Файл: Ксіби ызметтегі апаратты технологиялар атты авторлы бадарлама.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 216

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Кәсіби қызметтегі ақпараттық технологиялар» атты

авторлық бағдарлама


2022-2023 оқу жылы

Түсінік хат
Қазіргі жаһанданған, ақпараттың дамыған ғасырында болып жатқан түрлі өзгерістер мен жаңашылдықтар еліміздің экономика саласына да, білім беру жүйесіне де тың ізденістерді енгізіп отыр. Бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгертуге аса назар аударылып, жан-жақты жол ашылған.

Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру - жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу — біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі.

Информатика пәнін ағылшын тілінде оқытуда тақырыпқа сай терминдерді видеолар мен мультфильмдер, оңай кинолар арқылы есте сақтауға үйретуге, мәтіндік тапсырмалар, түртіп алу әдістерін пайдалану арқылы оқытуға болады.

Қазіргі кезде аудиоақпарат алмасу, видеоақпарат алмасу, виртуалды аудиторлық тақта,тақырыптық ақпарат енгізілген клавиатуралар, файлды алмасу, көпжақты конференциялар өткізу кеңнен таралған көпке белгілі компьютерлік видеоконференция байланыстың әдістемесіне жатқызылады.

Ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде. Сондықтан тиімді әдіс тәсілдерді қолдану арқылы оқыту нәтижеге жеткізеді.

Біз білетіндей, ағылшын тілін пәнге енгізу өздігінен жүрмейді, бірақ арнайы алгоритмге сәйкес қарапайым сөздер мен сөз тіркестерін енгізуден басталады. Біздің жағдайда сабаққа арналған терминдер, академиялық сөз тіркестерін қолдана отырып, үлкен ғылыми мәтіндерді оқып, оларды талдаумен аяқталады. Бұл жағдайда бейімделген орта даму аймағына көмектеседі. Біз негізгі деңгейді қарастырамыз, бірақ бұл әдіс сабақта ағылшын тілін белсенді қолданатын оқушылар үшін де қолданылады.

Мақсаты:

  1. Оқушылардың тақырыптар бойынша қарапайым сөздерден үлкен ғылыми мәтіндерді оқып, оларды талдай білуге үйрету және білім көлемін арттыру.

  2. Бейіндік-бағытталған сипаттағы ақпарат есебінен сөйлеу құзыреттілігін дамыту.



Міндеттері:

Біліктілік:

  • Білім алушылардың сөздік қорын байыту және бекіту, оларды арнайы терминдермен таныстыру, білім алушыларды жаңа лексиканы қолдануда тәжірибелерін нығайту;

  • Тақырып бойынша жаңа арнайы лексиканы қолдана отырып, білім алушыларда бұрын алған коммуникативтік құзыреттілік арқылы сөйлеу дағдыларын дамыту;

  • Білім алушыларда қажетті ақпаратты ала отырып және мәтіндердің әр түрін, соның ішінде техникалық мәтіндерді толық түсіне отырып, оқу дағдысын, оқығанын өз пікірін жасау үшін пайдалана білу дағдысын дамыту;

Дамытушылық:

  • Оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін, зейінін, талдау, салыстыру, әдеби дереккөздермен жұмыс істей білуін дамыту;

  • Білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал ету;

  • Ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіру, заманауи технологияларды қолдана отырып, материалды айқын және көрнекі түрде ұсыну мүмкіндіктерін дамыту;

Тәрбиелік:

  • Білім алушылардың шет тілін үйренуге деген ынтасының деңгейін арттыру.

Күтілетін нәтиже:

Оқу барысында оқушылар келесі дағдыларды игереді:

Коммуникативтік дағдылар:

  • ағылшын тілін түсіну;

  • қажетті ақпаратты сұрау;

  • өз көзқарасын қорғай алу, ымыраға келе білу;

  • нақты жауап бере білу;

Зияткерлік дағдылар:

  • ақпаратпен және мәтінмен жұмыс істей білу;

  • негізгі ойды бөліп көрсетуге және ақпаратты талдауға;

  • қорыту және қорытындылар жасау;

  • эссе жазу және өз пікірін білдіру;

Практикалық дағдылар:

  • компьютер және интернет технологияларын қолдану.


