Файл: Мен мірді сйемін! (Психологиялы тренинг).doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 23

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мен өмірді сүйемін! (Психологиялық тренинг)

Тренингтің  мақсаты:  «Мен» бейнесін айқындау,оқушы бойындағы жағымды қасиеттерді ашып,жағымсыз қасиеттерден арылуға жағдай жасау, жеткіншектердің өзін-өзі тануын қалыптастыру, өзіне деген сенімділігін арттыру,өз көңіл-күін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу, ой-қиялын дамыту.

Түрі: психопрофилактикалық  тренинг

Сынып: 7

Көрнекілігі және техникалық құрал жабдықтар: интерактивті тақта, слайдтар,музыкалық жайлы  әуен,тренинг ережесі,маркерлер,нақыл сөздер,ақ парақтар А4,бейджиктер, әйнектер,әртүрлі бояулар,фломастерлер, медальдер «Мен ғажайыппын!» (әр оқушыға)

Тренинг барысы:

Психолог: Балалар,ыңғайлы отырып, бір-біріміздің көзімізге қарап,әдемі жымиып,күлейік.Әрқашан сендердің көңілдерін көтеріңкі болсын.

 

1.«Сиқырлы қобдиша» (оның ішінде домалақ айна болады).Тренингті бастамас бұрын ең бірінші, өз-өзімізді айқындап алайық. Қазір сендер мыны қобдишаны бір-бірінің қолдарына бересіңдер. Осы қобдишаны алған оны ашып, ішіне қарайсыздар. Оның ішінде жан-жақты,ғажайып және қайталанбайтын бейнені көресіңдер.Оған күліп қарауларың керек.

Барлық оқушылар қобдишаға қараған соң, тәрбиеші сұрақтар қояды:


-Жан-жақты,ғажайып және қайталанбайтын  бейне кім болып шықты?


– Сендер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сендерге қалай қарады?

2.«Жапон әліппе»   (Слайд көрсетіледі)

А-ка            З-з                П-но            Ц-ми

Б-зу             И-ки             Р-ши           Ч-кэ

В-ру            К-мэ             С-ари          Ш,Щ-хи

Г-жи           Л-та              Т-чи            Ь,Ъ,Ы-зук

Д-тэ            М-рин           У-до            Э-мэй

Е-ку            Н-то              Ф-лу           Ю-фу

Ж-су           О-мо             Х-ри           Я-на

 

Нұсқау:Бейджикке  бұл әліппе бойынша өз атын жазып, бір-біріне тілек айту керек .

Мысалы: Менің есімім  Сауле,ал жапон әліппе бойынша –Арикадотаку

 4.«Кюар» жаттығу

6.«Күлкі» жаттығу(релаксация)

Күн сайын өзіңе бірнеше минут уақыт тауып көзіңді жұмып,ештеңе ойламауға тырысыңдар. Осы уақыт ішінде жүзіңізде күлкі болуы маңызды. Егер оны 10-15 минут ұстай алсаңыз, сіз

өзіңіздің    қалғаныңызды сезінесіз, көңіл-күйіңіз көтеріледі.Күліп отырғаныңызда сіздің  беттеріңізде қимыл пайда болады.Ол сіздің нерв жүйелеріңізге жақсы әсер етеді.


 

 

8.«Ыстық орындық» жаттығу

Психолог: Қазір әрқайсың өздеріңнің сыныптастарыңның  ой-пікірі сенің өзіңнің ой-пікіріңмен сәйкес келетіндігін тексеруге болады.

Оқушылар кезекпен ортадағы тұрған орындыққа отырады,ал басқалар бұл оқушы туралы  жақсы  пікірлерін,қасиеттер, мінезі туралы айтады.

9.«Жағымды және жағымсыз қапшықтары» жаттығу

Психолог оқушыларға  «Жағымды» және «Жағымсыз» қапшықтарына өз ойларын, армандарын, келіспеушіліктерін, пікірлерін  ақ параққа жазып, салуды ұсынады. Содан кейін «Жағымсыз» қапшығын салтанатты  түрде қол шапалақтаумен жойылады, ал «Жағымды» қапшығын көрнекті жерге қойылады.


Сұрақтар:  Қандай әсер алдыңыз?

11.«Сен ғажайыпсың!» марапаттау сәті

Психолог: Біз әртүрлі адамдарды кездестіреміз.Олардың ішінде кейбіреуі бізге ұқсайды, кейбіреуі ерекше болып көрінеді.Бірақ біз әрқайсысымыз ғажайып қайталанбас тұлға.Бүгінгі тренингтің аяғында мен сендерге «Сен ғажайыпсың!» медальдарды ұсынып отырмын. Сендер жеке тұлға екенін, ғажайып адам екенін ешкашанда ұмытпаңыздар.

12.Рефлексия


Тренинг барысында мен нені ұқтым?


Мен үшін қажетті болғаны?

Маған ұнады

Маған ұнаған жоқ