Файл: Жоспар Кіріспе 1 зектілігі 2 Масаты 3 Міндеті Негізгі блім.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 44
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жоба жұмысы:
Тақырыбы: Сана мен тіл
Орындаған: Махмет С.
Абдықұл Р., Дәріжан С.
Талғатов Н.
Тексерген: Сыбанбаев Қ.У.
Алматы, 2022
Жоспар
1.Кіріспе
1.1 Өзектілігі
1.2 Мақсаты
1.3 Міндеті
2.Негізгі бөлім
2.1.Сана мен тіл түсінігі.Жеке-жеке тоқталу.
2.2. Сана мен тілдің өзара байланысы
2.3. Ғалымдардың пікірі келісеміз / келіспейміз
Қорытынды
Кіріспе
Материяның ең биік деңгейі немесе жоғары сатысы сана болып табылады.Сонымен қатар сана бірден мидың қызметі ретінде пайда болмады.Өзіндік кезеңдерден өтті.Пайда болуы бірінші-еңбекке,ал екінші – тілге байланысты.Осы орайда Ф.Энгелбстің айтқан сөзі бар: «Алдымен еңбек,одан кейін бөліп-бөліп айтылатын тіл»[1].Тіл – сананың көрінісі,яғни санадағы материалдарды тіл арқылы жеткізі аламыз.Бір сөзбен айтқанда тіл сананың метериалдық көрінісі.Тілсіз сана жоқ,санасыз адам жоқ.
Адамзаттың өмірінде тілдің маңызы мен рөлі ерекше. Біздің түсінігімізде тіл жалпы қарым-қатынас орнатудағы маңызды бөлік болып табылады. Иә,адамдар тілдесуі керек,бір-бірлерімен қарым-қатынас орнатуы қажет және бұл талай ғасырлардан бері келе жатыр.Мәселен адамдардың ым-шара арқылы сөйлескенінен бастап-ақ қарастырсақ болады. Алайда тек тілдесу,қарым-қатынас орнату емес,сонымен қатар тіл мемлекет үшін маңызды рөл атқарады.Себебі,тіл мемлекетте оның мәдениеттінің кілті,ал әр мемлекеттің мәдениеттері әр түрлі,яғни олардың тілдеріде әртүрлі.Тіл-ұлттық код,мәдениеттің басты кілті деп айтсақ қателеспейміз.
Тіл- ақыл-ойдың,сананың ойлау деңгейі көрсететін қызмет.Өзара тілдесуден адам баласы өз ойын тереңірек жетілдіре алады. Яғни,санамыз әрқашан белгілі тілдік шеңберде болады.Нақтырақ айтқанда, сана мен тіл байланысты ғана емес, сонымен қатар бірге дамиды.
Негізінен адамзат пен хайуанаттардың айырмашылығы олардың саналарында емес пе?!Адамзат санасымен ерекшеліненді.Оның дамуы мен ойлау қабілетінің жеткізе алуы.Кейде піл мен дельфиннің алғырттылығы мен түсінулері адамның түсіну сезімдерінен асып түсіп жатады.Алайда адам баласында сана,ақыл-ой бар.адам баласы берілген ақпаратты санасымен қабылдап түссіне алады.Мінекей осы себептен адам баласы жануардан біршама биік тұрады.Сонымен қатар жануарлар бір күнмен ғана өмір сүреді,ал адамдар сол күнімен және болашағымен қоса өткеніменде өмір сүре алады.
Ақыл-ой адам баласына 3 керемет қасиет немесе қабілет береді екен. Алғашқысы және де ең ерекше,маңызы зор ол- тіл. «Акыл өзінің ең манызды жетістіктеріне, атап айтканда, бірнеше жанның үйлесімді де жүйелі әрекеттесуiне, мыңдаған адамнын жос парлы турде ынтымактаса қызмет етуiне, өркениетке, мемлекетке; ғылымға, осыған дейiнгi тәжiрибенi сақтауға, жалпылама нәрсені накты етiп тұжырымдауға, акикатты бөлісуге, қателікті, ойларды, елендердi, догмалар мен наным-сенiмдердi таратуға тек тілдін ке мегiмен ғана жетеді» [2].
Тақырыптың өзектілігі:
Ең басты айтатымыз (дәлелдейтініміз) ол – «Тілсіз сана жоқ,санасыз адам жоқ».
- Жаңағы айта кеткеніміздей, қазіргі кезде тілдің алатын орны мен рөлі адам үшін ғана емес мемлекет үшінде маңызды болып табылады.Себебі тіл сөйлеу немесе қарым-қатынас орнату үшін ғана емес,тіл мәдениеттің басты коды болып табылады.Ал мәдениет ол жалпы мемлекеттің бір бөлігі,оның шығу тегі десекте болады.Нақтырақ айтқанда,тілдің маңызы зор.Ал енді жалпы сана мен тілдің байланысын айтатын болсақ,сананың пайда болуының өзінде неше түрлі пікірлер бар.Және де сана жалпы адамға ғана тән екені дәлелденгеніде белгі.Сонымен қатар сананың түрлері мен қоса сана мәселесіндегі көзқарастарда түрлі(оның 4 ең негізгісі бар оны жоба барысында айтатын боламыз).Тіл- сананың көрінісі дегеніміз қаншалықты дұрыс міне осы мәселені қарастырамыз.Сонымен қатар тіл мен сананың жалпы шығуы мен нақты пайымдаулар шыққанға дейіңгі пікірлер.Мінекей осы мәселелерді қарастырамыз.Бұл бізде тақырыптың басты міндеті немесе мәселесі болып табылады.
Тақырыптың мақсаты:
- Сана мен тіл түсінігін түсіндіру,ашу;
- Философиядағы орнымен, рөлін көрсету;
- Байланысы мен ерекшеліктерін анықтау;
- Орта ғасырдағы философтардың сана мен тілге қатысты ой-пікірлерін қарастыру;
Тақырыптын міндеті:
- Сана мен тілге қатысты түрлі кітаптарды талдау;
- Ойшылдардың,философтардың нақыл сөздері мен пікірлерін саралау, талдау;
- Тілдің маңызын рөлін көрсету
- «Тіл- сананың көрінісі»-осы пікірді дәлелдеу
- Жинаған барлық ақпараттар мен білімімізді топпен саралап,қорытынды шығару;
Негізгі бөлім
2.1.Сана мен тіл түсінігі.Жеке-жеке тоқталу.
Сананың пайда болуы. Ең алдымен сананың не істейтінің немесе қызметін анықтайық.Жалпы санадан бұрын бірінші онтологияны айтайық, себебі онтология дегеніміз болмыс туралы түсінік болғандықтан. Яғни,
болмыс ұғымы- дүниеде өмір сүріп жатқанның барын қамтитын кең көлемді философиялық санат [3].Ал енді сананың бұл жердегі рөлі болмыстың ерекшелігін көрсету деп ойлаймыз.Яғни,болмыс барлығын жалпы түрде қарастырады және де болмыстың ерекшеліктерін ерекшелеп тұратын ол сана.
Сана – адам баласының ішкі жан дүниесінің көріну формаларының бірі болып табылады және де маңызы зор,терең мазмұнға толы форма.Сонымен қатар «жан» ұғымын біз «сана» ұғымының синонимі ретінде қарастырып жатамыз.Алайда бұл қате ұғым болып табылады.Себебі «жан» ұғымы «сана» ұғымына қарағанда кеңірек.Сонда сана дегеніміз не?-деген сұрақ туындайды.
Сана ұғымы көпмағыналы.Сана – ол біріншіден тек адам баласына ғана тән және де мидағы барлық іс-әрекеттерді сипаттайтын, барлығын біріктіретін ең маңызды жүйе.Немесе сана мидағы ойды сипаттап,суреттей алатын бейнелеудің ең биік шыңы деп айталық.Жалпы іс-әрекеттерді,әлеуметтік немесе биологиялық,психология ойша бейнелеп құрастыратын немесе іс-әрекеттің салдарын болжап,бейнелеу,құрастыруымен қатар өз-өзін бақылаудан тұрады екен.
Иә,барлығын ми арқылы қабылдап,қорыта аламыз,алайда біз оны саналы түрде қабылдап,іс-әрекет жасаймыз.Көп жағдайда адамдар айтып жатады:ол барлығын саналы түрде жасады деп.Демек,мидан кейінгі қорытынды функция сана болып табылады.Сонымен қатар адам баласы тек бейнелеп қоймайды жәнеде өзінің ішкі жан дүниесіне сараптау,талдау жасайды.
