Файл: Таырып Аайын ер ырысы Сабаты масаты Оушылара аайын арасындаы туысты атынас туралы тсінік бере отырып, Сйіспеншілік.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 50
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырып: Ағайын –ер ырысы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ағайын арасындағы туыстық қатынас туралы түсінік бере отырып, «Сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ашу .
Міндеттері:
- оқушыларға ағайын арасындағы береке-бірлік , татулықты сақтаудың маңызы туралы түсінік беру;
- оқушыларды туыстық қарым-қатынасты қадірлеп,бауырмалдық туралы түсініктерін кеңейту.
- оқушыларды сүйіспеншілікке , қайырымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу
Әкенің адам? Өмірінде алатын орны қандай
Адам қай уақытта ата-ананың үмітін ақтай алады?
«Атадан бала тусайшы,ата жолын қусайшы деген мақалдың мағынысын қалай түсінесің ?
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?
Ағайын –туысқа деген қазақ халқының көзқарасы қандай?
«Ел азаматы» деп қандай адамды атаған?
Дәйексөзді дәптерлеріне жазады.
Қазақтар шаңырақты бұрыннан сыйлап келген. "Ұл—орнықты алтын ту, қыз—айдыннан ұшатын аққу". Ұл баласы ер жетсе, бір шаңырақ иесі деп санаған. Ол үйленіп, үйлі жайлы болып, ата анадан бөлініп шығып, өз шаңырағын көтереді. Көп балалы отбасыларының әр баласы, ұядан ұшқан құстай, осылайша шаңырақ көтереді. Ата-анасының шаңырағында ең кіші ұлы немесе әке-шешелері қай ұлы қалады деп шешсе, сол қалады. Қартайған шақтарында өзіне жанашырлықпен қарайтын, қамқоршы болатын ұлын алып қалады. Ал, негізінде, қазақ халқында ең кенже ұлдары сол шаңырақтың иесі деп есептелген.
Әрбір шаңырақтың ең құрметті, сыйлы иесі — атасы мен әжесі. Шаңырақтың басқа мүшелері мен туған-туыстары оларды қадірлеп, ерекше сыйлайды. Қартайған шақатарында, қара шаңырақта қалған ұлының қолында қалған қарттарға, баласы мен келіні өз қамқорлықтарын көрсетеді. Басқа ұл мен қыздары қара шаңыраққа жиі келіп, араласып тұрады. Немерелері мен шөберелері қартайған қарттарға өте ыстық. "Ата — бәйтерек, бала — жапырақ" деген ғой. Ауылды жерлерде тұрған атасы мен әжесіне демалысқа шыққан немере шөберелері барып тұрады. Үлкен қарттар тұратын отауға алыстан әдейілеп келіп аман саулықтарын біліп кетіп отыру, ауырған кездерінде жандарында болу—әрбір перзенттің міндеті.
Шаңырақта қалған ұлдың міндетіне әке-шешесі қайтқанша қасында болып, қамқорлығын көрсету жатады. Оған басқа ұл-қыздары көмектерін көрсетеді. Сол үйдің шаңырағын мықтап ұстау, тоздырмау, қонақжайлылық көрсету деген сияқты міндеттері бар. Ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдырған бұл үйді киелі тұтып, оған құрметпен қарайды. "Ағайын — ағайынның айнасы". Ағайын арасындағы татулық қара шаңыраққа деген құрметтерінен білінеді. Әке-шешелері қайтқаннан кейін де, ұлдары мен қыздары қара шаңыраққа деген қамқорлықтарын үзбейді. Бас қосып, жиналып тұрады.
Алайда осының барлығын ұйымдастыру үлкен ұлға жүктеледі. Ағайынның басын қосып, ұйытқы болып отыратын ұл балалары. Ұлдары үйленіп жатса, келінді қара шаңыраққа түсіріп, сол үйдің табалдырығын аттатады. Кейіннен олар сол шаңырақтан бөлініп жеке шаңырақ көтереді. Туған туыс жиналса да, қара шаңыраққа жиналады. "Ағайынның үйі — ақ жайлау" дегендей, алыстан келген туыстары мен сол шаңырақтан шыққан балалары үлкен үйге соғып, шыққандарын айтып, жиі жиналып отырады. "Тату үйдің тамағы тәтті" дгендей, жиналған балалары бас қосып, дастарқан басынан дәм татып, әңгіме-думан құрады. Бұндай бас қосу бауырлардың арасындағы ынтымақты күшейте түседі.сәлем бере кетеді. Қара шаңырақтан түлеп ұшқан ұл-қыздар бас қосып, балалық шақтарын еске алады. Сол шаңырақта қалай ер жеткендерін, қызықты шақтарын естеріне алып, қалай бөлін
Екі ағайынды жігіттердің бір-біріне деген қандай сезімдерін байқадыңыздар?
Не себепті егінді ағайындылар елу пайыздан бөлгендеріне қанааттанбады?
Сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, сабақта белсенділік көрсеткен оқушыларды оқушы тарапынан мадақтау.
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай?