Файл: Таырыбы азастанны Жаа мамандытар атласы негізіндегі ебек нарыындаы заманауи трендтер. Жобаны масаты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 42
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырыбы: Қазақстанның «Жаңа мамандықтар атласы» негізіндегі еңбек нарығындағы заманауи трендтер.
Жобаның мақсаты: Болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау процесінде жастарға дұрыс кәсіби бағдар беруде, жастардың еңбекке саналы көзқарасын қалыптастыруда, өз мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сәйкес және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтау.
Міндеттері:
-
Жаңа мамандықтар атласына сәйкес кәсіпті, мамандықты таңдау туралы түсініктерін кеңейту және тереңдету -
Болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтарға сай ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту -
Оқушыларға кәсіптік өзін-өзі айқындауды шешуде көмек көрсету; -
кәсіптерді дербес және саналы таңдауын қалыптастыруға ықпал ету. -
Еңбек нарығындағы өзгерістер мен кәсіптік салаларда пайда болатын жаңа трендтер туралы білімдерін кеңейту
Жобаның өзектілігі: Көптеген жастар мамандық таңдағанда өз қалауына сүйенбейді, жұмыс істей алмай, əлеуетін толық іске асыра алмайды. Ал алған дағдылары мен білімдері уақыт өте ескіреді жəне олар еңбек нарығында бəсекеге қабілетсіз болып қалады. Сол үшін де жастарға кәсіптік бағдар беруде еңбек нарығындағы заманауи трендтер туралы түсініктерінің болуы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Күтілетін нәтиже:
-
Ақпараттық, коммуникативтік, білімділік, бағдарлық құзіреттіліктері қалыптасады; -
Мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымдары кеңейеді;
Кіріспе: Қазақстанда 7 мыңға жуық мектепте 3,5 миллион оқушы білім алады. Жыл сайын орта есеппен 70 мыңнан астамтүлек жұмысқа орналаса алмайды. Жұмысқа тұрған түлектердің 40,1%-ы мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Мамандық таңдауда əр төртінші адамға ата-анасы əсер етеді, ал6,4%-ы оқу гранттарының болуына, 4%-ы – достарының ұсынысына сүйенді. Жастардың үштен бірінен астамы мамандықты өздері таңдамайды. Бұл "Қазақстанның еңбек нарығы: жаңа реалия жағдайындағы даму" ұлттық баяндамасындағы деректер (қыркүйек, 2021 жыл) Сол себепті қазіргі таңда түлектерге кәсіби бағдар ұсынып, кеңес айту үлкен маңызға ие. Кәсіби бағдар беру – шешімі табылуға тиісті өте күрделі кешенді мәселе. Өзінің әдістемесі және мазмұны жағынан оның психологиялық, педагогикалық, физиологиялық және әрекеттік аумағы жағынан әлеуметтік сипаты болады. Нәтижесі қоғамның экономикалық өміріне әсер етеді. Сонымен қатар, кәсіби бағдар беру қоғамның жұмыс күшін қайта өндірудің маңызды құралы саналады. Білім саласындағы кәсіби бағыттың ауқымы кең және алуан түрлі. Бұл істің жүргізілуі кадрлар даярлауды жоспарлаумен, білім беру жүйесін одан әрі жетілдірумен тығыз байланысты екендігі сөзсіз. Қазіргі заман талабына сай мамандықтарды игерген жастарға сұраныс өте жоғары. Нарықтағы бәсекелестік күн өткен сайын артып келеді. Бүгінгі заман талабы кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талаптардың бірі.
Жаңа мамандықтар атласына сәйкес кәсіпті, мамандықты таңдау туралы түсініктерін кеңейту және тереңдету
Бүгінгі таңда мамандықты дұрыс таңдауды «Жаңа мамандықтар Атласының» көмегімен жасауға болады.
Әлемдегі жылдам экономикалық, технологиялық, әлеуметтік және басқа да өзгерістер кәсіптер әлемін өзгертеді. Кей кәсіптер пайда болып, танымал болады, басқа мамандықтар аз сұранысқа ие болып, ескіріп қалады. Әрбір мемлекет еңбек нарығында мынадай: өзінің болашағын зерттеу, өзгерістерді реттеу және мамандарды қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді. Осы жұмыс нәтижелерінің бірі Жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы болып табылады. Бұл атлас алғаш рет Қазақстанда 2019 жылы жарияланды және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында орналастырылды.
Жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы – бұл әр сала сарапшыларының пікірінше, қазірдің өзінде сұранысқа ие және жақын арада пайда болатын кәсіптер жинағы. Бұл Атласта бізге жақын болашақ 5-10 жылға айқындалған. Сонымен қатар, Атлас таптырмайтын көмекші және кәсіптік бағдар беру жөніндегі консультанттардың пайдалануы үшін ресурс болып табылады.
