Файл: ыса мерзімді жоспар Бекітемін.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 26

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар

Бекітемін:

Нугманова Р.К 01.03.17ж

Мұғалімі:

Қаймолда С.Б

Пәні:

Қазақ тілі 2-сынып

Сабақтың тақырыбы

Дара және күрделі етістік. ІІІ тоқсан

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың етістік, дара және күрделі етістіктер жайлы алған білімдерін толықтыру.

Дара және күрделі етістіктердұрыс қолдана білуді үйрету.

Оқушылардың сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту, сауатты, көркем жазуға дағдыландыру.

Күтілетін нәтижелер

  • Қандай сөздер қимылды білдіретінін біледі.

  • Өзін-өзі реттейді

  • Топпен жұмыс жасауды үйренеді

Сабақ түрі

Аралас сабақ,

Оқытуда қолданатын әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, кубизм, деңгейлік тапсырмалар,блум таксономиясы, топтық жұмыс, Акт,

Керекті жабдықтар

Б.А. Тұрғынбаева, З.Муфтибекова «Алматыкітап» оқулығы 2013ж

қарындаш, сызғыш, түрлі-түсті бояулар,суреттер.


Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе



1. Ұйымдастыру кезеңі:

Қайырлы күн, біз көңілді баламыз!

Қайырлы күн, сәлемдесіп аламыз!

Мақсатымыз –білім алу!

Міндетіміз –еңбектену.

Жұмыс істеуге дайындалады, топ ішінде өзара ынтымақтастық қарым-қатынас орнығады.

Тұсаукесер

І. Білу

Үй тапсырмасын сұрау мақсатымен

«Кубизм» әдісін пайдаланып, сұрақтарға жауап алу.(интерактивті тақтада)

Сұрақтар:

1. Етістік дегеніміз не?

2. Етістіктің дара және күрделі түрлеріне мысал келтір.

3. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары?

4. Мына сөйлемде етістік қайсы? Зада қаздарын іздеді.

5. Жұрнақ жалғанған сөзді тап:

А) оқу Ә) Оқуға Б) Оқушы

6.Көптік жалғауларын ата.

ІІ.Түсіну

1.Деңгейлік тапсырмалар

Топтарға тапсырмалар жазылған карточкалар таратылады.

І топ

1. Етістіктердің астын сыз:

- Доп, жазды, алды, дәптер, таза, әдемі, жуды, ұшты, барды.

2. Дара , күрделі етістіктерді екі бағанға бөліп жаз:

Барды, алды, ойнап жүр, кірді, ойлап отыр, келіп тұрады, көрді, ұйықтап жатыр, салып отыр, биледі , күлді.

ІІ топ

1. Етістікке сұрақ қой?

Аспан, ту, пісірді, қар, жазды, білгір, бірінші, апарды.

2. Дара етістіктерді күрделі етістікке айналдырып жаз:

Ойнады-

Жазды-

Секірді-

Оқыды-

ІІІ топ

1.Зат есімнің астын бір рет, етістіктің астын екі рет сыз:

Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады.

2. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді жаз.

Оқушылар сабақта диктант ................. .

Алма қызық кітап .................. .

Берік достарымен футбол ........



Сұрақтарға жауап береді

Негізгі бөлім


ІІІ. Қолдану

Заттың қимылын,іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз.Етістіктерге не істеді? қайтті? не қылды? деген сұрақтар қойылады. Етістіктер дара және күрделі болып екіге бөлінеді.Дара етістік бір сөзден тұрады:барды,келді,кетті. Күрделі етістік екі немесе одан да көп сөздерден құралады: алып бар,қайтып кел,көріп кет. Кестемен жұмыс:

с

а

л

д

ы

с

а

т

т

ы

с

о

қ

т

ы

с

ү

з

д

і


ІҮ. Талдау

а) Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу.Дара ,күрделі етістіктерді екі бағанға бөліп жаз.

Ойнады,алғызды,көгерді,еркеледі,достасты.

Кіріп келді,апарып тастады, жинап алды, ойлап отыр.

2-жаттығу. Сөйлемдерді оқы.Әр сөйлемдегі етістіктерді сөзжұмбаққа дұрыс орналастырсаң,

жыл мезгілінің аты шығады.

1.Айдос ауылдан келді.

2.Алыстан тау көрінді.

3.Малшылар жайлауға көшті.

4.Бек кассаға ақша төледі.

5.Мұғалім әдемі жазуға үйретті.

6.Аян інісіне көметесті.

«Көктем» сөзіне сөйлем құрату.

3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып жаз.

Салтанатты жиындарда әнұранды айтамыз. Астанаға шетелден қонақтар келіп тұрады.

Қалың орманда ағаш жапырақтары шуылдайды. Әсел ән айтқанды ұнатады.Асқар әжесін сағынып жүр.Дәурен хайуанаттар бағынан аңдарды көрді.

Ү.Жинақтау

1 Жеке жұмыс

1-топ – етістікке үш сөз ойла

2-топдара етістікке үш сөз ойла

3-топ –күрделі етістікке үш сөз ойла

№2 Жұптық жұмыс

Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді

қойып, сөйлемдерді көшіріп жаздыру.

№3 Топтық жұмыс

Көп нүктенің орнына дара етістікті тауып

жаздыру.

Дәптерге күннің жадын, тақырыпты жазады.


Жаттығу жазады

Топпен жұмыстанады

Қорытынды


 ҮІ.Бағалау

Сабақ соңында жоғары ұпай жинап, сабаққа өте жақсы қатысқан топқа
« Қазақстанның туын көкке желбіретер азамат,азаматшасы болыңдар!» деп көк жалаушаны үлестірем.
— Сабаққа жақсы қатысқан топқа « жіптің ұзындығындай өмірлерің ұзақ болсын! » деп ақ жіптер үлестірем.
— Келесі топқа «Қызыл жұлдыздай жарқырап жүре беріңіздер!» деп қызыл жұлдызшалар үлестірем

Сұрақтарға жауап береді.

Үйге тапсырма

5-жаттығу,157-бет


Күнделіктеріне жазып алады

Рефлексия


Кері байланыс орнату.