ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 107

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«САРҚАН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ1 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КММФИЗИКА, МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА АПТАЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН АШЫҚ САБАҚСАБАҚ ТАҚЫРЫБЫ:Жауапты мұғалім: Сиқымбаева М.С. Қатысушылар: 6 «А»2022-2023 оқу жылыДАРЫНДЫЛАР ДОДАСЫ/5 сыныпқа арналған сайыс/«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе — білім»М.ӘуезовМақсаты:Білімділік:  Оқушылырдың  ойлау  қабілeтін, ой ұшқырлығын, оқуға  ынтасын  арттыру;Дамытушылық:   ұйымдастырушылық  қабілетін  дамыту;Тәрбиелік:  оқушылырды ұйымшылдыққа,  нақты  пәнге  қызығушылыққа,  жауапкершілікке,  өзін — өзі  тәрбиелеуге  тәрбиелеу;Көрнекілігі: ДК, нақыл  сөздер, карточкалық  тапсырмалар, логикалық  есептер, әр топқа  даярланған  үстелі.Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар қауымы мен оқушылар! Бүгінгі “Дарындылар додасы” атты 5 сынып арасында өткізілгелі отырған математикадан интеллектуалды сайысымыздың салтанатына қош келдіңіздер!«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе — білім»М.ӘуезовБілім деген биік шың,Бақытқа сізді жеткізер.Білім деген ақылшың,Қиындықтан өткізер –деп бекер айтылмаған.Біреуінің жүрегінің түгі барБіреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.Біреуінің күмбірлеген күйі барЕнді біреуінің қатты істейтін миы бар.Жүргізуші: Білеймін деп  қысылма,Талабың  болса бойыңда.Өнерлінің  ырысы,Жарқырап  жатар жолында.— дей  отырып  сайыскерлеріміздің  білім  баға  беретін әділқазылар  алқасын ортаға  шақырамыз./әділқазылар мүшесімен таныс болыңыздар/Жүргізуші:Ғылымдардың    патшасы   атанған,Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғанТөзбейтін өтірікке жалғандыққаАқыл  ойды тәртіпке келтіретінНағыз пән ғой математика, – дей келе, әр топ өздерін таныстырып кетсін./ екі топ өздерін таныстырады/
Жүргізуші: Біреу озса жарыста, біреу артта қалады,Ренжімей тараса, озбағандар жарады.Жарыс заңы ежелден, жеңімпазды анықтау,Жеңімпаз болу шарты сол, еңбектену жалықпау.Сәт-сапар тілеп бәріңе, сайысты біздер басталық./Тақтадан  бүгінгі  сайыстың  жоспарымен таныс болайық/Жоспары:

  1. Ғажайып жұлдыз

  2. Сиқырлы шаршы

  3. Есептер кемесі

  4. Танграмм

  5. Сандар сөйлейді

  6. Бәйге
1-кезең. Ғажайып жұлдызЖүргізуші:Мықты  болсаң – алдағыны басып оз,Мықты  болсаң – арттағыны  жеткізбе!Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!Мықты болсаң – бөгеттерді  бұзып өт,  — деп  алғашқы сайысымыз  «Ғажайып жұлдыз»  сайысына  кезек  береміз. (Әр топтың мүшелері ұсынылып отырған жұлдызшалардың біреуін таңдап, бірінен соң бірі сұрақтарға жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі).1-жұлдыз сұрақтары:1.Құрамында әріптері бар өрнек қалай аталады?Әріпті өрнек2. Кемел сандарды ата? 3.24 санының бөлгіштерін ата: 1, 2, 3,4, 6, 8, 12, 244. 5 санының бөлгіштік белгісі? 0 және 5-тен аяқталса5.Бұрыс бөлшекті аралас санға қалай айналдырамыз? 2-жұлдыз сұрақтары:1.Құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдік қалай аталады?Теңдеу2. 27 санының бөлгіштерін ата: 1, 3,9, 273.9 санының бөлгіштік белгісі?  Цифрларының қосындысы 9-ға бөлінсе4. Егіз сандарды ата?5. Аралас санды бұрыс бөлшекке қалай айналдырамыз?2-кезең «Сиқырлы  шаршы».Жүргізуші:Ойланайық азырақ, уақытыңды үнемдеп,Кім шығады кәнеки, жауабын мен білем деп – келесі сайыс кезегі «Сиқырлы  шаршы». /Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Дұрыс жауап 10 ұпаймен есептелінеді/ 1 топ: Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 30-ға тең болатындай етіп 2, 4, 6, 8, 12, 14, 16, 18 сандарымен бос торкөздерді толтыр.2 топ:Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 24-ке тең болатындай етіп 4,6,7,9,10,11,12 сандарымен бос торкөздерді толтыр. Жауаптары:1 топ

11

4

9

6

8

10

7

12

5

  2 топ

12

2

16

14

10

6

4

18

8
3-кезең. Есептер кемесі. 1./ Оқушылар кемедегі әр түрлі есептер шығарып, әділқазыларға көрсетеді/1-кеме.

  1. ЕКОЕ(36,18) ЕҮОБ(48,24)

  2. Бұрыс бөлшекке айналдыр:

  3. Аралас санға айналдыр:

  4. Ортақ бөлімге келтір:
2-кеме.

