Файл: Реферат таырыбы Кадастрлы нмір, кадастрлы нмір беруді тртібі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 88

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Кадастрлық нөмір, кадастрлық нөмір берудің тәртібі»

Орындаған:Молдабеков.Т

Тексерген:Сералин .А

Алматы, 2021 ж

Мазмұны:

І. Кіріспе........................................................................................................... 3 бет

ІІ. Негізгі бөлім............................................................................................ 3-7 бет

2.1. Мемлекеттік жер кадастры................................................................... 3-5 бет

2.2. Жер кадастрын жүргiзу тәртiбi............................................................ 5-6 бет

2.3. Жерді есепке алу.................................................................................... 6-7 бет

ІІІ. Қорытынды.............................................................................................. 8 бет

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер................................................................... 9 бет

І. Кіріспе

Кадастрлық нөмір - бұл Ресей Федерациясының аумағында қайталанбайтын және уақыт сандар жиынтығында қайталанбас, жеке тұлға. Ол инвентаризация процесінде тағайындалады. Француз кадастрынан (кадастрдан) аударылған - бұл бір жүйеге енгізілген объект туралы жаңартылған ақпарат. Көрсетілген цифрлар жиынтығы сақталады және әкімшілік-аумақтық шекараларда құқықты тіркеудің барлық кезеңінде өзгермейді. Сіз EGRP үзіндісін сұрастыру арқылы кадастрлық нөмірді тексере аласыз. Ақпаратта ғимарат немесе ғимарат орналасатын жер учаскесінің жеке берілген тұлғалары көрсетіледі. Ақпаратта инвентарлық нөмірі да бар. Ғимараттың немесе ғимараттың үй-жайындағы ақпаратта ғимараттың немесе құрылыстың өзіндік саны, сондай-ақ үй-жайдың түгендеу нөмірі болады. Инвентаризация - жер учаскесінде немесе ғимаратта / құрылымда орналасқан элементтерді техникалық есепке алу процесі.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Мемлекеттік жер кадастры

Мемлекеттiк жер кадастры Қазақстан Республикасы жерiнiң табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi, нысаналы пайдаланылуы, мөлшерi мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерiнiң кадастрлық құны туралы мәлiметтердiң, өзге де қажеттi мәлiметтердiң жүйесi болып табылады. Мемлекеттiк жер кадастрына жер учаскелерiне құқықты субъектiлер туралы ақпарат та енгiзiледi. Жер кадастрының құрамдас бөлiгi суармалы жер учаскелерiнiң мелиорациялық жай-күйi, олардың табиғи және ирригациялық-шаруашылық жағдайлары бойынша сапалық сипаттамаларын бағалау туралы, оларды пайдаланудың есебi туралы мәлiметтер жүйесiн құрайтын суармалы жердiң мелиорациялық кадастры болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастры мемлекеттік кадастрлар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асырады. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарлардың бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Мемлекеттiк жер кадастрының мәлiметтерi мемлекеттiк ақпараттық pecуpc болып табылады. Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қалыптастыру топографиялық- геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерге орналастыру жұмыстарын, топырақ зерттеу, геоботаникалық зерттеулер мен іздестірулер, жер мониторингі бойынша жұмыстарды, жерді сандық және сапалық есепке алуды жүргізумен, нақты жер учаскесіне жер-кадастр ісін жасаумен, жер-кадастр карталары мен жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты дайындаумен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттiк жер кадастрының деректерi жердi пайдалану мен қорғауды жоспарлау кезiнде, жерге орналастыруды жүргiзу, шаруашылық қызметтi бағалау және жердi пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да iс- шараларды жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ жердiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру, құқықтық және басқа да кадастрларды жүргiзу, жер үшiн төлем мөлшерiн айқындау, жылжымайтын мүлiк құрамындағы жер учаскелерiнiң құнын және табиғи ресурстар құрамындағы жердiң құнын есепке алу үшiн негiз болып табылады. Мемлекеттiк жер кадастрының деректерiн есепке алу мен оларды сақтау бiрлiгi тұйық шекарада бөлiп шығарылған, белгiленген тәртiппен жер құқығы қатынастары субъектiлерiне бекiтiлген жер учаскесi болып анықталған. Жерге меншiк нысанына, жер учаскелерiнiң нысаналы мақсатына және оларды пайдаланудың рұқсат етiлген сипатына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелерi мемлекеттiк кадастрлық есепке алуға жатады. Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлу жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлер беру мақсатында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлудiң бiрлiгi есептiк тоқсандық болып табылады. Орналасқан жерiн анықтау мақсатында әрбiр жер учаскесiне кадастрлық нөмiрлер берiледi. Кейiннен құқық кадастрында пайдаланылатын есептiк кварталдардың шекарасы сәулет және қала құрылысы органдарымен, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу органдарымен келiсiм бойынша жер учаскесінің орналасқан жері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдары айқындайды және тиiстi жергілікті атқарушы органдар бекiтедi. Шоқ ормандар алып жатқан есептік орам шекаралары шегіндегі жер учаскелеріне есептік орамға кадастрлық нөмір беріле отырып, бір сәйкестендіру құжаты дайындалады және беріледі. Жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн түзу мақсатында облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, аудандарға және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берiлетiн кодтардың тiзбесiн ҚР Үкiметi белгілейді.. Жер-кадастр құжаттамасы есепке алудың барлық деңгейлерiнде: базалық, мезгiл-мезгiл жаңартылатын және жыл сайын жасалатын құжаттаманы қамтиды.


