Файл: Жусан иісі (Сайын Мратбеков).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 64

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жусан иісі

(Сайын Мұратбеков)
Ауыл арасы. 3-4 бала атыспақ ойнап жүр. Олар ойнап жүргенде бір кемпір өтіп бара жатып, оларға ұрысып қуып жібереді (Кемпір: О, желкең қиылғырлар, не ойнап жүрсіңдер! Соғыс аздай. Бұлар атысып ойнайды. Жамандық шақырмай кетіңдер! Әй, Аян, қайдасың? О, қу жетімек, ана қоңыр сиыр қайда? Бұзауға су, жем-шөбін бердің бе?) Кемпір кетісімен, балалар қайта оралады. Оларға аяғын сылтып басып қолында кітабы бар бір бала жақындап келеді. Ол-Аян.

Есікбай: Ей, анау, кім? Кекілін қара өзінің! Жаман әліне қарамай! (мысқылдап күледі) Төбелесесің бе-ей! Ей төбелесің бе?

Аян: Жоқ, көкем де жоқ, апам да жоқ! Төбелессем әжем ұрысады.

Есікбай. Тұр! Әй, оқымысты, атың кім?

Аян: Аян!!

Бәрі: Аян-Аян

Есікбай: Аян де... Ал мынау не?

Аян: Бұл «Қобыланды батыр» жыры

Есікбай: Қобыланды?... (күледі) Ей, сен өзіңді ақылды көрсеткің келе ме?

Садық: Сен, оқи аласың ба?

Аян: Иә мен оқу да, жазу да білемін. Ертегі тыңдағыларың келе ме? Мен көп ертегі білемін.

Садық: Аян, сен бізге хат жазуды үйретші. Біз де оқып, жазуды үйренгіміз келеді. Соғыстағы ата-әкелерімізге хат жазғымыз келеді.

Аян: Келіңдер ендеше, үйретейін

(Балалар жерге жата қалып, құмның үстіне әріпті қайталап салады. Музыка қаттырақ ойнайды.)

Аян: Мә, мынау менің хатымды көшіріп жазыңдар. Тек менің ағамның атының орнына өз ағаларыңның атын жазыңдар.

«Аса жаннан артық көретін асылдан ардақты ағам! Қалыңыз қалай? Аға, мен сізді сағындым! Мен күнде Алладан сіздің аман-есен оралуыңызды сұраймын! Аға, мен қандай қиындық болса да шыдаймын, тек сен аман оралшы. Білесің бе, аға, сенің пальтоңды күнде құшақтап иіскеймін. Себебі, оған сенің иісің сінген! Аға, тез, жеңіспен оралшы!.. »

Пошташы жігіт кеп хаттарды жинап алып кетеді.

Аян: Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге бүгін кешегіден де қызық ертегі айтамын. Отырыңдаршы!

Барлығы отырып, Аянға қарайды.

  • Ертеде бір жетім бала болыпты....

Балалар: Аян, тағы да айтшы, тағы да айтшы...

Аян: Жоқ, ертең айтайын Бүгінге осымен бітті. (басын көтеріп, аспанға қарады) ЕЕЕ, жұлдыздың нуы жиі екен. Ертең де күн жылы болады.

Садық: (қасындағы баладан сұайды)
Ей, «нуы» деген не? Білесің бе? Осы Аян бәрін қайдан біледі.

Аян: Мен бүгін таң алдында түсімде ағамды көрдім. Рас айтам. Түнде жатарда ағамның пальтосын басыма жастап, иісін иіскеп жатқам. Бір түрлі жусанның иісі сияқты жақсы иіс, Мен бүйтіп жағасына мұрнымды тығып алдым да ұзақ иіскедім. Әжем ылғи «ағаңды анау Жусандытөбенің» үстінде мал қайырымын деп жүргенде айдалада т апқанмын дейді. Менің ағамда жусанның иісі содан қалған. Сөйтіп жатып ұйықтап едім, түсіме кірді.

Есікбай:Менің де көкемнің пальтосынан жусанның иісі шығып тұрады. Мен ылғи оның пальтосын жамылып жатамын.

Садық: Иә, менің ағамның киімінен де жусанның иісі шығады.

Аян: Меннен де жусанның иісі шығып тұрады. Ағама тартқанмын. (өзінің омырауына басын тығады) Міне, иіскеп көріңдерші. (Балалар бәрі өз үстерін иіскейді)

  • Иә, рас, меннен де жусанның иісі шығады. Міне иіскеші, иіскеп көрші.

(Балалар осылай сөйлесіп отырғанда, Ей қайсың ат қораның төбесіне от қойған! Жүгірмектер! Балалар қаша жөнеледі. Аян қаша алмай қалады. Оны Бопай ұстап алып, сабап кетіп қалады. Аян орнынан әзер қозғалып, жылап, сахнада жатады.)
Бопай мен кемпірі:

  • Ой, ойының осылғыр, Үйге ерте келсең нең кетеді-ей, Әй, шал, таңертең көршілер қалаға кетеді. Сол көршілермен мына баланы жетімдер үйіне беріп жібер!Осы баққанымыз да жетер! Біздің қадірімізді түсініп жатқан осы жетім бар ма?

  • Обал ғой бұл балаға!

  • Болды артық сөзді қой! Қажеті жоқ! Сорлы жетімек!

(Сахнадан шығып кетеді. Музыка қосыоып тұрады.)

Қасына Садық келеді.

-Аян, қалайсың? Мынаны саған анам беріп жіберді. – деп қалтасынан бірдеңе шығарып береді.

-Кеше аяғым қатты ауырды. Тіпті өліп кетемін деп те ойлағам. Бірақ ағамды ғана ойлап тоқтадым. Аяғымды ағам келген соң салғызамын ба деп ойлағам, Енді міне қара қағаз алып отырмын.

-Шіркін-ай мына соғыс тез аяқталса екен. Бесіктен беліміз шықпай жатқанда жанымызға салған жарасы қаншама еді. Сол жараның орны жылдар бойы удай сыздап, жанға батып өтер-ау. Еш уақытта ұмытылмас. Басқамыздан гөрі Аянға қатты тиіп еді. Тағдыр оған дегенде ештеңесін аямады. Әскерден ер-азаматтар қайтып келе жатыр, барлығы жаралы боп қайтқандар. Бірі қолынан, бірі аяғынан, ал енді бірі иығынан , тіпті біреу көзінен айыралғандар. Бірақ олар өздері жарымжан болып қайтып жатса да олардың ауылға келгені біз ұшін үлкен қуаныш еді.



(Аянды тұрғызып алып кетеді.)
Бопай: Аянды шығарып салып тұрады. Балам жолың болсын! Барған соң аман-есен жеткендігіңді айтып хат жаз. Мына қоңыр сиырды сатып, ақшасын салып жіберер едім. Оны қазір ешкім алмайды. Базарға барып сатып, ақшасын салып жіберермін.

Кемпірі: Е, тегі, сатам дегені несі. Ертең Аян өсіп ер жетіп келгенде оған да мал керек.Е, қарағым бқл алжыған шалдың сөзін тыңдама! Ертең ер эжетіп келгенде өзіңе мал керек. Бар –бар, енді тұрма! Қаласың!

деп итеріп шығарып салады.

Балалар Аянды келіп құшақтап, шығарып салып тұрады. Барлығы жылап, Аянмен қоштасады. Аян артына жалтақтап кетеді.