Нормативтік бөлім




Бөлім/Тақырыбы

Мақсаты

сағат Саны

Күтілетін нәтиже

Барлығы

Дәріс/

Теориясы/


Прак-тика

1-2

Ақпараттық технологиялардың даму тарихы

Ақпараттық технологиялар ұғымын білу, Ақпараттық технологиялардың дамуын ұғыну

2

1

1

Ақпараттармен жұмыс істей алады

3-4

Ақпараттық процестер мен технологиялар

- ақпараттық процестер және технологиялар тақырыбы бойынша жалпы түсінік беру

2

1

1




5-6

Бұлтты технологияларды iскерлік салада қолдану

- Бұлтты технологиялар түрлерін білу;

- Бұлтты технологиялардың артықшылықтары мен кемшіліктерін білу;

2

1

1

Бұлтты технологияларды қолдану

7-8

Элементтік база туралы ақпараттық технологиялар

Элементтік база туралы ақпараттық технологиялар түсіндіру










«Қолданбалы» және «жүйелік» программалық қамтамасыз ету арасындағы айырмашылықты анықтай алу


9-10

Кеңсе технологиялары Құжаттарды дайындау

оқушылардың мәтіндік ақпаратты өңдеу, мәтіндік

құжаттар мен мәтіндік редакторлар, мәтін түрлері, мәтіндердің құрылымдық элементтері, мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеу технологиясы туралы білімдерін калыптастыру










MS Officce құжаттарын еркін пайдалану

11-12

MS Word мәтінін құжаттарды дайындау технологиясы

МІСROSOFT WORD -ты іске қосу, мәтіндік құжат құру, емлесін тексеру, мәтіндік құжатты пішімдеу, пішімдеудің мәні, пішімдеу режимдері туралы білімдерін қалыптастыру










MS Officce құжаттарын еркін пайдалану

13-14

MS Excel электрондық мәліметтеріндегі экономикалық көрсеткіштерді талдау технологиясы

электрондық кесте туралы түсінігін қалыптастырып, электрондық кестенің ұяшық, ұяшық диапазондары, деректер түрлері, терезе элементтерімен, бағана мен қатарлар арқылы орындалатын амалдар, деректер типтері жайлы алғашқы ұғымдарды беру










MS Officce құжаттарын еркін пайдалану

15-16

MS PowerPoint бағдарламасындағы компьютерлік презентацияларды дайындау

PowerPoint туралы мағлұматтар бере отырып, іскерлік пен дағдыларын, тапсырмалар беру арқылы білімдегі жетістіктерін қалыптастыру.










MS Officce құжаттарын еркін пайдалану

17-18

Деректер базасын басқару жүйелерінде ақпаратты өңдеуді автоматтандыру

Деректер базасы, жазба, өріс терминдерін түсіну, электронды кестеде деректер қорын құру.










Деректер базасын құруды жүзеге асыра алады.


19-20

Графикалық ақпарат объектілерін құру және қайта құру технологиялары

Білімді игеруіне сәйкес, біліктер мен дағдыларды және қабілеттерін шыңдау.











Графикалық ақпарат объектілерін құра алады

21-22

Ақпараттық жүйелер

















23-24

Ақпараттық-құқықтық құрал-жабдықтар
















25-26

Кәсіби қызметіндегі телекоммуникациялық жүйелер
















27-28

Компьютерлік ақпаратты қорғау негіздері
















29-30

Электрондық оқулықтар және олардың тиімділігі
















31-32

Ақпараттық ресурстарды басқару
















33-34

Заманауи компьютерлік жүйелердің ерекшеліктері
















35-36

Адам-компьютер өзара әрекеттестігі


















Нормативтік бөлім

Күнтізбелік- жоспар, аптасына 1 сағат
Сабақ №1-2

Бөлім




Мұғалім аты-жөні




Күні




Сынып

қатысушылардың саны:

жоқ:

сабақтың тақырыбы

Ақпараттық технологиялардың даму тарихы

Сабақтың мақсаты

-Ақпараттық технологиялар ұғымын білу, Ақпараттық технологиялардың дамуын ұғыну


Сабақтың барысы


Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушылардың іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

сабақтың басталуы


Сәлемдесу, түгендеу
Қызығушылықты ояту.
«Өзіме тілегенді саған тілеймін» атты шаттық шеңері өтеді.











Ортасы сабақтың


Топқа бөлу және үй тапсырмасы. Үй тапсырмасыны өткен тақырыптар бойынша «Сәйкестендіру тест» орындау арқылы, топқа бөлу.