Ұсынылған Кәсіптер атласы материалдарының негізінде технологиялық форсайт (Форсайт (foresight) ағылшын тілінен аударғанда «болжау» дегенді білдіреді.)негізінде болашақты болжау әдіснамасын пайдалану жатыр. Технологиялық форсайт озық технология мен кең инновациялардың дамуымен қандай еңбек дағдылары ең сұранысқа ие екенін айқындауға мүмкіндік береді.
Форсайт әдіснамасының негізгі алғы шарттары:
-
Болашақты дәл болжау немесе алдын ала айту мүмкін емес; -
Болашақ біздің әрекеттерімізге және қазіргі кезде жұмсайтын күш-жігерімізге байланысты; -
Болашақ дамуының көптеген нұсқалары бар және біз өзімізге көбірек ұнайтын сценарийді таңдай аламыз.
Сонымен қатар, Жаңа кәсіптер атласында сіз кәсіптердің мынадай 3 тобының сипаттамасын таба аласыз:
-
Жаңа кәсіптер – әлі ресми түрде жоқ, бірақ жоғары ықтималдық дәрежесімен жақын арада пайда болатын кәсіптер; -
Трансформацияланатын кәсіптер – бұл қазірдің өзінде бар кәсіптер мен мамандықтар, олар жоғары ықтималдық дәрежесімен қатты өзгереді; -
Жойылып бара жатқан кәсіптер – бұл жоғары ықтималдық дәрежесімен жақын арадағы болашақта сұранысқа ие болмайтын кәсіптер мен мамандықтар.
Ескі кәсіптердің өзгеруі немесе жаңа кәсіптердің пайда болуы әлемде қандай технологиялардың дамитынына және болашақтың дамуын қандай трендтердің айқындайтынына байланысты. Басқаша айтқанда, кәсіптер әлеміндегі өзгерістер экономикадағы, технология мен қоғамдағы орнықты процестерге байланысты. Олар ғылыми прогреспен бірге инновациялық технологияларды туғызады. Еңбек қызметіндегі жаңа технологиялар жұмыстың бір бөлігін адамдардың көмегінсіз орындай бастайды. Осылайша, ескі мамандықтардың жоғалуы және жаңаларының пайда болуы технологиялық өзгерістерден бастау алады. Демек, мамандарға қойылатын талаптар өзгереді, кейбір дағдылар мен білім маңыздылығын жоғалтады және жаңа дағдыларға сұраныс пайда болады.
Қазақстанның жаңа кәсіптері мен құзыреттерінің атласы мынадай 9 сала бойынша дайындалды:
-
Тау-кен металлургия саласы -
Мұнай өндіру және қайта өңдеу -
Ауыл шаруашылығы -
Көлік және логистика -
IT-технологиялар -
Машина жасау және металдар -
Туризм -
Энергетика -
Құрылыс және құрылыс материалдары
Болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтарға сай ХХІ ғасыр дағдылары
Мельбурн Университеті базасында Cisco, Intel и Microsoft корпорациялары әзірлеген ХХІ ғасырда Оқыту және Бағалау Білігі бойынша Консорциумның (AT21CS) мысалы жиі келтіріледі. Аталған консорциум құрамына Австралия, Финляндия, Португалия, Сингапур, Ұлыбритания және АҚШ кіреді. AT21CS жаңа жүзжылдықта қажетті біліктерді, білімді, құндылықтарды, этикалық қатынастар мен ұғымдарды төрт дәреже бойынша топтастырады:
• Ойлау тәсілдері: креативті және инновациялық ойлау, сыни ойлау, мәселелерді шешу, шешім қабылдау және оқу үшін оқыту (метакогниция или метатаным).
• Жұмыс тәсілдері: коммуникация және бірлесіп әрекет ету
• Еңбек құралдары: ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану білігі және ақпараттық сауаттылық.
• Өмірлік дағдылар: азаматтық ұстаным, өмір мен мансап, жеке және әлеуметтік жауапкершілік, оның ішінде мәдени сауаттылық және құзыреттілік.
Тони Вагнердің «The Global Achievement Gap» (2008) Өзгерістерді Басқару бойынша Гарвард Тобы жетекшілерінің кітабынан тағы бір анықтама алынды. Мәселені зерттеген Вагнер бірнеше жүздеген жұмыс берушілер арасында ХХІ ғасыр дағдыларына байланысты сұхбат жүргізіп, соның негізінде «өмір сүрудің жеті дағдысын» ұсынды:
1. Сыни ойлау және мәселелерді шешуге қабілеттілік.
2. Ынтымақтастық және көшбасшылық.
3. Зеректілік және бейімделуге қабілеттілік.
4. Бастамашылдық және іскерлік.
5. Тиімді ауызша және жазбаша коммуникация.
6. Ақпаратты алу және талдау білігі.
