ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 37
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Тексерілді:
Мектебі: | Б.Кенжебаев жом. | |||||
Бөлім: | 3D жобалау | |||||
Педагогтің аты-жөні | Досалы Г. | |||||
Күні: | | |||||
Сынып: 11 «А» | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Виртуалды шынайылықтағы адам | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 11.4.1.1 виртуалды шындықтың мақсатын түсіндіру | |||||
Сабақтың мақсаты | Барлығы:виртуалды шындықтың мақсаттарын біледі Көпшілігі:виртуалды және толықтырылған шындық бір-бірінен айырмашылығын біледі Кейбірі:виртуалды және толықтырылған шындықтың тиімді формасын нақты ситуация негізінде таңдаy жасай алады | |||||
Сабақтың барысы: | ||||||
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Cабақтың басы 3 минут | I.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу 2. Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру | Оқушылар амандасады, тыңдайды | | Оқулық | ||
Сабақ ортасы 25 минут 5мин Сабақ соңы 5 минут 2мин | ІI. Мағынаны тану. Түсіндірме жұмысы. (қажеттілік болған жағдайда) Виртуалды шындық компьютерлік технологияны пайдаланып, тәжірибеге ұқсас шындыққа айналатын үш өлшемді кескін жасайды.VR компьютерлік технологиясы адамның миын кескіндерді шын деп сенуге мәжбүрлей отырып алдайтын әртүрлі жобаланған орталарды құруға мамандандырылған түрлі электронды жабдықтардан тұрады. Виртуалды шындықтың күші, ол сананы алдап, оның нақты және жасанды орталарды ажыратуына мүмкіндік бермеуінде. AR – бұл компьютермен жасалған кескінді пайдаланушының шынайы әлеміне қабаттастырып құрама көріністі қамтамасыз ететін технология. VR және AR өндірісте кең таралуда, виртуалды және «нақты» әлем арасындағы шекараны одан әрі бұза отырып, олар оқыту үшін, сондай-ақ жұмыс орнында өнімділікті бақылау үшін қолданылады. Виртуалды және кеңейтілген шындық технологиялары психотерапияда әр түрлі ауруларды емдеуде қолданылады. VR-дің емдеу мүмкіндіктері физиотерапия мен ауырсынуды жеңілдетуде де қолданылады. VR науқастың назарын ауру көзінен алшақтатады және науқастарды балама әлемге ендіреді. Сонымен қатар VR физиотерапияда сауығуды тездетуде өзінің тиімділігін дәлелдеді. Адамдар толығымен жасанды ортаға енген кезде, бұл олардың физикалық және эмоционалдық әл-ауқатына әсер етуі және адам денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. VR гарнитурасының имитацияланған шынайы қозғалысы адамның уақыт пен кеңістікті қабылдауына әсер етеді және шаршау, жүрек айну немесе енжарлықты тудыруы мүмкін. Толықтырылған шындық: түрлі технологиялардың көмегімен нақты объектке сандық ақпаратты қосу арқылы жасалатын нағыз шындықтың кеңейтілген нқсқасы. Толықтырылған шындық – қандай да бір сенсорлық ақпаратты қосу арқылы шынайылықты толықтыруға мүмкіндік беретін технологиялар. Толықтырылған шындықтың мүмкіншіліктері құрылғылар мен программалардың мүмкіншіліктерімен шектелген. Айырмашылықтары ТШ смартфондар мен планшеттерге арналған қосмшаларды қолданылады. ТШ бағдарламалары құрылғының камерасын пайдалану арқылы нақты обьектке толықтырылған сандық ақпаратты (мәтін, бейнежазба т.б.) көрсетеді. Қосымшалардың мақсаты әртүрлі болуы мүмкін: мысалы ойын үшін Pokémon GO, ақпарат алу үшін, мысалы Layar. ВШ кезінде алдыңызда тұрған әлемнен мүлде басқа әлем көрінетін болады. ВШ анимацияланған орта, сурет ретінде ВШ қосылған шынайы орта болуы да мүмкін. ВШ-та қарапайым өмірдегідей әрекеттер жасау мүмкіндігі бар, мысалы алға қарай жүру, артқа немес жан-жаққа қарау, қадамдау ВШ-ты көруүшін арнайы құрылғы қажет, мысалыOculusRift. Кейбір ВШ үшін смартфон пайдаланылады, олүшін арнайы ВШ қосымшаларыGoogleCardboardнемесеDaydreamViewқажетболады. 1 тапсырма Сөздік қоры Сөздерді аудармалары мен сәйкестендіріңіз Виртуалды шындық Кеңейтілген шындық Шынайы өмір Виртуалды өмір Виртуалды тәуелділік Real life Virtual life Virtual addiction Virtual Reality Augmented Reality Дескриптор:_Тақырыппен_таныса_отырып,_сөздерді_сәйкестендіреді2_тапсырма'>Дескриптор: Тақырыппен таныса отырып, сөздерді сәйкестендіреді 2 тапсырма Мұғалім оқушыларға Венн диаграммасын салуды және VR мен AR арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрсетуді тапсырады Дескриптор: Венн диаграммасын сызады Айырмашылықтарын жазады Ұқсастықтарын жазады Үйге тапсырма: Ағымдағы уақытта қоғам үшін қол жетімді және пайдалы ТШ қосымшаларының үш мысалын беріңіз және сипаттаңыз | Тақырып бойынша қазақ тілінде берілген сөздерді ағылшын тіліндег аудармасына сәйкестендіреді Венн диаграммасын сызады және де айырмашылықтары мен ұқсастықтарын жазады Тапсырманы үйден дәптерге орындайды | ФБ 1-10 балл ФБ 1-10 балл | Мәтін https://learningapps. org/display?v= p4d83e9tv19 Венн диаграммасы |