Файл: аза тілі пнінен 2тосан бойынша жиынты баалау тапсырмалары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 76
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
3. Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер
4. Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтін ақпаратын ғаламдық мәселелермен байланыстыра өз ойыңызды айтыңыз. Мәтеннен фактілік ақпарат пен автор көзқарасы көрінетін тұстардан кем дегенде 1 мысалдан келтіріңіз және дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Жұбыңыздың жауабына келісу не келіспеу пікіріңізді бідіріп, диалогке қатысыңыз.
[10]
1-мәтін
Бүгінде әлемнің барлық елдері үшін зияткерлік миграция мәселесі өте өзекті. Жаһандық үдерістің субъектісі ретінде Қазақстан да аталған түйткілден тыс қала алмайды. Елімізде қазіргі таңда білімді жастардың шетелге бет бұру үдерісі күн санап артуда.
Осы орайда тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мен қазіргі кезеңдегі елімізден кеткен білімді мамандардың мамандық ерекшеліктеріне сапалық және сандық тұрғыда салыстырмалы талдау жасау, сонымен бірге мектеп бітірген түлектердің, яғни жас зияткерлердің шетелге кету себептерін анықтау, отандық зияткерлік орталықтарын құру мен жетілдіру ісін жолға қою аса маңызды.
Қазіргі жаһандану кезеңі жоғары көші-қон белсенділігімен сипатталады. Бұл үдеріске зерттеушілер баса назар аударуда. Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында көптеген ғылыми жұмыс халықаралық көші-қонға арналса, қазіргі заманда зияткерлік миграция факторлары мен тетіктерін зерттеу қажеттілігі туындап отыр.
«Зияткерлік миграция» (ағылш. brain drain) – мамандардың, ғалымдар мен білікті жұмысшылардың өз елінен саяси, экономикалық, діни немесе басқа да себептер бойынша жаппай шығу үдерісін, яғни эмиграциялық үдерісті сипаттайды. Әрине, бұл ретте мамандарының бір бөлігі сыртқа кеткен елдерге айтарлықтай экономикалық, мәдени, ал кейде саяси залал келтірілсе, керісінше, иммигранттарды қабылдайтын мемлекеттер үлкен және арзан зиякерлік капиталға ие болады. Ал ақылды жастарын, мамандарын жоғалтқан ел зиян шекпей қоймайды.
Еліміз үшін білімді мамандарымыздың, ақылды жастарымыздың шетелге білім алуға кетіп, оралмай қалу қаупі үлкен алаңдатушылық тудыруда. Сондықтан бірінші кезекте зияткерлік миграцияның үлкен ағыны – жоғары білімді дайын мамандардың сыртқа кетуі мәселесін және жоғары білім алу мақсатында шетелге арман қуып кеткен жастардың елге қайта оралмау жағдайын талдау қажет..
Енді шетелге елімізден зияткерлік миграцияға негіз болып отырған себептер қандай деген сұраққа жауап іздеп көрелік. Қазіргі таңда ең негізгі себептердің бірі, білімді мамандардың, әсіресе жас зияткерлердің өз деңгейінде бағаланбауы, қоғамды жайлаған коррупция көп жағдайда жастардың жұмысқа орналасуларына кедергі болып отыр. Олар зияткерлік еңбекке жоғары ақы төленетін жерлерден жақсы табыс табу мүмкіндігін іздеуге мәжбүр болады. (275 сөз)
2-мәтін
ХХ ғасырдың 90 жылдарындағы зияткерлік миграция Кеңес өкіметінің құлауымен Қазақстанда өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдерінің тарихи отандарына оралуымен сипатталады десек, бүгінгі еліміздің ең білімді, ақылды жастарының шетелге кетуінің мазмұны біршама өзгеше. 2000 жылдардан кейін зияткерлік миграция ағыны ұлттық сипатқа емес, әлеуметтік, экономикалық, ғылыми ізденушілік мәселелерге байланысты өзгере бастады.
Еліміздің жоғары білімді азаматтарының басқа елдерге қоныс аударулары зияткерлік миграцияны күшейтіп, қоғамымызға кері ықпалын тигізуде. Атап айтсақ, 2000 жылы техникалық мамандар – 13998, педагогтар – 5460, экономистер – 3906, медицина – 2868, сәулет саласы мамандары 2195 цифрлық көрсеткішті көрсетті. Бұдан біз осы кезеңде елімізден кеткен зияткер мамандар ағынының ішінде техникалық мамандардың көрсеткіші жоғары екені аңғарамыз. Ал 2006 жылы біршама статистика көрсеткіші төмендеп, кеткендер саны кеміді. (техникалық мамандар – 290, педагогтер – 623, экономистер – 74, медицина – 499, сәулет саласы мамандары – 252). Демек, елдегі экономикалық тұрақтылық мамандардың жаппай көшуін тоқтатты. 2009 және 2010 жылдардағы әлемдік дағдарыс еліміздегі зияткерлік миграцияға да әсер етпей қоймады. Яғни көшу үдерісі біршама тұрақтанды. 2017 жылы, яғни соңғы жылдары экономистердің шетелге ағыны басқа мамандарға қарағанда күшейді. Олар – 2805-ті құраса, педагогтар – 1633, техникалық мамандар – 5293, медицина – 578, сәулет саласы мамандары – 453. Байқап отырғанымыздай, экономика саласының мамандарына ыңғайлы жұмыс саласы кеңірек: сауда, қызмет көрсету, бизнес, т.б
Қазақстандағы зияткерлік көші-қон үдерісі қазіргі кезде әртүрлі факторлардың: әлеуметтік-экономикалық, саяси, этностық, экологиялық және басқа да әсерлерге қатысты орын алатыны белгілі болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылынан бастап көші-қон үдерісін реттеу қазіргі күнге дейін мемлекеттік саясаттың ең өзекті бағыттарының біріне жатқызылғанымен, әлі шешімін таба алмай келеді.
Техникалық сала мамандары арасынан 2000 жылы 13 998 адам кетсе, қазіргі таңда бұл саладан сыртқа кеткендер 5293 адамды құрап отыр. Демек әлі де зияткерлік миграция үдерісінде техника саласы мамандарының ағыны күшті.
Еліміздің болашағы ғылым мен білімнің дамуына тікелей ықпал ететін – бүгінгі жастардың ақыл-ойы. Жалпы зияткер мамандарды жоғалту еліміз үшін үлкен шығын десек, елімізді нық ұстап тұратын жастарымыздың шетелге оқуға кетіп, қайта оралмау қауіпі де алаңдатпай қоймайды. (300 cөз)
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтін ақпаратын ғаламдық мәселелермен байланыстыра өз ойыңызды айтыңыз. Мәтеннен фактілік ақпарат пен автор көзқарасы көрінетін тұстардан кем дегенде 1 мысалдан келтіріңіз және дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Жұбыңыздың жауабына келісу не келіспеу пікіріңізді бідіріп, диалогке қатысыңыз.
[10]
1-мәтін
Әлемді өзгерткен өнертапқыш балалар
Теріден жасалған құлаққап. 15 жастағы американдық Честер Гринвуд 1873 жылы суықта қолдануға болатын құлаққап ойлап тапты. Әжесі бұл құлаққаптың сыртын кәмшат терісінен, ішкі жағын барқыттан тігіп берді. 1877 жылдың 13 наурызында Честер өз өнертабысын патенттеу мүмкіндігіне ие болды. Өмірінің соңына дейін ол құлақты сыртқы шудан, суықтан қорғайтын жаңа заттарды шығарумен айналысты.
Мэн штатында 1977 жылдан бастап, өнертапқыштың құрметіне орай Честер Гринвуд (21 желтоқсан) күнін атап өтіп келеді.
