Файл: 1Жргізуші Мінеки залда тынышты, Естілмейді дыбыс тк Мны бізде оштаймыз, Кешіккендерді тоспаймыз. Жаратылыстану пндері, Апталыын бастаймыз! 2Жргізуші.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 140
Скачиваний: 8
Биология түп қазығы тірліктіңҚызғылықты әрқашанда дерегі.Ортаға Биология патшалығының өкілің шақырайық. Қарсы алыңыздар.2-жүргізуші: Жаратылыстың заңына әркім тәуелдіФизикаға әуес шәкірт өнерлі.Қандай ғажап физикалық заңдылықӘдемі етіп ұсьап тұрған әлемді.Физика патшалығынан келген өкілдіортаға шақырамыз. Қарсы алайық.1 жүргізуші: Ұстаз да, шәкірт те бас иетін, Компьютер, бар сенің қасиетің.Бір емес бірнеше іс атқарасың,Жалғыз өзің, мың істі атқарасың.Ортаға Информатика патшалығының өкілің шақырайық. Қарсы алыңыздар.2- жүргізуші: Ғылымдардың патшасы атанғансыңЕвклид,Фалес, Пифагордан бата алғансыңТөзбейтін өтірікке, жалғандыққаЖасықтан емессің, сен қаталдансың.Ақыл- ойды тәртіпке келтіретін,Нағыз пән математика атанғансың.Ортаға Математика патшалығының өкілің шақырайық. Қарсы алыңыздар.1-жүргізуші: Құрметті әр пән патшалығынан келген өкілдер, сіздер мына отырған жас достарыңа қандай лебіздеріңізді білдіресіздер. Сөз кезегін өкілдерге береміз.1. География өкілі: Қарасaм Қазақстан картасына,Оранған бар байлықтың алқасынаАрайлы атамекен – туған жерім,Мен үшін сенің артық, әр тасың да.География бастауысың жер-дүниеніңТереземіз тең бүгін басқа елдерменҮлгі етіп өнегесін бабалардыңҰмытпайық өнеге, өсиетін.2. Химия өкілі: Өмірге әр ғылым керегін ұғыңдарҚараңдар, жараңдар, химиядай ғылым барҒылыммен осындай кеңейер біліміңҒылымның зер салып, зерттендер сырың әрХимия айналдым, көп уақыт ойландымАқыры ұғындым мән-жайын пайданныңХимия ырыс қой, түсіңсен пайдасынҚызметі өрлесін маңызын жоймасынАтом-бомба полигон жарғызбасынЖамандыққа қолданып химияныБасымызға азапты салғызбасын.3. жаратылыстану Бағбан бабам бау өсіріп жерінеөкілі: Үлгі өнеге көрсетіп ол елінеБабалардан тағылым алған ұрпақтарТартып туар, арғы ата-тегінеЖасыл бақ көркі болған кең даланыңҰмытылмас ұлылығы ер бабамныңЖайқалған жасыл бақты көрген кездеҚұрметтеп мен бабамды еске аламын.4. Биология: Көріппе едік тіршіліксіз даланыДауасы жоқ жазылмайтын жараны
Бұған кімдер берер екен жауапты
Өз жерінде еңіреткен бала менен Ананы
Семей жері жарылыстан тулады,
Тұңшықтырып айналаны улады
Қасіретінен қайғы шеккен қалың жұрт
Мұңын айтып, ұлар құстай шулады.
5. Физика өкілі: Физика - өмір тұрмыс тірегі
Құрамына заңдылықтар кіреді
Мақтанасың сен бекерге басқа ұрып
Қайсымыздың пайдамыз көп өмірге
Төрелігін берсің әр кез патшалық.
Жер бетінің әрбір құмын, әр тасын
Мен зерттеймін, ей балақай байқашы
Мені білгің, оқыған сен азамат
Сиқыршымын мен – физика патшасы
6. Математика өкілі:
Математика сандар менен формулалар,
Белгілі бала күннен бізге бұлар,
Пифагор мен Фалестен бастау алып,
Математиканың мәні де, міне осылар.
