Файл: азастан лкен ел.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 24

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан - үлкен ел.

Қазақстан- үлкен ел.Оның бай жері, байтақ өлкесі көз тартады.Жер асты қазынасы тұнып жатыр.Адамдарының білім деңгейі жоғары.Саналы, сауаттылары көп ел ешуақытта артта қалмақ емес.Қайта бәріне ілгерілеп, алға озып шығу тиіс.Мен Қазақстанды Нұрсұлтан Назарбаевтай аса дарынды басшының, көреген саясатшының, рухы күшті азаматтың басқарып отырғанына үміт артамын.Қазақстан әлі-ақ жан-жақты гүлденген, өркениетті елге айналады.Бұл елдің ертеңі арайлы. (61 сөз)
Ерекше құс

Құстардың ішінде түйеқұстың аяғы ұзын болып келеді.Басқа құстар сияқты ұша алмайды.Алайда қанаттары жүгірген кезде жылдамдық арттыруға себептігін тигізеді. Сағатын жүз жиырма шақырымға жүгіреді.Дегенмен бұл жылдамдық екі шақырымға жетеді.Әрі қарай баяу жүреді. Түйеқұстың үздіксіз алыс қашықтыққа жүгіруге шыдамы жетпейді.

Түйеқұстың жұмыртқасы ірі болып келеді.Оның тастай қатты әрі құнарлы жоғарлы.Тамаққа қолдануға болмайды.Түйеқұс ашуланса ең қауіпті құсқа айналады. Тепкен кезде тіпті аттан да қатты тебеді. (65 сөз) «Балдырған»журналынан

Мақта - бағалы өсімдік

Мақта- аса бағалы өсімдік.Одан тамаша талшық алынады.Жабайы мақтаның талшығын адамдар өте ерте уақытта- сонау адамзат мәдениетінің алғашқы кезінде –ақ жинай бастаған екен.Сөйтіп, мақта ежелгі заманнан мәдени өсімдікке айналды.Оны ең әуелі Үндістан, кейін Қытай мен Мысырда өсіре бастады.Үнділер басқалардан бұрын мақтадан жеңіл де жұқа,торғын маталар муслин және әдемі шыттар тоқуды үйренді.

Қазір мақта Үндістанда,Америкада,Қытайда және басқа елдерде егіледі.Біздің елімізде Орта Азия республикасында , Оңтүстік Қазақстанда өсіріледі. (72 сөз)

«Балбұлақ»журналынан.

Кішкентай жігіт.

Кішкентай Жәнібек үлкендерге еліктеп, сөйлегенді қызық көретін.Бірде ауылдан бейтаныс ағай бұлардың үйіне қыдырып келе қалды.жәнібектің әке –шешесі жік-жапар.Ағайдың көзі томпиған Жәнібекке түсті. Оның басынан сипап қораптағы кәмпитті қолына ұстатты да, төрге өтті.Жәнібектің шкафта сақтап жүретін фотосурет альбомы бар еді.

Ол тезірек шкафтан соны алды да, ағайдың жанына келді.қонақ та оған көңіл бөліп, сөзге тартты. Жәнібек ағайға өзінің жаттаған өлеңі мен ертегісін айтып, екеуі мәре-сәре болды. (69 сөз)