Файл: Реферат таырыбы ндірістік жарытандыру, зерттеу дістері жне гигиеналы баалау Дайындаан Турагалиев Х. А.docx
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 164
Скачиваний: 7
жарық ағымының кеңістіктік тығыздығы; өлшем бірлігі – кандела (кд).
Жарықтық - адамның көзі тікелей жауап беретін негізгі жарықтық шама – сол немесе басқа беткейдің қасиеттеріне, оның шағылыстыру қабілеттілігіне тәуелді болатын жарық ағымының кеңістіктік тығыздығы; өлшем бірлігі – шаршы метрдегі кандела (кд/м²).
Жарықтандыру – беткейге түскен жарық ағымының берілген беткейдің ауданына қатынасымен анықталынатын жарық ағымының беткейлік тығыздығы; өлшем бірлігі – люкс (лк).
Шағылысу коэффициенті – денемен шағылысқан жарық ағымының осы денеге түсетін ағымға қатынасы. Бірлік үлестерімен немесе пайызбен беріледі.
Өлшеу әдістемесі
Жасанды жарықтандыру жағдайына сандық баға беру үшін негізгі жұмыс орындары мен қоршаған беткейлердің жарықтандыры-луына және жарықтығына құрал-жабдықтық тексерулер жүргізіледі.
Жарықтық жағдайды анықтау жарықтық қондырғының жарықтық техникалық жобаға сәйкестігін тексеру үшін немесе тексеру кезінде жұмыс орындарының жарықтандырылу жағдайларына бақылау жасау үшін іске асырылады. Бірінші жағдайда барлық күйіп кеткен шамдарды ауыстыру және жарықшамдарды тазалау керек. Екінші жағдайда фотометрлік тексерулерді жарықтандыру қондырғыларының сәйкес дайындығынсыз жүргізеді.
Жарықтандыруды анықтау үшін Ю-116, Ю-117 фотоэлектрлік люксметрлерін, «Аргус - 07» люксметр-пульсметрлерін және т.б. қолданады.
Жарықтандыру жағдайларына баға беруге арналған өлшеу құралдары
| Құралдың аталуы | Шектері және өлшем бірліктері | Қоректендірілуі | Салмағы, кг |
| «Аргус-01» люксметрі Ю-116 люксметрі Ю-117 люксметрі «ТКА-04/3» люксметр-яркомері «Аргус-02» яркомері | 5 - 200 000 лк 5 – 100 000 лк 0,1 – 100 000 лк 10 – 200 000 лк 10 – 200 000 кд/м² 5 – 200 000кд/м² | Автономды - - - - | 0,25 1,75 2,0 0,39 0,35 |
-
Фотоэлементтің қабылдау табақшасы жұмыс беткейінде оның орналасу жазықтығында (көлденең, тік, еңкіш) орналастырылуы тиіс; -
Фотоэлементке жабдықтардан және т.б. кездейсоқ көлеңкелер түспеуі керек. -
Жарықтықты өлшеу, тікелей жарықтық бірліктерінің көрсеткіштерін есептеуге мүмкіндік беретін «ТКА-04/3» люксметр-яркомердің, «Аргус-02» және т.б. яркомерлердің көмегімен тікелей әдіспен жүргізіледі.
Гигиеналық нормалауҚұрылыстық жарықтандырудың қолдануда бар нормалары (ҚНмЕ 2.04.05-2002) өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық нысандарының табиғи, бірлестірілген және жасанды жарықтандырылуына қолданылады. Табиғи жарықтандыру – сыртқы қоршамалы құрылымдардың жарықтық ойықтары арқылы енетін аспан жарығымен (тікелей немесе шағылысқан) бөлменің жарықтандырылуы. Бұл жарықтандырылудың келесі түрлері болады: а) жоғары – шатырдағы жарықтық ойықтар арқылы; б) бүйірлік – сыртқы қабырғалардағы терезелер арқылы; в) үйлестірілген – жарықтық ойықтар мен терезелер арқылы.Бірлестірілген жарықтандыру – нормалар бойынша жеткіліксіз табиғи жарықтандырылу жасанды жарықтандырылумен толықтырлатын жарықтандыру. Табиғи және бірлестірілген жарықтандыруды нормалау көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Құрылыстық нормалар және ережелермен жоғары, жоғары және бүйірлік немесе бүйірлік жарықтандыруларға жеке-жеке нормалау қарастырылады. Бұл бүйірлік жарықтандыруды қолдану кезіндегі жарықтандырудың аса біркелкі еместігімен түсіндіріледі. Жоғары немесе үйлестірілген жарықпен жарықтандырылуда жарықтандырыудың біркелкілігі жеткілікті болады. Жасанды жарықтандыру - тек жасанды жарық көздері қолданылатын жарықтандыру болып табылады; ол жарықшамдар бөлменің жоғарғы аумағында біркелкі орналастырлатын (жалпы біркелкі жарықтандыру) немесе жабдықтардың орналастырылуына қарай қолданылатын (жалпы оқшауланған жарықтандыру) жалпы, жарық ағымын тікелей жұмыс орындарына шоғырландыратын – жергілікті және жалпы жарықтандыру мен жергілікті жарықтандыруды үйлестіретін – үйлестірілген болуы мүмкін. Жұмыс бөлмесі мен жұмыс орындарындағы қажетті жарықтаныру шамасын, ажырату нысанының жұмысшының көзінен 0,5 м көп емес қашықтықта орналастырылған ажырату нысанының мөлшеріне байланысты қалыптастырылады. Өндірістік жарықтандыруды гигиеналық тексеруӘрбір тексеруді көру жұмыстарын орындаумен байланысты өндірістік үрдістің ерекшеліктерін ескере отырып іске асырады: дәлдігін, күрделілігін, кернеулігін. Ол ең бірінші кезекте нақты өндірістік бөлменің жарықтандырылуына қойылатын талаптардың сипаты мен деңгейін қамтамасыз етеді. Өндірістік жарықтандыруды зерттегенде және баға бергенде келесі мәселелер қамтылуы тиіс.
