Файл: 7 таырып Дебиторлы берешектер есебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 63

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
есеп стандарттарында, ҚР Азаматтық Кодексінде берілген.

27 «Шоғырландырылған қаржы есептілігі және еншілес кәсіпорындарға салынған инвестицияларды есепке алу» Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес еншілес кәсіпорын – басқа кәсіпорын (бас кәсіпорын ретінде белгілі) бақылайтын кәсіпорын. 28 «Қауымдастырылған компанияларға салынған инвестициялардың есебі» Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартында қауымдастырылған компания – бұл инвестордың басым бақылауында болатын, бірақ оның не еншілес компаниясы, не бірлескен қызметі болып табылмайтын компания деп сипатталады. 31 «Бірлескен кызметке қатысу жөніндегі қаржылық есеп» Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бірлескен қызмет - екі немесе бірнеше жақ бірлесіп бақылауға жататын экономикалық қызметті келісім-шарт негізінде жүзеге асыруы.

 Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның мiндеттерiнiң бірiн немесе бiр бөлiгiн, соның iшiнде өкiлдiк мiндетiн жүзеге асырушы оқшау бөлiмшесi филиал болып табылады. Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның мүдделерiн қорғау мен өкiлдiгiн жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның атынан мәмiлелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлiмшесi өкiлдiк болып табылады. Бұларға өздерiн құрған заңды тұлға мүлкi берiледi және оның бекiткен ережелерi негiзiнде жұмыс iстейдi. Яғни, филиалдар мен өкiлдiктер заңды тұлға болмайды.

Жоғарыда аталған нысандармен есеп айырысу үшін келесі шоттар қолданылады:

1220 – «Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда бір жылға дейін мерзімі бар іске асырылған активтер және көрсетілген қызметтер үшін еншілес ұйымдарға ұсынылған құжаттар бойынша есептеулердің бар-жоғы мен қозғалысына байланысты операциялар және еншілес ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;

2120 – «Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде көрсетілген қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және еншілес ұйымдардың өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық берешектері көрсетіледі.

1230 – «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда бір жылға дейін мерзімі бар іске асырылған активтер және көрсетілген қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;


2130 – «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде көрсетілген қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және бірлескен ұйымдардың өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық берешектері көрсетіледі;

1240 – «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда филиалдардың шоттарына ақша қаражатының түсуі және есептен шығуы жөніндегі операциялар және филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;

2140 – «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», онда филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі есепке алынады.
Кесте 7.2 - Еншілес, кауымдастырылған және бірлескен ұйымдар, филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің дебиторлық берешектерінің есебі



Шаруашылық операция мазмұны

Шоттар корреспонденциасы

Дт

Кт




1

2

3

4

1

Ағымдағы банктік шоттардан, арнайы шоттардан еншілес, кауымдастырылған және бірлескен ұйымдар, филиалдар мен құрылымдық бөлімшелер үшін жасалған төлемдер

1220, 1230, 1240, 2120, 2130, 2140

1030, 1050, 1070

2

Кассадан еншілес, кауымдастырылған және бірлескен ұйымдар, филиалдар мен құрылымдық бөлімшелер үшін жасалған төлемдер

1220, 1230, 1240, 2120, 2130, 2140

1010, 1020

3

Еншілес, кауымдастырылған және бірлескен ұйымдар, филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің дебиторлық берешегінің пайда болуы:







3.1

өткізілген дайын өнім (тауар, қызмет, жұмыс), материалдық емес активтер, негізгі құралдар, және де басқа активтер үшін келісілген бағамен

