ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 49
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
2-бөлім. Жаһандану мәселелері Таза экологияға құқылымыз | Мектеп: Мұқыр орта мектебі | ||||||||||||||||
Күні:15.03 | Мұғалімнің аты-жөні: Т Душкенов | ||||||||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||
Оқу мақсаттары | Т/А 9.1.5.1 - мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту; Ж.9.3. 4.1 -эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе) | ||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: Мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарастарын білдіреді, сыни тұрғыдан баға бере алады, эссе жаза алады | ||||||||||||||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Екі жақты пікірді талқылайды, біреуін таңдау арқылы эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, өз ойларын жаза алады. | |||||||||||||||||
Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: Өз ойларын дәлелдеп, аргументативті эссе жаза алады. | |||||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Жоғары деңгей: талдау, жинақтау, бағалау | ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - Мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарастарын білдіреді, сыни тұрғыдан баға бере алады; - Екі жақты пікірді талқылайды, біреуін таңдау арқылы эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, өз ойларын жаза алады; - Өз ойларын дәлелдеп, аргументативті эссе жаза алады | ||||||||||||||||
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға бере алады. Тілдік бірліктерді дұрыс қолдана білуге дағдыланады. Эссе құрылымын сақтай отыра, эссе жаза алады. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: жаһандану, глобализация, тегершік, индустрияландыру, іргетас, қарқын, прогресс, ақпараттану, ғаламдану Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: жаңа заман тегершігі, Мәңгілік Ел идеясы, зайырлы қоғам, ақпараттық кеңістік, ғылыми прогресс, рухани жаңғыру Талқылауға арналған сұрақтар: - Жаһандану дегеніміз не? - Жаһанданудың маңызы қандай? - Жаһанданудың еліміз үшін тиімділігі неде? | ||||||||||||||||
Құндылыққа баулу | Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, өмір бойы білім алу | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиет, тарих, жаратылыстану | ||||||||||||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім | «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы | ||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |||||||||||||||
Басы 5 мин. | Ширату жаттығуы «Бұрыштар әдісі» тәсілі: Мұғалім оқушыларға сұрақ ұсынады және мүмкін боларлық төрт жауабын сыныптың төрт бұрышына орналастырады. Оқушылар өзіне дұрыс деген жауаптың қасына барып тұрады, таңдаған жауаптарын топтық жұмыста тұжырымдайды және өздерінің көзқарастарын дәлелдейді.
Оқушылар өз ойларын айтып болғаннан кейін, «Қазақстан», «Болашақ», «Жаһандану» сөздері жазылған түрлі - түсті қағаздар қиындысын суырта отыра, 3 топқа бөлінеді. - Балалар, Елбасымыздың осы жолдауындағы жаһандықсөзінің мағынасы мен жаһандану сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?- деп сұраққа жауап беріп, мағынасын ашады, сабақ тақырыбын анықтайды. Тақтада тірек сөздер жазылады: Жаһандық - дүниежүзілік, әлемдік Жаһандану (глоболизация) - дүние жүзіндегі барлық елдерде экономика, өмір салты (киім, өнер, тамақтану, т.б.), мәдениет пен ақпарат құралдарының ортақ бола бастауы. Ал «тегершік» сөзі - дөңгелек деген мағынаны білдіргенмен, бұл жерде жаһандану тегершігі - әлем шеңберіндегі үдеріс, яғни бір ғана мемлекетте емес, ғаламдық деңгейде дамуды білдіреді. Елбасымыз: «Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. ...Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек», - деген болатын, еліміздің алға жылжып, дамуына бастайтын жолдың бірі - жаһандану. БББ кестесі (сабақтың басында беріледі, оқушылар бірінші, екінші бөлімін толтырады)