-
Орындалатын көру жұмысының сипаттамасы: -
ажырату нысанының ең кіші мөлшері; -
реңнің ажырату нысанымен контрасты және реңнің шағылысу коэффициенті
Табиғи жарықтандыру:
-
жарықтандыру түрі (бүйірлік, жоғарғы, үйлескен); -
қабырғалардың, төбенің, еденнің, жабдықтардың боялуы; -
ТЖК анықтау және баға беру; -
Терезе әйнектерінің тазалану кезеңділігі.
-
жарық көздері; -
жарықтандыру жүйесі; -
жалпы және жергілікті жарықтандыру жарықшамдарының түсі; -
жалпы жарықтандыру жарықшамдарының орналастырылуы, олардың арасындағы қашықтық, жұмыстық беткейлерден іліну биіктігі; -
жарықтықты, жыпылықтау коэффициентін, көз шағылыстыру көрсеткішін анықтау және баға беру; -
жарық беру қондырғыларының күйі, жарықшамдарды тазалау кезеңділігі.
-
табиғи жарықтандыру; -
жасанды жарықтандыру;
Жалпы біртекті жарықтандыруды есептеу үшін төбе және дуалдан шағылатын жарық ағыны негізгі әдіс болып табылады.Жарықшамның жарық ағыны люминисцентті шам кезіндемұнда Ен – нормалаушы минималды жарық 400 Лк;S – жарықтандырылатын ғимараттың ауданы 35 м2;z – жарықтандырудың біртексіз коэффициенті 1,1 – люминесцентті шам үшін;к – 1,5 қорының коэффициенті;N – жарықшам саны;h - шамның жарық ағынын қолдану коэффициенті, h = 0,04;h коэффициентінің мәнін кесте бойынша төбе және дуалдан шағылатын жарық коэффициентіне және жұту көрсеткішіне i байланысн табамыз. Жұту көрсеткіші мына i формула бойынша анықтаймызi = А×В/Нр×(А+В) мұнда, А=20 м және В=10 м – ғимараттың мөлшері;Нр = 3 м – жұмыс істеу орнынан жарықшамның биіктігі ; i = 20×10 / 3× (20+10) = 2,22 Жарықшамның жарық ағыны люминисцентті шам кезіндегі коэффициентін табамыз.Fл = 400×1,5×35×1,1/1×0,04 = 577 500 ЛмБарлық бөлменің жарық ағынын беруші жүйесі шамдарының санын анықтауға болады. Жарықтар үшін ЛДЦ-40-6,4-ші стандартты шамын таңдаймыз, 6480 лм жарық арқылы ағын болатын жарықшамдардың санын мына формула бойынша анықтаймыз.N = Fл / f = 577500/6480 = 89 шт. Жасанды жарықты есептеу барысында ЛДЦ-40-6,4-ші стандартты шамынының 89 шт жарықшамы жарықтандырылды.Пайдаланылған әдебиеттер
-
Еңбек гигиенасы: оқулық, 2019. Измеров Н.Ф. -
Жалпы гигиена: оқулық, 2019. А. М. Большаков -
Еңбек гигиенасындағы физикалық факторлар : оқу құралы, 2020. - Ниязбекова, Л.С. -
Ірі өндірісті өнеркәсіп салаларындағы еңбек гигиенасы : оқу құралы / ред. Қ.Қ.Тоғызбаева. 2015 -
Жалпы гигиена: оқулық, 2012. Кенесариев Ү.И, т.б.