1220, 1230, 1240, 2120, 2130, 2140

6010, 6210, 6280

3.2

ҚҚС

1220, 1230, 1240, 2120, 2130, 2140


3130

4

Валютаның нарықтық бағамының өзгеруіне байланысты дебиторлық берешектің өсуі

1220, 1230, 1240, 2120, 2130, 2140

6250

5

Валютаның нарықтық бағамының өзгеруіне байланысты дебиторлық берешектің азаюы

7430

1220, 1230, 1240, 2120, 2130, 2140

6

Дебиторлық берешекті күмәнді талаптар бойынша резерв есебінен жабу

1290

1220, 1230, 1240, 2120, 2130, 2140

7

Еншілес, кауымдастырылған және бірлескен ұйымдар, филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің дебиторлық берешегінің өтелуі

1010, 1020, 1030, 1050, 1070

1220, 1230, 1240, 2120, 2130, 2140

8

Өзара түгендеу актісі болған жағдайда Дебиторлық берешекті Кредиторлық берешек мөлшерінде есепке алу (жою)

3320, 3330, 3340, 4120, 4130, 4140

1220, 1230, 1240, 2120, 2130, 2140

9

Қайтарылған дайын өнім (тауар, қызмет, жұмыс) үшін дебиторлық берешектерді жою

6020

1220, 1230, 1240, 2120, 2130, 2140

10

Қайтарылған дайын өнім (тауар, қызмет, жұмыс) бойнша есептелген ҚҚС жою

3130

1220, 1230, 1240, 2120, 2130, 2140

11

Алдын ала төленген аванстар есебінен еншілес, кауымдастырылған және бірлескен ұйымдар, филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің дебиторлық берешегін жабу

3510, 4410

1220, 1230, 1240, 2120, 2130, 2140

12

Еншілес, кауымдастырылған және бірлескен ұйымдар, филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге баға және сату жеңілдіктерін ұсыну

6030

1220, 1230, 1240, 2120, 2130, 2140



Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметі барысында өндірістің өзіндік құнына есепті мерзімде немесе келесі есепті мерзімдерде апарылуға тиісті шығындар орын алған болса, ондай шығындардың есебі сәйкестік принципіне сай жүргізілуі тиіс. Мұндай шығындардың қатарына келесі кезеңдерге жазылған газет, журнал және басқа да ақпарат құралдарының құны, алдын ала (мерзімінен бұрын) төленген сақтандыру полисінің сомасы және тағы да басқалар жатады. Осы айтылғандармен қатар алдағы кезең шығындарына жана өндірісті дайындау және меңгеруге байланысты шығындар, кен өндіруші өнеркәсіпті пайдалануға дайындау жұмыстарының шығындары, жаңа кәсіпорындарды іске қосу шығындары жатады. Аталған шығындар есебін жүргізуге «1620 - Алдағы кезеңдердің шығыстары» кіші бөлім шоттары арналған. Оларда есепті жылдың ішінде қазіргі кезеңде жүргізілген, бірақ алдағы кезеңдерге қатысты шығыстар есепке алынады

Дебиторлық борыштар қатарында төленуге тиісті жал төлемдері жайлы ақпараттар, сыйақылар да есептеледі. Аталған операцияларды есепке алу үшін келесі шоттар қолданылады:

1260 – «Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», онда ағымдағы кезеңде операциялық және қаржылық жалдау бойынша ағымдағы жалдау төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстар есепке алынады;

2160 – «Жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек», онда алдағы кезеңдер үшін операциялық және қаржылық жалдау бойынша жалдау төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстар және жалдау бойынша өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық берешек есепке алынады;

1270 – «Алуға қысқа мерзімді сыйақылар», онда мыналар: акциялар (қатысу үлестері) бойынша есептелген дивидендтер; қаржылық жалдау бойынша есептелген сыйақылар, берілген қарыздар, сатып алынған қаржы инвестициялары, сенімді басқару және өзге есептелген сыйақылар жөніндегі дебиторлық берешектің қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;

2170 – «Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар», онда қаржылық жалдау, берілген қарыздар, сатып алынған қаржылық инвестициялар, сенімгерлік басқару бойынша есептелген сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің қозғалысымен байланысты операциялар және өзге де алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар көрсетіледі.