Файл: Кні 02. 02. 2023 Малім оныс Нрлы Маратызы Сыныбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 108

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Мақал- сөздің мәйегі» сыныптан тыс сабақКүні: 02.02.2023Мұғалім: Қоныс Нұрлы МаратқызыСыныбы: 9 «В» - 10 «G»Тақырыбы: «Мақал – сөздің мәйегі» Мақсаты: Қазақтың мақал-мәтелдерінің мағынасын түсіндіру, өмірде қолданылатын орнын атап айту. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін ашу, оқушылардың тілдерін жаттықтыру, мәнерлі сөйлеуге үйрету, сөздік қорларын нығайту. Ұлттық дәстүрді құрметтеуге баулу. Көрнекілігі: мақал-мәтелдер Әдісі: ойын-сайыс, сұрақ – жауап Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Жарыс мақсатымен таныстыру. Оқушыларды екі топқа бөлу. Оларды жекелей таныстырып өту. Әділ қазылар алқасын сайлау.І-топ: Ақындар тобы.ІІ-топ: Шешендер тобы.Ақындар тобының ұраны: «Өнер алды – қызыл тіл».Шешендер тобының ұраны: «Шешеннің тілі – шебердің бізі».«Сөз атасы – сәлем» дегендей алдымен амандасайық. Оқушылар кейбір ұлттың амандасу рәсімдерін ортаға шығып көрсетеді.І тапсырма. Екі топ әр түрлі тақырыпқа мақал-мәтелді дәл тауып айтулары керек. Мысалы: Отан: 1. Отанға опасыздық еткенің – өз түбіңе жеткенің. 2. Отанды сүю – отбасынан басталады. Туған жер: 1. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. 2. Пәлен жерде пайда бар, өз жеріңдей қайда бар?! Ерлік, батырлық туралы: 1. Нар тәуекел – ер ісі. 2. Ер елі үшін туады, елі үшін өледі.Достық, жолдастық туралыы: 1. Досы көпті жау алмас. 2. Жолдасы көптің олжасы көп. Өнер, білім туралы: 1. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. 2. Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар. Ұл-қыз туралы: 1. Ұлың өссе ұлы жақсы ауылмен, қызың өссе қызы жақсымен ауылдас бол. 2. Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер. Денсаулық туралы: 1.Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде. 2. Дені саудың – тәні сау.ІІ-тапсырма. Мақал, нақыл сөздердің шығу төркінін баяндау.Мысалы: «Тіл тас жарар, тас жармаса да бас жарар», «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі», «Аталы сөзге ақымақ тоқтамайды», «Көп қорқытады, терең батырады».ІII-тапсырма. «Не дер едің?»Мысалы: Досыңның ерсі қылығын көріп қалдың, айтқың келді. Сөзіңнің басында не дер едің?Жауап: «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады» - дер едім.Сұрақ: Досыңның бір сөзі көңіліңе жақпай қалды, не дер едің?
Жауап: «Ойнап айтсаң ойлап айт» - дер едім.Сұрақ: Технология пәнінің мұғалімі: «Ауланы тазалаңдар» - деді. Аула кең, уақыт аз, не дер едің?Жауап: «Көз – қорқақ, қол – батыр» – дер едім.Сұрақ: Досыңның бір өтірігі шығып қалды, не дер едің?Жауап: «Өтірік сөз өрге баспайды» дер едім.IV- тапсырма. «Кім көп біледі?» ойыны.Шарты: Қызықты сұрақтар арқылы тиісті мақал-мәтелдерді тауып айту. (екі топқа кезекпен).1. Бос сөзге үйір, іске жалқау адамды қалай атайды?(Тілге – шешен, іске – мешел!)2. Қойшының қызы қай кезде таранады?(Қойшының қызы қой келгенде таранады).3. Қандай дос айырылмас?(Нағыз дос айырылмас).4. Жұмысы жоқтың несі жоқ?(Жұмысы жоқтың – ырысы жоқ).5. Батыр неше рет, қорқақ неше рет өлуі мүмкін?(Батыр – бір рет, қорқақ – мың рет өледі).6. Қорқақ неден қорқады?(Қорқақ көлеңкесінен қорқады).7. Қандай балалар бір-бірімен ойнамайды?(Аш бала тоқ баламен ойнамайды).8. Айнаға қай кезде өкпелеуге болмайды?(Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме).V - тапсырма. Екі топ бір-біріне қысқа әңгіме айтады, әңгімелерге мақал-мәтелдерден тақырып тауып қою керек.Ақындар тобының әңгімесі: Қасқыр күшікке кездеседі. «Әй, күшік, мені көрдің бе? – дейді. Күшік: «Көрдім» - дейді. «Өзім қандай, қызарған көзім қандай, күшім бар өгізді алып ұрғандай», - деп жүгіріп барып, бір өгізді құлатады. Күшік көргенін істемек болады. Бірақ өгіз оны бір теуіп өлтіреді.Жауабы: «Әлін білмеген әлек».Шешендер тобының әңгімесі: Басқа жақтан көшіп келген көрші кірпіш құйып, үй қалай бастайды. Жаз жылдам өтті, күз жақындады. Бірақ үй бітер емес. Бір күні ауыл адамдары жиылып келіп, көмектесіп жіберді. Бір-ақ күнде үйдің төбесі көтеріліп қалды.Жауабы: «Жұмыла көтерен жүк жеңіл».Әділ қазылар қорытындысын шығарғанша көрермендер мен жанкүйерлермен «Жалғасын тап» ойынын өткізу.Жарысты қорытындылау, бағалау, марапаттау.