Файл: за мерзімді жоспар блімдері Таырыптарза мерзімді жоспар блімдеріні мазмны.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 29
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
9 химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімдері | Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспар бөлімдерінің мазмұны | Оқу мақсаттары |
1-тоқсан | ||
9.1А Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары (9 с) | Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары | 9.4.1.1 оксид, қышқыл, негіз, тұздардың құрамын, номенклатурасы мен жіктелуін білу; |
Оксидтер | 9.4.1.2 қышқылдық, негіздік және екідайлы оксидтердің негізгі химиялық қасиеттерін білу; | |
Қышқылдар | 9.4.1.3 қышқылдардың негізгі химиялық қасиеттерін зерттеу; | |
Негіздер | 9.4.1.4 еритін және ерімейтін негіздердің химиялық қасиеттерін зерттеу; | |
Тұздар | 9.4.1.5 тұздардың алыну әдістерін білу; 9.4.1.6 тұздардың негізгі химиялық қасиеттерін зерттеу; | |
Бейорганикалық қосылыстардың кластары арасындағы генетикалық байланыс | 9.4.1.7 бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты түсіндіру; 9.2.3.1 реагенттің және өнімнің белгілі көлемі, мөлшері, массасы бойынша заттың массасын, мөлшерін және көлемін есептеу; | |
9.1В Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (6 с) | Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы | 9.2.1.1 периодтың, топтың, атомдық нөмірдің физикалық мағынасын түсіндіру; 9.2.1.2 атом нөмірінің, топтың, периодтың физикалық мәнін түсіндіру; |
Химиялық элемент атомдарының кейбір сипаттамалары мен қасиеттерінің периодты өзгеруі | 9.2.1.3 бір топ элементтерінің сыртқы деңгейінде бірдей электрон санының болатынын түсіну; 9.2.1.4 элементтер мен олардың қосылыстары қасиеттерінің топ және период бойынша өзгеруінің заңдылығын түсіндіру; | |
9.1С Зат құрылысы (9 с) | Атомдағы электрондар қозғалысы | 9.1.4.1 атомдық орбиталь, электронцдық бұлт, энергетикалық деңгей, энергетикалық деңгейше ұғымдарын білу; 9.1.4.2 алғашқы 36 элементтің электрондық және графикалық формуласын құру; 9.1.4.3 атомның сыртқы аяқталған қабаты қандай жолмен түзілетінін анықтау; 9.1.4.4 атомдар немесе иондардың электронды қосып алу немесе беріп жіберу салдарын түсіну; |
Электртерістілік. Коваленттік байланыс | 9.1.4.5 электртерістілік ұғымын білу; 9.1.4.6 ковалентті байланыстың түзілу механизмін түсіндіру; | |
Иондық байланыс | 9.1.4.7 иондық байланыстың түзілу механизмін түсіндіру; | |
Металдық байланыс | 9.1.4.8 металдық байланыстың түзілуін түсіндіру 9.1.4.9 металдық байланысты иондық және ковалентті байланыспен салыстыру; | |
| 9.1.4.10 кристалдық тор түрлерін білу; 9.1.4.11 заттардың физикалық қасиеттерінің кристалдық тор түріне тәуелді болатынын түсіндіру; | |
2-тоқсан | ||
9.2A Ерігіштік және ерітінділер (14 с) | Молярлық концентрация | 9.3.4.1 ерітінді «концентрациясы» ұғымын түсіну; 9.3.4.2 ерітіндідегі еріген заттың молярлық концентрациясын есептеу; |
Заттардың полярлы және полярсыз еріткіштердегі ерігіштігі | 9.3.4.3 әртүрлі еріткіштердегі заттардың еру принципін түсіну; | |
