Файл: 10Дріс. Таырыбы Оытуды йымдастыруды дстрлі жне инновациялы дістері мен трлері. Оыту дістері дегеніміз.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 126
Скачиваний: 1
-
Оқығанының 10 пайызын; -
Естігенінің 20 пайызын; -
Көргенінің 30 пайызын; -
Естігені мен көргенінің 50 пайызын.
-
Әр нәрсені ерте атқару, дамудың алдын алу жұмысы; -
Болашаққа ашықтық; -
Тұлғаға және оның дамуына бағытталу; -
Міндетті түрде шығармашылық элементтердің болуы; -
Қарым-қатынастың серіктестік типі: бірлесе еңбек ету, бірлескен шығармашылық, өзара көмек және т.б. жатады.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен “XXI ғасыр – ақпараттандыру ғасыры” деп аталды. Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпартапен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар мен кешендер(кино, аудио және видеоқұралдар, телекоммуникациялық желілер және т.б.).Бүгінгі күні инновациялық тәсілдер мен ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін, ізденушілігін дамытып, қызығуын тудыру, белсенділігін арттыру – ең негізігі мақсат болып айқындалады.Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізігі артықшылықтары мынадай:
-
Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында берілуге тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады. -
Білімге бір-бірінен алыс арақашықтықта орналасақан әртүрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады. -
Оқыту жүйесінің көпдеңгейлігі оқу материалының оқу сапасын арттырады. Компьютердің көмегімен оқушы өзбетінше, сондай-ақ өзге оқушылармен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Интерактивті әдістерге жататындар: проблемалық шығарма әдістері; пікірталастар; топпен жұмыс; миға шабуыл әдісі; инсерт әдісі; викториналар; шағын зерттеулер; іскерлік ойындар; сауалнамалар жүргізу әдісі; кейс-стади әдісі; презентациялар, т.б.Интерактивті әдістің мақсаты – тек ақпарат беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетінше табу дағдысын меңгерту.Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар. Олар :
-
оқушыға өздігінен ізденуге мүмкіндік беру; -
оқушыларға топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау; -
оқушыларға өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату; -
іс-әрекет барысында білім игеруге жол ашу.
Оқушы, оқу күні, сабақ кестесі, оқу каникулдары, үзілістер –сабақ жүйесінің белгілері.Оқытудың дәстүрлі әдісі- дайын күйінде білім беру. Оқытушы сөйлейді және түсіндіреді, оқушылар саналы түрде игереді, түсіне отырып еске сақтайды; ББД-ны көп қайтара үйренгендіктен, оларды қайта айтып бере алады. Айтып беру логикасы дедуктивтік те, индуктивтік те болуы мүмкін. Ақпарат көздері-сөз, көрнекілік. Дәстүрлі оқытудың концептуальдық негізін жасай отырып, Я.А.Коменский педагогикалық принциптерін де анықтаған: ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, беріктілік, белсенділік, сапалылық, көрнекілік теорияның практикамен байланыстылығы, жас аралық пен өзіндік ерекшеліктерді ескеру. Білімді меңгеру әдістері дайын білімдерді хабарлауға негізделеді, оқыту белгілі бір үлгілермен, логикамен, жекеден жалпыға, механикалық есте сақтауға, көзбен көргеннің мазмұнын айқын беру,еске түсіру, елестету. Сабақ негізгі форма ретінде оқыту – тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың басқада формаларымен толықтырылуы мүмкін. Олардың бір бөліктері сабақты паралелді дамытады; (экскурсия, консультация, үй жұмысы, оқу конференциялары, қосымша сабақтар). Жоғары оқу орындарында қолданылатын дәріс, семинар жүйесінен алынып пайдаланған. Олар оқушылардың жас ерекшелігін ескеруге бейімделген (дәрістер,семинарлар,практикумдар, сынақ, емтихандар). Мысалы, дәріс – семинар – сынақ оқу жүйесінде алдымен сыныпқа оқу материалы дәріс әдісімен беріледі, содан соң семинар , практикалық және лабораториялық сабақтарда талқыланады. ( меңгеріледі, қолданады) және меңгеру нәтижесі сынақтық формада тексеріледі.Оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруда оқыту мен тәрбиенің барлық амалдары, формалары мен әдістері қолданылуда. Алайда, бұл ретте іс-әрекеттің барлық түрлері кеңінен қолданылады: танымдық (үйірмелер, факультативтер, окушылардың ғылыми қоғамдастықтары), еңбек (өз-өзіне қызмет ету, еңбек десанттары, әртүрлі мектеп бизнесі), ойын (танымдық, спорттық, іскерлік), эстетикалық (студиялар, мектеп театрлары, фестивальдар). Іс-әрекеттің барлық түрлері қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Бұл іс-әрекеттер барысында мүғалім оқушылардың санасы, сезімі мен ерік-жігерінің қалыптасуына, олардың мінез-құлқы мен тіршілік әрекетін ұйымдастыруға әсер ететін тәрбие әдістерін қолданады.Таным оқу процесіндегі негізгі іс-әрекет болып табылады.
Сондай-ақ, оқуда іс-әрекеттің басқа түрлері де (ойын, қарым-қатынас, еңбек т.б.) колданылады. Әртүрлі іс-әрекетті қолданғанда ғана жеке тұлғаға толығымен әсер етуге болады. Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың әдістері мен формалары ойын, өнер мен қарым-қатынас қоса жүзеге асырылуы тиіс. Ұжымдық танымдық-іс-әрекетін мұғалім мен оқушының ғана емес, сондай-ақ оқушылардың өзара қарым-қатынасы ретінде қарастыруға болады.
Оқу әдістері оқыту процесінің негізі болып табылады (мұғалімнің баяндамасы, оқулықпен жұмыс, әртүрлі әңгіме-сұқбаттар, жаттығулар), бірақ олармен қоса мадақтау, көңіл-күй жағдайларын тудыру, сендіру, талап қою және ұялту сияқты ынталаңдыру әдістері де қолданылады.
Оқыту әдістері ақпаратты игеруге, жалпы оқу және арнайы сипаттағы білік пен дағдыларды (оқу пәндері бойынша біліктерді) қалыптастыруға бағытталған.
Оқыту мен тәрбие әдістері, өзінің арнайы қызметтері бола тұра (оқыту міндеттері, тәрбие міндеттері), тұтаспедагогикалық процесте бірлікте қолданылады.
Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін, дейді белгілі педагог-ғалым Н. Д. Хмель мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, формалары және әдістерін. тәсілдерін ажырата алуы қажет. Формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады.
Оқыту барысында мұғалім педагогикалық ықпал ету әдістерін де қолданады. Педагогикалық ықпал ету әдістері дегеніміз жеке тұлғаның қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалык процесте жеке тұлғаның әрекет жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдық, рухани) және осы әрекетті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-катынас. таным. ойын, еңбек, сабақ т.б.) жатады.
Педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері әрекеттестігінін формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалык тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалык процесс.
Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын төмендегідей жіктеуте болады: