Файл: ожа ахмет яссауй атындаы халыаралы азатрік университеті.ppt
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 123
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қожа ахмет яссауй атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Тақырыбы: HLA антигендері мен аурушандыққа тұқым қуалау бейімділігінің байланысы БӨЖ Орындаған: Орынбасар Ә Нұрмаханбетқызы А Қабылдаған : Бабаева АКіріспеНегізгі бөлім HLA жүйесі, қызметтері. HLA жүйесінің антигендері.ҚорытындыПайдаланылған әдебиеттер Негізгі гистосәйкестік комплексі– жасушалық иммундық реакцияларда маңызды қызмет атқаратын организмнің жасушаларындағы беткей ақуыздар тобы. Адамның НГК-сі HLA деп аталады. HLA 1952 жылы лейкоциттер антигендерін зерттеу кезінде ашылған Негізгі гистосәйкестік комплекс (МНС - ағылш. - Маjor Ніstoсоmраtуbіlіtу Соmpleх) барлық сүтқоректілерде және құстарда табылған. Тышқандарда бұл комплекске Н-2-антигендер, адамдарда НLА-жүйесі (Human Leucocyte Аntigens sistem — адамдардың лейкоцитарлық антигендер жүйесі) кіреді. 1958 жылы шеткері қанның лейкоциттерінде осы антигендерді бірінші ашқан француз ғалымы Ж.Доссе НLA-нің қызметтері: 1) иммундық жауап кезінде жасуша аралық әрекеттесуді іске асырады. НLA молекулаларының көмегімен бөгде антигендік материал Т-жасушалық антигенді танушы рецепторларға таныстырылады НLA-нің қызметтері: 2) HLA-аймақ организмнің жалпы иммунологиялық реактивтілігіне жауапты болып табылады. HLA-аймақта организмді белгілі антигенге қарсы иммундық жауап түзуге қабілетті ететін арнайы иммундық жауап гені (Ir - immune response) болады, және бұл қызмет ауруларға бейімділікті анықтайды.Mch кұрылымы| Сипаттамасы | I топ | II топ |
| Генетикалық локустар | HLA – A, B, C | HLA – DP, DQ, DR |
| Ұлпаларда орналасуы | Ядросы бар барлық жасушаларда | В-лимфоциттерде, моноцит-макрофагтарда, дендритті жасушаларда, белсенген Т-лимфоциттерде, эпителиалдық және эндотелиалдық жасушаларда |
| Пептидтерді Т-жасушаларға таныстыруда қатысуы | Т-киллерлерге | T-хелперлерге |
| Т-жасушалардың беткей молекулаларымен байланысуы | CD8 молекуласымен | CD4 молекуласымен |
Гистосәйкестік генінің I-тобы: Қалыпты жағдайда HLA жүйесінің I-топтағы антигендері барлық ядросы бар жасушаларда болады. I-топтағы HLA молекуласының структурасы Альфа-полипептидті тізбектері: 340 аминқышқыл қалдықтарынан құралып, жасушадан тыс үш доменнен (альфа1, альфа2, альфаЗ), бір трансмембраналық бөліктен және цитоплазма ішілік «құйрықтан» тұрады. HLA I тобының молекуласы антигеннің пептидтерін Т-лимфоцит-киллер/супрессорларға таныстырады Гистосәйкестік гендерінің II-тобы: HLA II- тобы -В-лимфоциттерде, макрофагтарда және дендриттік жасушаларда (яғни антигенді презентациялаушы жасушаларда) болады. Гамма-интерферон сияқты цитокиндердің әсерімен HLA II-тобының молекулалары Т-лимфоциттерде, эндотелиалды және эпителиалды жасушаларда да болуы мүмкін. В-лимфоциттерде, макрофагтарда және дендриттік жасушаларда (яғни антигенді презентациялаушы жасушаларда) болады. Гамма-интерферон сияқты цитокиндердің әсерімен HLA II-тобының молекулалары Т-лимфоциттерде, эндотелиалды және эпителиалды жасушаларда да болуы мүмкін.HLA II-тобы молекуласының структурасы. Альфа-тізбектері мен бета-тізбектері 230 аминқышқылының қалдықтарынан тұратын жасушадан тыс екі доменнен (альфа 1 и альфа 2, бета 1 и бета 2) және трансмембраналық бөлік пен плазма ішілік «құйрықтан» құралғанПептидті байланыстырушы жүлге альфа және бета полипептидті тізбектердің альфа 1 және бета 2 домендерінен түзілген: олардың альфа-спиральдері «қабырғасы« және антипараллелді бета-қатпарлары «түбі» болып табыладыHLA I молекуласының антигенді таныстыру (презентация) механизміHLA I молекуласының көрінісі HLA II молекуласының антигенді таныстыру механизміHLA II молекуласының антигенді таныстыру (презентация) механизмі HLA II-тобының молекуласы антигеннің пептидін Т-лимфоцит-хелперлерге таныстардыІІІ топ гендері комплементтің С4 компонентінің синтезін бақылайды, және В-лимфоциттердегі С-3 рецепторының экспрессия уақытын бақылайды. G аймағының құрамында Н-2G локусы бар, ол биологиялық қызметі анықталынбаған кейбір аллоантигендерді кодтайды.
Жалпы иммунология. Шортанбаев.Ә.Ә Қожанова. С.В.Алматы-2008Хаитов Р.М. Иммунология: учебник – М. : ГЭОТАР – Медиа 2009.Хаитов Р.М. Иммунология: Учебник для вузов с компакт – диском – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2006 . Земсков А.М., Земсков В.М., Караулов А.В. Клиническая иммунология. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2006.Никулин Б.А. Оценка и коррекция иммуного статуса М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007. Назарларыңызға рақмет