ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 33

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сорбұлақ көлі
Бұдан ширек ғасыр бұрын Алматының 1 миллионға жуық тұрғыны мен өнеркәсіп орындарының лас қалдық суы шағын су қоймаларында сүзгіден өтіп, содан соң Үлкен және Кіші Алматы өзендеріне, одан әрі Каскелен мен Іле өзендеріне құйып, соңы құрдымға кететін.Алматы қаласында халық санының артуына байланысты әлеуеттің қажеттілігі жоғарылауда. Қалалықтардың пайдаланған тұрмыстық қатты қалдықтары қоқыс көздері ретінде ысырап болады. Әдетте зауыттар мен ірі өндіріс орындарының қалдықтары су көздерін жиі ластайды. Тұрмыстық коммуналды су Сорбұлақ биологиялық тоғанына жинақталады. Тоған ірі көлге айналуда. Қазіргі жағдайда Сорбұлақ суы шамадан тыс көбейіп, қауіпті деңгейге жетті.Сорбұлақ көлі Іле ауданының аумағында орналасқан тұйық көл [1].

Іле Ауданы – Алматы облысының орталық бөлігінде орналасқан және солтүстік-шығысында Балқаш ауданымен, батысында Қарасай және Жамбыл аудандарымен, оңтүстік-шығысында Алматы қаласымен, ал шығысында Талғар ауданымен шектесіп жатыр. Іле ауданы 1928 жылы құрылған, оның жерінің аумағы 7,8 мың км2. Аудан орталығы – Өтеген батыр кенті. Аудан жерін Іле ойысының батысындағы көтеріңкі келген Қараой үстірті мен Сарытауқұм құмдары алып жатыр. Жер қойнауынан құрылысқа қажет Николаев қиыршық тас пен құм кен орны және Покровка жер асты (ыстық) су көзі барланған. Климаты тым континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық, қуаң. Қаңтар айындағы ауаның жылдық орташа температурасы –9 – 13С, ал шілде айында 22 – 26С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 – 350 мм. Аудан жерінен Іле, Қаскелең, Бесағаш, Күрті, Үлкен және Кіші Алматы өзендері ағып өтеді. Ең ірі көлі – Сорбұлақ. Одан басқа жалпы ұзындығы 53,8 км және жалпы ауданы 18,0 мың га жерді суаратын және суландыратын Байқан,НиколаевЖаңаарнасу, Қызылту, Оң жағалық Күрті каналы, Сорбұлақ су жүйелері мен жалпы сыйымдылығы 36,2 млн. м3 болатын “Приютское”, “Ащыбұлақ”, “Алматы”, К-1, К-2, К-3 атты тоғандар мен әуіттер,Қапшағай бөгені орналасқан [2].


  1. Сурет. Іле ауданының картасы [3].

Сорбұлақ лас су қоймасының құрылысы 1960 жылдардан бері қолға алынып, 1972 жылдары пайдалануға берілді. Бірақ Сорбұлақ су қоймасы пайдалануға берілгенде шайынды суды механикалық жолмен тазартудан өткізу жаңа-жаңа қолға алына бастаған еді. Ал биологиялық тазарту 1980 жылдары тек 70 процент қана болса, бұл істі толығымен іске асыруға тек тоғыз жылдан кейін ғана мүмкіндік туған.


Сорбұлақ ТМД елдері аумағындағы және әлемдегі үлкен жинақтаушы көл. Бұл жерге Алматы, Талғар , Қаскелен және Алматы облысындағы елді-мекендердегі қалдық сулар жиналады.Негізгі функциясы-ағынды суларды терең ұзақ мерзімді реттеу-оларды табиғи жолмен тазалауды қамтамасыз ету. Ағынды сулар бөгеттің оңтүстік-шығысынан Алматы-Сорбұлақ каналы арқылы келеді [4].  



2-сурет. Сорбұлақ көлі [5].

Су қоймасы «Тоспа су» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қарамағында.

Қалдық су жиналатын бассейн Алматының солтүстік-батысында орналасқан. Сорбұлақ көлінің ұзындығы 35 км, ені 15 км-ге дейін, ең терең жері-22 м, су айдының ауданы 58 шаршы м. Сорбұлақ су жинақтаушы бөгеті орта төрттік шөгінділерден 55 м тереңдікке дейін құралған, одан төмен региональды су өткізбейтін саздан түзілген [1].  Жер асты суының деңгейі мен тәртібін бақылауға Сорбұлақтан батысқа Ұзын Қарғалы өзеніне дейін 21 режимді ұңғымалар жармасы қондырылған, жинақтауышта су деңгейін бекітуге гидроөткел жинақталған [6].  

Ағын су жинақтау бөгетінің жүйесі шөлейт зонадағы Қараой үстіртінің төмен жағынан Іле өзені аңғарының оңтүстік шекарасына дейін орналасқан. Сулар бірінші механикалық тазалаудан кейін және 49 км-лік деинфекция жасалған канал арқылы жүйеге енгізіледі, сосын табиғи жолмен оңалту жұмыстары жүргізіледі. Жинақтауыш ғимаратына 1991 жылы көлік жолдарын судың басуынан қорғау және таяз суларды бұру мақсатында салынған, екі төмен ағынды жер бөгеттері – № 1 және № 2 бөгеттер кіреді. Сорбұлақтағы дамьба қатпарлап тығыздалған құмды-құмдақты топырақтан 1,6-1,7 т/м3 жасалған. 8-9 балдық жер сілкінісіне төтеп бере алады. Бұны Мәскеу ғылыми-зерттеу институты «Вод ГЕО» зерттеп, растады. 2011 жылы ЖШС «"Right Decision Group» георадар арқылы геофизикалық зеттеу жүргізіп №2 бөгеттің жағдайы қанағаттанарлық екендігі анықталды. Дәл осындай зерттеу №1 бөгетке жасалды.

Әр секунд сайын Сорбұлақ көліне 5 тоннаға дейін су келіп құяды. Су жинақтаушының көлемі 900 млн.м3, бөгеттің жер бедеріне сәйкес шектік мөлшері 622,0 м. Сорбұлақ негізінен 1000 млн.м3 –қа дейін ағын суларды жинай алады. Сорбұлақ бөгетіне су балансының 71 пайызы Алматы қаласынан және іргелес орналасқан қалалардан кәріз құбырлары арқылы келеді,19 пайызы атмосфералық жауын-шашын, 9 пайызы жерасты суларының үлесіне тиеді. Судың негізгі шығыны булануға кетеді - 63 пайыз. 30м/с желдің жылдамдығы әсерінен бөгеттегі толқындардың биіктігі 2,7 м-ге жетеді. Сорбұлақ жасанды көл суының құрамы өте қауіпті. Су құрамында көп мөлшерде улы токсиндер, фенолдар, мұнай өнімдері, нитриттер, ауыр металдар және т. б. белгісіз зиянды химиялық заттар жинақталған. Зиянды заттардың шекті рауалы мөлшері есепке алынбаған. Әрине Сорбұлақ көлінде судың өздігінен тазалану процесі жүріп жатыр. Алайда оның тұрақты тазалану механизміне үздіксіз ағып келіп қосылып жатқан лас сулар мүмкіндік бермей отыр [6]. Ғалымдардың зерттеуі бойынша канализациялық су құрамында Escherichia coli бактериясының көп мөлшері анықталған және суды тазарту әдістері талқыланған.



Су қоймасының толтырғыштары жерлік плотиналарда су шығаратын қондырғылармен, және плотинаның жағалауынан асып кетпеуін қамтамасыз ететін автоматтандырылған сукұйылғыштары бар. №1, №2, №3 су қоймалары және екі тоған №1а мен  №1б өзара каналдың қосындылармен ұштастырылып, жер қойнауымен өтеді. Су қоймалары мен тоғандардың жалпы сиымдылығы – 50,3 млн.м3. Канал мен қондырғыларды пайдалану үшін, жағалауы бойынша инспекторлық жол салынған.

1993  жылдың мамыр айында,  ОСК жалғасы болып табылатын, «Оңжағалау Сорбұлақ каналының апаттақ лақтыру» жайлы ТЭЕ бекітілген. Бұл жағдайда ағынды су Іле өзеніне бағытталуы қарастырылған (Қапшағай гидроторабынан 3 км төмен).

Суармалы жерлерге су аз алынғанда және булану процесі аз жағдайда су тепе-теңдігін сақтау алмағанда, апаттық төгу, тазаланған артық сарқынды суды Іле өзеніне бағыттауға арналған. Апаттақ канал -  Сорбулақ жинақтауышын, сондай-ақ ОСК су қоймаларын толып кетуінен сақтау үшін салынған. Апаттық каналының құрылысының бірінші кезегі 1995 жылы  аяқталған. Ұзындығы 1500 метр каналдың соңғы бөлігі, жалпы айырмашылығы 160 метрлік тас бөліктен тұратын эрозиондық қиындымен өтеді.  Дәл қазіргі уақытта апаттық каналдың өткізу қабілеті секундына 4,5-5,0 м3.

