Файл: Бердиходжаева Маншук Сайлауовна Кні 19. 12. 2022 Сынып 9А атысушылар саны атыспаандар саны Сабаты таырыбы 15 практикум.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 47

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

5 ҚББМО КММ

_______________________

Сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар

Пән – «Информатика»


Бөлім:

III БӨЛІМ. Деректер базасы

Педагогтің аты-жөні

Бердиходжаева Маншук Сайлауовна

Күні:

19.12.2022

Сынып: 9А

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

§15 Практикум. Деректер базасында іздеу мен сүзгілеу бойынша жұмыс. БЖБ №3

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.2.2.2 электрондық кестеде деректер базасын жасау;

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары (БЖББ №3)

9.2.2.1 «дерекқор, жазба, өріс» терминдерін түсіндіру;

9.2.2.2 электрондық кестеде деректер базасын жасау;

9.2.2.3 деректерді іздеу, сұрыптау және сүзгілеуді жүзеге асыру

Сабақтың мақсаты

шағын жобаларды қорғауда электронды кестеде деректер базасын, деректер базасын құруда объектілерді қолдану; жобаларды орындауда деректер базасын өз бетінше таңдап жұмыс жасау

Сабақтың мақсаты (БЖББ №3)

Мәліметтер қоры, жазба, өріс терминдерін білу, электронды кестеде мәліметтер қорын құрастыру, электрондық кестеде мәліметтерді іздеу әдістерін аңықтау, мәлімет қорында сұрыптауды және сүзгілеуді жүзеге асыру

Бағалау критерийлері

Барлық оқушылар: шағын жобаларды қорғауда электронды кестеде деректер базасын қолданады

Көптеген оқушылар: деректер базасын құруда объектілерді қолданады

Кейбір оқушылар: жобаларды орындауда деректер базасын өз бетінше таңдап жұмыс жасайды

Бағалау критерийлері (БЖББ №3)

Білімалушы

  • Мәліметтер қоры, жазба, өріс терминдерін біледі

  • Электронды кестеде мәліметтер қорын құрастырады

  • Электрондық кестеде мәліметтерді іздеу әдістерін аңықтайды

Мәлімет қорында сұрыптауды және сүзгілеуді жүзеге асырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. Үй тапсырмасын пысықтау: «Блиц кездесу». Өткен тақырыптағы қосымша тапсырмалардың шешімін жұптасып талдайды.

Миға шабуыл сұрақтары:

  • Мәліметтер қорымен жұмыс жасауда алған білімдеріңді күнделікті өмірде (үйде, мектепте және т.б. ) қалай қолдануға болады деп ойлайсың? Нақты ұсыныстар, дәлелді

мысалдар келтір.

Мұғаліммен амандасады.

Үй тапсырмасын жұппен тексереді

Оқушылардың жұмыстарын ауызша

мадақтау, қолдау көрсету





Сабақтың ортасы

3.Жаңа тақырыпты ашу.

Оқулықпен жұмыс. Жаңа ақпаратпен танысу. Әдістемелікте берілген сұрақтармен және «Сен білесің бе?» айдарымен жұмыс ұйымдастырылады. Жауаптар айтылады. Мұғалім толықтырып отырады.
Тапсырма: Сынып үлгерімін есептеуге арналған тәжірибелік жоба жұмысын орында. Жобада төмендегі жағдайлар қарастырылуы керек.

1. Жазбаларда (Запись) оқушылардың аты-жөні жазылуы керек. Өрістерде сыныптың

сол тоқсандағы оқыған пән атаулары жазылуы тиіс. Жобаның деректер қорын

құрауда Форма батырмасын қолдан.

2. Жоба пішіні тартымды, деректерді оқу ыңғайлы, маңызды тұстары түстермен

ерекшеленген болу керек. Ең соңғы жазбаларда (қатарларда) сыныптың пәндер бойынша орта бағасы, үлгерім пайызы болу керек болса, соңғы өрістерде (баған) жеке оқушының тоқсандағы орта бағасы, білім сапасының пайыздық көрсеткіші берілуі керек.

4. Сұрыптау көмегімен сыныптағы оқушылардың білім сапасының кемуі бойынша ретте.

5. Қарапайым сүзгі арқылы жекелеген пәндерді тек үздік оқыған оқушыларды анықтау.

