эффекттер қолдану | 5 |
Әртүрлі мультимедиялық мүмкіндіктерді эффективті қолдану | 10 |
Презентацияны көркем рәсімдеу | 10 |
Мазмұны | |
Презентация барлық бөлімі талдау пәні мен мақсатымен байланысты | 5 |
Презентация тақырыпты толығымен ашады | 10 |
Презентация тақырыбы бойынша маңызды нәтижелері талқыланады | 5 |
Слайдтар логикалық реттілікпен көрсетіледі | 5 |
Презентация тақырыбы ашылған | 10 |
Қолданған әдебиеттер тізімі бар авторлық құқық сақталған) | 5 |
Ұйымдастырылуы | |
Презентация мазмұнын жақсы игерген | 20 – егер презентация жеке дайындалса 10 – егер командамен болса |
Аудиториямен кері байланыс бар | 10 |
Командалық рух | 10 |
Жалпы балл | 100 |
V. Ресурстар
Негізгі әдебиеттер:
1. Қ.-Ж. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» 2022 жыл, 16 наурыз. – Астана, 2022.
2. Назарбаев Н. Ә."Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру". http://www.akorda.kz.
3. Назарбаев Н. А. " Мәңгілік Ел. Ғасырларға тең жылдар. Ғасырларға тең дәуір" – Астана ақшамы: Іскерлік әлем Астана, 2014. – 368 б.
4. Ғабитов Т.Х., Әбдіғалиева Г.Қ., Байтенова Н.Ж., Исмағамбетова З.Н., Алимжанова А.Ш., Мұхамбеталиев Қ.М. Философия негіздері. Оқулық. -Алматы: ЖШС «Лантар Трейд», 2019.–337 б.