Қалың қарда жүруге арналған көлік. Осындай көлікті ойлап табушы ретінде канадалық Жозеф-Арман Бомбардьеның аты аталады. Ол 15 жасында 1922 жылы ескі «Форданың» бөліктерімен бір аптаның ішінде қалың қарда жүруге арналған көлік жасап шығарды. Құрылғы шамамен бір мили жерді жүріп өткен. Арманның ағасы Леопольд табанына байланған екі арқан арқылы құрылғыны жүргізсе, Арманның өзі қолдан отын салып отырды. Кейін де өнертапқыш бірнеше техникаларды жасаумен айналысып, тек 1957 жылы ғана баяғы қарда жүретін көлігіне оралды. Көлік «Ski-Doo» атын алып, бірнеше даналары шығарыла бастады. Қазір бұл көлік қарда жүретіндердің ішінде ең танымалы болып саналады.
Жемісті мұз. Таяқшадағы балмұздақ – жемісті мұзды ең алғаш 11 жасар американдық Фрэнк Эпперсон ойлап тапқан. Бір жылдан соң, ол өз өнімін кинотеатрдың жанында тұрып сатумен айналысқан. Бірақ өсе келе балмұздақтан гөрі, жылжымайтын мүлікті сатуды дұрыс деп ойласа керек. Фрэнк 20 жылдан кейін ғана ойлап тапқан өніміне патент алып, сериялы өндіріске кірісті. АҚШ-тағы дағдарыс кезінде бұл балмұздақ басқа адаммен бөлісіп жеуге болатындай, екі таяқшамен шығарылды.
Брайль қаріпі. Көзі көрмейтін жандардың оқи алу мүмкіндігіне жол ашқан рельфті-нүкте жазуын 1824 жылы 15 жастағы француз Луи Брайль ойлап тапқан. Ол әкесінің шеберханасында етік тігуге арналған бізбен көзін жарақаттап алған соң, 3 жасында көру мүмкіндігінен айырылған еді. Осы қаріппен басылған алғашқы кітап «Франция тарихы» 1837 жылы жарыққа шықты. (270 сөз)
2-мәтін
XX ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген ең әйгілі тұлғалардың бірі – Альберт Эйнштейн. Көзі тірісінде көптеген жетістіктерге жеткен ғалым Нобель сыйлығын алып қана қоймай, ғылымның ғалам жайлы түсінігін түбегейлі өзгертіп кетті. Оның 300-ге жуық ғылыми жұмысы мен 150-ге жуық кітабы, сан алуан мақалалары білімнің әр саласын қамтыған. 1879 жылы Германияда дүниеге келіп, 1955 жылы 76 жасында АҚШ-та қайтыс болған Альберт Эйнштейн туралы замандастары түрлі аңыз-әпсана қалдырған. Оның қайсысы рас, қайсысы өтірік екені де белгісіз.
Эйнштейннің ғылымға деген қызығушылығы 5 жасында туған. Бірде ол ауырып қалып, әкесі оны жұбату үшін қолына компас берген екен. Бала Альберт құралдың құрылымына қатты қызығып, содан бастап түрлі зерттеулерге ден қойған деседі.
Эйнштейннің музыкаға деген махаббаты ерекше болған. Ол бала кезінде скрипкада ойнауды үйреніп, өмір бойы сол аспапты өзімен алып жүрген.
XX ғасырдың ортасында Израиль мемлекеті құрылған шақта еврей ұлтынан шыққан Эйнтштейнге ел президенті болу туралы ұсыныс түскен. Тәжірибенің жоқтығы мен өзінің саясаткер емес, ғалым екенін айтқан ол бұл ұсыныстан бас тартқан.
Өзінің атағын пайдаланып, ғалым бір кездері әр қолтаңбасы үшін 1 доллар ақы алып отырған. Түскен қаржының бәрін ол қайырымдылыққа жұмсаған.
Альберт Эйнштейн бала кезінде математиканы нашар оқыған деген қате пікір бар. Шын мәнінде ол 15 жасының өзінде дифференциалды және интегралды есептеу жүйелерін жақсы меңгеріп үлгерген.
Бірде трамвайда отырып қатты ойланып кеткен ғалым жол ақысын дұрыс төлемеген екен. Кондуктор қыз ескерту жасағаннан кейін ғана Эйнштейн қатесін байқап, ақшаны толық беріпті. Оны танымаған қыз күлімдеген күйі: «Түк етпейді, ата. Тек математиканы үйреніп алсаңыз көмегі тиер еді» деген екен.