Өткенді қайталау үшін «Сәйкестендіру тест» арқылы
Миға шабуыл әдісін пайдалана отырып, оқушыларға ақпарат туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында сұрақтар қою арқылы оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз

Ақпараттық технологияларды дамытудағы қазіргі заманғы процестер.
Жаңа тақырыпты «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы тақырыпты оқуға тапсырмалар беріледі.
1-топ. Ақпараттың пайда болуы

2-топ: Ақпараттың таралуы

2 топқа берілген тақырыпты постер қорғауды ұсынамын.

Керекті мағлұматтарды дәптерлеріне жазады.
АКТ туралы кіріспе сөз.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізі компьютер болып табылады.

Компьютер – мұғалімнің басты көмекшісі. Ең біріншіден, ол мұғалімнің еңбегін жетілдіреді. Көптеген материалдарды, дайын сабақтарды реттеп сақтауға мүмкіндік береді. Екіншіден, компьютердің арқасында мұғалім әр сабаққа оқушылардың ерекшелігіне қарай және сабақтың мақсатымен міндетін ескере отырып, әртүрлі кеспелер, материалдар дайындай алады. Үшіншіден, сабақтың формаларын түрлендіре алады, яғни көрнекілік, әдістемелік, аудио және бейнематериалдар қолдана алады. Мұндай жұмыс сабақтың әр кезеңінде іске асырылады.

Сонымен бірге, ақпараттық коммуникативтік технология сабаққа дайындалуда қосымша ақпаратты іздеуді кеңейтеді. Интернеттің іздеу жүйесі арқылы қызықты мәліметтер, көрнекіліктер таба аламыз. Сол жағынан да сабаққа дайындалу барысында әдістемелік көмек береді. Компьютер арқылы тұсаукесер сабақтарын, компьютерлік формадағы бақылау сабақтарын дайындауға болады.

Сонда, оқу-жүйесінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:

– оқушылар электронды оқулықтармен және интернет желісімен жұмыс істей алады;

– оқушының білімі қысқа мерзімде және кез келген уақытта бағаланады;

– орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады;

– интерактивті тақтаны еркін қолданады;

– ақпараттық мәдениетін дамытады;

– сабақта уақыт та үнемделеді;

– оқушылардың коммуникативтік қабілеттері дамиды;

– зерттеу дағдылары дамиды;

– оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады;

– әрбір оқушының шығармашылық мүмкіндігі ашылады
Топтық жұмыс.

1-топ: Электронды кітаптың пайдасы мен зияны.

2-топ: «Ұқсастық пен даралық»


Электронды кітап

Ұқсастығы

Қағаз кітап












Деңгейлі тапсырмалар

  1. Ақпараттың түрлерін анықтау

  2. Ақпараттық технологияның  даму кезеңдері

  3. Ақпараттық  технологиялардың  қолданылуы

  4. Ақпараттық технологияны басқару


Оқушылар берілген тақырыпты оқиды. Постер қорғайды

Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады.

мектеп кітапханасының деректер қорын құруды бастау.
Алдын ала талқылау жүргізу.

Қандай мәліметтер керектігін анықтау. Практикалық тапсырманы компьютерде орындау



«Лайк-дизлайк»

әдісі арқылы кері байланыс алу.


Үлестірмелер, жұмыс дәптері

Интернет материалдары, маркерлер, плакаттар, стикерлер, үлестірме қағаздар, интерактивті тақта

Соңында сабақтың

Кері байланыс:


«СМС» әдісі

Оқушылар сабақтан алған әсерін ватсапқа смс жіберу арқылы білдіреді

Бағалай отырып, өз жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша жазады рефлексия




стикер, плакаттар, суреті үшін рефлексия



Сабақ №3-4

Бөлім




Мұғалім аты-жөні




Күні




Сынып

қатысушылардың Саны:

жоқ:

сабақтың Тақырыбы

Ақпараттық процестер мен технологиялар

Сабақтың мақсаты

- ақпараттық процестер және технологиялар тақырыбы бойынша жалпы түсінік беру







Сабақтың барысы


Сабақ барысы

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

сабақтың Басталуы


Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, түгендеу.

Сыныпта көңілді ахуал орнату.

Жаңа сабаққа кіріспе

Сабақ пен сабақтың басына жағымды эмоционалды ностроймен дайындалу,

Сыныпта жағымды ахуал туғызу


Музыка, стикерлер, плакаттар, суреттер

Ортасы сабақтың


Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу

Оқушыларды түгендеу

Шаттық шеңберін құру

а) «Тілек» айту

б) Топқа бөлу ( қағаз қиындыларынан топтың атын жасыру арқылы)

в) «3D модельдеу»

«Конструктор»

«Жобалау»
Үй тапсырмасын тексеру
«Sparkoft» әдісі( Досыңды басқа топтан ізде)

1.Мультимедиа дегеніміз не?

