Файл: Тркілерді мдени мрасы аза мдениетіні алыптасуына сер ететін фактор ретінде.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 154
Скачиваний: 1
таба алмай келген, адам өмірінің барлық: техникалық, экономикалық, әлеуметтік және рухани формаларына қажет теория жасалынды» деп тұжырым жасайды. Одан ары қарай Леви-Строс Батысқа түркілердің, жекелей алғанда якуттардың қосқан үлесі туралы айтады. Оның пікірінше, бұл тарихи- технологиялық дамудағы сирек кездесетін жағдай: «осы кезеңде әлем тарихында ойға келмес іс-әрекеттер жасалды. Мәселен: солтүстік пен оңтүстік арасындағы табиғи ресурстарды зерттеу, жабайы жануарлар мен өсімдіктерді үй жағдайына баулу, оларды тамаққа, дәрі-дәрмекке пайдалану.
3. Алдыңғы Азия, Иран, Орталық Азияның әр түрлі халықтарының исламдық мәдениеттің қалыптасуына қосқан үлесін шынайы түрде бағалау.
Орталық Азияда өзгерістердің орын алу үдерісін түсіну үшін, ең алдымен түпкі фактордан, жаңа өркениеттің қайнар көзінен, ауқымды аймақтардың тұрмыс-тіршілігін түрлендірген ислам дінінен бастау керек. Себебі, «ол – мұсылмандарды дінді жаюға итермелеген негізгі рухани өзек болып табылады. Осы діннің шеңберінде және сол арқылы жаңа әлеуметтік қоғам қалыптасты. Ислам жеткен аймақтардағы халықтарға олар үшін жаңа болған сауалдарды қойды, өмір және әлем жайында жаңа ой негіздемелерін ұсынды.
Сөзсіз, ислам сенімі адамның тегіне, этникалық түріне қарай бөлінбейді. Ол бүкіл адамзаттың бір тектен туындау принципін ұстанады. Исламда адамдар нәсіліне, тегіне қарап емес, сеніміне қарай ажыратылады. Ислам ибрахимдік болып табылатын, пайғамбарлар арқылы жеткен монотеистік діндерді мойындайды және оларды «Кітап иелері» деп атайды. Бұл дегеніміз, ислам діні христиан және иудаизм сенімдеріне қанша сыни көзқараспен қарағанымен, олардың тарихи маңыздылығын, оларға өте жақын сенімдер екенін айтып, әрі байланысын жоққа шығармайды.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Ғабитов Т. Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану. Оқулық. –А., 2001-2003 ж.
2. Алтаев Ж: Философия және мәдениеттану .- А., 2000
3. Қанағатова А. Мәдениеттану негіздері .- А., 2001
4. Мәдениеттану сөздігі. Құрастырғандар: Құлсариева А., Ғабитов Т. жәнет.б .- А., 2001
5. С. Терминосова. Тіл және мәдениетаралық коммуникация. Ұлттық аударма бюросы, 2018 жыл.
6. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік белестері. – Алматы, 2003.
7. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. – Астана, 2007.
8. Маданов Х. Қазақ мәдениет тарихы.-А., 1998.
9. Мырзалин С., Қоғам және мәдениет.-А., 199910. Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. - Астана, 2002.11. Назарбаев Н.А. Евразийский Союз. Идеи, практика, перспективы. – М., 199712. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы, 1997.13. Назарбаев Н.А. Ғасырлар тоғысында. – Алматы: Өнер, 1996. – 272 б.14. Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің типологиясы.- А., 1998. 15. Қоныратбаева А.Т. Көне мәдениет жазбалары.- А., 1991 16. Шаханова Н. Мир традиционной культуры казахов. – А., 1998