Файл: ыса мерзімді жоспар Пні Физика.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 22

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар


Пәні: Физика

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Жарық құбылыстары

Мектеп:№4 ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің аты жөні:Танабаева Г.С.

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Жарықтың түзу сызықты таралу заңы

Law of direct linear light distribution

Оқу мақсаты

8.5.1.1 Күннің және Айдың тұтылуын графикалық бейнелеу

Сабақ мақсаты

1.Жарық, жарық көздері ұғымын түсіндіру.

2.Жарықтың түзу сызықты таралу заңын түсіндіру,

жарықтың түзу сызықты таралуына өмірмен байланыстырып мысалдар келтіру.

3.Күннің және Айдың тұтылуын графикалық бейнелеу.

Бағалау критерийі

1.Жарықтың түзу сызықты таралу заңын біледі

2.Жарықтың түзу сызықты таралуына өмірмен байланыстырып мысалдар келтіре алады.

3.Күннің және Айдың тұтылуын графикалық сызып көрсете алады.

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білу,түсіну,қолдану,талдау.

Тілдік мақсаттар


Пәнге байланысты сөздік қоры мен терминдер.

Оптика, күн сәулесі, жарық көздері, жарықтың түзу сызықты таралуы, күн тұтылуы ,көлеңкелер, Ай тұтылуы

- Оптика жарық құбылыстарын зерттейтін физиканыӊ бір бөлімі.

- Өзінен жарық шығаратын денелер жарық көздері деп аталады

- Жарықтың түзусызықты таралу заңы:жарық біртекті мөлдір ортада түзу сызық бойымен таралады .

сəуле – луч – ray

Сəуле – бойымен жарық таралатын сызық.

Луч - линия вдоль света.

A ray is a line along the light.

жарық көз – точечный источник – point source

Жарық көзі – егер шығу көзінен экранға дейінгі қышықтықпен салыстырғанда

жарық көзінің көлемін елемеуге болса, онда ол нүктелік жарық көзі.

Точечный источник - излучающий свет по всем направлениям равномерно и

размерами которого по сравнению экрана, на котором оценивается его действие,

можно пренебречь.

A point source - emitting light in all directions uniformly and whose dimensions

compared to the screen on which its action evaluated can be neglec

Құндылықтарды дарыту

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы: Оқушыларда шығармашылық, инновациялық қабілеттерін арттыру, бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптастыру.

Пән аралық байланыс

Күн сәулесі, Күннің тұтылуы ,көлеңкелер,Айдың тұтылуын география пәнімен байланыстырады.

Күннің және Айдың тұтылуын графикалық сызып көрсетуін бейнелеу пәнімен байланыстырады.

АКТ-ны қолдану дағдылары

Электронды оқулық, слайд, интернет желілері, оқулық, проектор, интерактивті тақта

Алдыңғы білім

Жаратылыстану пәнінен жарық,жарық көздері ұғымдарын біледі.

Физика 7-сыныптан Күн жүйесі планеталардың қозғалысын біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Сәлемдесу

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет қол шапалақтаймыз!

Белсенділік танытамыз десек 3рет қол шапалақтаймыз!

«Тақырыпты тап?» әдісі

арқылы оқушыларға «жарық көздері», «Айдың тұтылуы», «Көлеңкелердің түрлері» суреттерді ұсынып,сол суреттерге байланысты сұрақтар құрастыру керек. Сұрақтар сол суреттің қасиетін ашу керек.Сол сұрақтар арқылы сабақ тақырыбы қандай болуы мүмкін екендігін анықтауды ұсынамын және топқа бөлемін.

1-топ «Жарық көздері»

2-топ «Көлеңкелердің түрлері»

3- топ «Айдың тұтылуы»



Тапсырма

- Әр суретке байланысты сұрақтар құрастыр

-Сұрақтарға жауап бер


Суреттер


Сабақтың ортасы

30 мин

Жаңа сабақ

Жаңа сабақты «Стоп кадр» әдісі арқылы бастаймын.Мұндағы бейнеролик арқылы оқушылар өздері құрастырған сұрақтарына жауаптар алады.

Жарық көздері,жарықтың таралу заңына байланысты бейнематериалдарды көрсету арқылы окушылардың тақырыпты ашуына мұмкіндік беру және толықтай игерту.

https://www.youtube.com/watch?v=JItpzIpr_iw

Жарық көздері

Өзінен жарық шығаратын денелер жарық көздері деп аталады. Жарық көздері екіге бөлінеді: табиғи және жасанды жарық көздері.

Табиғи жарық көздері: Күн, жұлдыздар, найзағай, өзінен жарық шығарушы жәндіктер т.б.


