ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.01.2024
Просмотров: 44
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Пән: Информатика | Мұғалімнің аты-жөні: Мұрат Еркебұлан | ||
Күні:07.04.2023 | | Сынып: 9 | Оқушы саны: 22 |
Сабақтың тақырыбы: | Бір өлшемді массивтер пайдаланып Python программалау тілінде программаларды жасау | ||
Бастапқы білім: | Оқушыларды Python программалау тілінде қолданылатын қызметші сөздермен таныстыру. Массивті және бір өлшемді массив ұғымын түсінеді. | ||
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: Бір өлшемді массивтерді түсінеді, қолданады. Оқушылардың басым бөлігі: Бір өлшемді массивтерді пайдаланып Python программалау тілінде программа құрады. Кейбір оқушылар: Бір өлшемді массивтерді пайдаланып Python программалау тілінде программаларды құрып, талдау жасайды. | ||
Тілдік мақсаттар: | Пәндік лексика және терминология: Python, array, massif, byte, for, randomize Диалог (жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы): Python, array, massif, byte, for, randomize термин сөздері бір өлшемді массивтерді программалау кезінде қолданылады Түйін сөздер, Орын ауыстыру, Перестановка, Retirement, Элемент мәндерін өңдеу, Обработка значений элементов, Replacement function elements, Қосымша айнымалы, Дополнительная переменная, Additional variable, Фактариал, Factorial | ||
Жетістік критерилері: | - Бір өлшемді массивтерді қолдана алады. - Бір өлшемді массивтерді пайдаланып Python программалау тілінде программа құрады. - Бір өлшемді массивтерді пайдаланып Python программалау тілінде программаларды жасап, талдайды. | ||
Құндылықтарды дарыту: | Жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу. | ||
Пәнаралық байланыс: | Массив элементтерін есептеу барысында математика пәнімен және термин сөздер арқылы ағылышын тілімен байланысады. | ||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | АКТ мен жеке-жеке жұмыс жасау | ||
Күтілетін нәтиже: | Жаңа тақырыпты оқушының толық меңгеруі |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс - әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі:
Топқа біріктіру. Оқушылар ортадағы кеспе қағаздарды алады. Кеспе қағаздарда жасырылған массив және индекс сөздерін біріктіру арқылы 2 топқа бірігіп отырады. Өткен сабақты пысықтау: «Ой қозғау» әдісі. https://learningapps.org/ сайттан бір типті элементтерді жинақтау арқылы, тақырыпты ашамын. | | ||||||||||||
Сабақтың ортасы (30мин) | Жаңа тақырып. Топтық жұмыс. «Сократ әдісі» арқылы оқушылар тапсырманы топта оқып, екі шеңбер, бірінің ішінде бірі болып шеңбер жасап тұрады. «Ішкі шеңбердегі» оқушылар тақырыпқа қатысты мәселені сұрақ-жауап арқылы талқылайды, ал «сыртқы шеңбер» оларды тыңдап, дəптерлеріне ескертпе жасап отырады және талқылау соңында өз пікірлерін айтады. Мұғалім оларды сырттан бақылап, бағыттаушы сұрақтар қою арқылы пікірталасты қажетті арнаға бұрып отырады. Шеңбердегі оқушылар белгілі бір уақыт өткен соң рөлдерімен алмастырып өз тұжырымдамаларымен бөліседі. ҚБ. Оқушылар «Екі жұлдыз, бір тілек!» арқылы бірін – бірі бағалайды. Мұғалімнің түсіндірмесі. «Түртіп алу » әдісі. Термин сөздер
Жеке жұмыс Тапсырма А: Массивтің қосындысы А[N] массиві берілген. Осы массив элементтерінің қосындысын тап. from array import array A=array("i") N=int(input()) S=0 A=[0]*N for i in range(0,N): A[i] = int(input()) for i in range(0,N): if A[i] 0 : S+=A[i] print(S) Тапсырма В: Берілген массивтегі max және min мәндерін ауыстырыңдар. Тапсырма С: Х массивіндегі жұп индексті элемент пен тақ индексті элементтің орындары ауысатынлай етіп, оларды керісінше орналастырып, у массивіне әкеліп қойыңдар. ҚБ. Чаттар арқылы Сабақты қорытындылау. Тест арқылы серпілген сауалдар беру 1. Массив ұғымын қалай түсінесің? 2. Массивті Python программасында қалай таныстырамыз? 3. Элементтерді ауыстыру дегеніміз не? 4. Массивте сандарды ауыстыру қай формулламен есептеледі? - өте жақсы - жақсы - орташа Дескриптор
| | ||||||||||||
Сабақтың соңы (3мин) | Сабақ соңында оқушылар «Жетістік баспалдағы» арқылы рефлексия жүргізеді: Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. Сабақ барысында оқушыларды сабаққа деген құштарлықтарын және сабақты қабылдау қарқындарына қарай түрлі әдістер арқылы тапсырмалар құрастырдым. «Сократ әдісі» арқылы оқушылар топпен жұмыс жасайды, бір бірлерін толықтырып отырады, кем тұстарына бағыт-бағдар беремін. «Түртіп алу» әдісі арқылы термин сөздерді жазып, есте сақтауды қалыптастырамын. Практикалық тапсырмалар арқылы жеке жұмыс беріп, оқушылардың деңгейін саралаймын. Оқушылардың ойын жинақтау, ой түйю мақсатында, сабақты тест арқылы қорытындылаймын. -Ынталандыру -Оқушылар өзара бағалайды -Алдын-ала белгіленген критерийлер арқылы бағаланады. -Практикалық жұмысты қалыптастырушы бағалау ретінде жүргізіледі Оқушылардың компьютер алдында дұрыс отыруын қадағалау | | ||||||||||||
Рефлексия (2мин) | Рефлексия Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берген уақыт ішінде үлгердім бе? | |