  1.  ЕКОЕ(35,15) ЕҮОБ(27,81)

  2. Бұрыс бөлшекке айналдыр:

  3. Аралас санға айналдыр:

  4. Ортақ бөлімге келтір:
2. Математикалық жұмбақтар.1.Көлден ұшты 50 қаз,Қайтып қонды 20 қазҚонбады оның нешеуі,Қане кім тез шешеді?                      Жауабы: 30 қаз26 аламаның 2-інДосың сұрап алады.Айтшы сонда нешеуіӨз қолыңда қалады. Жауабы: 4 3.Аулада 60 үйрек,Қорада 20 үйрек,10 үйрек тығылды10 үйрек жығылды,Қалғаны неше үйрек?Жауабы: 70 үйрек 4. 11 түйе, бес жылқы.2 сиыр, бір ешкі2 қоян, үш түлкі,Неше болды барлығы? Жауабы: 245. Қолымда 55 алма5-ін бердім апама,5-ін бердім атама,Нешеуі қалды өзімде?Жауабы: 45 алма6.Қанша жұмыртқа қалды?Тауықтың біреуіБес балапан шығарды.Көптен күтіп жүредіІнім қатты қуанды.Он жұмыртқа бастырғанҚарай алмай шаршадыЖаулығының астындаЖатыр әлі қаншауы?                                    Жауабы: 54-кезең. Танграмм./7 фигурадан жануарларды құрау/5 кезең . Сандар сөйлейді./Шарлардың ішінен киелі сандар шығады. Бұл кезеңде әр топ киелі сандар жайлы мағұлмат береді./

1-    топқа

жеті күн                                 жеті күн

дүйсенбі                                  бүгін

сейсенбі                                   ертең

сәрсенбі                                   бүрсүгүні

бейсенбі                                   кеше

жұма                                         арғыкүні

сенбі                                         азна

жексенбі                                  соңғы күн

жеті жұт

құрғақшылық

жұрт

өрт

оба

соғыс

топан су

зілзала

2-топқа

Үш арыс                        Үш дана

Сәкен,Бейімбет,        Абай, Шоқан

Ілияс                           Ыбырай

Үш тәтті                        Үш  биік

Ананың сүті               билік

Баланың күлкісі         дәулет

Туған жер                   даналық

Үш қадірлі                     Үш көз

Ырыс                        су анасы-бұлақ

Бақ                         жол анасы-тұяқ

Дәулет                   дау анасы-құлақ

Жеті жетім

Тыңдамаған сөз жетім

Киюсіз тозған боз жетім

Иесіз қалған жер жетім

Басшысы жоқ ел жетім.

Аққу қазсыз көл жетім

Жерінен айрылған ел жетім

Замандасы қалмаса

Бәрінен де сол жетім.

6 кезең. « Бәйге» қорытынды кезең . /топ басшысына 10сұрақ қойылады. Әр сұрақ 1 ұпай/Ғылымның сырын ұғынаШығыңдар білім шыңына.Ұқыптылық пен зеректікЖеткізер сіздердей өрендіЖеңістің мынау шыңына –дей келе, «Бәйге» кезеңіне де жеттік. бұл кезеңде топ басшылары сайысы. Берілген сұраққа 1 мин ішінде қай топ басшысы көбірек жауап береді. 

1 топқа:

  1. Ұзындық бірліктерін ата /м,см.км/

  2. Екі нүкте арасын қосқанда не пайда болады?/ кесінді/

  3. 9  =81

  4. Жай бөлшектер нешеге бөлінеді?/3/

  5. 350-150 дің айырмасы нешеге тең? /200/

  6. 1см-ді м-ге айналдыр? /1/100/

  7. Х+30=60  /х тің мәні нешеге тең= 30

  8. Қуат 1 күнде кітаптың 5 бетін оқыды. Осы қарқынмен 3 күнде неше бетін оқиды.

  9. 64 қай санның квадраты 8

  10. Тышқан аулағышты 5 әріппен басқалай қалай атауға болады / мысық/

 

2 топқа:

  1. Уақыт бірліктерін ата/ мин, сағат, секунд апта, тәулік/

  2. Бір жағынан тұйықталған түзу?/сәуле/

  3. 10   =100

  4. Натурал сандар нешеге бөліні?/2/

  5. 750-350дің айырмасы =400

  6. 1кг неше т бар? /1/1000 кг/

  7. Х+40=80 /х тәі мәні нешегі теің/40/

  8. Алмас 1 сағ 4 км жол жүрді осы қарқынмен жүрсе 3 сағатта неше км жол жүреді. /12 км/*

  9. 81 қай санның квадраты 9

  10. Тәуелсіздік мерекесін қай күні тойлаймыз /16 желтоқсан/



 Жүргізуші:-Ендеше, сайыстың қорытындысын шығарып, бүгінгі сайысымыздың ең тапқыр оқушылар тобын  атап өтсек.  /Оқушыларды грамотамен марапаттау/Жүргізуші:Математика-толған тәртіп, мағына мен мәнМатематика-толған тамаша заңдылық пен сәнМатематика-толып жатқан терең сырШетсіз, шексіз дариядай бейне бір-дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтауға рұқсат етіңіздерДарынды додаларда кездескенше, Сау болыңыздар!