6. Кеңейтілген сүзгі арқылы тек жаратылыстану пәндері бойынша немесе тек гуманитарлық пәндер бойынша «4» және «5» деген бағаға оқыған оқушылардың, барлық пәндер бойынша үздік оқыған сынып үздіктерінің тізімін іріктеу мүмкіндігі болсын.

2. Сабақтың мақсаттарымен танысады, тақырыбын дәптерге жазады.
Дескриптор:

  • Берілген мәліметтер бойынша дерекқорын

  • құрады;

  • Дерекқорын сұрыптайды;

  • Дерекқорын сүзгіден өткізеді.



ФБ (1-10 ұпай)


Интербелсенді тақта


Компьютер




«Деректер базасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тапсырмалар

1. Түсініктер мен анықтамалардың арасында сәйкестікті орнатыңыз.


Өріс




Берілгендермен толтырылған кестенің жолдары

Жазба

Берілгендермен толтырылған кестенің бағаналары

Мәлімет қорын басқару жүйесі


Мәліметтер қорын құруға, оны берілімдермен толтыруға, өңдеуге, сақтауға, пайдаланушының сұранысы бойынша информацияны кез келген түрінде алуға арналған жүйелі программалау жүйелері

Пайдаланушыға кестелерді толтыруды, түзетуді оңайлату үшін дайындалған жүйе
2. 7 «А» сыныбының оқушысы Серікқызы Аяулым 01.01.2010 жылы Қарағанды қаласы, Степной-4 ықшам ауданы, 8-үй, 55-пәтерде тұрады. ЖСН-і 100101800395.

    1. Деректер қорының өрістерін көрсетіңіз және оқушының мәліметтерін кестеге енгізіңіз.



б) Құрастырылған деректер қорында «Кілттік өріс» ретінде қай өрісті ұсынуға болады?

_____________________________________________________________________________
3. Төмендегі кестеде «Өнімдер» мәлімет қорының фрагменті көрсетілген. Төмендегі сұрыптау шартын қанағаттандыратын өнімді атаңыз.

(Бағасы(1 кг)>160)және(Саны>=20)

Өнім

Саны (кг)

Бағасы (тенге)

Макарон

11

160

Ет

20

1200

Нан

6

60

Май

15

1700

Тұз

30

90

_____________________________________________________________________________
4. Төмендегі кестеде «Өнімдер» мәлімет қорының фрагменті көрсетілген. Осы мәлімет қорында ЕТ немесе МАЙ өнімдері бойынша суретте сүзгілеу шартын көрсетіңіз.




Мәлімет қоры «Өнімдер»



Өнім

Саны

(кг)

Бағасы

(тенге)

Өндіруші

1

Макарон

11

160

AOO “Корона”

2

Ет

20

1200

АОО”Табыс”

3

Нан

6

60

ТОО “Ауыл”

4

Май

15

1700

ТОО “Ауыл”

5

Тұз

30

90

АОО “Жер”


5. «Өнімдер» мәлімет қорының кестесінде ӨНІМ өрісі бойынша орындалған әрекетті сипаттаңыз.

1. __________________________________________________________________

2. __________________________________________________________________


1. Мәлімет қорындағы анықтайды;

«өріс» түсінігін

мәлімет қорындағы анықтайды; «жазба» түсінігін мәлімет қорын

анықтамасын көрсетеді;

басқару

жүйесінің анықтамасын көрсетеді;
2. деректер қорының өрістерін дұрыс ұсынады;

мәліметтер қорын дұрыс толтырады;

«кілттік өрісті» анықтайды;
3. мәлімет қорында шартты қанағаттандыратын өнімді анықтайды;
4. ет немесе май өнімдер бойынша сүзгілеу

шартын көрсетеді;
5. өнімдер бойынша орындалған 1-ші, 2-ші әрекетті

түсіндіреді;


Барлығы: 10 ұпай

Бақылау парағы

Сабақтың соңы

Жоба тақтада қорғалады.

«Бутерброд» әдісі.

Оқушылар жоба туралы алдымен жақсы пікір айтады, екінші құрылымда сын айтады, үшіншіде тағы жақсы пікір айтады.

Жобаны қорғайды

Бағалау критерий. ұсыну