Сана - ол материя болып табылмайды,оны қолымызбен алып,ұстай алмаймыз және бұзып немесе сындара да алмаймыз не болмаса дәмін сезу үшін ауызымызғада сала алмаймыз,сонымен қатар қолға алып иіскеу деген сияқтыларда болмайды.Сана-тек қана адам жанының ішкі жан дүниесі емес, сонымен қатар адам белсенділігінің психикалық деңгейі.Адамның іс-әрекеттерін болжау өте қиын,мүмкін адамның сана сезімінде белгілі бір іс-әрекет тұр жәнеде сол нәрсені жасауға бір табан қалғанда мүдем басқа іс-әрекетке жол беруі мүмкін.Демек адамның іс-әрекеті санамен бірдей болатында және қарама-қарсы болатында мезеттер болады.нақтырақ айтқанда санаға тең емес адамның еркіде бар.Осы орайда Ф.Ницшенің айтқаны бар: «нағыз адам» толқынмен бірге емес,оған қарсы жүзеді.[5]
Сана туралы тағы бір қосатын ақпаратымыз ол мынадай:Сана ол идеалдық құбылыс,алайда солай бола тұра белгілі бір материалдық негізсіз өмір сұре алмайды.[4]
Сана мен ми.Жалпы ми сананың өмір сүруінің филосогиялық негізін қарамастан,ол тек құрал ғана.Сол себептен тарихымыздағы түрлі ойшыл,ғалымдарымыздың миынан еш ерекшеліктер табылмады немесе байұалмады деп айталық.адам қаншалықты миымен ойлағанымен,оған әсер етуші ол қоғамның өзі боып табылған.
Тіл:
Тіл бұл әрбір адамның сөйлеу құралы екендігі бұрыннан-ақ белгілі. Алайда тілге тек бұлай қарау дұрыс емес, өйткені ол жан дүние мен ішкі эмоцияларды сипаттайтын, адам ойын тікелей жеткізе алатын ерекше қызметке ие. Тілдің көмегімен өзге адамдармен сөйлесеміз, жүрек пен ақылыңның түйіскендегі не сезінетімізді айтамыз. Одан бөлек, тіл бізді басқа тіршілік иелерінен: жануар, аң-құстардан ерекшелейтін құбылыс. Тілсіз жаратылғанда бізде өз ойымызды білдіре алмай, санамызды тұрған қаншама ақпаратпен бөлісе алмас едік. Сол себепті де, тілдің адам өміріндегі маңызы өте зор. Тілдің қызметі бізге шексіз мүмкіндіктер береді. Ән айтамыз, өлең оқимыз, кітапты мазмұндап береміз. Бұл арқылы санамызды жаттықтырамыз. Тіл – сананың өмір сүруінің бір әдісі. Санамыз қаншалықты бай болса, тілдік белгілер де соғұрлым ерекше болады. Бүгінгідей кезеңде, адамдарды тілдің қызметінсіз елестету мүмкін емес. Адамдарға бере алатын басты функциясы деп әрбір тұлғаға өзінің дербес бейнесін, болмысын көрсете білуді айтуға болады. Әрбіріміздің осы күнге дейін қалыптасқан ойымыз бар, санамыз бар, соған қарай ерекшеленеміз де. Сол ерекшелікті жеткізу тіл арқылы жүзеге асады.
Тіл адамдар қарым-қатынасындағы ішінара түсіністікке, тұлғалық ерекшеліктер мен өзін- өзі тануға ықпал етеді. Тіпті күнделікті өміріңізді тілсіз елестетіңізші: дүкенге барып, қарапайым ненің керегін айта алмайсыз, анаңызға ішіңіздегіні айтып бере алмайсыз және т.б. Бұл қарапайым мысалдар арқылы да тілдің маңыздылығын көруге болады. Тіл мен қоғам бір бірінен ешқашан ажырамайтын байланысты ұстап отыр. Біріншіден, ешбір адам тілсіз өмір сүре алмайды. Өйткені, кез келген ортада тілсіз бірігіп жұмыс жасау, қоғамдық істерді ұйымдастырып, дамыту мүмкін емес. Арада, үлкен келіспеушіліктер пайда болады. Екіншіден, тіл тек адамдар бар жерде ғана болады. Адамдар ортасы тілдің тіршілігінің басты шарты, қоғамнан тыс тіл болмайтыны анық.
