ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 27
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
21-ғасырдағы мектеп қандай болуы тиіс?
Мектеп - жас ұрпаққа білім,тәрбие беретін мекеме. Білім беру жүйесінің ең негізгі орны.
Бала тәрбиенің көп бөлігін мектептен алып, мектепте тұлғалық қалыптастыру кезеңінде болады. Сондықтан балалардың сапалы білім алуы үшін мектеп қай ғасырда болса да, барлық жағынан жақсы болуы тиіс. Ал енді негізгі сұраққа жауап берер болсам, 21-ғасырдағы мектеп қандай болуы тиіс?
21-ғасыр ғылым мен техниканың дамып, жаһандану үдерісі жылдам жүріп жатқан кезең. Ғылым мен техниканың болсын, басқа да салада болсын бәсекеге қабілетті болуы керек дәуір деп ойлаймын.Ал осы жаңа заман талабына сай болу мектептен бастау алмақ. Егер мектептер толық жабдықталған, қауіпсіз әрі ыңғайлы болса оқушы үшін де жақсы әсерін берері анық. Нақтырақ айтқанда, ең біріншіден, мектеп айналасынан бастағым келеді. Оқушылар мен ұстаздар үшін мектеп айналасында бақ немесе арнайы демалып, ой бөлісетін орын болғаны жөн деп ойлаймын. Екіншіден, мектеп іші қауіпсіз болуы міндетті. Себебі оқушы қауіпсіз жерде уайымсыз білім алуы тиіс. Үшіншіден, мектеп заман талабына сай жабдықталуы керек. Мысалы, қосымша мәліметтер іздеу үшін компьютер, ноутбук сынды ақпарат құралдары қажет болары сөзсіз. Мектеп тақталары да заманауи болғаны дұрыс. Себебі, жай тақтадан қарағанда интерактивті тақтамен жұмыс жасау неғұрылым біздің ойлау қабілетімізді арттырып, басқа шет елдер секілді көптеген бағдарламалармен танысуға мүмкіндік берері сөзсіз.
Мектеп дәліздерінде де оқушы өз уақытын тиімді пайдалануы үшін түрлі ойын орындары нақтырақ айтқанда, (шахмат,шашки,тоғызқұмалақ,т.б) қойылғанын қалар едім. Сонымен қатар ең маңыздысы - мектеп кітапханасы. Мектеп кітапханалары кеңінен салынып және кітап қоры көптеп келсе деймін. Сонымен қатар, мектептерімізде қазағымыздың ұлы тұлғалары туралы мәліметтер, оқушыларды қызықтыратын көрнекіліктер көп ілінгенін құп санаймын.
Мектеп-біздің болашағымыздың бастауы. Жарқын болашақ үшін барлығымыз ат салысайық!
Алматы облысы білім басқармасының
«Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі
«А.Бубенцов атындағы орта мектеп-
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
10 сынып оқушысы Мұрат Аида Мұратқызы