7. Білімге құмарлық және қиял.
2025 жылға арналған 15 үздік дағды
-
Талдамалық ойлау және инновациялар -
Белсенді оқыту және оқыту стратегиялары -
Проблемаларды кешенді шешу -
Сыни ойлау және талдау -
Шығармашылық, сонылық және бастамашылық -
Көшбасшылық және әлеуметтік ықпал -
Технологияларды пайдалану, мониторинг және бақылау -
Технологиялық дизайн және бағдарламалау -
Орнықтылық, күйзеліске төзімділік және икемділік -
Пайымдаулар, проблемаларды шешу және идеялар -
Эмоциялық интеллект -
Ақаулықтарды жою және пайдаланушымен өзара іс-қимыл жасау -
Сервистік бағдарлау -
Жүйелік талдау және бағалау -
Сендіру және келіссөздер
Қорытынды:
Бабам қазақ өмірде екі нәрсе таңдауда қателеспе деген екен. Біріншісі – жар таңдауда, екіншісі – мамандық таңдауда. Алғашқысына отбасыңда көрген тәрбиең мен құндылықтарың арқылы сезініп, қадам жасайсың. Ал мамандықты таңдауда қандай қадамға барамыз? Бұл туралы әл-Фараби атыдағы Қазақ ұлттық университінің Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институты директоры, Колумбия Жер институтымен бірлескен MDP/Global Classroom тұрақты даму бойынша бағдарламасының директоры Рафис Абазовпен сұхбаттастық.
– Көп ұзамай мектеп оқушылары мен ата-аналары сандық дәуірде табысты болуы үшін университетті дұрыс таңдауға қадам жасайды. Қазіргі таңда жаһандық жоғары білім беру жүйесінде қандай өзгерістер орын алуда және біз нендей трендтерді көреміз?
– Қазіргі білім беру философиясы мүлдем басқа бағытқа бет бұрды. Бенджамин Франклиннің сөзімен айтсам, білім беруге салынған инвестиция – жоғары дивиденд алудың кепілі. Оның үш негізгі бағытын, трендін атап өткім келеді.
Бірінші тренд – ХХІ ғасырдың 4.0 экономикасына негізделген білім жүейсі еңбек нарығы сұранысына сәйкес технологиялық жағынан дайын жастарды талап етуі. ХІХ-ХХ ғасырдағы жоғары білім гуманизм идеясына негізделіп, азамат ретінде қоғам дамуын қолдайтын көпқырлы мамандарды даярласа, ХХІ ғасырда адамның жеке тұлғалық қасиеті дамып, креативті және тиімді болуына мүмкіндік беретін дағдылар қалыптаса бастады. «Apple» компаниясының негізін қалаушы Стив Джобс айтқандай, «білім берудегі ең маңызды фактор – креативті «ізденуші адам».
Екінші тренд – еңбек нарығының трансформациялануы. Біз оны disruptive innovations (қиратқыш инновация) деп атаймыз. Бұл нені білдіреді? Олар (қиратқыш инновациялар) еңбек нарығының концепциясын түбегейлі өзгертеді. Қазірдің өзінде ХХ ғасырда сұранысқа ие болған көптеген мамандықтардың аты да аталмайды. Жақында танымал «Forbes» журналы алдағы онжылдықта жойылуы мүмкін 20 мамандықтың тізімін жариялады. Таяу уақытта «қиратқыш инновация» еңбек нарығын «жарады». «Harvard Business Review» журналы атап өткендей, біз «іргелі цифрлық трансформация» дәуіріне қадам бастық. Яғни, өндірістік қоғамнан бас тартып, тұтыну мен виртуалды әлемге негізделен қызмет көрсету қоғамына ауысып келеміз. Бүгінгі таңда инженер маманына білім-білігі жетіп тұрса да жұмыс табу қиын. Себебі, Еуразияның көптеген елдерінде өндірістік сектор 1990-1991 жылдармен салыстырғанда 50%-ға азайған. Енді біз тағы бір құбылысқа куә болып отырмыз, ол – жасанды интеллект. Болашақта робототехника дамып, еңбек нарығындағы жағдайды тағы да өзгертеді.
Үшінші тренд – виртуалды экономика. Интернет, планшет, смартфон және компьютерлер – бұл қазіргі уақытта тек IT-технологияның ғана емес, әр жұмыстың экономикалық құралы. Және бұл экономика мамандардан түрлі технологиялық дағдыларды білуді талап етеді.
Демек, мәселе мынада: мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары «дұрыс» универиситетті ғана таңдап қоймай, «дұрыс» мамандықты да таңдай білуі керек! Ол заманауи, сандық технологияға негізделсе, ешқашан ұтылмайды. Жоғары оқу орны қазақстандық немесе америкалық болсын, мәселе онда емес, ең маңыздысы – мамандықты адаспай таңдау!