Электролиттік диссоциация | 9.3.4.4 заттарды электролиттерге және бейэлектролиттерге, күшті және әлсіз электролиттерге жіктеу; 9.3.4.5 диссоциация үдерісіндегі судың маңызын түсіну; 9.3.4.6 ионды және ковалентті полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциация механизмін түсіндіру; 9.3.4.7 H+(сулы)және OH-(сулы) иондарын түзуге бейім заттардың иондалуын білу; 9.3.4.8 сулы ерітіндіде H+(сулы) ионының болуын қышқылдық деп түсіну; 9.3.4.9 сулы ерітіндіде ОH-(сулы) ионының болуы сілтілік деп түсіну; | |
Ерітіндідегі ион алмасу реакциялары | 9.3.4.10 реакция теңдеулерін иондық түрде құрастыру; | |
Күшті және әлсіз электролиттер | 9.3.4.11 рН мәні бойынша ертіндінің ортасын анықтау; 9.3.4.12 «ерітінді күші» мағынасын түсіну және оны «концентрация» ұғымынан ажырата алу; | |
Тұздар гидролизі | 9.3.4.13 ерітінді ортасын анықтау және тұздар гидролизінің реакция теңдеуін құрастыру; 9.2.3.2 әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу; | |
9.2В Бейорганикалық талдау (8 с) | Бейорганикалық қосылыстардың құрамын сапалық талдау | 9.4.1.8 сутек, оттек, көміртек диоксиді, суды сапалық анықтайтын реакцияларды білу және қолдану; |
9.4.1.9 жалын түсінің өзгеруі бойынша металл катиондарын анықтау: Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+; | ||
9.4.1.10 катиондарын анықтайтын сапалық реакцияларды білу: NH4+,Ca2+, Аl3+, Zn2+, Mg2+ Cr3+ Ba2+, Cu2+, Fe2+, Fe3+; 9.4.1.11 хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат-, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат- иондарына сапалық реакцияларды білу; | ||
9.4.1.12 катиондар мен аниондарды анықтауға эксперимент жоспарын құру және оны практика жүзінде іске асыру; | ||
9.4.1.13 белгісіз заттардың құрамын анықтауға эксперимент жоспарын құру және оны практика жүзінде іске асыру; | ||
9.4.1.14 заттарды анықтау үшін заманауи инструментальды әдістер бар екендігін білу (хроматография, масс-спектрометрия, ИК-спектроскопия); | ||
9.4.1.15 түсті пигменттерді бөлу үшін хромотографияны қолдануды білу және түсіну; | ||
3-тоқсан | ||
9.3А Металдар және құймалар (6 с) | Металдарға тән қасиеттер | 9.1.4.12 кристалл торы мен байланыс түрлері тұрғысынан металдардың физикалық қасиеттерін түсіндіру; |
9.1.4.13 металдарға тән химиялық қасиеттерді сипаттау; | ||
Құймалар | 9.1.4.14 құймалардың артықшылығы туралы қорытынды жасау; | |
9.1.4.15 қола мен жездің құрамын, қасиетін және қолданылуын білу; | ||
Темір мен болат | 9.1.4.16 темір құймасы: шойын мен болатты және олардың құрамындағы көміртектің пайыздық үлесін білу; 9.2.3.3 құрамында белгілі қоспасы бар басқа заттың массасын реакция теңдеуі бойынша есептеу; | |
Қазақстандағы металл өндірісі және оларды қолдану | 9.1.4.17 Қазақстандағы металл өндірісін және олардың таралуын білу; | |
9.3В 1, 2 және 13-топ элементтері (8с) | Сілтілік металдар | 9.2.1.5 1- топ металдарының химиялық қасиеттерін білу: литий, натрий, калийдің ауадағы оттекпен және сумен әрекеттесуі; |
Сілтілік-жер металдары. Алюминий | 9.2.1.6 2 және 13-топ металдарының химиялық қасиеттерін білу: магний мен кальцийдің ауада жану және олардың сумен, сұйылтылған қышқылдармен реакцияларын білу; | |
9.2.1.7 металдардың хлормен реакциясының теңдеулерін құру; | ||
9.2.1.8 1, 2 - топтың таныс емес элементтерінің қасиеттерін болжау; | ||
9.3С 16 және 17 топ бейметалдары және олардың қосылыстары (8 с) | Оттек. Күкірт | 9.2.1.9 оттек пен күкірттің аллотропиялық түрөзгерістерін сипаттау; 9.2.1.10 оттек пен күкірттің қасиеттерін зерттеу; |