2.Интерфейс дегеніміз не?

3.МCI интерфейсі қай кезде қолданылады?

4.Мультимедиалық форматтарды атаңдар

5.Мультимедиалық қандай тасымалдауыштарды білесіңдер?

6.Мультимедиа құруда батырмаларды қайдан аламыз?

Жаңа сабақ
Ақпараттық процестер мен технологиялар

Ақпараттық технологиялар (IT) - бұл ақпараттық ресурстарды пайдалану процестерінің күрделілігін төмендету мақсатында ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, тарату және бейнелеуді қамтамасыз ететін технологиялық тізбекке біріктірілген әдістер мен бағдарламалық қамтамасыз етудің жиынтығы.

Технология - материалдық және рухани құндылықтарды құру және пайдалану процесінде алынған білімді жүзеге асыру. «Ақпараттық технологиялар» термині жақында таралды және компьютерлік технологияның, телекоммуникацияның, информатиканың техникалық мүмкіндіктерінің үйлесімділігі нәтижесінде ақпаратты жинауға, жинақтауға, талдауға, қашықтық пен көлемге қарамастан тұтынушыларға жеткізуге және күнделікті операцияларды автоматтандыруға бағытталған ақпаратты өңдеу әдістерін қамтиды. шешім қабылдау үшін талдамалық ақпаратты дайындау.

Экономика, менеджмент және басқа салалардағы ақпараттық технологиялар аппараттық және бағдарламалық өнімдерге негізделген. Аппараттық құрал - бұл анықтамалық технология, яғни. адам қызметінің кез-келген саласында қолдануға болады.

Ақпараттық технологияларды қолдану салалары - бұл адам қызметін (басқару, коммерциялық, өндірістік), тұрмыстық электрониканы және әртүрлі қызметтерді - байланыс, ойын-сауықты қолдау жүйелері.

АТ-ның мақсаты - оны кейіннен талдауға арналған ақпарат өндіру және кез-келген әрекетті жүзеге асыру негізінде оның негізінде шешім қабылдау.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар (АТ) - дербес компьютер мен заманауи бағдарламалық жасақтама көмегімен ақпаратты өңдеу.

Заманауи IT үш техникалық жетістіктерге негізделген:

1) ақпаратты машинада оқылатын тасығыштарда сақтау ортасын дамыту (флэш-карталар, магниттік дискілер, жад карталары, лазерлік компакт-дискілер, магниттік таспалар),

2) уақыт пен қашықтықта шектеусіз әлемнің кез келген нүктесіне ақпарат жеткізуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын дамыту.

3) компьютердің көмегімен ақпаратты автоматтандырылған өңдеу мүмкіндігі.

Қазіргі АТ-да дербес компьютер ерекше орын алады, өйткені бірқатар маңызды сипаттамаларға ие: компьютер түйіндерінің блоктық дизайнына негізделген сенімділік, кішігірім өлшемдер мен салмақ, ақпараттық жайлылық - компьютер толығымен пайдаланушының қарамағында, түсінікті интерфейспен байланысты жұмыс ыңғайлылығы (интерфейс - бұл бағдарламаны пайдаланушымен байланыстыру тәсілі), аппараттық құралды оңай кеңейту мүмкіндігі және бағдарламалық жасақтама ресурстарының біреуі пайдаланушының кәсіби талаптарына сәйкес келетін жүйелерді, кәсіби қызметте қолданылатын көптеген дайын бағдарламалық жасақтама құралдарын жасауға мүмкіндік береді.

ІТ-нің негізгі қағидалары:

  • ДК-мен жұмыс істеудің интерактивті (диалогтық) режимі;

  • басқа бағдарламалық өнімдермен интеграциялау;

деректерді де, тапсырма параметрлерін де өзгерту процесінің икемділігі.

Ақпараттық технологиялар келесі критерийлер бойынша жіктеледі:

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге (ААЖ) енгізу әдісі бойынша келесілер бөлінеді:

  • дәстүрлі АТ - компьютерлерді жаппай пайдалану кезеңіне дейін деректерді орталықтандырылған өңдеу жағдайында болған,

  • қазіргі заманғы АТ - бұл, ең алдымен, компьютерлерді пайдалану арқылы нақты уақыт режимінде басқару процесін және ақпаратты өңдеуді ақпараттық сүйемелдеуімен байланысты.

