Файл: Интербелсенді дістемесіні рекет арылы йренуйрету дістерін дебиет сабаында тиімді пайдалана отырып, оушыларды білім сапасын арттыру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 33

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы

Ы.Алтынсарин атындағы негізгі орта мектеп мемлекеттік коммуналдық мекемесі



Тақырыбы:

«Интербелсенді әдістемесінің - әрекет арқылы үйрену/үйрету әдістерін әдебиет сабағында тиімді пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру»


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Раимбекова Нағима Жылқайдарқызы
Шыбыт ауылы – 2019 жыл

Титул парағы

1. Автордың тегі, аты, әкесінің аты: Раимбекова Нағима

Жылқайдарқызы


2.Педагогикалық идеяның атауы:

«Интербелсенді әдістемесінің - әрекет арқылы үйрену/үйрету әдістерін әдебиет сабағында тиімді пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру»

3.Бағыты: қоғамдық - гуманитарлық

4. Қызметі, ғылыми атағы, құрметті атағы: қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі.

5.Білім беру ұйымының мекенжайы мен телефоны:

Б.Әшірбекұлы №5 көшесі, тел: 76-5-35


6.Автордың мекенжайы мен телефоны, e-mail:

Шапағат көшесі, сот:8702-380-9609 Shibit_Altinsarin@mailru


7.Педагогикалық идеяның аннотациясы:

         Бүгінгі тілді оқытудағы басты мақсат - «Төңкерілген сабақ» әдісін қолдану арқылы мұғалім оқушыларға өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру мен қатар, әрқашан да оқып-білім алуға ұмтылуға бағыт-бағдар беріп отыру ,жан-жақты жетілген, өзінің тарихи тамырларын, қоғамдағы орнын түсінетін белсенді азаматтарды қалыптастыру.

«Интербелсенді әдістемесінің - әрекет арқылы үйрену/үйрету әдістерін әдебиет сабағында тиімді пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру»

Нағима Раимбекова

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы

Ы.Алтынсарин атындағы негізгі орта мектеп

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
... Мұғалім – мектеп тірегі. Қандай мұғалім болса, мектеп те соған сай болмақ, яғни оқушылардың білім деңгейі мұғалімнің өзі қаншалықты дайындықтан өткендігіне тікелей байланысты болады ... .

А.Байтұрсынов
Бүгінгі тілді оқытудағы басты мақсат - «Төңкерілген сабақ» әдісін қолдану арқылы мұғалім оқушыларға өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру мен қатар, әрқашан да оқып-білім алуға ұмтылуға бағыт-бағдар беріп отыру
,жан-жақты жетілген, өзінің тарихи тамырларын, қоғамдағы орнын түсінетін белсенді азаматтарды қалыптастыру.

Осындай міндеттерді жүзеге асыруда қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің атқаратын рөлі  ерекше.Ұстаздың дидактикалық қабілеті оның өткізетін сабағы мен оқыту үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдерді біліктілікпен қолданылуынан көрінеді. Ең бастысы«оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру үшін, білім деңгейін көтеру үшін қандай тәсілдер қолдануға болады деген?» сұраққа жауап табу керек. Оқушылардың интербелсенділігін арттыру үшін жиірек қолданып жүрген сабағымның бірі –"төңкерілген сабақ" әдісі. Бұл сабақта оқушылардың белсенділігі артады. «Төңкерілген сабақ» білім алушының үйде мұғалімнің алдын-ала берілген жаңа материалды өзбетімен оқып-үйреніп, сыныпта мұғалімнің көмегімен білімін практика арқылы толықтыру процесі. Яғни, үйде – білу түсіну, сыныпта – білімді қолдану көрсету. Мұғалім бұл әдісінде балаларға теориялық материалдан тұратын бейне материалдарды оларды электрондық пошта, әлеуметтік желілер, whatsap арқылы оқушыға жібереді. Оқушылар үйде жаңа материалмен таныс келеді . Шәкірттер сабаққа келгенде, олар теориялық материалмен танысып, практикалық тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен істеуге дайын болады. Дәстүрлі сабақта мұғалім теориялық материалды түсіндіруге сабақтың басым бөлігін жұмсап, қалған уақытты оқушылардан сұрайтын. Ал «Төңкерілген сабақ» әдісін қолдану арқылы мұғалім оқушыларға өзбетімен жұмыс істеуге дағдыландыру мен қатар, әрқашан да оқып-білім алуға ұмтылуға бағыт-бағдар беріп отырады. «Төңкерілген сабақ» әдісі сабақты өткізудің және білім алушыларды қызықтырудың басқа жаңашылдығы немесе бағыты екенін әдісті қолданғаннан кейін көрдім.