«Тіл – әр халықтың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінге жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелеуші,яғни бар тарихының куәгері, деректі көзі» деп Сәрсен Аманжолов айтқандай , шынымен-ақ адам пайда болғаннан тіл де бірге келе жатыр. Тіл – кез келген халықтың тарихы, барша өмірінің ізі, шежіресі. Тілден өз халқының өткені, арман-мақсаты, болашаққа деген үміті, қуанышы мен қайғысы, барша руханиятының үні естіліп тұрары хақ. Тіл халықтың барша түп-тамырын, өзіне тән табиғатын көрсететін айқын белгі. Яғни, тіл тек қатынас құралы емес, пікір алысып, бір-бірін түсінуге көмектесетін, өзге халықтардан даралайтын құрал-қаруы. Мәдени ерекшеліктеріміз де, бірегейлігіміз де осы тілде. Сол себепті де кез келген ұлт өз тілін ұмытпауы керек. Өз тілінде сөйлеу – оның әрбір азаматының борышы. Тіпті қазіргі таңда, әлем бойынша жойылып кету қаупі бар тілдер де бар. Яғни, оларды жойылуы ұлттың тікелей өмір сүруін тоқтатуына алып келеді. Өзге тілдерді мойындап, өз бірегейліктерін жоғалтып, өздеріне тән өмір сүру салтынан айырылады.
Тіл – адамзат өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі. Себебі, оның қолданыс аясы көп. Алдымен, ең тиімді әрі керемет қарым-қатынас құралы. Одан қалса ең асыл құндылық, ал ең бастысы қолымыздағы ең ұлы қару!
Тіл — белгілі бір ұғымды немесе затты, түсінікті белгілейтін және дыбыстауы бар ортақ қабылданған таңбалар жүйесі. Тілдің атқаратын міндеттері тілдін адамзат коғамындағы рөлімен және тіл бірліктерінін бір тобынын екінші бір тобына бағыныштылығымен, оған сәйкесіп отыруымен (мысалы, аффикстер мен түбір сөздердін ара катынасында) аныкталады. Тілдін коммуникативтік кызметі, ягни, "адам коғамынын аса манызды куралы" болуы және.
Адамның ұлт пен ұлттың, мемлекет пен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынас құралы, қаруы саналатын тілдің күнделікті өмірімізде алатын ерекше орнын білгенімізбен де қоғамдық-әлеуметтік қыр-сырларына әлі тереңдеп бара алмай жатырмыз деуге болады. Ф.Энгельс «адамды адам еткен – еңбек» десе, осыған орайлас, «адамды адам еткен тіл» деуге де болды.
Тіл дегеніміз – адам, ұлт, мемлекет, руханият, тарих, өркениет. Тіл – адамзат баласының қоғамдық-әлеуметтік дамуының бірден-бір көрсеткіші.
Тіл – аса күрделі әлеуметтік құбылыс. Тіл адам мен сол адамдардың өзгелерге ұқсамайтын, өздерін бір-бірімен ұқсастырып, жақындық тобын құрайтын ұлттың негізгі белгілерінің бірі. Тіл – ұлттың негізгі қасиеттерінің бірі. Өзіндік тілі болмаса, онда ұлт та болмайды. Тіл мен ұлт ажырамас бірлікте. Бірінсіз-бірі жоқ.
Тілдің тілге сәулесін шашып тұруымен бірге көлеңкесін түсіріп тұратыны да белгілі.
Тілін де, экономикасын да қатар дамытып, өркениеттен қалмай өмір сүріп жатқан ұлт – мықты ұлт. Бұл жерде тілдің дамуы экономикаға негізделіп, ұлттық сана-сезімнің өсуімен қатар жүретіні әрдайым есте болғаны жөн. Алдымен, тілді, болмаса, экономиканы дамытып алайық деуге қоғамдық өмірдің даму заңдылықтары сәйкес келе бермейді. Өйткені, адамзат қоғамының рухани және материалдық жағы біртұтас, бірінсіз бірінің шындап дамып кетуі екіталай, бола қалғанның өзінде де арасында сәйкессіздіктер (диспропорция) пайда болып, ұзаққа бармайды. *** Тіл дегеніміз – тұтас бір әлем. Тіл – адамдардың арасындағы қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен бірге сол халықтың ғасырлар бойғы даму барысында жинақтаған өмір, қоғам, табиғат жайлы білім-ғылымдарының жиынтығы, адамзат қоғамының бір бөлшегі ретіндегі өздері, басқалар туралы мағлұматтар, т.б