Файл: 44 орта мектеп мкм ыса мерзімді жоспар Сабаты таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 37

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«№ 44 орта мектеп» МКМ

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: «Еңлік-Кебек» дастаны



Бөлім:

2-бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын

Педагогтің аты-жөні:

Қайратбекқызы Т.

Күні:

3.12.2022ж

Сыныбы: 8 б, ғ

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Еңлік-Кебек» дастаны

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау.

Сабақтың мақсаты:

әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтайды

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу

Сыныпқа жағымды ахуал туғызу.

Оқушыларға ақ парақтар таратылып, ортасынан екіге бөлу тапсырылады. Бір бөлігіне өздерінің жақсы қасиеттерін,екінші бөлігіне жағымсыз қылықтарын жазады.Өзінің жақсы азамат болып өсуіңізге көмектесетін бөлігін жыртып,өзіне алып қалады,екінші бөлікті (жағымсыз қылықтарды) умаждап, қоқыс жәшігіне салдыру арқылы «Сенімділік» жаттығуын жүргіземін.

Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.

«6 неліктен?» стратегиясы арқылы үй тапсырмасын сұрау. Оқушыларға ақын өміріне байланысты 6 неліктен деп басталатын сұрақтар қояды.

1.Неліктен Шәкәрім Құнанбайдың тәрбиесінде болды? Өйткені әкесі Құдайберді ақынның 8 жасында қайтыс болған.

2.Неліктен Шәкәрімді өз заманының ең білімдар тұлғаларының санатына қосады?Өйткені ақын араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгерген.

3.Неліктен ақын қоғамдық – саяси қызметтен іргесін аулақ ұстады? Өйткені ақын таза шығармашылық жұмыспен шұғылданғысы келді?

4.Неліктен НКВД жендеттері ақынды атып өлтірді? Өйткені Шыңғыстаудағы көтерілісті ұйымдастырды деген айып тақты.

5. Неліктен Шәкәрімді екі рет ақтады? Өйткені 1959 жылғы ақталуы сәтсіз болды, оның өлеңдерін баспаға ұсынғандар мен жариялағандар да жазаға ұшырады.

6.Неліктен оның алғашқы ақталуы тарихта қалды? Өйткені бұл – ақынның азаматтық ақталуы деп саналды.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.







«Ой қозғау ». Оқушылардың оқырмандық қызығушылығын ояту үшін Роза Рымбаеваның «Кебек» әнін тыңдату. Оқушылар әнді тыңдай отырып , ән мазмұнын қарасөзбен жазып алады.


1. Әннен қандай әсер алдыңдар?

2. Тақырып қандай болуы мүмкін?

3.Қандай бағытта әңгімелейтін боламыз? Сұрақтарға жауап алу.

ҚБ «Мұғалім мадақтауы»





Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.




1 -тапсырма.

«Сөздік қор» әдісі оқушыларға тақтадан «Бақсы,балгер,абыз,тасыр»сөздерін көрсетіп,қандай мағына беретінін сұрау. Оқушы жауабымен дұрыс жауапты салыстыру.


Бақсы,балгер

Бақсы,балгер тылсым әлеммен байланысқа еніп, ондағы түрлі рухтарды өз қызметіне пайдалана алатын адам.

Абыз

ертеде елдің тəу ету жоралғыларына басшылық жасайтын əрі жаугершілік жағдайында жорыққа шығарда бата беретін, болашаққа болжам жасап, жорамал жетік меңгерген беделді тұлға.

Тасыр

Сөз ұқпайтын адам



ҚБ.«Екі жұлдыз,бір тілек»

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК, т.б.





2-тапсырма:

«Ойлан.Жұптас.Бөліс» әдісі.

Топтарға поэма бөлімдері таратылады. Оқушылар мәтінмен жеке танысады,жұбымен талқылайды, топпен талдайды. Әр топтан оқушылар өз бөлімдері бойынша баяндайды. Әр топ өзге топтарға өздерінің оқыған бөлімдері бойынша кейіпкерлері, сюжеті, қарым-қатынасы,т.б 5сұрақ құрастырады, басқа топтарға сұрақтарды жолдайды, пролог табады.

Электронды оқулықтан пролог, эпилог ұғымдарына түсінік беру.

  1. Топ. Кебектің Нысан абызға бал аштыруы

  2. Топ. Кебектің Еңлікпен кездесуі

  3. Топ. Еңлік пен Кебектің елден қашуы




Дескриптор:_6_балл'>Дескриптор:

6 балл

-Әдеби шығарманың сюжетін түсінеді,талдайды.

-Оқиғаның басталуы мен байланысуы туралы өз ойын жеткізеді.

-Мәтін мазмұнын өзге топтарға баяндайды.

-Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады.

-Қойылған сұрақтарға жауап береді.

ҚБ «Бір қошемет, бір ұсыныс»

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК, т.б.




«Әңгімеге негізделген жазу» Оқушылар поэманы өз шеберліктерімен аяқтап жазады.

Оқушылар поэмадағы оқиға желісін дамытып жазады.



Дескриптор:

4 балл

-Оқушылар поэмадағы оқиға желісін дамытып жазады.

-Мәтіннің көркемдігі ескеріледі..

ҚБ.Жұптардың өзара бағалауы. «Үш маңызды, бір дамытатын тұс»




Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.



«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.