Базалық жер-кадастр құжаттамасына:

1) жер-кадастр істері;

2) жер-кадастр кiтабы;

3) жердiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмi;

4) жер-кадастр карталары жатады.

2.2. Жер кадастрын жүргiзу тәртiбi

Жер кадастр құжаттамасының құрылымын, құрамын, мазмұны мен нысандарын, сондай-ақ оны жүргiзу тәртiбiн орталық уәкiлеттi орган бекiтедi. Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу тәртiбi:

1. Мемлекеттiк жер кадастры қағазға түсiрiлiп жүргiзiледi және ақпаратты жинақтаудың, өңдеу мен сақтаудың электрондық жүйелерiн пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін.

2. Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу тәртiбi ҚР заңдарында белгiленедi.

Мемлекетіміздің 14 облысындағы табиғи-климаттық-экономикалық және жер ресурстарын пайдалану жағдайының ерекшелігі жер кадастрын жүргізуді талап етеді. Жер кадастры әрбір экономикалық-әкімшілік аудандар мен ауылшаруашылық зоналарының даму ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік жасайтын деректерді жинақтау болып табылады. Жер кадастрының обьектісіне-әкімшілік-аумақтардағы жер қоры жатады. Жерге жекеменшік енгізуіне байланысты, оны тіркеудің маңызы артып отыр. Себебі жекеменшіктегі жерлер құқықтық қорғалуды қажетсінеді. Жер кадастрлік құжат текстік және жоспарлы – картографиялық болып бөлінеді. Текстік – кітап, ведомост, карточка, тізім, түсіндірме жазулар түрінде болады. Жоспарлы- картографиялық құжаттар жер учаскелерінің сызба бейнелерін – жоспарларды, карталарды, картограммаларды көрсетеді. Жер кадастрінің басқа есепке алу түрлерінен айрықшылығы – оның тек жоспарлы-картографиялық негізде жүргізілуі. Кадастр үшін керек мәліметтер жоспарлы-картографиялық материалдарда сызба түрінде көрсетіледі. Қазақстанда жер кадастрын жүргізу автоматтандырылған жүйеге салынып отыр, барлық мәліметтер компьютерлерге енгізіліп сақталады. Бұл ақпаратпен жұмыс істеу үшін арнайы бағдарламалар жасалынған. Картографиялық материалдар да компьютерлерге енгізіліп, электрондық жоспар-карта түрінде шығарылады.

Кадастрлік құжат негізгі және қосымша деп бөлінеді. Негізгі құжат рәсімінің тізімін, сол құжаттарға кіретін мәліметтер құрамын Жер ресурстарын басқару Агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыныс жасайды. ҚР Үкіметінің «Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі» туралы қаулысы бойынша негізгі жер-кадастрлік құжаттарына:

1) жер учаскесінің жер-кадастрлік ісі;

2) ауданның (қаланың) мемлекеттік жер-кадастрлік кітабі;

3) жер-кадастрлік картасы жатады.

Тиісті жазулардың заңды негізі ретінде құжаттар жерлердің барлық санаттары бойынша кадастрлік құжаттарды жүргізу тәртібін белгілейді. Ол құжаттар – ҚР Үкіметінің қаулысы, атқарушы органдарының шешімдері. Жер кадастрында тағы арнайы есептік құжат жүргізіледі. Ол текстік құжатқа жатады. Оған қосымша картограммалар, диаграммалар, жоспарлы-картографиялық материалдар тіркеледі. Жер кадастрының әр сатысында – жер учаскесі, кәсіпорын, аудан, облыс, республикалық мәліметтер бойынша белгілі байланысы бар тиісті құжаттар толтырылады. Қосымша кадастрлік құжатта негізгі жер кадастрлік құжатта бар материалдарға қосымшалар және түсініктемелер келтіріледі. Мағлұматтарды алу және кадастрлік құжатты толтыру үшін алғашқы құжаттардың мәліметтері пайдаланылады. Оларға түсіру және зерттеу, жоспарларды түзеу материалдары, түгендеу, жерді үйлестіру, орманды үйлестіру, мелиорация және т.б. мәліметтер жатады. Жер кадастрының кейбір бөліктерін жүргізу үшін қажетті кадастрлік құжаттардың және материалдардың, жұмыстардың түрлері кіреді. Жер учаскелерін тіркеу – заңдық және нормативтік құжаттар, жер учаскелеріне құқықтарды рәсімдеу және табыстау тәртібі, құжаттардың рәсімі, жерлерді бөліп беру, шекараларды, аудандарды, алқап құралдарын, бөлінуі, ауыртпалықтарын және пайдаланудағы басқа шектеулерді анықтау, картографиялық жұмыстар.



