ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 58
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы | « Деңсаулық сақтау нысандарындағы тамақтану шарттарына қойылатын санитарлы эпидемиялық талаптар» | ||||
Модуль /пән атауы | «Мейіргерлік істегі қауіпсіздік және сапа» | ||||
Дайындаған педагог | Салетаев А.Б. | ||||
20_ жылғы "__" ______ | 2023 жылғы __ | ||||
1.Жалпы мәліметтер | Емдеу-профилактикалық мекемелердегі тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық ережелер. Санитарлық талаптар: Тамақ өнімдерін ас блогында сақтауға қойылатын талаптар. Дайындалған тағамдардың тәуліктік сынамасының санитарлық талаптары. Дайын тағамды ас блогынан емдеу мекемесінің бөлімшелеріне тасымалдау ережесі. Пайдаланылған ыдыстар мен тамақ қалдықтарын зарарсыздандыру. Құжаттаманы енгізу. | ||||
Курс, оқу жылы, топ | 09130100 «Мейіргер ісі» 1 курс, 2 семестр | ||||
Сабақ типі | Симулация № 6 | ||||
2. Мақсаты, міндеттер | Студенттерге Деңсаулық сақтау нысандарындағы тамақтану шарттарына қойылатын санитарлы эпидемиялық талаптарды оқыту. | ||||
2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі | Емдеу-профилактикалық мекемелердегі тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық ережелер. Санитарлық талаптар: Тамақ өнімдерін ас блогында сақтауға қойылатын талаптар. Дайындалған тағамдардың тәуліктік сынамасының санитарлық талаптары. Дайын тағамды ас блогынан емдеу мекемесінің бөлімшелеріне тасымалдау ережесі. Пайдаланылған ыдыстар мен тамақ қалдықтарын зарарсыздандыруды үйрету. | ||||
3. Сабақты жабдықтау | Презинтация,видио,дидактикалық метериалдар (тестер, таблица, есептер,бұйырықтар,стандарттар) | ||||
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер | 1.«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары 2015 жылғы 12 наурыздағы № 194 бұйрығы. 2.adiletzan.kz, onlinezakon.kz | ||||
3.2 Техникалық құралдар, материалдар | Интерактивті тақталар, видео көрсету,презентациялар | ||||
4. Сабақтың барысы | |||||
Сабақ тың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Студенттін әрекеті | Бағалау (критерии) | Ресурстар | |
Ұйымдас-тыру кезеңі: | -сәлемдеседі -топты түгелдейді -аудитория тазалығын тексереді -сабақ мақсатын айтады | -сәлемдеседі -аудитория тазалығын сақтайды -сабақ мақсатын тыңдайды | | | |
Білім деңгейін тексеру: | -сұрақтар қояды | -сұрақтарға жауап береді | -өткен тақырыптарды біледі | -қосымша №1 | |
Мақсат қою: | Деңсаулық сақтау нысандарындағы тамақтану шарттарына қойылатын санитарлы эпидемиялық талаптарды оқыту. | -қосымша берілген мәліметтермен танысады | -түсінеді; | қосымша № 2 | |
Жаңа тақырып-ты талқылау | Емдеу-профилактикалық мекемелердегі тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық ережелер. Санитарлық талаптар: Тамақ өнімдерін ас блогында сақтауға қойылатын талаптар. Дайындалған тағамдардың тәуліктік сынамасының санитарлық талаптары. Дайын тағамды ас блогынан емдеу мекемесінің бөлімшелеріне тасымалдау ережесі. Пайдаланылған ыдыстар мен тамақ қалдықтарын зарарсыздандыруды үйрету. | -оқытушының көрсеткен көмектерін қайталайды - өз беттерінше іс-әрекеттермен дағдыланады. | -түсінеді; -танысады. | - қосымша №3 | |
Бекіту | -тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды -ситуациялық есеп беріледі | -тақырыпқа бойынша берілген сұрақтарға жауап береді; -ситуациялық есептерге , тесттерге жауап береді | -сұрақ жауабын біледі; -есепке жауап бере алады | -қосымша №4 | |
5. Сабақ бойынша рефлексия | Студенттермен сабақ жайлы кері байланыс жүргізу | ||||
6. Үй тапсырмасы | Емдеу-профилактикалық мекемелердегі тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық ережелер. Санитарлық талаптар: Тамақ өнімдерін ас блогында сақтауға қойылатын талаптар. Дайындалған тағамдардың тәуліктік сынамасының санитарлық талаптары. Дайын тағамды ас блогынан емдеу мекемесінің бөлімшелеріне тасымалдау ережесі. Пайдаланылған ыдыстар мен тамақ қалдықтарын зарарсыздандыру. |
СМЖ Н 05-05
Нур-Султан қаласы әкімдігінің
ШЖҚ «Жоғары медициналық колледж» МКК
Студентке арналған әдістемелік нұсқаулар
Пәні: «Мейіргерлік істегі қауіпсіздік және сапа»
Тақырыбы : «Деңсаулық сақтау нысандарындағы тамақтану шарттарына қойылатын санитарлы эпидемиялық талаптар»
Мамандығы: «Медбикелік ісі »
Курс: 1 Семестр: 2
Құрастырған оқытушы: Салетаев А.Б.
