ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 17
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Пән: Қазақстан тарихы Қысқа мерзімді жоспар | Мектеп: Күні: | ||
| Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 5 | Қатысқандар: 5 | Қатыспағандар: 0 | |
Сабақ тақырыбы | Ғұндардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынастары | ||
Оқу мақсаттары | Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау | ||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: Ғұндар туралы және олардың көрші елдермен қарым-қатынасы туралы анықтайды. Оқушылардың басым бөлігі: Ғұндар туралы жазылған Қытай деректерін сипаттайды Кейбір оқушылар орындай алады: Ғұндар мен Ұлы Қытай қорғанының арасындағы байланысын айқындайды | ||
Бағалау критерийі | 1.Ғұндар туралы және олардың көрші елдермен қарым-қатынасы туралы анықтайды 2.Ғұндар туралы жазылған Қытай деректерін сипаттайды 3.Ғұндар мен Ұлы Қытай қорғанының арасындағы байланысын түсіндіреді | ||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: Айтылым:Оқушылардың топта жұмыс жасауы. Оқылым:Мәтінмен жұмыс Жазылым: Термин сөздер және сөз тіркестерімен жұмыс Термин сөздер: Ордос , Гао-Цзу Тыңдалым: Бейнежазба көрсету | ||
Құндылықтарға баулу | Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім, сын тұрғысынан ойлау дағдысы Өмір бойы білім алуға баулу | ||
Пәнаралық байланыс | География- Ғұн мемлекетінің орналасуын картадан көрсетеді. | ||
Алдыңғы білім | Ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуы туралы түсінігі бар |
Сабақ барысы
Жоспар-ланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы 10 минут Сабақтың ортасы 30 минут | Оқушылармен амандасу. Психологиялық дайындық.(Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді) Миға шабуыл «Бейнежазба» көрсету. «Бейнежазбадан не байқадыңдар? (Осы арқылы жаңа оқу мақсатын ашамын) Бағалау: Мадақтау Топқа бөлу. Пазл әдісі арқылы. Түстері бойынша қағаз қиындыларын құрастырады,топтың аты шығады. 1-топ: Деректер 2-топ: Ғұндар №1 тапсырма. Топтық жұмыс. Мәтінмен жұмыс. Топ бақылаушысына бағалау парағы беріледі, әр кезең сайын тобындағы оқушылардың сабаққа қатысуын белгілеп отырады. 1 топ: Ғұндар мемлекетінің көрші елдермен қарым-қатынасы. ІІ топ: Ғұндар мемлекетінің көрші Қытаймен байланысы. Оқушылар топта ақылдаса отырып, талқылап постерге түсіреді картамен жұмыс жасайды. Әр топтың бақылаушысы соңында бағалау парағын жүргізеді Екі жұлдыз, бір ұсыныс. №2тапсырма . «Деректермен жұмыс» әдісі Жұптық жұмыс Шарты: Оқулықтағы А,Ә дерегімен жұмыс жасайды және ғаламтор көздерінен қосымша мәліметтер беріледі.Мәліметтерді талдап,өз ойларын білдіреді. Бағалау.Табыс критерийі арқылы бағалау.
№3 тапсырма. Жеке жұмыс. «Бес саусақ» әдісі Шарты: Кім?Не?Неге?Қайда?Қашан?деген сұрақтарға жауапберу арқылы Ұлы Қытай қорғанының салынуы себептерін анықтайды, дәптерге түсіреді. Жауаптары. Кім?-Қытай императоры. Не?-Ұлы Қытай қорғаны. Неге?-Ғұндардан қорғану үшін. Қашан?-Б.з.д ІІІ ғасыр. Қайда?-Қытайда. Бағалау. Бағдаршам арқылы бағалау Қызыл түс- көмек керек Сары түс- түсіндім Жасыл түс- түсімбедім №4 тапсырма. Жеке жұмыс
Дескриптор - ғұндардың Қытаймен қарым-қатынасын сипаттайды -ғұндардың үйсіндермен қарым-қатынасын сипаттайды -ғұндардың Қаңлылар мен қарым-қатынасын анықтайды | Түсті қағаздар Қағаз қиындылары Оқулық, плакат, түрлі-түсті маркерлер, қаламдар, стикерлер, карта Қосымша ақпараттар беріледі Дайын бағалау парағы АКТ Дәптермен жұмыс Дайын тапсырма парақтары, карта | ||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Қорытынды Мағжан Жұмабаев «Пайғамбар» өлеңі Мәңгілік ел құндылықтары туралы айтамын Ерте күнде жоқ бар еді түн туған, Қап-қараңғы түн ішінде Күн туған. Отты Күннің сәулесінен от алтын Отты көзді,отты жанды Ғұн туған. Ерте күнде отты Күннен Ғүн туған, Отты Ғұннан от боп ойнап мен туғам, Жүзімді де, қысық қара көзімді Туа сала жалынменен мен жуғам. Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар, Мен – Күн ұлы, көзімде Күн нұры бар. Мен келемін, мен келемін, мен келем – Күннен туған,Ғұннан туған пайғамбар. Рефлексия: «Бес саусақ» әдісі бойынша Шарты: Қағаз бетіне қолыңызды қойып, саусақтарыңызды айналдыра сызыңыз. Әр саусақтың өзінің мәні бар, солар бойынша өз ойыңызды білдіріңіз: 1. Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызықты болды ...... 2. Сұқ саусақ – мен бүгін .......... түсіндім. 3. Ортаңғы саусақ – мен үшін ....... қиын болды. 4. Төртінші саусақ – менің бағам ....... , өйткені... 5. Шынашақ – Мен ............ білгім келеді. | АКТ Дайын бес саусақ парақтары |