Файл: Таырыбы стаз лы тла Орындаан аза тілі жне дебиеті малімі, 5сынып жетекшісі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 44

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: «Ұстаз – ұлы тұлға»


Орындаған: Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі, 5-сынып жетекшісі

Лесбаева М.М

Тәрбие сағат тақырыбы: «Ұстаз – ұлы тұлға»

Тәрбие сағат мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дамыту әрі дарыту.

Көрнекілігі: Ұстаздар туралы нақыл сөздер, өлең үзінділері жазылған көрнекіліктер, әр түрлі шаралар.

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұстаздар мерекесі қарсаңында өткелі отырған. «Ұстаздың ұлы келбеті» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

1-оқушы: Оқушы алға ұмтылып, шегінбей мен,

Сен ұялдың кір болса менің жейдем.

Жақсылыққа бастайтын күлімсіреп,

Көз алдыма қазір тұр сенің бейнең

2-оқушы: Алғаш рет оятқансың санамды,

Алғаш рет ұстатқансың қаламды.

Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін

Түсіндірген жақсы менен жаманды.

3-оқушы: Ұстаз бізді білім беріп өсірген

Қатемізді әрқашанда кешірген

«Өмір жолы-қиын жол» деп әрдайым

Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.

4-оқушы: Анамдайсыз, менің асыл ұстазым,

Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың

Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап,

Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.

Мұғалім: Балалар қазақтың тұңғыш ұстазын білесіңдер ме?

- Әрине Ыбырай Алтынсарин. Қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, ғалым-жазушы Ыбырай Алтынсарин тұңғыш ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, көркем әдеби тілдің тазалығы үшін күресуші, балаларға таза ана тілін үйрету арқылы халықтың бай тілін меңгеріп, өнер-білімге бастаушы. Ыбырай Алтынсарин туған халқына оқу-білімге шақырып, кенжелеген қараңғылықтағы еліне білімнің жарық сәулесін таратты. Тұңғыш қайраткер жас ұрпақ тәрбиелеуде жаңа ғылымның іргетасын қалады. Өзі бас болып, бірнеше жерде кездескен кедергі қарсылыққа қарамастан, 1864 жылы мектеп ашты.

5-оқушы: Кем көрмеймін сізді асыл анамнан,

Сізге ұқсап қудық біз де сан арман

Сіздей адам дүниеде көп болсын

Балалардың бақыты үшін жаралған

6-оқушы: Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген,

Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.

Ұстазды жеткізгенше мұратына

Білім іздеп лапылдап жаңа берем

7-оқушы: Ұстаздың оттай ыстық алақаны,

Болған соң ойлайтыны-бала қамы

Баладан ұстазыма мың сан алғыс

Өйткені ол ұстазымның ақ арманы.


8-оқушы: Нұрын төккен көк аспан күмбезінен

Күлімдеуің ұқсайды күн көзіне.

Қолда болса ұстаздарға сыйлар ем,

Бар байлығын әлемнің бір сіздерге.

Мұғалім: Біз ата-анамызды қалай қадірлеп құрметтесек, ұстазды да солай құрметтеу -парызымыз.

Ән: «Білімнің бұлағы».

Скачано с www.znanio.ru