Галогендердің қасиеттері | 9.2.1.11 хлор, бром және йодтың физикалық және химиялық қасиетін білу; | |
Топ бойынша қасиеттердің өзгеруі | 9.2.1.12 топ бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын білу; | |
Қарастырылмаған бейметалдарға болжам жасау | 9.2.1.13 16, 17- топтардың басқа элементтерінің қасиеттерін болжау; 9.2.3.4 теориялық мүмкіндікпен салыстыра отырып, реакция өніміндегі шығымның массалық үлесін есептеу; | |
9.3D Химиялық реакциялардың жылдамдығы (8 с) | Катализаторлар мен ингибиторлар | 9.3.2.1 катализаторды реагенттерден ажырата алу; |
9.3.2.2 ингибитордың әсерін түсіну; | ||
Гомогенді және гетерогенді катализ | 9.3.2.3 бөлшектер теориясы тұрғысынан катализ үдерісін түсіндіру; | |
9.3.2.3 катализатор қатысындағы экспериментті жоспарлау; | ||
Газдар қатысуымен жүретін реакцияларға газдардың әсері | 9.3.2.5 газдар қатысындағы химиялық реакциялардың жылдамдығына қысымның әсерін түсіндіру; | |
Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторлар | 9.3.2.6 химиялық реакция жылдамдығына факторлардың әсерін жалпылау; | |
4 тоқсан | ||
9.4A 14-топ - кремний химиясы (9 с) | Кремний және оның қасиеттері | 9.2.1.14 кремнийдің электрондық құрылысын білу; |
9.2.1.15 кремнийдің макромолекулалық құрылымды әртүрлі түрлерді түзе алу қабілетін түсіндіру; | ||
9.2.1.16 кремний, кремний оксиді және кремний карбидінің құрылысы, физикалық қасиеттері және қолданылуын білу; | ||
Жартылай өткізгіш өнеркәсібіндегі кремний | 9.2.1.17 кремнийдің жартылай өткізгіштік қасиетін түсіндіру; | |
Кремний қосылыстарының қолданылуы | 9.2.1.18 кремнийдің және оның қосылыстарының қазіргі әлемдегі алатын орнын бағалау; | |
9.4B Адам ағзасындағы химиялық заттар (9 с) | Адам ағзасының химиялық құрамы | 9.5.1.1 адам ағзасының құрамына кіретін элементтердің (О, С, Н, N, Ca, P, K, S. Cl, Mg, Fe) қызметін білу; |
9.5.1.2 ақуыздар, майлар, көмірсулар және витаминдердің қызметін білу; | ||
Макро- және микроэлементтер | 9.5.1.3 ағза үшін макро- және микроэлементтердің маңызын түсіндіру; | |
Тамақтану теңгерімі. Қазақстан тұрғындарының тамақтану рационы | 9.5.1.4 Қазақстан тұрғындарының типтік тамақтану рационын сипаттау және баланстанған тамақ рационын құру; | |
Уытты металдар | 9.5.1.5 адам ағзасына уытты металдардың әсерін түсіндіру; | |
9.5.1.6 уытты металдармен ластанудың көздерін білу; | ||
9.4C Радиохимия (9 с) | Альфа- бета, және гамма- сәулелердің табиғаты және қасиеттері | 9.1.2.1 атомда протон саны көбейген сайын ядро тұрақтылығының кемитінін түсіну; |
9.1.2.2 радиоактивті сәулеленудің қасиеттерін және табиғатын білу; | ||
Радиоактивті ыдырау | 9.1.2.3 радиоактивті ыдыраудың салдарын білу және түсіну; | |
9.1.2.4 ядроның ыдырауы өздігінен жүретін процесс екендігін түсіну; | ||
9.1.2.5 радиоактивті ыдырау үрдісін модельдеу; | ||
Радиоизотоптардың жартылай ыдырау периоды | 9.1.2.6 "жартылай ыдырау периоды" ұғымының мағынасын түсіну; | |
Ядролық энергетика | 9.1.2.7 ядроның ыдырауы кезінде энергияның бөлінетіндігін және мұның тиімді энергия көзі екендігін түсіну; | |
Қазақстандағы атом өндірісі | 9.1.2.8 Қазақстандағы атом өнеркәсібінің дамуын бағалау; 9.1.2.9 атом өнеркәсібінің кері әсерінен туындайтын қоршаған ортаның проблемаларын түсіндіру; |