Физик ешқашан шұлық кимегені белгілі. Тіпті, үлкен шаралардың өзіне де ол шұлықсыз келетін. Бірақ ол өзінің бұл әрекетін ешқашан түсіндірген емес.
Ғалым өлер алдында неміс тілінде бірнеше сөз айтқан. Алайда оған қараушы медбике неміс тілін білмегендіктен, оның не айтқанын түсінбеген және есінде сақтай алмаған. (285 сөз)
Оқылым
Тапсырма
Екі үзіндінің ұқсастығы мен айырмашылығын (мәтіннің түрін, мақсатын, мазмұнын, стилі мен тілін, аудиториясын) салыстырып, жазыңыз.
[10]
А мәтіні
Элон Маск Марсты игеру үшін термоядролық қаруды пайдалануды ұсынды
Америкалық миллиардерді бізге «Темір адам» фильмінен белгілі Тони Старкқа теңейді. Элонның SpaceX компаниясы бір зымыранды бірнеше рет қолдануды ұсынса, Tesla концерні электромобиль құрылымын дамытуда еңбек етіп келеді. Ал SolarCity болашақта Жерді Күн энергиясымен қамтамасыз етпек.
Америкалық кәсіпкер өзінің кезекті сұхбатында Марсты игерудің екі түрлі жолы бар екенін мәлімдеді. Біріншісі көп жылдық еңбек пен қаржыны талап етсе, екіншісі отарлауды жылдам жүзеге асыру мүмкіндігін береді.
«Біз Марсты Жердің аналогына айналдыра аламыз», - дейді Маск.
Марс ғаламшары Күннен Жерге қарағанда біршама алыста орналасқан. Сондықтан Марс бедерінің орташа температурасы –40°С болып, мұздықтармен қапталған. Оның айтуынша, Марстың қалыпты атмосферасын қайта қалпына келтіру үшін жаһандық жылыну үдерісін қолдан жасау керек, яғни мұз болып жатқан көмірқышқыл газын еріту қажет. Көмірқышқыл газы Марс атмосферасы қабатын қалыңдата түспек. Ол үшін адам баласы қызыл ғаламшарға жылытатын генераторларды орнатуға міндетті. Бұл – көп қаржыны талап ететін қажырлы еңбек.
Элон Маск бұл мәселенің оңай шешімі термоядролық бомба болатынын ашып айтты. Егер бүгінгі таңдағы аса қауіпті қару Марсқа тасталса, мұз кейпіндегі көмірқышқыл газы еріп, атмосфера құрылымы өзгереді.
Айта кетсек, Элон Маск осыған дейін де ғылыми негізі бар болжамдарды айтқан болатын.
Ә мәтіні
Электр тоғын әуеде ойнатқан ғалым
Никола Тесла – мың жылда бір өмірге келетін ғажайып таланттылардың бірі десек қателеспейміз.
1856 жылы Австрия империясына қарасты Смилян қаласында өмірге келген Никола Тесла бала кезінен-ақ ерекше қабілетке ие болатын. Мектепті бітіргеннен кейін әкесінің қарсылығына қарамай Австриядағы жоғары оқу орнына оқуға түседі. Студент кезінен-ақ түрлі өнертапқыштығымен жұрт назарына бірден ілігеді. 28 жасында-ақ түрлі марапаттарға ие болады. Өз армандарын орындау мақсатында 30-ға толмай жатып Нью-Йоркқа келеді. Бірақ көп өтпей бейтаныс қаладағы алаяқтарға алданып, бар жиған-тергенінен айрылып қалады. Дымсыз қалған Тесла көшеде бұзылып қалған электр техникаларын жөндеп ақша таба бастайды. Осылай күн көре жүріп ол ғылыми ізденістерін де тоқтатпайды. Кейін тәжрибелі маман ретінде «Вестингауз электрик» компаниясына жұмысқа кіреді.