Интербелсенді әдістер мен тәсілдер үйренушілердің тұлғалық тұрғыдан өзіндік және дербес түрде дамуына әкеледі, оларды өз мүмкіншіліктері мен ұстанған құндылықтарын түсінуге және бағалауға жетелейді.

Таным әрекеттерін ұйымдастырудың арнаулы әдістемесі ретінде интербелсенді оқу/оқыту білім игеру процесіне қатысушылардың (үйренуші мен үйренушілердің) тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген «interactіv» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act» - «әрекет жасау» дегенді білдіреді, яғни интербелсенді әдістер - үйренуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқу/оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер.



Басқаша айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Ал «интербелсенді оқу» дегеніміз өзара қарым-қатынасқа (коммуникацияға) негізделген оқу/оқыту, диалог арқылы үйрену/үйрету, яғни «үйретуші – үйренуші», «үйренуші – үйренуші», «үйренуші - өзімен өзі» форматтарында жасаған қарым-қатынас («әңгіме», «сұхбат», «пікірлесу», «бірлескен әрекеттер»).

Интербелсенді оқу/оқыту – әрекетпен және әрекет арқылы оқу/оқыту, ал мұндай ұстаным қомақты нәтижелерге жеткізетін ең тиімді жүйе деп есептелінеді, өйткені адамның жадында бірінші мезетте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағаны ғана қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций (Кун-цзы) былай деген екен: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!».

Сол себепті де интербелсенді оқу/оқыту үйренушілердің оқу процесіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары мен тәсілдері ретінде таниды. Сондықтан да интербелсенді оқу/оқыту оқу процесінің тиімділігі мен нәтижелігін үйренушілердің есте сақтау дәрежесімен өлшемей, олардың әрекеттерімен бағалайды, тек әрекет арқылы ғана үйрену ықтимал деген қағида ұстанады. [Әлімов Асхат. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. – Алматы: 52 бет ]
Білім игеру процесі – белсенді процесс. Ол тек әрекет арқылы ғана жүзеге асырылады. Бұған қоса іс-әрекеттердің түрлері мен өзінділік дәрежесі неғұрлым көп және жоғары болса, білім игерудің тиімділігі де арта түседі.

Әдетте сабақта оқушы көбіне-көп екі жұмыс атқарады, олар – тыңдау мен жазу (көшіру). Ал белсенді әрекеттер дегеніміз өздігімен түсіну, таңдау, талдау, шешім қабылдау, жаңа мазмұн құрастыру, өз біліміңді бағалауға негізделген ойлану, талқылау, өз пікіріңді қалыптастыру, оны дәлелдей және қорғай білу, пікір алмасу мен таластыру, өзгенің пікірін тыңдап, оны қабылдау, өз пікіріңді жазу секілді жеке және бірлескен жұмыс түрлері. Осындай белсенді әрекеттер тұлғаны жан-жақты дамыта түсіп, оның білім игерудегі көкжиектерін кеңейтеді.

Оқушының өздігімен жаңа материалды игеруге мүмкіндік беретін әдістердің бірі - "Төңкерілген сабақ" әдісі.

«Төңкерілген сабақ» дегеніміз не?» деген сұраққа жауап іздесек, мына жәйтке назар аударайық: әдетте біз аралас сабақта жаңа тақырыптың теориясын сыныпта талқылаймыз (өзіміз түсіндіреміз, оқулықты оқытамыз, т.б.), ал үйге практикалық тапсырма береміз (жаттығуларды орындау немесе есептерді шығару, т.б.). Теория – сыныпта, практика – үйде.