| 1.Қаз.Т1.Үлестірме материалы.3-күн,6-үлесірме; Үлестірме материалы 1-үлестірме материал. | |||||||||||||||
Ортасы 12 мин. 20 мин | Тыңдалым «Жаһандану дегеніміз не?» тақырбында оқушыларға интербелсенді тақтадан бейне көрсетілім көрсетіліп, тыңдатылады. 1-тапсырма І топ SWOT талдау
Дескриптор: - Мәтін мағынасын түсінеді, - күшті жақтарын, әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін ажыратады. - Дәлелдер келтіре отыра, өз пікірлерін айтады. ҚБ ауызша, графикалық (Мәтін мағынасын түсінгенсің, күшті жақтары мен мүмкіндіктерін саралай білгенсің, бірақ әлсіз жақтары мен мүмкіндіктерін беруде ойыңызды толықтыра түсіңіз; мәтіннен жаһанданудың күшті жақтарын, мүмкіндіктерін жаза отырып, әлсіз жақтары мен қауіптерін айқындап өткенсің, ойыңды жүйелеп жаза алғансың,өте жақсы) ІІ топ «Екі жақты күнделік» әдісі Оқушыға мәтін мазмұнын өз тәжірибесімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Парақ екіге қақ бөлінеді. Сол жағына ерекше әсер еткен үзінді немесе өзінің тәжірибесіне ұқсас кезең, еске түсірткен тұстары жазылады. Өз тәжірибесімен ұқсас келген тұстары немесе әсер қалдырған, қарсылық тудырған кездері де болуы мүмкін. Оң жағында түсініктеме беріледі. Екі жақты күнделік
Дескриптор: - Мәтіннен ерекше естерінде қалған цитатаны жазады. - Алған цитатасы бойынша, ойын түйіндей алады ҚБ ауызша (Мәтіннен есте қалған цитататаны жазғансың, алайда не себепті оны жазғаның жайлы ойыңды жүйелі беруге тырыс; мәтіннен ерекше есте қалған, қарсы пікір тудырған, ойға жетелеген цитатаны ала отырып, өз пікіріңді жүйелі жеткізе білгенсің) ІІІ топ «Маңыздылық аймағы» әдісі арқылы мәтіндегі идеяларды бөліп алып, шеңбердің ішіне маңыздылығына қарай орналастыруы керек. Маңыздылығы жоғары идея ортаңғы шеңбердің ішіне жазылады,аса маңызды емес идея одан кейінгі шеңберге, маңыздылығы төмен болса, сыртқы шеңберге жазылады. Маңыздылығы жоғары Аса маңызды емес Маңызды емес Дескриптор - Мәтіндегі идеялардың маңыздылығын анықтайды; - Өз көзқарастарын қосымша мәліметтер арқылы дәлелдер келтіре отырып айтады. ҚБ ауызша, графикалық (Мәтіннен маңыздылығына байланысты идеяларды дұрыс жазғансың, алайда өз көзқарасыңды қосымша мәліметтермен нақтылай түс; Өз көзқарасыңды қосымша мәліметтер арқылы нақтылап, ойыңды жүйелі айта білдің, өте жақсы) Жазылым 2-тапсырма /Барлық топқа бейне көрсетілім бойынша алдыңғы тапсырмада орындалған жұмыстарын дәлелдей отыра, эссе жазу тапсырылады/ «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды» Н.Ә.Назарбаев 1.«Жаһандану- жаңа заман тегершігі» 2. Жаһандану дегеніміз не? тақырыбында /50-70 сөз көлемінде/ эссе жазады. PRES тәсілі бойынша мәселеге қатысты өз ойларын білдіреді Позиция:«Менің ойымша», «Мен .... деп санаймын» деген құрылымдарды қолданып, мәселеге қатысты өз пікірін айтып, көзқарасын түсіндіреді. Негіздеу:«Өйткені...» деген сөзден басталатын сөйлем құрылымын пайдаланып, өз ойының пайда болу себебін, өз ұстанымының неге негізделетінін түсіндіреді. Мысал келтіру: ойын «мысалы...» сөзімен жалғастырып, өз көзқарасын қолдайтын мәліметтер, фактілер мен дәлелдемелер келтіреді. Дескриптор:
ҚБ ауызша (Оқушының жазған эссесіне ауызша немесе жазбаша мына түрде бағалау жүргізіп кетуге болады: « Эссе құрылымын сақтап жазғансың, жарайсың, алайда алдағы уақытта өз дәлелдемеңді келтіре отырып, жүйелі жазуға тырыс; идеяларды нақтылайтын деректерді дұрыс қолдана алғансың, осы дәлелдемелерің тақырыпты ашуда өз ойыңды нақтылай түскен, бірақ өз ойыңды әлі де жүйелі жазуға тырыс; ойың айқын, эссе құрылымын сақтай отырып, дәлелдемелер келтіре, жүйелі жаза білгенсің, өте жақсы) | https://www.youtube. com/watch?v= lq4FYwJXxwI&Iist= PLFyyE8Zvozb QYawJMIPfWu8o 3OuBJ6-q9 Үлестірме материалы 2-күн. Тиімді оқу және оқыту 3-үлестірме материал. КӘМҚ-талдау «НЗМ»ДББҰ «Мәтінмен жұмыстың тиімді тәсілдері» Астана,2016ж.,24-бет,21-бет | |||||||||||||||
3 мин | Рефлексия БББ КЕСТЕСІНІҢ 3-БӨЛІГІН ТОЛТЫРАДЫ
