Файл: Саба барысында оушыларды жекеленген жмыстарын талдау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 41
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақ барысында оқушылардың жекеленген жұмыстарын талдау
Сабақ барысындағы балалардың жекеленген жұмыстарына үй тапсырмасын қайталау барысында балалардың, орындап келген тапсырмаларын, берген жауаптарын, сабақтың негізігі бөліміндегі жаңа тақырыпты меңгеру барысында, оны бекіту мақсатында орындаған сыныптық жұмыстарын алдым.
Оқушылардың жекеленген жұмыстарын талдау барысында, топтағы балалардың жұмыстарды орындау белсенділіктерін, сыныптағы әр баланың жаңа тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін зерттеп баға беріп отырдым. Сыныптағы оқушылар жалпылай алғанда, сабаққа белсенді қатысып отырды және де тапсырмаларды орындауға деген ынталары өте жоғары болды. Барлығы сабаққа қатысқан 14 оқушының, 5-еуі тапсырмаларды орындау барысында жоғарғы деңгейді көрсетті, 6-уы орташа, жақсы деңгейде орындаса қалған 3-еуі қанағаттандырарлық деңгейде орындады. Жекеленген жұмыстар, педагогтің нұсқаулығымен, кері байланыстар жасалу арқылы жүргізілді. Ауызша сұрақтар қою барысында, сыныптағы жауап беруші оқушылардың саны басым болды. Ал жазбаша тапсырмаларды орындау барысында, жоғарыда айтып кеткен белсенді көрсеткіш көрсеткен оқушылар, жылдамдық бойынша әлде қайда басымдылық көрсетті. Тапырманы дұрыс түсіне алмаған немесе үлгере алмаған оқушылармен, педагог жекелей жұмыстарын талдап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сұрақ қою, түсіндіру жәнеде салыстыру әдістерін пайдаланды. Сабақ барысында өзінің жұмыстарды жылдам орындап ерекшеленген екі оқушы қыздар болды. Сабақтын соңында, жалпылай оқушылаға қорытынды сұрақтар қойылды, жасалған жұмыстардың тиімділігінің арқасында барлық дерлік балалар сұрақтарға өз жауаптарын беріп белсенділік танытты.
Қолы
Мектептен практика жетекшісі: мектеп педагог-психологі Вебер И.С
Сабаққа қатысушы: педагог-психолог практикант Жуманика А
Сабақты өткізуші: 4 “Ә” сынып жетекшісі Хатпа Ж