Ал төңкерілген сабақта бұл оқу әрекеттері керісінше, «төңкерілген» болады: теория үйге өздігімен қарастырылуға беріліп, сыныпта практикалық тапсырмаларды орындау ұсынылады. Теория – үйде, практика – сабақта.

Төңкерілген сабақтың ауқымында қарастырылатын  тақырып оқушыларға үйге оза өздігімен зерттеуге беріледі. Тапсырманың екі нысанда болғаны дұрыс. Біріншісі - ауызша: «Мына параграфты (немесе материалды, не мәселені, не проблеманы, не мақаланы) оқып (немесе танысып, зерттеп, қарастырып), мына сұрақтарға жауап беріңіздер (немесе «Мына мәселердің қалай шешілетініне назар аударыңыздар», «Шешілетін 3 жолын көрсетіңіздер»)» деген сыңайда.

Екінші тапсырма – жазбаша. Мәселен, «Осы параграф (мәселе, тақырып, сұрақ, материал, т.б.) бойынша кесте (немесе диаграмма, гистограмма, кластер, менталды карта, т.б.) құрастырып келіңіздер» деп ұсынамыз. Немесе «Осы мәселе жайында мына 3 сұраққа жазбаша жауап жазып келіңіздер», не эссе жазу, жаттығу орындау, есеп шығару немесе құрастыру секілді жазу тапсырмаларын орындауды тапсырамыз.

[trainers_blog]

Біз әдетте әр сабағымызда Блум таксономиясының білу,түсіну,қолдану деңгейлерін қолданамыз. Бұл деңгейлерді сабақ барысында жүзеге асырамыз. Кейде уақыт тапшылығын сезініп жатамыз. Ал "Төңкерілген сабақта" Блум таксономиясының білу,түсіну деңгейлерін оқушылар үйде игеріп, сыныпта қолдану, талдау, синтез деңгейлеріне дейін жетуге болады.

Мен сабақтарымда "Төңкерілген сабақта"әдісін пайдалана отырып, оқушыларға қандай тапсырмалар бердім? Осыған тоқталып өтсем. Бірінші жазуды пайдаландым.

«Жазу – дәлел» демекші, оқушылардың жазба тапсырмалары олардың үйге берілген тақырыпты қандай деңгейде игергендігінің айғағы болады. Олардың материалды білгендігін, түсінгендігін, талдай алатындығын, рефлексия жасай алатындығын олардың өз қолымен жазғандарынан көре де, өлшей де, бағалай да аламыз. Егерде сабақта мұғалім «Балалар, үйге берілген тапсырманы орындадыңыздар ма?» деп сұрағанда, оқушылар жамырай «Иә!» деп жауап берсе, ұстаз олардың бұл жауабын ауызша қалай тексере алады? 20-30 баладан тұратын сыныпта үй тапсырмасын қанша оқушыдан сұрай алар екен? Мүмкін ең жақсы жағдайда оншақты оқушыдан болар. Ал қалғандарының не білгені, олардың білімін қай бағытта және қалай дамыту керектігі назардан тыс қала ма?

Ал жазу жұмысынан әр оқушының тапсырманы қалай орындап, үйге ұсынылған тақырыпты қалай меңгергенін анықтауға болады. «Жазу – дәлел» деген осы болар.

Оқушылар үйге берілген жаңа тақырыпты игеру барысында бірнеше ресурсты (материалдарды, мәтіндерді) қолданады, олардың ішіне, мәселен, оқулық №1, оқулық №2, мұғалімнің видеодәрісі, мұғалімнің сілтеме жасаған Интернет сайты, т.б.