| | |||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||
| |||||||||||||||||
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? | Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс – Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі). | |||||||||||||||
Оқу мақсатына сәйкес тапсырмаларды саралаймын. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне, қажеттілігіне, қабілетіне байланысты әдіс-тәсілдерді тапсырмаларға сай таңдап аламын. Сабақ барысында 1-тапсырманы орындау кезінде, 3 топқа үш түрлі әдіс беремін. Бұл әдістер берген кезде байқағаным: SWOT талдауы әдісі бойынша тапсырма орындауда, қолдауды қажет ететін оқушылар мәтін бойынша күшті жақтары мен мүмкіндіктерін ғана саралай білетіндіктері көрінеді. Олардың қауіптері мен әлсіз жақтарын анықтай алуы үшін жетекші сұрақтар бере отырып, алға жетелеймін, қолдау көрсетемін. Орта деңгейдегі оқушылар күшті жақтарын, мүмкіндіктерін, әлсіз жақтары мен қауіптерін ажыратып жаза біледі, өзіндік көзқарастары мен пікірлерін дәлелдеуі әлсіз. Олардың мүмкіндіктерін, ойлау қабілетін жетілдіру үшін қосымша дереккөздермен жұмыс жасауға бағыттаймын, қолдау көрсетемін. Жоғарғы деңгейдегі қабілетті оқушылар барлығына жеке тоқталып, саралай алады, қосымша мәліметтерден дәлелдемелер келтіріп, ойын жүйелі жеткізе біледі. Оларды шығармашылық жұмыстарға, ізденуге бағыттаймын, ынталандырамын. | Оқушы білімін тапсырманы қалай орындағанына байланысты бағалау критерийлеріне сай, ауызша (жазбаша, немесе графикалық түрде) бағалаймын. Ол мынадай ауызша бағалау арқылы жүргізілді: Мәтін мағынасын түсінгенсің, күшті жақтары мен мүмкіндіктерін саралай білгенсің, бірақ әлсіз жақтары мен мүмкіндіктерін беруде ойыңызды толықтыра түсіңіз; мәтіннен жаһанданудың күшті жақтарын, мүмкіндіктерін жаза отырып, әлсіз жақтары мен қауіптерін айқындап өткенсің, ойыңды жүйелеп жаза алғансың т.б. Оқушының осы сабақтан алған білімін «Білемін,білдім, білгім келеді» кестесі арқылы не білгендігі жөнінде сабақ соңында саралай отыра, алдағы уақытта оқушының берген жауабына орай, сабақта білгісі келетін мәліметті түсіндіріп кетуді жоспарлайтын боламын. | Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдаланамын. Сабақ әдебиет, тарих, география пәндерімен байланыстырылады. «Мәңгілік Ел» идеясы құндылықтары негізінде патриотизм және азаматтық жауапкершілік, өмір бойы білім алу құндылықтарын оқушы бойына сіңіру көзделеді. | |||||||||||||||
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неліктен? | Сабақта сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды. Сабақ жоспарланған мақсатқа сай өз деңгейінде өткізілді, саралау жақсы өтті. Тапсырмалар оқушы деңгейін ескере отырып алынды, уақытты тиімді пайдалана алдым. Жоспарланған саралау іске асты, өйткені сабақ бойынша жоспарланған тапсырмалар оқушының тақырыпты өз бетінше меңгеруіне, пікірін білдіруне, сыни тұрғыдан ойлануына, сол бойынша ойтолғау жазуларына ықпалын тигізді. Уақытты әр тапсырманың көлеміне,орындалуына байланысты үнемді бере білдім. Сабақ мақсаты SMART мақсатқа негізделгендіктен, барлық оқушылардың мүмкіндіктері ескерілді, жоспарыма өзгеріс енгізген жоқпын. | ||||||||||||||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) 1:Бейне көрсетілім арқылы оқушылардың өз ойларын ортаға салып, сыни тұрғыдан баға беруі 2: SWOT талдау кезінде оқушылар жаһандануға байланысты өз ойларын білдіруі, әр түрлі пікір алмасудың болуы Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: Бұл сабақта оқушының жас ерекшелігіне байланысты, «Дебат» әдісін ала отырып, пікірталас ұйымдастыруға болады Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1: Бұл сабағымда кейбір алдыңғы сабақта белсенділік танытпайтын оқушылардың өздері ойын еркін жеткізе алатынына көзім жетті. Сондықтан алдағы күндері де әдіс-тәсілдерді қолдануда оқушының өзіндік ерекшеліктерін ескеру керектігін басшылыққа алатын боламын. |