ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 202
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Науқастың жалпы жағдайы
-
Қанағаттанарлық -
Орта дәрежесі -
Ауыр -
Өте ауыр (агония алды) -
Терминалды (агония) -
Клиникалық өлім жағдайы
Терминалды (агоналды) жағдай естің толық болмауы байқалады, бұлшық еттер босаңсыған, рефлекстері болмайды. Көздің қасаң қабығы мөлдір емес, төменгі жағы түсіп кетеді. Ұйқы артериясында пульсібайқалынбайды, қан қысымы анықталмайды, жүрек тондары естілмейді, бірақ электрокардиограммадамиокардтың электрлік белсенділігі тіркеледі. Әр кезде кезеңді түрде тыныс алу қозғалысы - Биот типті тыныс байқалады. Агония бірнеше сағатқа немесе минутқа созылады. Электрокардиограммада фибрилляция толқыны немесе изоэлектрлік сызықтың пайда болуы және тыныстың тоқтауы, клиникалық өлімнің болғанын көрсетеді. Өлер алдында науқаста тырысу, еріксіз несептің және нәжістің шығуы дамиды. Клиникалық өлімнің ұзақтығы бірнеше минутқа созылады, дер уақытында жасалған реанимациялық шаралар адамды аман сақтап қалуы мүмкін.
-
Ес жағдайы
.Кома аурудың біршама ауыр дәрежеде екенін көрсетеді, мида жедел ми-қанайналым бұзылысы, бас жарақаты, қабыну (энцефалит, менингит, малярия), сонымен бірге улану нәтижесінде (барбитурат, көмірсу тотығы және басқ.), қант диабеті, уремия, гепатит (уремиялық, бауырлық кома) салдарынан мидың қыртысында терең тежелу пайда болудан дамиды. Сандырақтау – бұл жалған, ретсіз пікір, ойланудың бұзылуы және байланыссыз сөйлеумен бірге жүреді. Соматикалық науқастарда жоғары дене температурасы кезінде (мысалы, жұқпалы аурулар кезінде), жиі психикалық бұзылыстары кезінде болады. Сандырақтаудың тыныш және елірме түрін ажыратады. Елірме сандырақтауда науқастар қозулы күйде, төсектен ұшып тұрып, осы жағдайда не өзіне, не айналадағыларға залалын тигізуі мүмкін. Бұл науқастарды күту мен бақылау үшін жеке мейірбикелік бекет ұйымдастырылады. Галлюцинация – шын мәнінде жоқ нәрсені, жалған қабылдау. Есту, көру, иіс сезу, сипап сезугаллюцинациялары болады. Есту галлюцинациясында науқас өз-өзімен немесе жалған әңгімелесушімен сөйлеседі. Көру галлюцинациясында науқасшын мәнінде жоқ нәрсенікөреді. Бұндай галлюцинация көбінесе созылмалы алкоголизммен ауыратын науқастарда болады. Иіс сезу галлюцинациясы науқастарда жағымсыз иістер мен дәм сезудің өзгеруімен болады. Сипап сезу галлюцинациясы – денесінде жәндіктер, микробтар жүрген сияқты сезімде болады.
-
Науқастың төсектегі қалпы түрлері
-
Белсенді қалып — науқас қажеттілігіне қарай ерікті (белсенді) қозғалыстарды еркін және жеңіл орындайды, ешкімнің көмегінсіз төсекте қозғалады, жүреді. Науқастың белсенді қалпы жеңіл ауруларда немесе ауыр аурулардың бастапқы кезеңіне тән. -
Пассивті қалып — науқас қозғалыссыз, әлсіздік салдарынан өзінің қалпын өз бетінше өзгерте алмайды, ерікті қозғалыстар жасай алмайды,басы мен аяқ-қолдарын ауырлық күшіне байланысты салбыратып жатады. Науқастың ес-түссіз күйінде немесе әбден әлсіреуі және науқастың арықтауы кезінде кездеседі. Науқасты дұрыс тыныс алу және қан-айналымды жақсартатын қалыпта отырғызу қажет. -
Мәжбүрлі қалып — науқас жағдайын жақсарту үшін, өзіне ыңғайлы қалыпта отырады. Бұл қалыпта отыруға аурудың ерекшелігі әсер етеді. Менингитпен ауыратын науқастың төсектегі қалпы «жатқан иттің қалпы» - жамбас- сан және тізе буындары бүгілген және басы артқа қайырылып, бір жақ жанымен жатады (сурет 35).
larece.ruСурет 35Менингит кезінде дененің мәжбүрлі күйіОртопноэ–мәжбүрлі отырған қалыпта көбінесе жүрек жеткіліксіздігі бар науқастар отырады: науқас төсегінде алға еңкейіп, аяғын түсіріп отырады (сурет 36). liveinternet.ruСурет 36.Жүрек жеткіліксіздігікезіндегі ортопноэ қалпыБұндай қалыпта науқастың тыныс алуы жеңілдейді, өйткені көк еттің қозғалысы жеңілдейді, кеуде қуысында қысым азаяды, өкпенің экскурсиясы жоғарылайды, газ алмасу жақсарады, мидан веналық қан қайтады және айналымдағы қанның көлемі азаяды: қанның жартысы аяқтарда іркіледі, жүрек пен кіші қан айналым жеңілдейді.Науқас бронх демікпесінің тұншығу ұстамасында, плевритте және басқа аурулардың ауыр ағымында мәжбүрлі қалыпта отырады (кесте 5).
Кесте 5.
Науқастың мәжбүрлі қалпының бірнеше варианттары
Мәжбүрлі қалыптың сипаты | Ауру(синдром) | Жағдайын жеңілдеткен себептер |
Керуеттің шетін қолмен ұстап, отырған күйдегі қалып | Бронх демікпесінің ұстамасы | Тыныс алуға көмектесуші бұлшық еттері мобилизациясы |
Ауырған бүйірімен жату | Құрғақ плеврит | Зақымдалған жақтың плевра жапырақшасы қозғалысының шектелуі және ауырсыну синдромының азаюы |
Ауырмаған бүйірімен жату | Қабырғаның сынуы | Егер науқас ауырған бүйірімен жатса, сынған қабырғалар қысылып, бір-біріне қажалып, ауырсыну күшейеді. |
Ішпен жату | Ұйқы безінің ісігі | Жүйкелердің біріккен жеріне ұлғайған ұйқы безінен қысым азаяды. |
Басын төмен қарата, ішпен жату | Өкпеден қан кету | Қаннан тыныс жолдарын босату, зақымдалған қанның өкпенің сау аймағына жақын жатқан бронхыларға ағуын, олардың зақымдалуын болдырмау. |
Басы денесінен төмен горизонталды қалып | Көп қан кету | Жүрекке қанның келуін жоғарылату және мидың және ішкі ағзалардың қан-айналымын жақсарту. |