Сабақта оқушылардың үйге берілген тапсырманы қандай деңгейде ұғынып, орындағанын анықтау үшін мұғалім оларға практикалық тапсырма ұсынады, яғни оқушыларға өз үйренгендерін дәлелдеу үшін бір нәрсе жасатады. Әрине, бірлесе: не топ, не жұп құрамында. Мәселен, мынандай әрекеттерді:

- постер дайындау

- тірек сызбалар

- схема

- кесте

- тест сұрақтарын құрастыру

- шығармашылық жұмыстар: эссе


Пән: Қазақ әдебиеті

Сабақ:

Мектеп: Ы.Алтынсарин

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Раимбекова Нағима

Сынып: 9 Т1

Қатысқан оқушылар саны: 10

Қатыспағандар:

Бөлім:

Атадан қалған асыл сөз

Сабақтың тақырыбы

«Біржан-Сара» айтысы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

Т/Ж1.Көркем шығарма мазмұны мен пішіні

Сабақтың мақсаты

Т/Ж1.Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау

Бағалау критерийлері

Мәтін мазмұнын біледі;

Озық туынды болуының сырын анықтайды;

5 дәлел келтіреді;

Айтыстың композициялық жоспарын жүйелі және нақты құрады;

Тақырыптан ауытқымайды;

Тыңдалым мазмұнын тарихи оқиғамен байланыстырады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Тақырыпқа байланысты қолданатын тіркестер:

Менің білетінім...

Менің ойымша...

Екінші жағынан...

Мен ол мәселені мына жағынан қарастырғанды дұрыс көремін...

Менің пайымдауым бойынша...

Осыған дейін меңгерілген білім

Өз сөздік қорларын дамытады және грамматика мен пунктуация аспектілерін жақсартады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы


Сәлемдесу.

Тақырыпты болжау.

-Суретке қарап отырып, сізге қандай ой келді?


"Төңкерілген сабақ " .Оқушылар бүгінгі өткелі отырған тақырыптың теориясын үйде оқып келіп , сыныпта практикалық тапсырмаларды орындайды.
Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, шағын мәтін құрыңыз.

Мәтінге бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбын болжап жазыңыз.

1-топ. Айтыстағы Біржанның ақындық қасиеті мен сөз құдіреті

2-топ. Айтыстағы Сараның ақындық қасиеті мен сөз құдіреті

3-топ. Айтыс өнерінің қоғамдағы рөлі





Сабақтың ортасы


Мағынаны тану

Топтық жұмыс
1-тапсырма. «Біржан мен Сара айтысы – өзінің құрылысы мен мазмұны жағынан болсын, көркемдігі жағынан болсын, қазақтың ақындар айтысының ішіндегі үздігі» деп бағаланған классикалық туынды екендігіне мәтіннен 5 дәлел келтіріңіз.

1_____________________________________________________

2_____________________________________________________

3_____________________________________________________

4_____________________________________________________

5_____________________________________________________
ЖЖ
2-тапсырма. Айтыстың композициялық құрылымына талдаужасаңыз.

Оқиғаның  басталуы:  

Оқиғаның  дамуы: 

Оқиғаның  шиеленісуі: 

Оқиғаның  шарықтау  шегі:  

Оқиғаның  шешімі:  

Начало формы

 
3-тапсырма

  • Сұрақ: «Біржан-Сара айтысы 19 ғасырдағы қазақ қоғамының диагнозын қойып берді» деген ойды қай оқиғамен байланыстырасыздар?Конец формы




Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Оқушы

Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды

1


2

Мәтін мазмұнын біледі

Озық туынды болуының сырын анықтайды

5 дәлел келтіреді

Айтыстың композициялық жоспарын жүйелі және нақты құрады

Тақырыптан ауытқымайды

3

Тыңдалым мазмұнын тарихи оқиғамен байланыстырады




Кері байланыс.
Рефлексия . «Көршіңмен сөйлес» әдісі

  • Қандай жаңа мәлімет алдыңыз?

  • Не ұнады?

  • Сабақтың қай жері есіңде қалды?

  • Келесі сабаққа ұсынысың бар ма?


Үйге тапсырма: Айтыскерге тән тұлғалық сипаттарды мәтіннен дәлел келтіре отырып, атаңыздар













Біржан сал Қожағұлұлы. Ақын, әнші, сазгер.







Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Оқушылардың өздігінен өзденіп жұмыс жүргізуіне ықпал етемін.

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Сырттан бақылау арқылы, өз-өздерінің бірін-біріне бағалату арқылы тексеремін.

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс


Өз бетімен топта тиімді жұмыс жасауға, өзін-өзі жетілдіру және дамыту қажеттілігін сезінуге ықпал етемін.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:
2:
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?