Сабақтың тақырыбы: «Деңсаулық сақтау нысандарындағы тамақтану шарттарына қойылатын санитарлы эпидемиялық талаптар»
Сабақтың түрі: симуляция
Сабақтың мақсаттары:
Тәрбиелік мақсаты : студенттерді болашақ мамандыққа баулу,мейірімділік, қайырымдылық қасиеттердің дамуына жағыдай жасау
Сабақ уақыты: 180 минут
Өз бетінше дайындалуға тапсырма:
Сабақ дайындалу барысында
Студенттер білуге тиіс:
- емдеу-профилактикалық мекемелердегі тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық ережелер.
- емдеу-профилактикалық мекемелердегі тамақтану режимін.
- тамақ өнімдерін ас блогында сақтауға қойылатын талаптар.
- дайын тағамды ас блогынан емдеу мекемесінің бөлімшелеріне тасымалдау ережесі.
- пайдаланылған ыдыстар мен тамақ қалдықтарын зарарсыздандыру тәртібін.
Студенттер істей білу керек:
- емдеу-профилактикалық мекемелердегі тамақтану режимін үйымдастыруды.
- пайдаланылған ыдыстар мен тамақ қалдықтарын зарарсыздандыру тәртібін.
- дайын тағамды ас блогынан емдеу мекемесінің бөлімшелеріне тасымалдауды тәртібін.
- дайын тағамдарды ас блогынан тасымалдағанан кейін арбаларды залалсыздандыру тәртібін.
Өзіндік жұмысқа тапсырма: Емдеу-профилактикалық мекемелердегі тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық ережелер.
Білімді бекіту үшін
1. Тапсырманы орындау
2. Сұрақтарға жауап бер (қоса беріледі).
Үйге тапсырма беру:
Тақырып: Емдеу-профилактикалық мекемелердегі тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық ережелер. Санитарлық талаптар: Тамақ өнімдерін ас блогында сақтауға қойылатын талаптар. Дайындалған тағамдардың тәуліктік сынамасының санитарлық талаптары.
Дайын тағамды ас блогынан емдеу мекемесінің бөлімшелеріне тасымалдау ережесі. Пайдаланылған ыдыстар мен тамақ қалдықтарын зарарсыздандыру
Негізгі әдебиет:
1.«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары 2015 жылғы 12 наурыздағы № 194 бұйрығы.
2.adiletzan.kz, onlinezakon.kz
- қосымша №3
Денсаулық сақтау объектілерінде тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Денсаулық сақтау объектісінің ас блогын бөлек тұрған ғимаратта немесе инфекциялық бөлімшелерді қоспағанда, бас корпуспен және басқа корпустармен қосылған, қолайлы жерасты және жерүсті өту жолдары бар үй-жайдың жеке блогында орналастырады.
Ас блогының және жабдықтардың құрылғысы, оны күтіп-ұстау, шикізатқа және дайын өнімдерге қойылатын талаптар нормалау құжаттарына сәйкес көзделеді.
Күн сайын ас блогында дайындалған тағамдардың тәуліктік сынамасы қалдырылады. Оны арнайы диетолог дәрігер немесе диетеолог аға мейірбике қадағалайды.
Тәуліктік сынама үшін бірінші тағамдардың жарты порциясы қалдырылады, порциялы екінші тағамдар кемінде 100 грамм (бұдан әрі – гр) мөлшерінде толығымен алынады, үшінші тағамдар кемінде 200 гр мөлшерінде алынады.
Тәуліктік сынамалар (1, 2, 3 тағамдар) дайын тамақты сақтауға арналған тоңазытқышта арнайы бөлінген орында +20 - +60С температурасы кезінде қақпақтары жабылған таңбаланған банкаларда сақталады. 24 сағат өткеннен кейін тәуліктік сынама тамақ қалдықтарына тасталады. Тәуліктік сынаманы сақтауға арналған ыдыс (сыйымдылықтар, қақпақтар) бес минут бойы қайната отырып өңделеді.
