Файл: Тртіпсіздік пен ы бзушылыа алыптастыру бойынша 8 сыныбында жргізілген жмыс туралы млімет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 115

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

І - кезең: Бұл кезеңдегі есептерді шығару үшін сендерге мен жұмбақ жасырайын. Қандай тапсырма болатынын осы жұмбақты шешу арқылы білетін боламыз.
Бүтiн сан, бөлшек сандар
Барлығы да бар онда
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, терiс сан бәрi сонда (рационал)
Рационал болса, онда мына есептерді рационал көрсеткішті дәрежені есепте Есептер интерактивті тақта арқылы беріледі.
Есепті бұрын болған оқушы тақтаға шығып түсіндіреді, оған сыйлық беріледі. Ол сыйлықта:
• Бiлiм өмiрiңдi жарық етедi, ал дүние жолдан тайдырады
• Бiлiмдi iздей берсең толып көбейедi, ал дүниенi жарата берсең азаяды.
Оқушылардың есепті шығаруына қарай фишкалар таратылып отырады.
ІІ - кезең: Алдын - ала жұмбақ жасырылады.
Үлкен, кiшi сандарды сен,
Ажыратқың келсе егер
Қандай таңба қояр едiң
Қане, ойлан куәгер (>,,< таңбалары болғандықтан, соған сәйкес салыстыру есебiн шығару ұсынылады. Есептi дұрыс шешкен және бірінші болып шығарған оқушыға сыйлық берiледi. Ол сыйлықта:
• Бiлiмiң көп болса, қанша ғасыр сақтасаң да, iрiп - шiрiмейдi,
ал байлық шiридi.
• Бiлiмдi болсаң сенi ел құрметтейдi, ал байлығың болса, қызғанышпен қарайды.
ІІІ - кезең:
Нәрселердi санағанда
Керек ол бiзге ауадай
Айтыңдаршы, ол қандай сан
Жан - жағыңа қарамай (натурал сан)
Өрнектің мәнін табыңыздар. Тапсырманы бірінші болған оқушыға сыйлық таратылады. Ол сыйлықта:
"Қазақстанның болашағы бiлiмдi ұрпақта"
"Бiлектi бiрдi жығады,
Бiлiмдi мыңды жығады".
Мол дәулеттiң байлығы,
Бiр жұтасаң жоқ болар.
Оқымыстының байлығы,
Еш жұтамақ жоқ болар.- деп Ы. Алтынсарин атамыздың сөзі жазылған сыйлық таратылады.
Топ жарысы: Математикалық терминдер жарысы: П, К
ІҮ кезең: Нақты сандар жиынының үздіксіздігін, нақты сандардың алғаш енгізілуіне себепші болған математик ғалым кім?
Біліп алу үшін осы төмендегі ІҮ - ші кезеңнің тапсырмасын орындауымыз керек.
Тапсырма. Теңдеуді шешіңіз. Егер осы есепті дұрыс шешсек, онда біз мақсатымызға жеткен боламыз Интерактивті тақтада берілген математик ғалымдардың қайсысының тұсында 1 саны тұрса, сол ғалым «Нақты сандар жиынының үздіксіздігін» енгізген болады.
Жауабы: 1 2 3
Рене Декарт Пифагор Архимед

(1596 - 1650) (б. э. д. 580 - 500 ж) (б. э. д. 287 - 212 ж.)

Интерактивті тақтада тест тапсырма беріледі. Оқушылар тапсырманы орындайды.
Үйге тапсырма: А. Н. Колмогоров оқулығынан №425, 426 есептер.
Қорытындылау және бағалау: Оқушыларды сабақ барысында таратылған фишкалар және тест тапсырмасы арқылы бағалау.
«дөңгелек» фишкалар - 5 ұпайды
«төртбұрыш» фишкалар - 4 ұпайды
«үшбұрыш» фишкалар - 3 ұпайды білдіреді.
Оқушылардың орташа ұпайын шығарып бағалау.


Талантыңмен таныл» ойыны түріндегі сыныптан тыс жұмыс.


