Файл: Шыыс азастан облысы Катонараай ауданы Аайнар ауылы Аайнар орта мектебі кмм.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 29
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Аққайнар ауылы
«Аққайнар орта мектебі» КММ
Баяндама
Биология пәні мұғалімі: Абильбаева Нургуль Базарбековна
Санаты: зерттеуші
еңбек өтілі: 32 жыл
Семинардың тақырыбы: Шағын жинақты мектептерде биология пәнінен оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру
Сабақтың тақырыбы
7.2.1.2 Өсімдіктердің өсімді жолмен көбеюі оның түрлері және табиғаттағы биологиялық маңызы. Өсімді жолмен көбею тәсілдерін қолдану. Қалемшелеу, сұлатпа өркен телу, қалемшелермен, көзшелерімен көбею ұлпаларымен
Тақырыбы: Шағын жинақты мектептерде биология пәнінен оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру
Сабақтың тақырыбы:
7.2.1.2 Өсімдіктердің өсімді жолмен көбеюі оның түрлері және табиғаттағы биологиялық маңызы. Өсімді жолмен көбею тәсілдерін қолдану. Қалемшелеу, сұлатпа өркен телу, қалемшелермен, көзшелерімен көбею ұлпаларымен
Сабақтың мақсаты:
7.2.1.2 өсімдіктердің өсімді көбею тәсілдерін салыстыру
Күтілетін нәтиже
Биология пәндердегі әрбір сабақ зерттеу жұмысына жатады. Әрбір сабақта оқушылармен қолжетімді тәжірибелерді, зертханалық жұмыстарды жасап, оларды кіші ғылыми жобаға ұштастырған дұрыс деп ойлаймын.
Әр мұғалімнің міндеті оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту, білімге деген құштарлықтарын дамыту. Оқушыларды өсімдік түрлерін тануға баулу.
Мен өз іс тәжірибем туралы айтатын болсам былтырғы жылдан бері 7 сынып оқушыларымен осы аталған тақырып бойынша бір қатар жұмыстар жүргіздік. Оқушылар өсімдіктерді сабағынан жапырағынан өркендерінен тамырсабақ арқылы пиязшығынан түйнектерінен көбейтуді үйренді.
Онда біз мектебіміздегі елу түрлі гүлдің қалемшелерін алып, ыдыстарға отырғызып, олардан гидропоника және флорариум әдісі бойынша көбейттік. Бұл жұмыстарды «Жас биолог» атты үйірмеде жалғастырамыз.
Гидропоника – дегеніміз өсімдіктерді топырақсыз суда өсіру. Соңғы кездегі тиімді әдістердің бірі.Қазіргі кезде топырақтың көпшілігі эрозияға ұшыраған көп күтімді қажет етеді. Судың үстіне өсімдіктің тамыры беку үшін мақта,мүк, ағаш үгінділері түбіне әр түрлі тастар салуға болады. Біз өзіміздің бөлмемізге гұлдер отырғызып қабырғаға гидропоника бұрышын жасадық оларға жұма сайын тыңайтқыш құямыз күтіп баптаймыз.
Флорариум – дегеніміз өсімідктерді шыны мөлдір ыдыстарға, колбаға, беті жабылатын әдемі ыдыстарға сәндік мақсатта өсіру. Сәндік элементтері: ракушкалар, малта тастар, құм, мүк,топырақ. Біз бөлмеміздің бұрышына әр түрлі кактус гүлдерінен шыны ыдыстарға флорариумдар жасап оқушылар күтіп баптады. Әсіресе кактус гүлдері жақсы жіне әдемң болатындығына көз жеткіздік,
Халықаралық, республикалық, аудандық ғылыми жобаларға қатысқан оқушылар
Халықаралық ғылыми жобалар
Тақырыбы: «Қар барысының мекені» 2018жыл
Орындаған: 9 сынып оқушысы Байгажина Алуа 2- орынға ие болды
Мақсаты: Қызыл кітапқа енген және сирек кездесетін қар барысының тіршілігін ғылыми тұрғыдан зерттеу
Республикалық ғылыми жобалар
Тақырыбы: Шашыратқының емдік қасиеті
Орындаған: 11 сынып оқушысы Магзинова Нургуль Нұрланқызы 1 орын
Мақсаты: Шашыратқы өсімдігінің өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Шашыратқыдан дайындалатын тұнбаларға сипаттама бере отырып, олардың жасалу жолдарына зерттеп танып-білу.
Аудандық ғылыми жобаға қатысқан оқушылар
Магзинова Нургуль 10 сынып, «Флора бағыты» бойынша, ал Әбиханова Аружан «Фауна бағыты» бойынша қатысып 2 ші орынға ие болды.
Қорытынды
Биология пәндеріндегі әрбір сабағымды зерттеу жұмысының бастамасы ретінде өткіземін. Осы жұмыс бойынша оқушылар өсімдіктің сабағынан жапырағынан, тамырсабақтан, пиязшығынан, қалемшеден, телу арқылы көбейту түрлерін үйренді. Болашақта осы жұмыстардан ғылыми жоба жасап үйренеміз.