Дайын тамақты аурухананың буфет бөлімшелеріне жеткізу үшін таңбаланған (тамақ өнімдеріне арналған) термостар немесе қақпақтары жабылатын ыдыс пайдаланылады. Тасымалдау арнайы арбалардың көмегімен жүзеге асырылады.
Дайын тамақты таратуды буфетшілер және "тағам таратуға арналған" деп таңбаланған халаттарда бөлімшенің кезекші мейіргері жүргізеді.
Бөлімшенің палаталарын және басқа да үй-жайларын жинаумен айналысатын техникалық персоналдың тамақ таратуына жол берілмейді.
Тамақты таратуды бақылауды тағайындалған диетаға сәйкес аға мейіргер жүзеге асырады.
Тарату кезінде бірінші тағамдар мен ыстық сусындарда температура +75
0С, екіншілерде +650С төмен емес, салқын тағамдар мен сусындарда +7-ден 140С дейiн болады. Тарататын кезге дейін бірінші және екінші тағамдар дайындалған кезден бастап eкi сағатқа дейін ыстық плитада тұрады.
Буфет бөлімшелерінде:
1) тамақ таратуға және ыдыс жууға арналған екі үй-жай;
2) жуу ванналарына су өткізілген резервтік су ысытқыштар көзделеді.
Ыдысты өңдеуді мынадай бірізділікпен жүргізеді: тамақты механикалық түрде алып тастау және бірінші жуғышта майсыздандыру құралдарымен жуу, екінші жуғышта ыстық сумен шаю және ыдысты арнайы сөрелерде, торларда кептіру.
Инфекциялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы ұйымдардың (бөлімшелердің) буфеттерінде, эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша басқа бейіндегі бөлімшелерде:
ыдысты тамақ ішкеннен кейін буфеттерде бөлек үстелде жинайды, ішіндегі тамақтың қалдықтарын төгеді, зарарсыздандырады, жуады және кептіреді. Зарарсыздандыру химиялық (дезинфекциялау құралдары ерітіндісімен, оның ішінде ыдыс жуатын машинада) немесе термиялық (қайнату, ауа стерилизаторында өңдеу) тәсілмен жүргізіледі;
Тамақ қалдықтарын қақпағы бар арнайы таңбаланған бакқа тастайды және бестен бір арақатынасында (экспозициясы бір сағат) құрғақ дезинфекциялық құралды себу тәсілімен тиісті инфекцияға арналған режим бойынша зарарсыздандырады. Пайдаланылған ыдысқа арналған үстел, щеткалар, ысқыштар әрбір қолданыстан кейін дезинфекцияланады. Үстелдер мен ыдысты жууға арналған шүберекті дезинфекциялық ерітіндіге батыру арқылы зарарсыздандырады, шаяды және кептіреді.
Науқастарға арналған сәлемдемелер науқастың тегі мен аты, сәлемдеменің берілген күні мен уақыты көрсетіле отырып целлофан пакеттерде беріледі. Сәлемдемелерді қабылдау орындарында және бөлімшелерде рұқсат етілген (олардың саны көрсетіле отырып) тағамдардың және тұтынуға дайын тамақ өнімдерінің тізімдері iлiнеді.
Балаларға арналған құрғақ сүт қоспаларының қаптамасы ашылғаннан кейін ашылу күні және уақыты көрсетіле отырып таңбаланады және қаптамасында көрсетілген "қаптамасын ашқаннан кейін сақтау" жағдайында және мерзімінде сақталады. Қоспаларды араластыру стерильді ыдыс қолданыла отырып жүзеге асырылады. Дайын сүт қоспалары дайындаушының құжаттарына сәйкес тасымалданады, қолданылады, сақталады және таратылып беріледі.
Тамақ қалдықтарын, "Б" сыныбының залалсыздандырылған медициналық қалдықтарын жиырма төрт сағаттан артық сақтау тоңазытқыштарда және мұздату камераларында жүзеге асырылады, бірақ үш тәуліктен асырмайды.
Емдік тағам- науқасқа басқа да емдік шаралар кешенімен бірге белгіленетін тағам. Гастрит, ішкі жара аурулары, тоқ ішектің қабынуы, бауыр аурулары үшін емдеудің негізгі әдісі болып табылады. Станционарлық немесе емхана жағдайында қолданылады. Емдік тамақтануды дәрігер кеңесі бойынша және оның бақылауымен жүргізіледі, өз бетімен белгіленген тұрақты диета денсаулық үшін қолайсыз жағдайларға ұшыратуы мүмкін.