Алгебра –синус пенен косинус,
Білсең мұны өзіңе үлкен плюс,
Есептер мен ережеден тұратын,
Алгебра-шексіз бір космос.
7. Информатика өкілі:
Пернетақта алдыңда, Дәу манитор тұр қарап.
Көп шаруаны атқарар, Компьютер бұл ғажап.
Керек емес қаламың, Жазуды да жазады.
Қарындаш пен бояусыз, Суретті де салады.
Талай шаруа бүгінде, Компьютерсіз бітпейді.
Керек десең ол тіпті, Том-том кітап жүктейді.
Ғаламторға жалғасаң, Жоқ онымен таласың.
Бар сұраққа бір демде, Миллион жауап аласың.
2-жүргізуші:
Қазіргі таңда бәріміз үшін мынадай ақиқаттың маңызы ерекше, адам баласының қоғамдық дамуы үздіксіз өсіп, өрістеп отыратын күрделі құбылыс. Барлығымыз бірлесе және жемісті еңбегімізбен шығармашылық ізденісіміз арқылы ғана жаңаша жақсару жолына шыға аларымыз хақ. «XXI - ғасыр ғылыми ізденістер мен ақпараттар ғасыры». Сондықтан да жас ұрпаққа , жас буынға жаңаша білім беру ісі ғылыммен тығыз байланысты болып, жаңа дәуір жаңашылдықпен суарылып отыруы тиіс.
1-жүргізуші:
Қазіргі заман талабына сай ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық мәдениетті , сауатты адам –ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға , бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарды да пайдалана білуі керек.
2- жүргізуші:
Құрметті көрермендар жаратылыстану- математика ғылымдары туралы қызықты деректерді тыңдай отырсаңыздар
Химия: Екі заттың бір-біріне әсері арқылы үшінші бір затты шығару химия ғылымының негізгі мақсаты болып саналады. Менделеев химиялық элементтер кестесін дайындаған кезде небәрі 63 элемент қана белгілі болған. Ал бүгін олардың саны 118-ге жеткен.Биология: Адамның әр саусағы бүкіл өмір бойы шамамен 25 миллион рет бүгіледі.Бар өмірінде адам басындағы шашы 725 километрге дейін өседі.Көзді ашып түшкіру мүмкін емесФизика: Адамдарға дыбыс пен шудың айырмашылығы жоқтай көрінгенімен, екеуі бір емес. Мамандар үшін бұл екі терминнің арасында үлкен айырмашылық бар. Дыбыс – бұл жануарлар мен адамдардың сезім мүшелері қабылдайтын ауытқулар. Ал шу – бұл дыбыстардың бейберекет араласуы.География: Сан-Марино елін 301 жылы Диоклетиан императорынан қашып жүрген тас қалаушысы құрған. Сан-Марино конституциясы 1600 жылы қабылданып, әлемдегі қабылданған ең бірінші конституция болып саналадыМатематика: Ағылшын математигі Абрахам де Муавр қартайған шағында оның ұйықтау уақыты күн сайын 15 минутқа ұзарып келе жатқанын байқайды. Содан арифметикалық есептеулердің нәтижесі бойынша, бұл көрсеткіш қашан 24 сағатқа жететіндігін шығарады. Ол сан 1754 жылдың 27 қарашасы еді. Дәл сол күні ол дүниеден озды.Информатика : Әр минут сайын YouTube –де 20 сағат бойы бейнежазбалар жүктеледі. Сайтқа жүктелген алғашқы бейне “Мен хайуанаттар паркіндемін” деп аталды және қызықсыз болды. Бүгін YouTube барлық контенттің 99% ретінде болады.2-жүргізуші: «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен білім мен ғылымда»- деп бірінші тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтып кеткен болатын.1-жүргізуші: Сәуір айының 10-21 аралығында болатын жаратылыстану математикалық бағытындағы бағдарлы сыныптардың «Білім жүгін арқалап, биікке самға жас талап!» атты апталығына белсене ат салысуларыңызды сұраймыз.Апталықтың ашылуына зейін қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.Екеуі бірге: Қош сау болыңыздар!!!