Кез-келген ақпараттық жүйе мына қамсыздандырулармен қамтылған:

 ақпараттық қамтамасыздандыру жүйесі(мәліметтер);

 интеллектуалды қамтамасыздандыру жүйесі (ақпарат,білім);

 техникалық қамтамасыздандыру жүйесі (аппаратуралар);

 технологиялық қамтамасыздандыру жүйесі (технологиялық);

 комуникативтік қамтамасыздандыру жүйесі (интерфейс);

 жүйелік анализ және жобалау(талдау жасау);

 адекваттік бағалау және сапалы верификация жүйесі(пайдаланушылар пікірі);

 ұйымдастыру қарым-қатынас және персоналды басқару жүйесі(пайдаланушыны оқыту);

 логистика жүйесі (тауардың қызметі және қозғалысы);

 Адам өзін қоршаған ортадан қарым-қатынас жасау және өз бетімен іздеу нәтижесінде алған барлық ақпаратты өзінің бар білімімен үнемі салыстырып, оны реттейді әрі талдайды.

Адам ақпаратты сақтай алады, өңдейді және(шығарып бере) жеткізе алады. Бұл жағдайда адам қандай да бір әрекеттер жасайды, оларды ақпараттық процесс дейді. Ақпараттық процесті оның өзі жасай алады немесе әр түрлі құралдар мен құрылғыларды пайдалана отырып ұйымдастыра алады. Оларға қағаз, магниттік таспа, дискі, калькулятор, компьютер т.б. жатады.
Ақпараттық ресурстар (Информационные ресурсы; information resources) —

1) ғылыми теорияларымен, процестер мен құбылыстарды зерттеулерімен, өнер табыстарымен, машина жобаларымен, ғимараттарымен, зауыттарымен, табиғат пен қоғам туралы мағлұматтарымен сипатталатын Оған сыртқы жадта сақталатын негізгі және қосалқы мәліметтер жиымы мен кірістік құжаттар жатады;

2) кітапханаларда, мұрағаттарда, қорларда, мәліметтер банкілерінде және басқа да ақпараттық жүйелерде жеке құжаттар немесе олардың жиымдары түрінде шоғырланған мағлұматтар жиынтығы.

Топтық  жұмыс

Төмендегі сұрақтарға талдау жасаңдар:

  • Қазіргі адам ақпаратты таратудың қандай тәсілдерін қолданады?

  • Сендер қандай ақпаратты беру құралын жиі қолданасындар? Неге?


«Постер қорғау» Әр топ өздерінің берген тапсырмаларын оқып,түсінгендерін қағазға (плакатқа) жазып, тақтаға шығып қорғайды.

  • «Компьютер» тобы -ақпараттың өлшемі,көлемі

  • «Теледидар» тобы –алфавит қуаттылығы,формуласы


«Кім тапқыр» әдісі

Тапсырмалар беріледі

А деңгейі

1.Хабарлама 2 беттен тұрады,әр бетте 25 жол бар.Әр жолда 60 символ жазылған хабарламадағы барлық ақпарат көлемі 1125 байт болса,қолданылған алфавитте қанша түрлі символ бар екенін анықтаңдар.
В деңгейі

2.Алфавит 36 әріптен тұратын болса,сол алфавиттың бір әріпі қанша ақпарат таситынын есептеңіз
С деңгейі

3.Мәтінді қарастырыңыз.Егер 2 символ =2 байтка тең болса,мәтіндегі алфавит куатын есептеңіз.



Сұрақтарға жауап береді


5 минут оқу

2 минут топта талқылау

5 минут қорғау

Ақпарат өлшемін, көлемін біледі;

Ақпараттың қуаттылығын, көлемін есептеу формулаларын ажыратады;

Ақпарат көлемін алфавит тәсілмен анықтайды

-Алфавитте қанша символ бар екенін есептейді;

-Алфавитте қанша ақпарат таситынын есептейді;

-Алфавит куатын есептейді.


Топтар бірін-бірі «екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалайды.

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.

«Бас бармақ» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды
ө те жақсы

жақсы

орташа




компьютер, оқулық,слайдтар

А4 форматтағы қағаз,сызғыш, карандаш

Соңында сабақтың

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін «Басбармақ» әдісі бойынша басбармақтарымен көрсетеді.



Бағалай отырып, өз жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша жазады рефлексия



стикер, плакаттар, суреті үшін рефлексия