Мақсаты: 1.Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын

арттыру, математикадан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін дамыту

2. Ұйымшылдыққа , топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене 

 білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру.

3.Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру,

күшіне деген  сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу.

 Ойын түрінде өткізілетін сыныптанм тыс жұмысқа  6«а»  және  6«ә» сынып оқушылары

2 топқа бөлініп қатысады. Өздері топ басшыларын сайлап, топтың атын, ұранын және 

төсбелгі ойлап табады.

Ойын алаңы: магнит тақтада  1-ден  10-ға деінгі сандар, 4 конверт :жасыл, сары, қызыл, көк

Топтың мүшелері бір сан таңдап алады, әр санға сәйкес тапсырма беріледі.

 1. Қызыл конверт- «Логика».

2. «Өрмекші торы».

3. Жасыл конверт- «Математика».

4. Лотерея билеті.

5. « От ».

6. Көк конверт- « 7 жұмбақ ».

7. «Алтын сандық ».

8. « Қамал ».

9. Сары конверт- « Мақал-мәтелдер ».

10. «Қара мысық ».

Ойын шарты:

«Қара мысық» туссе жолыңыздың болмағаны, ойын кезегі келесі топқа беріледі.

« От » келсе , жинаған ұпайларыңыздың 30 ұпайы күйіп кетеді.

«Лотерея билеті»- керісінше 30 ұпай сыйлыққа беріледі.

«Қамалға» келсеңіз , қиын есепке ие боласыз. Ол арнайы сұрақ болады.

«Алтын сандық» -олжаға кенелеміз. Сыйлық аламыз, ойынды жалғастырамыз.

«Өрмекші торына» туссеңіз, көрермендер сұрағына ие боласыз. Сұрақтың 

дұрыс жауабын таппаса, тордан шыға алмайды.

 Ойын барысы:

І-жургізуші

-Уа, халайық, халайық!

Бәріңе жыр салайық

Бүгінгі кеш төрінде

Математика елінде

Математика тілінде

Есеп шешіп жарысып.

І-ж

Құрметті аяулы көрермендер,

Білімменен сусындаған жас өреңдер,

Қош келдіңіз бүгінгі ойын-сайысымызға

Бұл күн қалсын мәңгіге есімізде.

І-ж

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты?

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!

ІІ-ж

Шабыт тасып шалқысып

Есеппен ән салысып

Көңілді кеш жасайық.

Ат салысып аянбай

Бар өнерге басайық

ІІ-ж

Шақырамыз екі топты ортаға

Қол соғады көрермендер таңдана.

Сайыскер өнеріңді ортаға сал,

Осы кеште біліміңді сынап ал.

Білмегеніңді осы  бүгін біліп ал.

ІІ-ж

Ал, қанеки сайысты біз бастайық


Ұрандарымызды айтып,

Өзімізді таныстырып тастайық.

(сөз кезегін әр топқа береміз)

 (Әділқазылар алқасының мүшелерімен таныстырып өтейік)

Командалардың  өздерімен таныстыруы, сәлемдесуі.

Ойынды бастайтын команданы анықтау үшін, капитандары ортаға шақырылады,

« К » әрпінен басталатын математика терминдерін кім көп айтады, сол команда

бірінші бастайды.

 

 «Логика». І-ж.

Ал қанеки балалар

Құлақ салшы  сөзіме

Сұрақ берсем берейін

Логикадан өзіңе

«Қамал». І-ж.

Тауды биік демеңдер,

Талаптансаң шығарсың

Арнайы сұрақ      40ұпай

 

«Өрмекші торы». ІІ-ж.

Ойла-ойла тереңнен,

Жақсы емес-ау көп бөгелген.

Сұрақтарды шешпесең

өте алмайсың бөгеттен

 

Жүргізуші:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер, - деп бүгінгі білім сайысын қорытындылаймыз. (Сайыс

нәтижесін әділқазылар хабарлайды)

«Математика»- жасыл конвертінің сұрақтары  (әр дұрыс жауап – 10ұпай).

  1. Екі қатынастың теңдігі? 2. 2.Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар?