Диеталар;
-
№1 диета (1а, 1б) - асқазанның, ұлтабар безінің жарасы кезінде, асқазан сөлінің жоғары және қалыпты қышқылды гастритімен ауырғанда белгіленеді:-
тамақ су не буда пісіріледі де, көбінесе үгітілген күйінде беріледі; -
дайын тамақ температурасы - 60°С; -
тамақ ішу жиілігі күніне 5-6 рет; -
күндізгі ас үлесі: белок - 100 г., май - 100 г., углевод - 400-450 г., ас тұзы - 10-12 г. -
рұқсат етілмейтіндер: қуырылған, тұздалған, сүрленген, маринадталған, ащы және қышқыл тамақтар, шикі көкөністер мен жемістер, ірі тартылған ұннан пісірілген нан, ашыған қамыр, құймақ, татымдылықтар, ет, балық және саңырауқұлақ сорпалары мен тұздықтар (соус), ақ қауданды мыңжапырақ, табиғи жидек пен жеміс шырындары, консервілер, оның ішінде үй жағдайында дайындалып консервіленген компоттар.
-
-
№2 диета - гастритте - асқазан сөлінің қышқылы төмен болған жағдайда тоқ ішектің талаурауы, бас сақинасы (бұл арурулар тек асқынбаған жағдайда) кезінде белгіленеді:-
тамақ көбінесе суға немесе буға пісіріледі (кейде кейбір тамақтарды қуыруға болады), үстелге жақсы ұсақталған күйінде қояды; -
тамақты күніне төрт реттен аз ішпеу ұсынылады; -
күндік ас үлесі құрамы: белок - 100 г., май - 100 г., улевод - 400-450 г., ас тұзы - 12-15 г. -
рұқсат етілмейтіндер: пияз (шикі), сарымсақ, қымыздық, саумалдық, шалқан, тұрып, сірке суы, қыша, ұнтақталған бұрыш, ақжелкен, ысталған, тұздалған, маринадталған тағамдар.
-
-
№3 диета - созылмалы іш қату ауруына шалдыққандарға белгіленеді:-
ас дайындау кезінде (басқа ауруы болмаған жағдайда) өсімдік, сондай-ақ мал майына ұзағырақ қуырылады; -
құрғақтау ботқа ұсынылады; -
тамақ қабылдау жиілігі - күніне 4-5 рет; -
күндік ас үлесінің құрамы: белок - 85-100 г., май - 100-120 г., углевод - 400-500 г. -
рұқсат етілмейтіндер: кисель, ащы шай, какао, көкжидек, екі-үш күн тұрып ашыған сүт тағамдары, кептірілген нан, сұйық ботқа, картоп пюресі, жұмыртқа (шикі және шала пісірілген), ақ нан, самса және майда тартылған ұннан пісірілген кондитер өнімдері.
-
-
№4 диета (4а, 4б, 4в) - бұл диетаның әр түрлі варианттары ас қорытудың бұзылуымен қоса қабат келетін қатты және созылмалы ішек аурулары (колит) жағдайында белгіленеді. Жазыла бастағанда 4В диетасын ұстанған дұрыс:-
тамақ суға не буға пісіріледі; -
дайын тамақ устелге майдаланабаған күйінде қойылады; -
тамақты аз мөлшерде күніне 4-5 рет ішу ұсынылады; -
күндік ас үлесі құрамы: белок - 100 г., май - 70 г-ға дейін, углевод - 250 г., ас тұзы - 8-10 г. -
рұқсат етілмейтіндер: таза табиғи жеміс-жидек шырындары, қаймағы алынбаған сүт, бұрыш, қыша, сірке суы, ақжелкен, қуырылған, ащы және қышқыл, тұздалған, маринадталған тамақтар.
-
-
№5 диета (№5а) - бауыр және өт жолдары ауыратын адамдарға белгіленеді:-
тамақ суға не буға пісіріледі және көбінде ұнтақталмаған күйінде беріледі; -
тамақ қабылдау жиілігі - күніне 4-5 рет; -
күндізгі ас үлесі: белок - 100 г., май - 100 г. (оның үштен бір бөлігі өсімдік майы), углевод - 400-450 г., ас тұзы - 10-12 г. -
рұқсат етілмейтіндер: қуырылған, майлы, ащы және қышқыл, сүрленген, тұздалған және маринадталған тамақтар, ет, балық және саңырауқұлақ сорпалары, қой, шошқа, қаз, үйрек етінен жасалған тағамдар, ми, пияз, сарымсақ, шалқан, тұрып, саумалдық, ақжелкен, қыша, бұрыш, сірке суы, ет және балық консервілері, тұздығы және майлы тұздығы бар тамақтар; өт жолына тас байланған жағдайда бұларға қосымша қант қайнатпа, бал және кондитер өнімдерін шектеген дұрыс.
