ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 30
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Жаратылыстану 56-сабақ
Бөлім: | Жер және ғарыш | |
Мұғалімнің аты-жөні | | |
Күні:05.04.2023 | | |
Сынып: 4А | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Еліміздің жер бедері қандай? | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.4.1.1 жер бетінің ірі элементтерін атау және сипаттау 4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну | |
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру, өзін – өзі тексеру 5 мин | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді. Өткен тақырыпқа шолу: -Өткен тақырыпты мазмұндаңдар. -Өткен тақырыптарға байланысты бір-біріңе сұрақ қойып, жауап алыңдар. Оқу материалын жариялау «4 сурет, 1 сөз» әдісі арқылы жүреді: -Суреттерге не ортақ? -Жердің беті неліктен әртүрлі? -Олай болса бүгінгі сабағымыз еліміздің жер бедері туралы болмақ. Сабақ мақсаты жария етіледі. Топқа бөлу «Санау» әдісі арқылы жүреді. | Жаттығу жасайды. Сұрақтар қояды, жауап береді. Тақырып ашады. Топқа бірігеді. | Сұраққа жауап берген оқушыны «Ауызша мадақтау» әдісімен бағалау. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау. | |
Жаңа білім 15 мин 2 мин Бекіту 18 мин | (Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады. Дәптермен жұмыс болады. А) Жедел жауап. -Елімізде қандай таулар бар? -Олар қалай аталады? -Тауды адам қалай қолданады? -Суреттерді салыстырыңдар. Неліктен адам егінді осындай жерлерге салады? Оның жер бедеріне қандай қатысы бар? -Өздерің тұратын өлкеде жер бедері қандай? Ә) Мәтінмен жұмыс. -Мәтінді түсініп оқып, мазмұны бойынша сұрақтар қойыңдар. Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады. Кейбір оқушыға: -Картада, глобуста таулар қалай бейнеледі? Сергіту сәтінде «Көңілді күн» әнін айтып билету. (Т) 2-тапсырма -«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі: А) Зерттеу. -Еліміздің жер бедері қандай? Ә) Ойлан. -Адам әрекеті жер бедеріне қалай әсер етеді? Б) Сен білесің бе? -Мәтінді оқып, әңгімелеңдер. Б) Есте сақта! -Мәтінді оқып, есте сақтаңдар. |
Билеп сергиді. Сұрақтарға жауап беріп, тапсырма орындайды. | Дескриптор:
- Карта бойынша Жер бетін сипаттайды-1балл. Неліктен адам егінді тегіс жерлерге салатынын анықтайды-1балл. Өздері тұратын өлкедегі жер бедерін сипаттайды -1балл. Мәтінді түсініп оқып, мазмұны бойынша сұрақтар қояды-2балл. Дескриптор: - Еліміздің жер бедерін сипаттайды-1балл. - Адам әрекетінің жер бедеріне әсерін анықтайды-1балл. -Қызықты мәтінді оқып, әңгімелейді-1балл. -Мәтінді жазып, есте сақтайды-1балл. | Жараты-лыстану оқулығы 2-бөлім 4-сынып 2019ж, дәптер |
Қорытынды 5 мин Сен 119-122 | Кері байланысты «Шеринг» әдісі арқылы береді. Оқушылар шеңберге тұрып бүгінгі тақырыптан алған білімі туралы талдайды. Оқу тапсырмасы: мәтінді мазмұндау. | Рефлексия жасайды. Тапсырма жазып алады. | ҚБ қойылады. | |
Қысқа мерзімді жоспар
Жаратылыстану 57-сабақ
Бөлім: | Жер және ғарыш | |
Мұғалімнің аты-жөні | | |
Күні:06.04.2023 | | |
Сынып: 4А | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Ғарышта не бар? | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.4.2.1 жекелеген ғарыш денелерін сипаттау 4.4.1.1жер бетінің ірі элементтерін атау және сипаттау | |
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру, өзін – өзі тексеру Өткен білімді еске түсіру 8 мин | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді. Өткен тақырыпқа шолу: -Өткен тақырыпты мазмұндаңдар. -Өткен тақырыптарға байланысты бір-біріңе сұрақ қойып, жауап алыңдар. Оқу материалын жариялау «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы жүреді: -Негеш пен Эврика түңгі аспанды бақылады. Олар не көрді деп олайсыңдар? -Аспанды түнде бақылап көрдіңдер ме? Не байқағандарыңды әңгімелеңдер. -Ғарышта не бар екенін бүгінгі сабақ барысында анықтайтын боласыңдар. |
Өткен тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап береді. | Оқушының жауабын толықтыру немесе тиімді кері байланыс жасау. | |
Жаңа білім 15 мин 2 мин Бекіту 15 мин | (Ұ) 1- тапсырма «Ашық микрофон» әдісімен орындалады. А) Сөздік жұмысы. Галактика, Құс жолы. Ә) Суретпен жұмыс. Суретке мұқият қараңдар. Галактиканы сипаттаңдар. Б) Ойлан. -Неліктен ғарыш денелері негізінен шар тәрізді болады? -Галактиканың ортасында не бар? -Күн жүйесі ғаламшарлары неліктен өз орбитасынан шығып кетпейді? Оларға қандай күш әсер етеді? Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады. Кейбір оқушыға: -Тақырып бойынша сұрақтар құрастырып, достарыңнан жауап ал. Сергіту сәтінде қазақ биін билету. (Т, Д) 2-тапсырмада «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен жүзеге асырылады. А) Модель жасау. -Біздің галактикамыздың моделін жасаңдар. Ондағы Күн жүйесінің орнын анықтаңдар. Ә)Мәтінмен жұмыс. -Мәтінді түсініп оқыңдар. -Сендер басқа ғаламшарлық тіршілік иесімен достастыңдар делік. Ол сендерге қонаққа келетін болса, мекенжайды қалай түсндіретін едіңдер. Ондағы негізгі атауларға түсінік беріп көріңдер. В) Сен білесің бе? Мәтінді оқып, әңгімелеңдер. Г) Есте сақта! -Мәтінді жазып, еске сақтап алыңдар. | Сөздікті жазып, жаттайды. Сұрақтарға жауап береді. Тапсырмалар орындайды. Билеп сергиді. Сұрақтарға жауап іздеп, жауап береді. Тапсырманы орындайды. | Дескриптор: - Сөздікті жазып, жаттайды-1балл. - Сурет бойынша галактиканы сипаттайды, сұрақтарға жауап береді -3балл. Дескриптор: - Галактиканың моделін жасайды-2балл. - Жердегі негізгі атауларға түсінік береді -2балл. Мәтінді оқып, әңгімелейді-1балл. Мәтінді жазып, еске сақтайды-1балл. | «Жараты-лыстану» оқулығы 2-бөлім 4-сынып 2019ж |
Кері байланыс 5 мин | Кері байланысты «Менің сөзім» әдісі арқылы береді. Оқу тапсырмасы: Мәтінді түсініп оқу. | Түсінгені туралы ой қорытады. Тапсырманы жазып алады. | ҚБ қойылады. | |