3. Нөлден кіші сандар?

4. Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең?

5. -21 санына қарама-қарсы санды атаңдар.

6. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)

7. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі?  

8. Перпендикуляр түзулер деп қандай түзулерді айтады?

9. «Координаталар» сөзі нені білдіреді?  

10. Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі қандай сан болады?

11. Қайсысы көп : 2 метр ме, әлде 201 см ме?  

12. Жарты теңгенің жартысы неге тең?  

13.   -18 қосу  11 ?  

14. 5 санына кері сан?  ( )

«Логика» - қызыл конверттің сұрақтары   (20 ұпай).

1. Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында ,

біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің арасында. Барлығы неше 

үйрек ұшып барады?

2. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш 

      қалады? 5

3. Екі қолда 10саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады?  50

4. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Мадина поездың

соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. поезда неше вагон болған? 13

5. 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр.  98

6. Бес тоғыздықпен 10санын қалай алуға болады?   ( (9•9) : 9 + 9 : 9

7. Қндай 3 натурал санның қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? (1,2,3)

8. 1 2 3 4 5 =2 теңдік орындалатындай цифрлар арасына амалдар таңбасын қойыңдар         (   (1+2+3+4) : 5 = 2 )

9. Адасқан әріптер. Қандай сөздер:


Нарадс, тазауй, киреш, ретм        (сандар, азайту, ширек, метр)

    10.  Сан тізбегін жалғастыр :    9, 1, 7, 1, 5, 1,..........  (3, 1)

                                               3, 7, 11, 15, 19..........( 21 ).

 

«Мақал-мәтелдер» - сары конверт. (30 ұпай)

Құрамында сандар бар мақал-мәтелдер айтыңдар.

« Жеті жұмбақ» - сары конверт .    (30 ұпай)

1. Атадан 10 боламыз,

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кеде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейтіп те аламыз.  (цифрлар)

2. Бөлмеде  2 ит , 3 құс , 1 шыбын бар.Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын

қосып есептегенде қанша болады?  (20)

3. Екі адам 5метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті 

кесуге  1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді? (6 минут)

4. Бір-бірімен жарысқан,

Бес аю, бір арыстан,

Екі қой мен үш түлкі

Бәрі нешеу кім білді?

5. Ағаш үстінде 30 торғай отырды. Аңшы 1 торғайды атып алды. Олардың 

қаншасы қалды?  (1 торғай қалды, басқалары ұшып кетті)

6. Төрт тяқтың 8 ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар? (14)

7. Түйе, бота маң басқан, 

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі.

Екі қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой. (15)


1 ТУР
Әдебиеттегі сандар
100. Қазақ халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді?
200. Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста.Неше жылдан кейін атасының жасы немересінен екі есе үлкен болады (28 жылдан кейін ) 
300. Сиқырлы қаптағы сұрақ: Арыстан 1 қойды 2 сағатта,қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жеп, тауыса алады.Барлығы бірігіп жегенде қойды қанша сағатта жеп бітіреді? (бір)
100. Ноль санын алғашқы ойлап тапқан адам ?
200. Кімді математика королі атаған?
300. Үнділіктер оны «Сунья»,ал араб математиктері «Сифр» деп атаған. Біз оны қазір қалай атаймыз?
400. Сиқырлы қаптағы сұрақ Егіз сандар деп қандай сандарды айтамыз?

Бөлшектер
100 Бөлшек сызығының үстіне жазылған сан қалай аталады?Бөлшек сызығының астына жазылған сан қалай аталады? (Алым. Бөлім) 
200. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан қалай аталады?(аралас сан)
300 Сиқырлы қаптағы сұрақ Қандай бөлшек дұрыс деп аталады? Мысал келтір. (Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс деп аталады.Мысалы.1/2 )
400. Бөлшектің негізгі қасиеті қалай айтылады? (Бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей натурал санға көбейткеннен бөлшектің мәні өзгермейді.)
Математикалық калейдоскоп
100.Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар. (апта күндері)
200.Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше? (8)