Жасанды жарық көздері екіге бөлінеді: жылулық және люминесценцияланатын (салқын жарық көздері).

Жылулық жарық көздері:



Люминесценцияланатын жарық көздері (салқын жарық көздері): күндізгі жарық шамдары, теледидар экраныныӊ жарығы т.б.



Жарық сәулесі – жарық энергиясының таралу бағытын көрсететін сызық. Жарық сәулесі толқын шебіне перпендикуляр жүргізілген және толқын ұйытқуының таралу бағытын көрсетеді.



Жарық шоғы және жарық сәулелері

Нүктелік жарық көздері (физикалық модель) – қарастырылып жатырған жағдайда өлшемдері еленбейтіндей жарық көздері.


Күнделікті тұрмыстан жарық құбылыстарына мысалдар келтіреміз.

Жарық көздеріне мысалдар:



1-тапсырма

Кестемен жұмыс

Сұрақтарға жауап


Табиғи жарық көздері

Жасанды жарық көздері































«Бірізді сұрақ-жауап» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар қоямын.

-табиғи жарық көздеріне не жатады?

-жасанды жарық көздерін атаңдар.

- табиғи және жасанды жарық көздерінің айырмашылығы неде?

Дескрипторы: - табиғи жарық көздерін біледі

- жасанды жарық көздерін біледі

- табиғи және жасанды жарық көздерінің айырмашылығын біледі,ажырата алады

Кері байланыс:

Операциялық жүйелер жетістігі

- Керемет,жарайсың

-Өте жақсы

- Жаксы

- Жақсы,бірақ әлі де жұмыс жасау керек

Деген кері байланыстар арқылы оқушыларды жігерлендіріп отырамын.

Сергіту сәті «Көлеңке» ойыны.
Бұл ойын жарықтың түзу сызықпен таралатынын оқушылардың есіне түсіреді. Қараңғыланған бөлмеде сыныптың сыртында тосу үшін бір оқушыны таңдайды. Содан кейін бір оқушыдан оның көлеңкесі тақтаға түсетіндей сынып бөлмесінің артқы жағына отыруын сұрайды. Алынған көлеңкенің контурын сызып қояды. Сыртта тұрған оқушыны шақырып, ол тақтадағы профиль кімдікі екенін анықтауы керек. Бұл ойынды келесі оқушымен де қайталауға болады.Осы ойын арқылы оқушылардың арасында көлеңкенің пайда болу себептерін білуге деген құштарлық пайда болады. Ал ол сұрақтардың жауабын келесі тапсырмаларды орындау барысында түсінеді,біледі.
2. «ПДМД»әдісі

Бұл әдісте оқушылар белгілі бір позицияны ұстанып,ойын толық қорытындылайды.

https://www.youtube.com/watch?v=gDuGaVBRsuc

П-позиция(жеке пікірі,ойы,көзқарасы)менің ойымша,менің жеке пікірім...

Д-дәйектер (негіздемелер)себебі......

М-мысал(фактілер,айғақтар) мысалы.......

Д-демек(қорытынды) сондықтан да......
Жарықтың түзусызықты таралу заңы: жарық біртекті мөлдір ортада түзу сызық бойымен таралады (көленкенің пайда болуы).

Жарықтың түзу сызықты таралу заӊын Евклид (б.э.д 325-265 ж.) тапқан.

Жарық шоқтарының тәуелсіздік заңы: жарық шоқтары ортада бір-бірінен тәуелсіз таралады.



Көлеӊке және жарты көлеӊке

Көлеӊке – жарық сәулесі жетіп бармайтын аймақ.



Егер нәрсеге нүктелік жарық көзінен шыққан жарықты бағыттасақ, онда экранда шекаралары анық болған көлеӊке пайда болады.


Жарты көлеӊкеніӊ пайда болуы

Егер нәрсеге нүктелік емес жарық көзінен шыққан жарықты бағыттасақ, онда экранда көлеӊке және жарты көлеӊке пайда болады.





Көлеӊкеніӊ және жарты көлеӊкеніӊ пайда болуы

2-тапсырма

*Жарықтың таралу заңы қалай тұжырымдалады?

*Жарықтың түзу сызықты таралу заңына өмірмен байланыстырып мысалдар келтіру
Дескрипторы .

- Жарықтың таралу заңын тұжырымдайды

- Мысалдар келтіреді
3.«Ойда тұтқаныңды дәлелде,суретін сал» әдісі

бойынша алған білімдерін тиянақтап дәлелдейді және графикалық түрде сызып көрсетеді.
Күнніӊ және Айдыӊ тұтылуы

Күнніӊ тұтылуы: Ай Күнмен Жердіӊ ортасында орналасқан кезінде Айдыӊ көлеӊкесініӊ Жерге түсу құбылысы.