Бүкіл бөлу каналдырының жүйесі бойынша посттарда күндіз-түні кезекшілік ұйымдастырылған.  Жинақтауыштардың толтырылуына, гидробағанның ұңғымаларының су деңгейіне, каналдағы  қондырғылардың жағдайы мен олардың жұмысына бақылау жүргізіледі. 1998 жылы ОСК-ның Апаттық ағызу каналының  трассасында биологиялық тазарту және сарқын судың су өсімдіктері арқылы зияндылығын азайту мақсатында биотоған салынып, онда қамыс құрақты өсімдіктер өсіріліп, тұздар мен ауыр металдардан арылтуға көп әсерін тигізді. 

ОСК су қоймалары, Сорбұлақ жинақтауышы мен бөлу каналдарының жұмысы мен су кестесіне тұрақты инженерлік бақылау жүргізіледі. Әр апта сайын, бекітілген кесте бойынша, сарқынды судан  сынамалы талдау жасалынады [7].  

Алматы қаласының канализациялық желілері, тазарту станциясы мен жинақтауыштарының кешендерін пайдалануда, су айыру бөлімдерінің барлық сатысында тиісті  бақылау жүргізіледі, сондай-ақ, желілерге, қондырғылар мен ғимараттарға жоспарлы түде ағымды және күрделі жөндеулер өткізіледі [6].  

1969 жылы қыркүйекте Қазақ КСР-нің үкіметі Алматыдағы ағын суларды Сорбұлаққа жіберіп,оны суландыру жұмыстарына пайдалану туралы қаулы шығарды. Бүгінгі күнге дейін судың барлық қасиеттері- макро- және микро- құрылымы, органикалық, биогенді, қатты бөлшектердің құрамы тұрақталды және азық-түлік пен техникалық дақылдарды суару үшін ШРК –тің талаптарына сәйкес келеді.жылына орта есеппен 50-60 млн.м3 су ауыл шаруашылығында суару үшін пайдаланылады. Алматының маңындағы 2040 жылға дейін қаланың маңындағы шебер-жоспар бөлігі «жасыл белдеуін» құру жоспарланып отыр, себебі, сәулет және қала құрылысы Сайран Фазылова қалалық бөлімінің бастығы сілтеме «Time» деп жазады. Алматы маңы аймағын дамытудың жаңа бас жоспары 17,5 мың шаршы километрді қамтиды және 221 ауылы кіреді. Жоба Алматы қаласының әсер ету аймағында аясында жүзеге асуда және Алматы облысының бес әкімшілік аудан кіреді: Жамбыл, Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ және Қапшағай аумағында [8].  


Қорыта келгенде, Сорбұлақ жинақтаушы көлінің қазіргі географиялық жағдайын қарастыра отырып, оның жергілікті жер мен халықтың денсаулығына тигізетін әсері туралы зерттеу жүргізіп жатырмыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Г.И. Ерназарова, А.А. Базарғалиева,Г.Ш.Жарылқасынова 1Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан, 2Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан, 3Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, Алматы қ., Сорбұлақ су қоймасының микроорганизмдермен ластану деңгейі. ҚазҰУ Хабаршы №1/2 (60). 2014.

  2. Уикипедия сайты https://kk.wikipedia.org.

  3. Алматы облысы Іле ауданының әкімшілік сайты https://yandex.kz/images.

  4. Р.Р. Искандеров, Ж.Т. Тлеуова «Комплексное исследование низконапорных земляных плотин накопителя сточных вод озера Сорбулак» ИГиГ им.У.М. Ахмедсафина, Алматы, 2015.

  5. Google Map сайты 2016

  6. «Тоспа су» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының сайты http://as-tospasu.kz/?page_id=180&lang=KZ

  7. Е.Ж. Муртазин., В.А.Пиманкин., О.А.Калугин, О.В. Сульдина («У.М. Ахмедсафин атындағы гидрогеология және геоэкология институты» ЖШС) . «Сорбұлақ» ағын суларының тоғаны жер бөгеттерінің дәйектілігін анықтау барысында инженерлік геологияның әдістері. Вестник Қазақ Ұлттық Ғылым академиясы, 2014ж.