-
-
№6 диета - құяң және несеп жолдарының ауруларымен ауырғанда белгіленеді:-
құрамында пуринасы аз тамақтар -көкөністер мен жемістер, сүт, жұмыртқа, қайнатпа, дәндер; -
сұйық ішуді көбейту, әсіресе табиғи шырындар; -
тамақ ішу жиілігі күніне 4 рет; -
күндік рацион құрамы: белок - 80-90 г., май - 80-90 г., углевод - 400 г; -
рұқсат етілмейтіндер: ет, балық және саңырауқұлақ сорпалары, консервілер, қақталған еттер, тұздықтар, спиртті ішімдіктер, тұзды ірімшіктер, тұздалған және маринадталған көкөністер, кондитер өнімдері.
-
-
№7 диета (№7а, №7б) - бүйрек қабыну ауруына шалдыққандарға белгіленеді. -
№8 диета - семіріп кеткен адамдарға белгіленеді:-
тамақ рационында углевод, май, тәбет ашатын заттарды шектеп, калориялылығы аз тағамдарды пайдаланады; -
тамақ кез келген кулинариялық тәсілмен тұзсыз дайындалады; -
тамақ ішу жиілігі күніне 4-5 рет, кейде көбірек ішу ұсынылады; -
күндік рацион құрамы: белок -90-130 г., май - 60-90 г., углевод - 100-200 г., ас тұзы - 3-5 г (дайын асты тұздау үшін). -
дәрігердің белгілеуі бойынша диетаны жартылай ашығу күндерімен кезектестірген дұрыс.
-
-
№9 диета - қант диабеті кезінде белгіленеді:-
тағам рационында углевод пен май мөлшері шектеледі; -
күндік рационның химиялық құрамы емдеуші дәрігер беретін арнайы таблица арқылы мөлшерленеді; -
тағамды әр түрлі әдіспен дайындауға болады; -
тамақ ішу жиілігі күніне 4 реттен аз болмауы керек; -
қанттың орнына ксилит, сорбит ұсынылады; -
кебек қосылған арнай нандар; -
көкөністерді 8-12 сағат суда ұстап крахмалын азайту керек; -
қанттан басқа бал, қайнатпа, жүзім, інжір және қарбызды пайдалануға болмайды.
-
-
№10 диета - бүйректің, жүрек - қан тамыр жүйесінің кейбір аурулары кезінде белгіленеді:-
рационда ас тұзы мен сұйық ішу азайтылады; -
тамақ суға не буға пісіріледі; -
қуырлған тамақ жеуге тыйым салынады; -
тұзсыз тағамдардың дәмін келтіру үшін сүт, ірімшік, жеміс және жеміс соустарынан жасалған пудингтерді пайдалану ұсынылады; -
тамаққа қант, бал, лимон, лимон шырыны мен қышқылын, қою томат шырынын, ванилин, дәмқабық, қалампыр қосуға болады; -
күндік ас үлесінің құрамы: белок - 80 г., май - 7 г., углевод - 350-400 г., ас тұзы - 3 г, сусын мөлшері 0,8 литрден аспағаны жөн.
-
-
№11 диета - туберкулез және өкпенің іріңді аурулары кезінде, ұзаққа созылған ауыр науқастан жазыла бастағанда белгіленеді:-
белоктардың, май, көміртегі, кальций және фосфор тұздарының құрамы арттырылады; -
көбінесе сүттен жасалған тамақтарды пайдалану арқылы рациондағы мал өнімдерінен алынатын белок мөлшерін арттыру; -
С дәрумені бар (көкөніс, жеміс-жидек, итмұрын, қайнатылған су); -
В дәрумені тобы (бауыр, ашытылған сусындар); -
күндік тамақ ішу жиілігі - 4 рет; -
күндік рацион құрамы: белок -120 г., май - 120 грамға дейін, углевод - 500 г., кальций - 1,6 - 2 г., фосфор - 1,6 г.
-
-
№12 диета - жүйке жүйелері ауруларына шалдыққанда белгіленеді. -
№13 диета - асқынған жұқпалы аурулармен ауырған науақастарға белгіленеді. -
№14 диета - бүйрекке тас байланған кезде белгіленетін диета. -
№15 диета - арнайы емдік тағам белгіленбейтін басқа ауру түрлеріне қолданылады.