Айдыӊ тұтылуы: Ай Жердіӊ көлеӊкесінде қалу құбылысы.


2- тапсырма

Берілген сұрақтар арқылы «Ойыңды дәлелде»

*Көлеңкенің пайда болу себептерін түсіндір.

*Күннің және Айдың тұтылуын қалай түсіндіресің?

*Күннің тұтылуын графикалық түрде сызып көрсет.

*Айдың тұтылуын да графикалық түрде сызып көрсет.

График түрде сызып көрсет

Берілген үлестірмелерге Күннің және Айдың тұтылуын графикалық түрде сызып көрсет.






Жауаптары





Дескрипторы:

- Жарықтың таралу заңын біледі.

- Көлеңкенің, алакөлеңкенің пайда болу себептерін түсінеді.

- Күннің және Айдың тұтылу құбылысын түсіндіріп бере алады.

- Күннің және Айдың тұтылуын графикалық түрде сызып көрсете алады.
Кері байланыс «Басбармақ» тәсілі






Бейне ролик

youtube

1-үлестірме

стикерлер



Бейне ролик

youtube

2-үлестіре

А4 форматтағы ақ қағаз, маркер, қаламсап

Сабақтың аяғы

5 мин

Сабақты қорытындылау

Осы тақырыпта нені меңгердіңдер?


Жаңа ұғымдар мен құбылыстар

Бұл тақырыпта бұрын нені білетінсіңдер?

Қандай жаңа білім алдыңдар?

Не түсініксіз болып қалды?














Кері байланыс «Білім ағашы»

Критериалды бағалау

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін,көңіл-күйін стикерге жазып,тақтада

"Білім ағашына" жапсырады.

"Білім ағашы"

Жасыл алма- ұнады,меңгердім.

Сары алма-түсіндім,бірақ аздап қиналдым.

Қызыл алма-түсініксіз



Үйге тапсырма: Жарықтың түзу сызықты таралу заңыТақырып соңындағы практикалық тапсырмаларды орындау.



3-үлестірме


Макет «Білім ағашы»

Саралау – Сіз жоспарда қолдауды қалай басымырақ көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті балаларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың меңгерген білімдерін қалай тексеруді жоспарға енгізіп отырсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік

техникасын қорғау

Оқушыларға жеке қолдау көрсетіп, оқу материалдары мен ресурстарды оқушылардың танымдық қабілеттерін ескере отырып жасаймын. «Стоп кадр» әдісі арқылы барлық оқушылардың тақырып бойынша білімдерін қалыптастырып, танымдық қабілетін ашамын. «ПДМД»

әдісі арқылы оқушылар бейнероликтен алған мәліметтерді пайдаланып, бірлесе жұмыс жасап, өзара ой бөліп, өз ойын қорыта алады. «Ойда тұтқаныңды дәлелде,суретін сал» әдісінде жаңа білімді ұғынады,оны қолданып сызба суретін сызады, білім дағдысын, шығармашылық қабілетін қалыптастыруға және ізденіске жетелейді,тақырып бойынша алған білімді бекітіп, қорытындылайды, өзін және өзгені тыңдау қабілеті артады, сыни тұрғыдан ойлау дағдысы қалыптасады.


Сабақ барысында оқушылардың білім деңгейін тексеру үшін әр тапсырмаға дескриптор құрамын. Оқушылардан кері байланыс алу арқылы білімдерін толықтырып отырамын. Оқушыларға смайликтер беру арқылы мадақтаулар айтып, «Операциялық жүйелер жетістігі», «Басбармақ», «Білім ағашы» әдісі арқылы өздеріне бір-бірін бағалату ,сонда оқушы өз жұмысының сапасын біледі,әрі пікір айту арқылы бір-бірін талқылай отырып кемшілік тұсын, жетістігін есте сақтай алуға жетелеймін.Нені жақсарту керектігін белгілей отырып,оқушының ішкі уәжін оятамын.



Оқушыларға физика кабиетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау керек-тігі айтылды

Сабақ бойынша рефлексия

Оқу мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар ОМ жетті ме?Егер жетпесе неге? Сабақта дифференциа-ция дұрыс жүргізілді ме?Сабақтың уа-қыттары сақталды ма Сабақ жоспа-рынан қандай ауытқулар болды, неге?

Осы бөлімде сабақ туралы ойланыңыз. Сол жақтағы бағанның негізгі сұрақтарына жауап беріңіз.




Жалпы бағалау
Сабақтың екі көрінісі жақсы өтті (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға ненің әсері тиуі мүмкін (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сыныппен бөлек оқушылар туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?