2.3. Жерді есепке алу

Жерлерді есепке алу – тіркеу мәліметтері, есепке алу, және есеп беру құжаттары, картографиялық материалдар, бонитеттеу, жерлерді бағалау мәліметтері, жер учаскелері, санаттары, алқап түрлері, құқық субъектілері бойынша есепке алуды жүргізу; Жерлерді бағалау – жерлерді аймақтау, топырақтарды бонитеттеу, жерлерді бағалау әдістемесі, жерлерді есепке алу мәліметтері, топырақтық геоботаникалық зерттеу, ізденіс материалдары; Жер кадастрының автоматтандырылған жүйесі – компьютерлік техникамен қамтамасыз ету, жекешелеп оқыту, кадастрлық жұмыстардың барлық түрлерін бағдарламамен қамтасыз ету. Жер кадастрының көп функциялық байламы жер учаскесін сипаттаушы мәліметтер жиынтығынан (құнарлық, топырақ және өсімдік жамылғысы, геоморфология, гидрология, орналасуы, экологиялық жағдайы және т.б.), жерлерді сан және сапалық есепке алудан кадастр ақпаратын жинауын, сақтауын, беруін (жер учаскелерінің, кварталдардың, аудандардың, қалалардың, облыстардың, Республиканың электрондық карталарымен қоса) қамтамасыз ететін автоматтандырылған жүйені жүргізуден, жер туралы есеп жасау және есеп беруден тұрады. Топырақтардың табиғи қасиеттері бірдей болмайтындықтан, оларды салыстырмалы түрде бағалау қажет болады, нақты айтқанда топырақтарды бонитеттеу керек. Жерлерді тіркеу, есепке алу жөніндегі мәліметтер жеке учаскелердің топырақтарын бонитеттеуде бастапқы ақпарат болып келеді. Жердің сапасы табиғи факторлармен шектелмей, экономикалық жағдайларға тәуелді болады.

ІІІ. Қорытынды

Сондықтан жерді өндіріс құралы ретінде экономикалық бағалау керектігі пайда болады. Осы бағалаудың мәліметтері тіркеу - есепке алу және бонитеттеу мағлұматтарына сүйенеді. Өз кезегінде, кадастрдың әр бөлігінің жүргізілуінің нақты арналуы, мазмұны, белгілі әдістемелері, тәсілдері бар. Оның әр біреуі белгілі жағдайда жеке жүргізілуі мүмкін. Мысалы, бір кезеңде жер тіркеуге, ал басқа уақытта - жерлерді есепке алуға көңіл бөледі. Белгілі кезеңде оларды топырақтарды бонитеттеу және жерлерді экономикалық бағалау мәліметтерімен толықтыру қажеттілігі туады. Орындалатын жұмыс аумағына, сипатына байланысты жер кадастры: негізгі, күнделікті болып екі түрге бөлінеді. Негізгі кадастрдың мақсаты – кадастрленетін жер учаскесі, аудан, облыс жерлерінің табиғи, құқықтық, шаруашылық жағдайы туралы алғашқы мәліметтерді алу. Мұнда алқаптардың көлемі, құралы, сапалық сипаттамасы, жерлердің пайдалануы, шығындар және т.б. мәліметтерден тұратын құжаттар, материалдар жинақталып, олардың толықтығы дұрысталып талданады. Керек болса, толық және сенімді мәліметтерді алу мақсатымен қосымша жұмыстар орындалып, материалдар түзетіледі. Осы мәліметтер негізінде мемлекеттік жер кадастры құжаттарына алғашқы жазу түсіріледі. Сонымен, негізгі кадастр жүргізу нәтижесінде жер қорының мөлшерлері, олардың негізгі санаттары бойынша үлестіріледі және бағалау туралы мағлұматтар алынады. Негізгі кадастр жерлерді түсіру, зерттеу, жазу, бағалау бойынша көп аумақты, қомақты жұмыстарды жүргізумен байланысты. Топырақтық және геоботаникалық зерттеулер ведомстволық бағыныштыққа қарамай, кадастр талаптары бойынша мемлекеттік бағдарламамен кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде орындалады. Жерлерді күнделікті есепке алу міндетіне үлестіру, жерлердің сапалық жай-күйі және пайдалануы туралы өзгерістері мәліметтерін анықтап, жер кадастрлік құжаттарға түсіру, сондай-ақ жаңа жер учаскелері туралы мәліметтерді жазу кіреді.


ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

  1. © Т.Есполов, Т.Жоламанов, Т.Пентаев, О.Абралиев, 2013

  2. © ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2013